Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет325/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   422
нессанс үдерісінде. Оны бүкіл дүниежүзілік қауым мойындады. Бүкіл 
жер бетіндегі түрік дүниесі өз-өзін адамзатқа көрсетіп, орнын анықтау 
барысында бірте-бірте жақындасуда. Ал Қытай мен Үндістан цивилиза-
цияларына келер болсақ, олар бүгін тұйықтықтан шығып, нағыз өрлеу 
үстінде.
Тарихи сопылыққа өз үлесін қосып, уақытында үлкен қызы-
ғушылық тудырған Освальд Шпенглер (1880-1936 жж.) болды. 
Оның ойынша, тарихта әртүрлі мәдениеттер өз-өзін тудырып, гүлдеп, 
ақырында өмірден озады. Тарихтағы әрбір мәдениет дара, өзінің ішкі 
қайталанбайтын құрылымымен көрінеді. Бір мәдениеттің шеңберінде 
өмір сүрген тұлға екінші мәдениеттің ерекшелігін толығынан 
ешқашанда ұға алмайды. Сондықтан оларды тек сырттай салыстыру 
арқылы ғана бағалауға мүмкіндік аламыз. 
Әрбір мәдени типтің тарихтағы өмір сүруі шамамен 1200-1500 
жылға созылады. Әрбір мәдениет «жастық шағынан өтіп, есейе келе» 
өз жұмсақтығы мен шабытынан айырылып, қатая бастайды. Өмір 


492
мұздаған салқын лебізді ақыл-ой (рационализм) торына түсіп, тікелей 
шындықтан өрбитін шабыт, шығармашылық техникалық үстемдікке 
ауысады. Ақырында мәдениет цивилизацияға ауысып, қоғамның алып 
материалдық денесі оның рухын тұншықтыра бастайды. Еуропаның 
күйреуі осыдан басталады.
ХХ ғ. ортасында ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби (1889-1975 жж.) 
цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкеледі. Оның ойынша, 
тарихтағы әрбір цивилизация қоршаған ортаға бейімделудің негізінде 
өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды. 
Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі 
болмақ. Бірақ қазіргі жағдайда атлантикалық цивилизация дүние 
жүзіндегі басқа халықтарға үстемдік көрсетіп, олардың мыңдаған 
жылдар бойына жинаған мәдени тәжірибесіне, құндылықтарына 
нұқсан келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің 
пессимистік көзқарасына қарсы. Тарихи дамуда белгілі бір мәдениет 
қандай қиындық көрсе де, оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері 
арқылы жеңе алады. Оны көрсету үшін ойшыл тарихи сопылыққа екі 
жаңа санат енгізеді. Біреуі – қоғам алдына қоятын тарихтың Талабы 
болса, екіншісі – оған берілетін қоғамның Жауабы. Цивилизацияның 
өсуі, ары қарай күрделенуі – сол нақтылы заманның қойған талапта-
рына сәйкес келетін шешімдер, Жауапты табу болмақ. Егерде ондай 
жауапты дегдар топ таба алмаса, онда ол цивилизацияның сағы сынып, 
оның күйреуіне жол ашылады. Сонымен, цивилизация тағдыры азшыл 
шығармашылық топтың іс-әрекеттерімен тығыз байланысты.
А.Тойнбидің енгізген бұл санаттарының әдістемелік маңызы өте 
зор. Ол әсіресе жаңару үдерісіндегі көп дамып келе жатқан елдерге аса 
қажет. Тәуелсіздіктің басында, Елбасының басшылығымен жасалған 
жаңа ұлттық саяси дегдар топтың шешімдерінің арқасында заманның 
қойған талабына біз дұрыс жауап қайтара алдық. Соның нәтижесінде 
Қазақстан өз тәуелсіздігін уыстан шығармай, жаңа мемлекеттің іргесін 
нығайтуда. Егерде сол кезде басқа дегдар топ болып, заманның тала-
бына сәйкес Жауап таба алмағанда, қазақ елінің тағдыры аянышты 
болуы мүмкін еді.
Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын ойшыл бүкіл 
дүниежүзілік рухани бірліктен көреді. Ал ол үшін дүниежүзілік 
діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, бірегей Дүниежүзілік дін 
дүниеге келуі керек. Сонда ғана әртүрлі цивилизациялардың басы 
бірігіп, бүкіл адамзаттың ары қарай дамуына жол ашылады, – деп 
А.Тойнби өз ойларын қорытады.
Цивилизациялық талдаудың соңғы үлгілерінің біреуі ХХ ғасырдың 
60 жж. аяғында жасалған болатын. Осы кезде К.Маркстің жасаған 
формациялық теориясына қанағаттанбаушылық байқалды. Өйткені 


493
Кеңес Одағындағы мемлекеттік меншікке негізделген жоспарлық эко-
номика Батыстағы капиталистік жеке меншікке негізделген нарықтық 
экономикамен сайысқа түсе алмай, артта қала бастады. Ал К.Маркстің 
формациялық теориясы бойынша, социализм капиталистік қоғамның 
жеткен жетістіктерін басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді 
тудыруы керек еді. Осы ахуалды ескере отырып, Д.Бэлл, Р.Арон, 
У.Ростоу сияқты Батыс ойшылдары К.Маркстің коммунизм теория-
сын «утопиялық, ешқашанда өмірге келмейтін сағым» ретінде қарап, 
қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменің керек екенін алға тартты. 
Сондықтан Батыс әлеуметтік философиясында формациялық талдаудың 
орнына цивилизациялық сараптау жолының тағы бір түрі келді.
Бұл талдаудың негізінде жатқан анықтаушы – қоғамның өндіргіш 
күштерінің дамуы, яғни бұл әдістемені де қоғамды материалистік 
жолмен түсінудің бір түрі ретінде қарауға болады. Оны кейбір кезде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет