Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет124/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

оңды, зауыт пен қала 
ның орнын мықты жерге белгілеппіз. 
Бұған енді еш қандай шүбә жоқ. Үсті борпылдақ, жарық шағы 
көп сияқтанған қыртыстың терең де жалпақ тасқа айнал-
ғаны – үлкен олжа! Демек, Жаңа Жезқазған қандай да жер 
сілкіну иә дүмпу-қопарылыс қозғалта алмайтын берік іргетасқа 
тұр ғызылады...»
1937 жылдың қараша айы. Нілді (құжат бойынша – Өспен) мен 
Жезқазғанның арасы кең табанды темір жолмен қосылған. Жол 
жедел қарқынмен салынған, сол себепті көптеген бекеттер мен 
разъездер толық жаб дық талмаған қалпында асығыс тап сырылған-
ды. Пой ыздар жолшыбай көп кі діріп әрі сирек қа тынайды. Соның 
өзінде үлкен өмірге жал ғасқан Ұлытау өңірі кең тыныс алғандай 
қа у ырт қимылға көшкен. Жыл аяғында жаңа жол ды Қара ғанды-
Балқаш тармағына қо сып, Арқадағы үш алыпты өзара байла ныс-
тыру жайында үкімет шешімі шықты. Бұл үшін Жа рық бекетінен 
жаңа жол тарту қажет...
1936 жылдың қысына таман Гипроцветмет жобалаушыла-
ры Үлкен Жезқазған кешенінің жобасын дайын етті. Жоба әуелі 
Қарсақ байда талқыланды, соңынан наркоматқа жолданған: өнер-
кәсіп саласы – кен өндіретін рудниктер мен байыту фабрикасы-
нан, жаңа мыс қорыту зауытынан тұрады; бұлардың барлығы, 
жұмысшы қалашықтары электр қуатын жасанды көлдің жа-
ғасынан салы натын үлкен ТЭЦ орталығынан алмақ; оған қоса 
Жезқазғанда механикалық жөндеу зауыты, флюстер өндіретін 
қазан 
шұңқыр, құрылыс материалдарын дайындайтын ұсақ 
өндірістер торабы, зор қуатты тасымал паркі, қала іргесіне жақын 
орналасатын бау-бақша, жеміс шаруашылығы және тұрғын үйлер 
қалашығы салынуға тиіс...
Жобалаушылар Балқаш қаласын салуда жіберген қателікті 
ескеріп, құрылыстың бірінші кезеңінде тұрғын үйлер тұрғызу-
ды белгілеген. Алғашқы бесжылдықтар кезіндегідей барактар 
жүйесі иә ұсқынсыз жыпырлаған жұмысшы кенттері де емес, 
мүлдем жаңа үлгідегі, нағыз социалистік тип 
тегі жаңа қала. 


309
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жоба бойынша, ірі өн діріс орталықтары шеткергі тұсқа салы-
нып, ал қаланың өзі дербес алаңда, өзіне қызмет ететін тұрмыс 
шаруашылықтарымен, жа сан ды көлі және су торабымен, бақ, 
бақша, мектеп, кеншілер сарайы, спорт кешені, стадиондарымен 
шоғырлана орналаспақ.
Сөйтіп, инженер Сәтбаевтың бұдан он жыл бұрын «Народное 
хозяйство Казахстана» журналында жария еткен бағдарламасы 
қаз-қалпында жүзеге аса бастаған...
IV
Жұмыс көлемі бірнеше есе ұлғайған соң геологтардың 
Қарсақбайдағы кеңсесі едәуір кеңейтіліп, Қаныш Имантайұлы 
отбасымен тұратын пәтер үйдің екінші жартысы да түгелдей 
осы ұжымға берілген-ді. Онда кеңдігі көп-көрім екі бөлме бар, 
ас үйді қоссаң – кабинеттің саны үшеу. Қалайда бас механиктің 
кабинетіндегі бұған дейінгі екі үстелден гөрі көп-көрім кең жай. 
Бөлменің ең үл кені – камералка, оған коллекторлар мен чертеж 
сызу шылар ие. Ортаға бет тақтайы төрт шаршы метр даңғарадай 
сызу үстелі орналас қан. Оны жұрт кезектесіп иемденеді: кімге 
қанша уақытқа қажет, қандай схема, картаны жедел сызу керек, 
бол маса әлдебір ұңғыманың қимасын асығыс дайын дауға ту ра 
келеді. Сол үшін кейде түнде де жұмыс істейсің, амал қанша?.. 
Қабырғаға жабысып, бұрыштарға сығылысып коллек тор лар мен 
геолог-техниктердің тағандары орын тепкен. Бұл бөлмеде сегіз-
тоғыз кісі жұмыс істейді. Үстелдердің жиі қойыл ғаны сонша, 
кірген-шыққан кісі солар дың ара-арасымен қырын дап әрең өтетін. 
Кеңседегілер соны елең қылмайды: «Кабинетіміз тар болғанымен, 
ісіміз зор!» дейтін әзілдері бар-ды. Камерал 
ка 
ның бір 
ден-бір 
«қожайыны» – аға коллектор Руфа Казанцева.
Төрдегі шағын бөлмеге үш үстел орныққан. Оны жұрт кабинет 
дейді. Өйткені барлаушылар мекемесінің бастығы сонда отырады. 
Кіреберістегі екі таған геологтар мен про рабтардың еншісінде, 
әрине, қайсысына ке регірек болғанына орай. Асүйге жобалан-
ған бөл 
меде кеңсенің есеп-қисабын жасай 
тындар, арифмометр 
құлағын айналдырып, шот қа 
ғушылар отырады. Кеңседегі ең 
шулы, маза сыз орын – осы жер...
Қысқасы, геологтардың жұпыны кеңсе сінде бір мезгілде 18-
20 адам жұмыс істеп, Ұлытау атырабының асты-үстіндегі асыл 
қазынаны таразыға тартып, картаға түсіріп, оның келешек тағ-
дырына өріс дайындаумен шұ ғыл данады.


310
Медеу СӘРСЕКЕ
Отыз бесінші жылдың барлауы кең кө лем ге жоспарланған-ды: 
Қаныш Имантайұлының ойынша, соңғы екі жылда біршама ке-
шеу ілдеген барлау үлесін таяу мерзімде еселеп арттыру қажет. Бұл 
үшін отыз екі станок қы сы-жазы бірдей істейтін тұрақты жұмысқа 
кө шіріледі, ал жазда ең кемі елу қондырғы бұрғылау жүргізсін. 
Геологтар басқарған, техниктер жетекшілік ететін шолғыншылар 
Ұлытаудың арғы-бергі төңірегін шарлап, пайдалы қазбаларға бар-
лау жасайды.
Қияқты көмірін барлау қайтадан өріс 
теді. Онда бес станок 
жұмыс істейді. Қыста да бұр ғылау жүргізуге дайындық жаса-
лып, жұмыс шылар тұратын баспана салынып жа тыр. Арғанаты 
тауының етегінен мыс кен дерінің шұқанақ белгілері байқалған, 
алтын жұрнақтары шашыраған ақтас желі 
лері бар. Көпес 
Железнов иемденген Қорға сын кенін түпкілікті зерттеуге Түсті 
металл басқармасы аз-маз қаржы бөлген. Соны енді Қорғасын 
ғана емес, ұрым тал тұрған Арға натыға да жұмсап, ұтымды пай-
далану ке рек. Бүй рек тегі Атасу мен Қарсақбайдың өз басындағы 
темір, марганец кендерін де шола қа рауды доғарып, дербес бар-
лау партиясын ұйымдастырып, кендік қорын, көлемін таяу жыл-
дарда нақты анықтау қажет. Нақ осындай назар Ақши мен Ақа-
дыр ға да керек, бәрінен де бұрын Теректі, Әулиетас, Терісаққан, 
Жаманайбат, Атбасар төңірегінен табылған мыс белгілеріне шұқ-
шия үңілген теріс бол мас еді-ау. Таңданарлық құбылыс: осының 
бәрі соңғы үш-төрт жылғы шолғыншы бар лауда мәлім болды, ең 
ғажабы, әр кім нен қарыз алып, атүсті қараған ізденісте, ал егер 
түбе гейлі зерттейтін болса?..
Қарсақбай ГРК-сының жетекшісі сол күндерде көңілін 
алабұртқан бір сауалды жиірек ойлаған: осыншама мыс пен басқа 
кен көмбелерінің Ұлытау аты 
рабына шоғыр 
лануы неліктен? 
Табиғаттың әлдеқандай заңдылығы. Кім соны анық 
тайтын? 
Демек... Ізденісті барынша күшей 
тіп, жан-жақты өрістету 
шарт. Тегінде Ұлытау қыр тысының қазына байлығы, солардың 
бір-біріне жақын орналасуы – жұмбақ құбы лыс. Задында бұл – 
іздеуші геологтар шұғыл да натын зерттеу емес, ғылым иелерінің, 
геология институт тары ның міндеті. Бірер емес, әлде неше жыл-
дың... Болаттамдағы темірге құ нар лы лигнит жыныстарын зерт-
теу тамаша нәтиже берді. Оның шығыс белдемінен, Торғай иініне 
қа рай мыс кендерінің айқын бел гілері та былып отыр. Бұл да 
жұмбақ гәп... Түстікте квар циттер мен гипс же лілері кезікті. Құм 
жалда рынан өзге ештеңесі жоқ деп жүрген іргедегі Бетпақтың 


311
ШЫҒАРМАЛАРЫ
шөлі де қым бат қазынадан құралақан емес екен: Тасқора деген 
жерден мысқа бай құ майтты кен дердің ұшырасуын не дейміз? 
Өзгені қойып, Жезқазғанның теріскей іргесінен, небәрі жиырма 
бес шақы рым жердегі Айран бай қыстауының алдынан ағатын 
Жылан ды өзенінің жағасынан құнарлы мыс өзекше ле рінің табы-
луын айтсаңшы!..
(1980 жылдардан беріде темір жол тар ты лып, құнарлы кені 
миллион тонналап алы на бастаған «Северный» кенішін алғаш 
ашу шы Қ.И. Сәтбаев Жыланды деп атаған. Ға жап көрегендік де-
меске шараңыз жоқ: 1933 жыл дың 24 тамызы күні, яки ізденіске 
қара 
жат қарастырып, баспасөз беттерінде дабыл қағып шарқ 
ұрып қиналып жүрген кезінде «Казахстанская правда» газетінде 
жарық көрген «Жезқазғанды мойындайтын мезгіл жетті» де-
ген мақаласында ол: «Үлкен Жез қазғанды біз едәуір білеміз, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет