317
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тұрсақ та, еш теңе бү лінбейді. Түсінікті ме, жолдас? Сондықтан
біздің де, өзіңіздің де қымбат уақытыңызды зая етпей,
ұтымды
ақылға құлақ асыңыз!..»
Құлақ аспасқа шарасы да болмаған. Көңіліне бекем санап, сеніп
келген адамы – «Темір наркомның» бірінші орынбасары, уәдеге
бекем қайраткер, кәнігі инженер – Ю.Л. Пятаков еді. Сөйтсе ол
Серго жолдас опат болардан бір апта бұрын «аса қырағы» НКВД-
ның
құрығына ілініп, «Кеңес өкіметіне қарсы қылмыскер топ
құрған» деген қаралаумен түрмеге алыныпты (Бертінде ресми
жарияланған деректерге қарағанда, С. Орджоникидзенің өзіне
қол жұмсауы осы азаматтың тағдырына ара түсіп, И. Сталинді
иландыра алмауынан болған). Амал не, бір емес,
екі бірдей
қамқоршысынан қапылыста айырылған Қаныш Имантайұлы
одан әрі арызданудың өзі үшін де қатерлі екенін сезіп, барлауға
көмектің өзге жолын қарастырған: сөзі өтімді Алтын барлау тресі-
не барып, шартқа отырып, қаржы дорба ларын біршама қағады
да, жаймашуақ жаз күндерін
тиімді пайдалануды ойлап, Жез қаз-
ғанға қайтып кетеді (Сөйткені, кейіннен ойласа, пайдаға шыққан:
37-жылдың атышулы науқанында бір ғана Қазақстаннан ондаған
ауыр өндіріс жетекшілері – Текелі қорғасын комбинатының қос
басшысы Оразалы Жандосов, Мерғали Қадылбеков, Зырянов кен
басқармасының директоры Жұмажан Тәттібаев,
Балқаш зауытын
жүргізуші, атақты өндіріс білгірі В.И. Иванов, осы комбинаттағы
кен байыту фабрикасының директоры Ж. Төленов және солар
сықылды ауыр өндіріс нояндары «Пятаков ұйымдастырған жа-
уыз топтың белсенді мүшелері» санатында бас еркінен айырылып,
көпшілігі сол жылы ату жазасына кесілген...).
ФЕОДОР ПАСТУХОВТЫҢ естелігінен:
Достарыңызбен бөлісу: