АТТАНАРДА
І
1940 жылдың тамызында дербес рес публи ка атанғанына жиыр-
ма жыл толуын қазақ елі жер-жерде салтанатты жиындар жа-
сап, шат-шадыман мереке өткізумен әйгіледі. Бұл да сол күнде
үстемдік еткен идео ло гияның қатты қадағалайтын, кеңестік салт-
дәстүрге айнал дырған айтулы шарасы. Той мәресі қара ша айында
Мәскеуге ауысты. КСРО ҒА төралқасы соған орай мерекелік жиын
өт кі збек болған. Әрине, ол баяндамалар тыңдауға саяды: олар
болса Кеңестік Қазақ станда ғылым негіздерінің жан-жақты өріс -
тей бастағанын әйгілеуге тиіс; сол үшін таңдалған тақырыптар
да жан-жақты ойластырылған; алғашқы кезекте тыңдалмақ
және салтанатты жиынның саяси тұтқасы есепті бас баяндама –
«Қазақстан ғылым ы ның жиырма жылдағы жетістіктері» атала-
ды; оны және мәскеулік ғұлама емес, рес пуб лика ның өз перзенті,
қазақ ғалымдарының бірі жа са сын делінген. Академия прези денті
кеңсесінен осы жай ын да Алматыға телефон шалғанда, рес пуб лика
басшыларының бірі: «Табамыз, таңдаулы бір ғалымды арнайы
жібереміз!» – деп қатты сендірген-ді…
22-0196
338
Медеу СӘРСЕКЕ
КСРО ҒА филиалдар кеңесінің хат
шысы В.А. УЛЬЯНОВ-
СКАЯНЫҢ естелі гінен:
«…1940 жылдың бірінші қараша күнгі бұлыңғыр кешін көп
уақытқа дейін ұмыта алмай жүрдім. Себебі ту алыстағы Қа зақ-
с тан нан келе жатқан негізгі баян дама шы ны дегбірсіздене то-
сып, қатты қобалжыған едім. Академияның кон фе ренц-залына
ол кешкі мәжіліс басталуға бірнеше ми нут қалғанда ғана келді,
пойыз дан түс ке ні сол екен. Сөйтсем, ғылыми дәре же сі жоқ әрі
Алматыда тұр майтын қара пайым кен іздеуші инженер…
– Мен геологпын, туған жерімнің таби ғи байлықтары, оны
халық игілігіне жара ту мүмкіндіктері турасында сөйлей мін, –
деді өзін Қаныш Сәтбаевпын деп таныс тырған, еуропаша киінген
орта жастағы жігіт.
– Баяндамаңыздың тезистері әзір ме? – деп сыр тарттым
карталарды ілуге көмектесіп жүріп. – Сірә, оқып берерсіз. Цифр-
ларды көп айтпаңыз, кей бірін болмаса…
Маған ол қолтығындағы қомақты пап каны нұсқап, баяндама-
сы әзір екендігін мәлімдеді.
Залдағы жұрттың күні бойғы ауыр жұмыстан шаршап шық-
қаны жүз дерінен көрініп тұр. Баяндама қызықсыз, тек қана сыл-
дыр сөзге құрылса, кірпияз тыңдаушыларымыздың аяғын тос-
пай тарап кетері маған аян. Көңіліме қобал жу кірді, мазала нып
отырмын…
Ақыры мерекелік жиынның ең алғашқы мәжілісі ашық деп жа-
рияланып, инженер-геолог Қ.И. Сәтбаевқа сөз берілді».
– Қадірменді ғылыми қауым! Кеңестік ғылымның бас штабы –
академия төралқа сына, бүгін осы залда отырған ақ бас акаде-
миктері – кемеңгер ғұламаларына, дербес рес публика атанып,
қайратты жас жігіт жасына жет кен мерейлі күні, туған елім күн
сәулелі Қазақстанның, көшпелі атанса да көшелі жара тылысына
бағып қайыра жаңар ған қазақ халқының жалынды сәлемін жет-
кізуді пары зым деп білемін!..
Ғылым ордасының конференц-залы лық толы. Ғылыми хатшы
әлгінде: «Ғылыми қызметкерлер түгел болады, әсіресе ғалым-
гео логтар мен географтар, тарихшылар мен әде биет білгірлері,
байқаңыз, ұялып қалмайық», – деп абыржу байқатқан. Бұрыннан
жүзта ныс әйгілі ғалымдардың бірқаншасын көріп тұр: алдыңғы
қатардан академик Обручев, Ко маров, Курнаковты таныды; ле-
нин градтық достары Кассин мен Русаковты жина лыс басталардың
339
ШЫҒАРМАЛАРЫ
алдында көрген. Екеуі де қолын қысып: «Қаныш Имантае вич,
мынадай сал та натта баяндама жасау – үлкен сенім. Пара сатты
ғылыми ортаға шығатын мезгіл туды, қым баттым. Біз, әрине,
саған әр қашан да жан күйерміз! Қысылмай, еркін сөйле. Сөй тіп,
жанашыр достарыңды қуант!» – деп ақжар қын ниет білдіріп,
көңілін марқайтып қой ған.
– Жылнама шежіресіне өткен жиырма жылда қазақ елі мал
бағып, көшпелі тұрмыс кешкен байырғы тіршілігін қауырт
өзгертіп оты
рықшы жұртқа айналды. Мына де
рек
терге назар
аударыңыздар: Қазан төңкерісіне дейін біздегі өндіріс Ембідегі
мұнай кәсіп шілігі, Риддердегі қорғасын зауыты мен Қарағанды
төңірегіндегі көмір және мыс өндірісі еді – қазіргі жағдай мүлдем
өзгеше; 1912 жылы Қазақстанда екі мың шақырымға жетер-жет-
пес темір жол болып ты – биылғы мереке жылында оның ұзын дығы
жеті мыңға жетті; 1917 жылға дейін бірде-бір жоғары дәрежелі
білім беретін оқу орны жоқ елде би ыл 18 институт, бір уни верситет
жұмыс іс тей ді. Ал жалпы білім беретін орта және орталау мек-
тепке бір жарым миллион жас жет
кін
шек қатынайды! Нәти-
жесінде төң ке ріс жы лы сауат деңгейі 8,1 пайыздан аспаған қазақ
халқының хатта ным деңгейі 76,3 пайызға көтерілді!.. Осыдан-ақ
есеп беріп отырған жиырма жылда қазақ елінің қа рыш тап өсіп,
индустриалды-аграр
лы, жан-жақты шаруа
шылыққа ие социа-
листік республика болып өзгергенін айқын аңғарасыздар.
Осы да жетер дегендей жылы шыраймен алдыңғы қатарда
отырған ғылыми хатшыға жымия қарады да, баяндамашы мін-
берден түсіп, әлгінде екеуі тақтаға ілген Қазақстан картасының
алдына келді.
– Қазақстанның ең басты байлығы – ұлан-бай тақ жері. Бұл
жөнінде Одақта екінші орын дамыз, ал халық саны турасынан –
бе
сін
ші. Жер байлығымыздың кеңдігін сіздерге аңғарту үшін
Еуропа құрлығындағы аса ірі төрт мемлекет – Германия, Франция,
Италия және Англия күллі жер-суымен Қазақ станға пара-пар
десем, се несіздер ме?.. – деп сәл аялдап, тыңдаушылар назарын
аңдады.
Әсерлі шыққан тәрізді. Ал
дыңғы қатарда
ғы
лардың бет әл-
петінен ынталанған шырай аңғарды.
– Енді қазақ даласының картадағы келбетіне қара ңыз дар.
О, мынау ескірген карта екен, нобайы керілген барыс терісіне ұқ-
саған қазақ жері жұлым-жұлым, тым жү деу, тым жұпыны, су-
сыз-нусыз қуаң өңір түрінде бейнеленіпті. Қазбалы қазынадан
340
Медеу СӘРСЕКЕ
да жұрдай сияқтанып кескінделген… Әдейі мұқату мұратым
емес, мына картада көзге ұрып тұр ған жұтаңдықтың неге бұлай
бейнеленгенін түсіндіру үшін ескертемін: орыс ғылы мының мақ-
танышы Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский он тоғызыншы ға-
сырдың екінші жартысында, өзі көп-көрім білетін, әлемге әйгілі
саяхат тарында әрлі-берлі кесіп өткен қазақ жерін «тұзға бай, пай-
далы қазбаға жұтаң өлке» деп сипат та ғанын осы залда отырған
геолог, гео
граф жол
дастар жақсы біледі. Ал кен ғылы
мының
негізін салу шылардың бірі, орыс тіліндегі ең алғашқы «Кен қаз-
балары» оқу лы ғының авторы, мына картаның дүниеге келуіне
мұрындық болған профессор К.И. Бог дано вичтің: «Қазақстанда
ешқандай темір рудасы жоқ!» деп үзілді-кесілді кесім айтқаны
сіздерге мәлім…
Залдағы жұрт әлденеге тынышсыздану білдірді. Сірә, бір-
біріне: «Мына шіркіннің айтып тұрғанын қарай гөр!» – десіп, бас-
тарын шайқап там санғаны айқын...
– Қазақстан үшін бұл карта, асырып айтты демеңіздер, тап
бүгінде ескіріп қалды. Қазақ даласы үшін енді жаңа карта әзір-
леуге тура келеді, қымбатты жолдастар! Бірақ бұрын ғыдай ол
міндетті өзге жұртқа жүктемейміз, қолғабыс та тілемейміз. Өйт-
кені бұл жұмысты қазірде Қазақстанның өз маман дары атқара
алады. Оның ғылымы мен ғылыми қызметкерлерінің білімі өз
жеріндегі қазба байлықтар картасын жасауға толық жетеді! Бұл
да есей ген дігіміз дің белгісі, соңғы жиырма жылдың жемісі...
Қаныш Имантайұлы көпшілікке бірер қадам жақындай түсіп,
кенет даусын кенеп:
– Сіздер аң-таң болып, бәлкім, сенбеулеріңіз де мүмкін. Сөйтсе
де республика геологта рының атынан аса мәнді тұжырым естір туді
өзіме міндет деп білемін. О, мына карта үш-ақ түспен бейнелен-
ген, яки жерасты бай лығына аса жұтаң екендігі кескінделген. Ал
мен осынау ұшы-қиыр сыз шексіз аймақта, қымбатты жолдастар,
Менделеев кестесінде көрсетілген барлық химиялық элементтерді
табуға болатынын мәлімдесем – сенесіздер бе?!..
Әлгіндегі күбір-сыбыр пышақпен кес кендей тыйылып, залда-
ғы жұрт қазақ гео логына таңырқай қарады.
– Иә, бұл да – менің осы залда сөйлеп тұр ғанымдай нақты
шындық! Бір ғажабы, – деп қай
талады баяндамашы, – сол
элементтердің бәрі дерлік кездейсоқ иә шашыранды күйінде
емес, өндірістік мәні бар құнарлы мөлшерде табылып отыр. Осы-
дан соң «тұздан өзге байлығы жоқ, пай далы қазбаға жұтаң» өл-
341
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кенің қойнында қан шама зор мүмкіндіктер мен қазына жасыры-
нып жат қанын өздеріңіз шама лаңыз дар... Әншейін мәлімдеме
еместігіне сендіру үшін әңгімені көміртегінен бас тайын: халық
шаруашы лығы тілімен айт қанда, өндірістің наны – тас көмір
негізінен Орталық Қазақстанда шоғырланған. Оның ең зор
көмбесі – қазірде үшінші отын қоймасы атанып жүрген Қара-
ғанды төңірегінде. Соңғы он жылда шағын елді мекеннен бұл
өңір іргелі, көп қа
батты үйлері самсаған тамаша қалаға ай-
налды әрі ірі облыстың орталығы. Әлбетте, ол – біздегі бірден-бір
қоры қисапсыз мол отын қоймасы емес: игеру кезегін күтіп
терістікте – Теңіз-Қоржынкөл, Екібастұз; шығыста – Кен дірлік,
Ұлытауда – Қияқты, батыста – Кас пий бойы, Ембі кен дері тұр;
Доссор мен Мақат – сұйық отынның бай қоймасы екені бұрын-
нан мәлім еді, барлау шылар жуықта ғана Гурьев қаласының
төңірегінен мұнай мен газдың, жанғыш тақтатастың құнарлы
көз дерін тапты; Жайық-Ембі айма ғының сұйық отын жө ніндегі
мүм кін дік терін тереңге бар лаумен анықтау қажет!..
Одан әрі шешен Жезқазған мен Қоңы раттың мысқа құнарлы
жер асты қазыналары туралы, Кенді Алтайдың қорғасын, мы-
рыш көмбелері, інжу-алқа атанған неше ал уан асылдары жа-
йында, Қалба мен Қайрақтының вольфрамы, алтыны мен күмісі,
Атасу мен Қарсақбай төңірегінде, Қарқаралы іргесіндегі Кент
кенішінде жер бетіне жақын жатқан құнар
лы темір кендері
хақында, Қаратау бөкте
рінен соңғы жылдары мәлім болған,
жер нәрі саналатын фосфорит кенін пайдалану жайын да егжей-
тегжейлі баяндап берді...
Көз қиығымен көріп тұр: жүрекжарды әңгімесі көпшілік
үдесінен шықты, әсіресе алдыңғы қатарда отырған қадірменді
кексе лер, соларға иық тірей жайғасып, өзінің ау зына қараған,
әрбір қимыл-қозғалысын бақ қан жанкүйер тілектестер мен бей-
таныс тыңдаушылар да бір сөзін қағыс жібермей, сүй сіне құлақ
қойған. Қаныш Имантайұлының өзі де сол мезетте осындай кең
әуенді ауди тория, зерек те сирек ғұламалар қа у ы мымен сағы-
нып қауышқан кісідей ерекше әсер леніп, асқан зор мереймен
құшырлана сөй леп тұр.
– ...Әрине, мұнша байлықты, «Ұшқан құстың қанаты талып,
шапқан тұлпардың тұяғы күйетін» шексіз аймақтың табиғи
қазынасын сөз болып отырған жиырма жыл да, та рихи өлшемде
қас қағым мерзімде жан-жақты зерттеп, қолға ұстағандай бар лау
мүмкін емес. – Баяндамашы картаны тастап, мінберге қайта кел-
342
Медеу СӘРСЕКЕ
ген. – Же р асты байлығын іздеудегі табыстарымыз ұлы орыс хал-
қының күнбе-күнгі жәрдемімен, оның білімпаз перзенттерінің,
қайсыбірі осы залда отырған ғалымдардың, гео лог тар дың, түс-
теп айтқанда, академиктер Обручев, марқұм Усовтың (1939
жылы Алтай
дағы Белокуриха сауықтыру орнында кенеттен
қайтыс болған – М.С.), геологтар Кассин, Русаков, Яговкин,
Нехорошев, Гапеев, Гри горьев, Тиме сияқты ондаған кен іздеуші
инженерлердің шексіз көмегі, қыруар еңбегі мен жанқиярлық
ерлігі арқасында мә лім болды. Қазақ халқы бүгінгі торқалы той
үстінде осынау ізгі жанды білімпаздар қауы мы на шын жүректен
туыс қандық сәлем жолдап, шексіз алғыс біл ді реді! – деп сөзін
аяқтады.
Бірқанша тыңдаушы жапатармағай кө теріліп, ішінде өзі та-
нитын, тіпті бейтаныс ғалымдар да бар, Сәтбаевтың қолын қысты.
Бәрі де қызықты әңгімесіне сүйсінген жайларын айтып ризалық
білдіруде. Бір мезгілде, көп қошеметінен оңашаланған шақ еді,
оның қасына Кассин мен Русаков келді.
– Жезқазғандай шалғай түкпірде он бес жыл табан аудармай
отырып, дүние қызығынан тысқары қалуың да мүмкін еді. Алайда
сен, Қаныш Имантаевич, әлгіндегі сөзіңе қарағанда, сол түкпірді
Қазақстанның геологиялық, тіпті ғылыми ойдың кін дік орталығы
етіп алғандай сөйледің. Құт
тық
таймын, қымбаттым! Әңгімең
өте әсерлі шық ты! – деп Русаков қолын қысып тұрып қар қылдай
күлгенде, әлгіндегі шабытты қызу күйінен суымаған Қаныш
Имантай ұлы да жайраң қағып:
– Михаил Петрович, дәл айтасыз, біздің Жезқазған, шынын-
да да, Қазақстанның географиялық кіндік ортасы. Нанбасаңыз,
картаға қараңыз, – деген-ді.
Жасаң әріптесінің ұтымды әзіліне кексе екі геолог қосыла
күлді. Әлден уақытта Николай Григорьевич Кассин:
– Сөйтсе де, Қаныш Имантаевич, бұдан әрі тартыну жөнсіз.
Геологиялық ор талық мәсе лесін де осы жолы шешу керек, – деп
үл кендік жөнімен үстемдік жасай сөйледі.
Ескі достарының ескертіп тұрғаны – Қаныш Имантайұлына ме-
реке алдында ұсынылған жаңа қызмет жайы еді...
Жыл басында ҒА-ның Қазақстандағы филиалында Геоло-
гиялық ғылымдар институты ашылған. Республика үкіметі, оның
сол күндегі жас басшысы Н.Д. Оңдасынов сол ұжымға қазақ
даласының сырын жетік білетін, ғы лыми әзірлігі мол, тәжірибелі
геологты жетекші етуді лайық көрген. Біраз маман дарды іріктеп,
343
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жан-жақты саралаудан кейін (институттың тұңғыш директоры,
Бозшакөл мыс-молибден кенін ашушы ірі геолог Р.А. Борукаев-
тың бұл міндетті ойда
ғыдай атқара алмайтындығы алғашқы
айлар да-ақ мәлім болған) Мәскеудің таңдауына инженер Сәтба ев-
тың есімі аталған-ды. Алай да оның ғылыми дәрежесі жоқ. Ал
тыңнан шаңырақ көтер ген ГҒИ-да әлденеше ғылым кандидаты
жұмыс істейді, келешекте олар докторлық атаққа ие болады.
Сірә, сол себептен де академия төралқасы ғылыми қауым ның
Сәтба евты жете білмейтіндігін желеу етіп, мәселені шешуді со-
зып жүрген-ді. Респуб лика басшыларының Мәскеу дегі мәрте-
белі жиынға қиыр шеттегі – Қаныш Иман тайұ лы негізгі баянда-
машы болып тағайындалғаны да түптеп келгенде, жоғарыдағы
желеуді біржолата залалсыздан дыру ниетінен туған. Баяндама
да, баяндамашы да ойлаған жерден шықты. Бір сарын ды жазыл-
ған сыпыра мадақ мінездемелерді қаттап келіп, ресми танысудан
гөрі, Мәскеу ғалым дары ның алдына аса жауапты есеппен шығуы
сәтті болды. Ғұлама акаде миктер, міншіл ғылыми қауым білгір
маман ның орнықты да ойлы сөзін әлденеше мәрте қол соғып,
зор ыж да ғат пен тыңдады: терең біліміне, шешендік қа білетіне
таңданып, ғылыми ой-өрісін та ны ды...
Тоқетерін айтқанда, Қаныш Имантайұлы академия төралқа-
сынан сол сапарда жаңа институттың директоры болып, Алматыға
біржола ауысуға нақты ұсыныс естіді...
Қуаныш бұл жолы да егіз болып, мерекеге байланысты КСРО
Жоғарғы Кеңесінің төрал
қасы респуб
ликаның бір топ еңбек
озаттарын, зия лы қауым өкілдері мен басшы қайрат кер лерін ор-
ден, медальдармен, түрліше атақ тарымен марапаттаған. Барлық
газеттердің бі рін ші бетінде, көрнекті орында жариялан ған тізімнің
алдыңғы легінде қарапайым кен іздеуші Қа
ныш Имантайұлы
Сәтбаевтың да есі мі аталған: Ұлытау-Жезқазған атырабындағы
он бес жылдық жан қиярлық еңбегі – шөлейт өңірді ірі индус-
трия ошағына айналдырар көшелі ісі бұл жолы әділ бағаланып,
Кеңестер Одағының ең ар дақты, мәртебелі марапаты – Ленин
орде нінің иегері атанды...
ІІ
Қырықтың қырқасына шықты. Жер ор та ға келдім деп артына
қарайлайтын, асқан асуларын, таразыға тартар кезі емес; білікті
атанып, білімі қорланып, күш-қай раты тасыған; алымды да ша-
лымды, нағыз шабыт ты да адуын шағы. Сөйтсе де бір мез гіл өткен
344
Медеу СӘРСЕКЕ
күндерге үңіліп, басынан кешкенді есіне алып екшеу де теріс емес-
ау. Көңілің үшін, алдағы өмірің үшін де...
Шынында да, ойлап қараса, өмірін өксіт кен, көңілін түңілткен
бейнеті, жеке басы ның қайғы-қасіреті де аз болмапты, сол жолда
бірақ қолы жеткен зейнеті қаншама! 1926 жылдың күзінде, алғаш
келгенде Жезқазған – ағаш мосылары әр төбеде қаңқай ған, қыш
үйлері мен тар барактары әр жерде жапы райған, кен төбелері
де таз қарындай тап-тақыр жөнең мекен еді. Енді, міне, бойшаң
үйлері кәдімгідей көше түзеп тұс-тұстан жыпырлаған, кеніш
қалқалары алыстан андыз даған, бір қауым ел мекендеген құтты
қоныс қа ай налды. Артында қалып бара жатқан барлау мекемесі де
бұдан он екі жыл бұрын геолком партиясынан қабылдап алған екі-
үш станок, жападан-жалғыз технигі бар шағын топ емес, бүгінде
ол – мың қаралы адамның басын құраған іргелі ұжым!
Жезқазған қиып кетер жері емес. Амал не, үкімет талабымен
еріксіз кетіп барады. Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің хат-
шы сы Алматыға шақырып, ғылыми жұмыс қа ауысуды бұдан әрі
со збауын жуықта ресми ескертті...
Өз орнына Василий Иванович Штифанов ты қалдырмақ бол-
ды. Жас маман. Рас, жасы ғана емес, барлаушылық тәжірибесі
де мұнда ғы сақа геологтардан әлдеқайда олқы. Жасы жөнінен де,
тәжірибе, көргендігі турасынан да барлау конторын басқаруға көп
жыл өзіне орынбасар болған Саид Шагимарданұлы (сол жылдарда
әлдеқандай себеппен Нағымұлы атанған) Сейфуллин лайық
еді, бірақ ол өз бетінше ынта білдіріп ештеңе істемеуге дағдылан-
ған сылбыр кісі. Иосиф Николаевич Богданчиков кәнігі ма ман,
жап-жақсы іздем паз, бірақ мезі сөзге үйір, ең қиыны, ұйым-
да стыру ісіне қыбы жоқ... 1938 жылдың жа зын да Алматыдағы
кен-металлургия инсти ту ты ның тұңғыш дипломанттарына мем-
лекеттік комиссияның төрағасы болып бар ғанда, Вася Штифанов
алдында қас қайып тұрып, Жезқазған барлауының өзекті тақы ры-
бынан диплом жұмысын қорғаған. Содан бері осында. Үш жыл –
кен іздеу кәсібін игер гісі келген ма манға жеткілікті мерзім, әмбе
соған ғылыми әзірлікпен кі ріссең. Шти фа нов – жас болға нымен
алым ды жігіт. Мінезі адуын, қадалған жерінен қан алған дай
қай сар лығы да жеткі лік ті.
Аттанардың алдында геолог әрістестерін кеңсеге жинап,
В.И. Штифановты өз орнына отырғызып, алдағы барлау өрісі
жайындағы ой-пікірін бүкпесіз естіртті...
345
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Жезқазған бұрынғыша жедел қарқын мен, кең көлемде зерт-
теле береді, – деген-ді Қаныш Имантайұлы. – Менің пайымдауым-
ша, кен шоғырланған жердің ауданы ондаған шаршы шақырым.
Он бес жылдық іздеу де соның үштен бірі ғана барланды. Төменгі
қабаттарға тереңдей алған жоқпыз. Әсілі, бұ
рынғы бар
лан-
ған жерлерді терең ұңғымалармен қайыра тексеру шарт. Кен
аймағының батысы мен орталық тұсы біршама тексеріліп,
шекара-шебі анықталды. Ал оң түс тік пен оңтүстік-шығыс тың
күйінде қалып ба рады... Сөйтсе де теріскей бағытты, әсіресе
Жыланды тобына жататын кен жүлгелеріне тереңірек бой лап,
көбірек зерттеуге кеңес бермек. Кен қоры барлау ұлғайған сайын
кө бейе түсуі – Жез қаз ған үшін заңды құбылыс!
– Металл қорытуда біздің республика қазір де бір-ақ бағытта,
түсті металлургия саласында ғана өнімді жұмыс істеп, өндіріс
ашып отыр. Бұған ең алдымен біз, геологтар кінәліміз. Соңғы
жылдарда біздің ұжым темір кендерінің құнарлы көзін іздеуге
күш салды. Нәтижесінде, достар, Қарсақбай ашасы мен Атасу
өзенінің жағасынан құнары көңілдегідей, қоры аса мол темір
кендерін қалдырып отырмын. Осы кендерді тереңге бойлап,
мұқият зерттеуді бәріңе міндет етемін. Ең жөні, барлауды таяу
жыл
дарда аяқтап, жоба
лау мекемелеріне ірі өндіріс ашуға
ұсыныс жасау керек... Қа рағанды көміріне, әйтеуір, өйтіп-бүйтіп
қолымыз жетті. Десек те, ол бізден едәуір қашықта, сонсоң да
көмір тасу қымбатқа түсіп отыр. Ал Жаңа Жезқаз ған қаласы
көркейіп, өндіріс базасы бірнеше есе ұлғайған кезде қайтеміз?
Демек, тасыл мақ көмір көлемі бүгінгіден де ұлғаяды. Бұдан
құтылар бірден-бір амал – Қияқтының қо ңыр көмірін өндіріске
өткізу! Қияқтыда көмір бар және аз емес! Қиыншылық – темір
жолдан қиян шетте жатқандығында. Оған да амал – «Жезқазған-
Арал теңізі» темір жолын салу; Ұлытауды Ташкент-Орынбор жо-
лына қосып, орталыққа «жақындату» – ме нің ежелгі ар маным!..
Мұндай ірі құры лыс ты бастау үшін, әлбетте, қуатты шикізат ба-
засы қажет. Ен деше, келешекте шұғылданар жұмыстың бірі осы
салада болуға тиіс...
– Ең соңғы аманатым, қымбатты әріптес тер, – деді барлау-
шы Штифанов пен Сейфуллинге қадала қарап, – қолдарыңа ал-
тын адам дарды алып отырсыңдар. Мен жұмысқа қа был дағанда
бұрғылаушылардың барлығы дерлік хат танымайтын, мал
бағып, зорман аулаумен күн көріп жүрген бейнетқор жан
дар
346
Медеу СӘРСЕКЕ
еді. Өздерінің табиғи ыждағаты мен ынтасы арқасында, біздің де
көп уақыт жұм сап, ертелі-кеш үйретуімізден соң, бәрі де барлау
өнерін жатсынбай, жап-жақсы мең герді. Солардың жан қиярлық
еңбе гімен соңғы екі жылда біз Одақ тағы ең озық, бірінші барлау
ұжымы деген құрметті атақ қа ие болып отырмыз. Социа листік
жарыстың сан мәрте жүлдегері атан дық. Бұл адамдар – менің
қиын күндерде табы сып, жар ты сық паны бөліп жеген еңбектес
достарым, өмір дегі ең адал, етжақын жана шыр ларым. Олар ға
менің: «Өңіңді ескірт пей, зейнета қыға қолыңды жеткізбей еш-
қайда жібермеймін, ешқашан қағажу көр сет пеймін» деген уәдем
бар. Сол уәдені енді еке у іңе парыз етемін. Ескі жұмы скердің мұң-
мұқтаждарын ескеріп, нен дей ауырт па лық кездеспесін, солардың
өзде рі мен ақылдасып жұ мыс істеңдер. Естеріңде болсын: оларды
ренжітсеңдер – мені ренжіт кен де рің!..
Енді аттануға да болады.
– Жоқ, келіспейміз, Қанеке, – дейді оған әріптестері. –
Бір күніңізді бізге қиыңыз. Жұмыс істеуге емес, сізбен бірге
демалуға!..
ІІІ
Жексенбі күні ертеңгілікте бірнеше жүк машинасына, ав-
тобусқа мінген барлаушы лар ұжымы Жездінің тау арасына еніп
бұралаң дай ағатын кең арналы, шалғынды, тоғайлы жағасына
(осы күнгі Жезді қалашығына ұрымтал жер) қарай жөңкілген-ді.
Күн ашық, жаймашуақ жаздың естен қалғысыз, желсіз, жауын-
сыз тамылжыған шағы.
Қарабұлақтағы барлаушылардың қосалқы шаруашылығы-
нан әкелінбек ас-су қамын міндетіне алған Халық, Ахмедия,
Мырзабек тер ерте-ақ қимылдапты, саят қа шыққандардың бас-
аяғы жиналғанша, бірнеше жерден қазан көтеріп қойыпты.
Әлденеше қос, па
латка, киіз үйлер тігілген, жақын маңдағы
бірнеше колхоздан кел
ген
дер де қымыз, асымен қосылған.
Шақырай ған күн аса өтімді болған соң киіз үйлердің бірнешеуі
емшекте сәбилері бар әйелдерге, кейбірі ересек бала ларға дербес
берілді. Үлкендер көгал үстінде, ашық жерде отыру ды қалады
(Федор Пасту
ховтың естелігінде жиынның шағын жиналыс-
пен басталып, аудан басшыларының, колхоз өкілдерінің және
Қарсақбай зауыты дирек торының Қаныш Иман тайұлының өзіне,
347
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Таи сия Алексеевнаға көп жылдық адал да жемісті еңбектеріне
рақмет айтып, жаңа қызметімен құттықтағаны айтылған).
Шаңқай түсте дастарқан жайылып, табақ-табақ ет тартыл-
ды. Саба-саба қымыз да, шарап пен шампан да құйыла бастады.
Сол-ақ екен, өзен жағасындағы көгалды алаң шырқалған ән мен
күйге бөленді. Қазақ
шаға татарша жалғасса, бір сәт орыстың
құйқылжыған сазды әндері мөлдір көк те қалықтады. Енді бір уақ
тұнған ауаны, тамыл жыған табиғатты таңғалдыра дара көтеріліп,
кең дауысты әншілер шығады суыры лып. Ниет сөздер де бөгеттен
құлаған ағын суға ұқсап, түйдек-түй дек айтылып жатыр...
Бір мезгілде жұрт гуілі шырқау шегіне жетіп, қымыз бен шам-
пан қызуы басқа теуіп, жұрт көңілі мейлінше алабұртқан шақ еді
бұл, дастарқан төрінде отырған түйеші Сарымолда қарт домбыра-
сын салдыр-күлдір қағып жіберіп:
– Уа-ай, жамағат, ағайын! – деп қаттырақ дауыстап қалған.
Жұрт сілтідей тынып, қарт түйешіге ынтыға қарасты.
Достарыңызбен бөлісу: |