321
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әбікей Зейінұлы ұсталған: кең-байтақ қазақ жері пана болмай,
әуелі Омбыға,
одан да ығысып, 30-жылдары Қырғызстанның ас-
танасындағы мұғалімдер институтында орыс тілінен дәріс оқуға
ауысқаны білімдар ағартушыға сеп тігін тигізбеді; жазалаушылар
құрығы оны сол жерден шалды.
Екінші кезекте Әбдікәрім Жәмінұлы тұт қындалды. Әбекең дей
саяси күреске қатыспаған, ән-әуен өнерін әуей көріп, Ақмоланың
мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс істеп, бала-
шағасын асы
рап жүрген бейкүнә жан еді. Амал қанша, оны
көрсету шілер Сәтбай қажының негізгі дәулетін иеленген Жәмін
байдың тұқымы екен дігін әрі Ақмоланың қалталы жуаны
(С. Сей фул лин «Тар жол, тайғақ кешу»
ғұ мыр нама кітабында да-
ралап атайтын) Мәт жан ның сұлу қызы Үминаға үйленгендігін
мұрын дық етіп, баяғыда ақ әскеріне еркінен тыс жол көрсеткен
«күнәсін» қайыра қозғаған...
«Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтбаев 1937 жылы дәрігерге көзін көрсетуге
бар ған жерде ұсталған... Сол кеткеннен Бө кеш аға хабарсыз. Түрмеде не-
месе айдауда қайтыс болғаны, қайда жер
лен
гені белгі
сіз... – деп жаза-
ды Шәмшиябану Қанышқызы жеті жасында көзі көрген шерлі оқиғаны
есіне алып «Сәулелі әулет» кітабында.
– Біз, ба лалар, не болғанын түсініп
жатқан жоқпыз, әйтеуір түстері суық, үстерінде сұр китель, галифе
шалбар, жылтыр етік киген қатыгез адамдарға тітіркене қа
рай
мыз...
НКВД қызметкерлері үйді тін тіп, ойран салып, кітап хананың бірсы пыра
кітаптарын, қағаз дар салған папкаларын үш жәшікке тол тырып алып
кетті…»
Ата қонысынан үрдіс қозғалған бетінде Ғазиз Имантайұлы
Омбы қаласының түстік іргесінде, небәрі қырық шақырымдай жер-
де ерте ден қоныстанып, жиын отырған қаржастың Теке бұтағына
(«Ауыздағы қаржас» ауыл дары атанған) же тіп, көшін тоқтатқан-
ды. Шаруаның қыбын білетін әрі көп-көрім
сауаты бар жігіт ағасы
жасындағы пысық жанға өзімен бірге келген етене туыс тары ның
тұрмыс күйтін оңдау жаңа қоныста қиын ға түспеген. Көп ші лігі
осы жерде (Азов ауданына қарасты) ұйымдасқан «Қы зыл әскер»
колхозына кіріп, шама-шар қына қарай еңбеккүн тапты. Ғазиздің
өзі осы мекендегі ауыл-кеңестің хатшысы мін детін атқарған-ды.
Ғазиз Сәтбаев сол күнде алты баланың әкесі еді. Омбы іргесіне
келген жылы бәй бішесі Мұхтарима қайтыс болды да, екінші мәрте
үйленген. Мәруа есімді екінші қосағы екі жылдан кейін қыз туып,
Зиннат деп ата ды. Бұларға қоса Ғазиз
Иман тайұлының қарау ында
21-0196
322
Медеу СӘРСЕКЕ
екі кішкентайымен келіні Шә рипа да ірге бөлмей бірге тұратын-
ды. Айтып-айтпай не керек, топты бала-шағаны асы раушы аза-
матты әлдекімдер көп көрді, әсілі, көре алмады?..
Бертінде мәлім болған деректерге қара
ғанда, ағайынды үш
Сәтбаев та қамауға алын
ған 1937 жылы нақақ қаралаумен
жер жас тан ған: Әбікей Зейінұлы сол қарсаңда 56 жас та, Ғазиз
Имантайұлы – 43, ал Әбдікәрім (Кәрім) Жәмінұлы – небәрі
40
жасқа енді ға на ілінген; демек, үшеуінің нағыз дер шағы, туған
елі мен жері үшін аянбай еңбек етер қайратты жасында жазалау
жүйесі көк желкеден нақақтан қиып түскен.
НКВД-ның шалмасы төртінші кезекте Сәтбай тұқымының
ең көрнектісі және озық оқыған ұрпағы Қаныш Имантайұлына
түссе керек-ті. Алайда ол – қан тілеген жергілікті жауыз топтың,
сол науқанды облыс, рес
публика деңгейінде жоспарлы түрде
жобалаушылардың құрығы мен құқығы же т іңкіремейтін шыр-
қау биікке шығып кеткен өндіріс қай раткері. Жетер еді,
респуб-
лика бас шылы ғында отырған Л.И. Мирзоян, Н. Нұрмақов,
О. Исаев сынды мемлекет қай рат керлерін «халық жауы» етіп, жа-
залау диірменінің тас доңғалағына салып, ұнтаққа айналдырып
жатқандарға тосқауыл бар ма? Әлде құдай дес берді, одан да гөрі
кіші Сәтбаевтың күллі Одаққа мәлім дабыра ісі мен есімі, бәлкім,
өндіріс басындағы тұл ғаларды тұт қындау үшін республиканың
бірінші басшысының иә наркомның рұқса тын алу қажет тігі (Аса
қажет мамандарды аман сақтау үшін И.
Сталиннің сондай да
жөткір амал ойлап шығарғанына тәубе делік!) себеп болды ма,
кім білсін, жергілікті жаза
лаушы орган Қаныш Имантайұлы-
на қаншама шұқшиғанымен, басқа шер
менделерге көр
сеткен
әлімжеттігін жасай алмаған. Сірә, әліптің артын баққан. Бірақ
жүріс-тұрысын аңдып, дөрекі түрде шек теуден тыйылмаған...
Жазушы Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ осы ғұмырнама иесіне ауызекі
әңгі месінен:
Достарыңызбен бөлісу: