Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет146/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«...Жез діге бұрғы түскеніне үш айдан асты. Нәти же сі көп-
көрім, үміт күттір гендей. Бірнеше жерден сүбелі кен қабат-
тары табылды. Қа зір дің өзінде ол үмітті кендер санатына еніп 
отыр... Олай болса, мәлім болған қабаттардың қорын жедел есеп-
теу қажет. Алдын ала есептеуде екі жүз мың тон на дан асып 
жығылса, одан арғыға тәуекел деп көз жұму керек. Қысқасы, 
менің кеңе сім: барлаудың аяқталуын күтпей-ақ, кен қорының 
болжау лы мөлшерін өндіріс ашуға тұр ған дай көлем ге дейін өсіріп, 
мәлімдеме жолдаңдар. Бірін шіден, бұл қырық екінші жылда Жез-
діде өндіріс ашылуын қазірден бастап жоба 
лауға мұрын 
дық 
болады. Екіншіден, кен орнын келесі жылы тереңдеп барлауға 
қаражат алуға сеп тігін тигізеді. Үшін шіден, бұл ең бастысы, 
Отан өндірістері Жезді мар ганецін дер кезін де кәдеге жара тып, 
уақыт ша зәруліктен құ ты лады және бұл біз үшін – ең мықты 
кө зір!..»
Контордың қос бастығы Штифанов пен Сейфуллин Жездіге 
келіп, Богдан чиковты ортаға алып, барланған кен қорын есептеу-
ге отырады. Екшеп көрсе, бірталай қазынаның иесі болған... 
– Ал, не дейміз? – деп Штифанов алдын дағы қомақты санға 
тосырқай қарады.
– Қанекең тапсырған соң, жазбауға болмас. Жаздыртпай ол 
кісі де, сірә, тынбас, – деді Сейфуллин.
– Алайда, Саид Нагимович. Сол мәлім де мені жазатын да, жа-
уап беретін де біз... – Штифановтың сақтанып отырғаны мәлім 
болды. – Ал Қаныш Имантаевичке Алматыда отырып нұсқау беру, 
әрине, оңай.


373
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сонымен, қандай қор атаймыз?
Богданчиков барлау бастықтарына ожырая қарап:
– Қандайларың не, есеп не десе – соны жазу керек! – деп 
төтесінен бір-ақ түсті. 
– Иосиф Николаевич, бұл – нақты есеп емес, жорамал қор, – деп 
Сейфуллин де күмілжіді. 
– Аталған шамадан кем шықса, бас кетеді. Асып жатса, ешкім 
де қателестің деп бізді сөкпейді, – деді Штифанов. 
– Уай, сендер, Жезді кенін бас тамай жатып құртқалы отыр-
сыңдар. Қы бы жық таған сөздеріңді Қанекең естісе тө бе ле рің ді 
ояды. Соншама қорқақтап не көрін ді, Жез дінің қаратасы, қара 
да тұрыңдар, біз ді әлей даңқ қа бөлейді!.. Қысқасы, менің Қаныш 
Иман таевич ке берген уәдем бар: болжаулы қорды мә лім деуден 
қорықсаңдар – өзім жаза мын, бір жарым миллион тоннаға тіктім 
бас ты!..
– Оның көбірек! Кем басып, артық шықсақ қайтеді?..
– Олай болса, Жезді қоры таза марганецке шаққанда, бір мил-
лион тонна делік. Мұның алпыс пайызы өндіріске байытусыз-ақ 
жа рам ды деп, ондағы металдың орташа құнары отыз бес пайыз 
екенін көрсетсек, Қанекең де бізге ренжи қоймас, – деп Сейфуллин 
тәжікеге түскен қос әріптесіне ескерту айтты. 
Ақыры, осыған келісті.
Қара металлургия наркоматына Жезқазғаннан жолданған құ-
пия мәлімдеменің алғашқы нұсқасы Жезді жағасындағы киіз 
үйде, қазанның аяқ шенінде жазылған...
* * *
Бұл мәлімдемеге жауап Магни тогор қала сы нан келді. Хат, 
жеделхат пен қосымша сұрау да емес, ком бинаттың бас техноло-
гі бастаған бір топ инженер Жезді қайдасың деп сау ете түссін. 
Мамандар барлау жыраларын аралады, бірнеше жерден жол 
қапшықтарын браунит кесектеріне сықап алды; кен табыл ған төбе 
мен Жезқаз ған бекетінің аралығын өлшеп шықты – артық-кемі 
жоқ қырық бес шақырым!.. 
Сірә, металлургтер тиісті сөзін мүдделі орындарға тұздықтап 
жеткізсе керек, арада он бес күн өткен жоқ, Жездіге тағы бір ко-
миссия сап ете қалсын. Бұл жол ы бірді-екілі кісі емес, құрамында 
бірталай ірі ма 
ман 
бар үлкен топ: қара металлургия нарко-


374
Медеу СӘРСЕКЕ
мы И.В. Тевосянның тікелей бұйрығымен Жезді марганецінің 
тағдырын жедел шешуге тағайын далған сарапшылар; солардың 
бірі – марганец кендерінің білгірі профес 
сор Покров 
ский. 
Қазақстаннан комиссия құрамына Қ.И. Сәтбаев та қосылыпты. 
Бірақ Алматы дан аттанатын күні ол ауырып қал ды. Қол-аяғын 
бүрістіріп кенеттен жабысқан беймә лім дерт. Амал қанша, Қазақ 
геология бас қар масына ауруханадан телефон соғып, бедел ді бір 
маманды комиссиямен бірге аттан дыруды өтінді...
Бірнеше күннен соң наркомат комиссиясы Алматыға қайтып 
оралды. Айтып келгендері – алды-артына сақтана қараған тайғақ 
байлам, жарым-жартылай шешім, кен бар не жоқ деген сөз ай-
тылмаған. «Жездіде брау нит бар сияқты, тек әлі де іздеу керек. Ал 
үш геолог мәлімдеген қор ша малы барлау дерегімен әрі ойжотамен 
жа салған, күмәнді жайттары көп...»
Әңгіме сөйтіп, Сәтбаев ойлағандай, оп-оңай ше шіл меді. Екі-
ұшты тұжырымға ешкім де өндіріс ашуға жарлық бермейді. Сап-
сау жүріп, нақ сол қарсаңда ауырып қалғанын айтсаңшы. Өзі 
барғанда сарапшылар пікірі, бәлкім, басқаша жайтқа ойысар ма 
еді?.. Жездіні барлаушылар да, сірә, сақтық ойлап, солқылдақ 
тұжырым аңғарт қан; әйтпесе жер бетіне жақын жатқан қара-
тас қабаттарын пұлдап өткізу қиын болып па?! «Шектен тыс 
сақтанудың салдары, кейде өстіп қояннан бетер қорқақ қылып 
қояды азаматты! Дардай үш геологтың, Жез 
қазған қырында 
от пен судан өткен тіс қақты маман дардың өз ойын сырттан кел-
ген комиссияға құндап өткізе алмауына не дей сің? Мас қара!..» 
Өкінгеннен енді пайда жоқ. Болар іс болды. Комиссия өндіріс нар-
коматтары уа қыт ша орналасқан Свердлов шәріне аттанып кетті. 
Ал өзі? «Қолымнан келгенін жасадым, кен көзін нұсқадым, арым 
таза, одан арғы да шаруам қанша?» деп тыныш жатса да болады. 
Сау да емес, ауруханада жатыр. Жоқ, Жезді үшін де тәуекелге бел 
буып шайқасуға тура келеді, сірә...
Дәрігерлер біраз күн айналдырып, ішін түйнеген сырқаттың 
себебін анық тады: ішек туберкулезіне ұқсайды; оған қоса әл-
деқандай бір ісік бар; екеуі бірдей асқынып, қол-аяғын бүрістіріп 
қозғалтпай қойған... Консилиумның шешімі: «Ұзағырақ емделу-
ге тура келеді...» «Жұмысты қайтеміз?» «Жұ мыс күте тұрады, 
адамға бәрінен де ден саулық қымбат!» «Жоқ, бүгінгі таңда одан 
да қымбаттырақ дүниелер бар, доктор. Мә селен, Отан мүддесі, – 
деп ойлаған-ды ол, – Ел шетіне жау кіріп, ұрыс майданы күн са-
йын, сағат сайын броньдық құрышқа қоспа – марганец шикізатын 


375
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сұрап дігерлеп тұр ғанда! Жездіде ол қат-қабат сіресіп жатыр. Тек 
сендіре біл өздерінше ақжүрек, мемлекет мүддесін «қорғаушы» 
маман-сарап шы лар ды. Өзі соған сенеді. Ендеше бүкіл дүние қарсы 
тұрып, «Жоқ, жоқ!» деп айқайлап шықса да – марганецтің сенімді 
қоры Жез діде жасырынып жатқанын дәлелдеу үшін күрес ашуға 
ол әзір! Кіріптар халде ауру ханада жатқаны бұған бөгет емес...»
Сейфуллиннің Жезді материалдарымен Алматыға тездетіп 
жетуін талап етіп, Қарсақбайға пәрменді жеделхат жөнелтті. 
Саид кешіккен жоқ. Камералық барлау деректерін арқалап, 
Жезді отрядына бір жылдай бастық, соңынан аға коллектор 
болған Федор Пасту ховты да ерте келіпті. Амандаса келген жез-
қазған дықтардан Қаныш Имантайұлы бар лау есебін палатаға 
жеткізіп беруді талап етеді. Екі күннен соң Жезді барлаушылары 
қайыра шақырылады. 
– Өзім де солай ойлап едім, жігіттер, тым сақ болып кетіпсің-
дер, мыналарың не? – дейді Жезді қамқоршысы басын шайқап. – 
Сендерге бекер-ақ сеніппін. Ау, тап қазір қарақан бастың қамын 
ойлайтын уақыт па? Жау жағадан алып жатқанда бір 
демеге 
ілігіп кетеміз деп қауіп ойлап. Жә, ақтал маңдар! Тыңдамаймын! 
Жайларыңды түсін дім. Штифанов жас болсын, ал Федяға кінә 
қоюға болмайды, қатардағы техник... Ал, Саид, сенікі не? «Өс-
пейтін елдің баласы қырқында да жаспын дейдінің...» кебі 
мынауың! Көпе-көрінеу қорқақтық жаса 
ғансың. Жә, бекерге 
ақталма!.. – Қос жез қазғандықта үн жоқ, Қаныш Иман тай ұлы осы 
да жетер дегендей сәл тыныстап, жай барақат шырайға көшті. – 
Қысқасы, есептерің дұрыс емес... Бүгежектеп отырып, ең тиімсіз 
әдісті алғансыңдар. Нәтижесінде Жездінің қо ры екі-үш есе кем 
шық қан. Есепті қайта жа саңдар. Сендерге енді сірә да сенбеймін! 
Қор есебін бітірмей ешқайда кетпейсіңдер.
Геология институтындағы директордың кабинетінен екі үстел 
алған Жезді барлаушылары «Болдық, құтылдық» деп жүрген 
есеп-қисапқа қайтадан отырды...
Бірер аптадан соң науқас үйге шықты. Емдеу сәтті жүрді (аны-
ғында, диагноз қате қойылған, сырқаттың жай-жапсары жазға 
салым білінбек), қол-аяғын бүрістірген дерт біршама тарқағандай 
болды, сөйтсе де халі жүріп-тұрғандай емес. Институтта түнеп 
жүрген жезқазғандықтарды енді үйіне алдырды.
Өздеріне жұрттан өзге бап тіле мей тін Сәтбаевтар Алматыда да 
коммуналдық жұ пыны үйде тұратын: Калинин (қазіргі Қа бан -
бай батыр) мен Мир (Желтоқсан) көше лерінің қиылысындағы 


376
Медеу СӘРСЕКЕ
үш қабатты үйдің ас тыңғы қабатындағы үш бөлме; ал тұрғында-
ры – бір қауым жұрт, үлкені Ханиса осындағы дәрі герлер инс-
титутының екінші курсында, Мейіз бен екі жиені мектепте 
оқиды, Ал матыға келген жылы дүниеге келген кенжесі Мәриям 
емшекте; өзі мен Таисия, енесі Фелицата Васильевна – бәрі жи-
налып отырса, дас тарқан басына сыймайды (Кемел Ақышұлы 
геолог нағашысына еліктеп, кен барлаушы болуды армандай-
тын. Бірақ жазмыштың жазуы басқаша болды: келесі жазда өзі 
тіленіп майданға аттанған жасөспірім ауыр жараланып, 1944 
жылы Алматыға қайтып оралды. Геологиямен біржола қошта-
сып, денсаулығына қарай гуманитарлық мамандық таңдауға 
тура келді). Онсыз да тар үйге екі қонақ қосылған соң, енесі ас 
бөлмеге шықты. Қа ныш Имантайұлы өз беті мен жүре ал майды. 
Оның төсегі таңер тең ортаңғы бөл медегі ди ванға ауыстырыла-
ды. Уақытша орналас қан жатақтарына қайтуға тым кеш қалса, 
жезқазғандықтар да осы бөлмеге қисая кете ді.
Таң ата үш геолог жұмысқа кіріседі. Бар лау материалдары 
ортадағы дөңгелек үстел ғана емес, кресло, орындықтар үстіне, 
тіпті еденге дейін қат-қабат тізіледі: ұңғымалар паспорттары; бар-
лау жыраларының дерек тері; геологиялық карталар мен әр түрлі 
схемалар; соңғы анализ нәтижелері де институт зертханасынан 
үрдіс келіп жатыр. Өзіне тиесілі есептеуді үй иесі диванда жатып
қағазды тізесіне қойып, қарындашпен жа сайды. Тазалап көшіріп, 
жинақтар кезде ғана оған Пастухов көмектеседі.
Әлденеше тәулік сарыла отырып, жұмыс істеді. Қос ариф-
мометрдің құлағы толассыз сартылдап, шот тастары үздіксіз 
тарсылдаған мазасыз сағаттар таңның атысы, күннің батысы де-
мей, әлденеше күнге со зыл ды. Терезе алдындағы репродуктор 
майдан хабарларын айта бастағанда ғана үшеуі бірдей қағаздан ба-
сын көтеріп құлақ түреді. Сонсоң ақырын күрсініп, жұмыстарына 
қайта кіріседі. Әлдекімге ерегескендей бірер сағат қа дейін үнсіз 
отырып, өндіре істейді...
Он шақты күннен соң Қаныш Иман тай ұлы қызметіне шықты. 
Құлантаза айық қан жоқ, қиын-қыстау күндерде қу жанын күйт-
теп жатуға дәті жетпей тұрып кеткен-ді.
Жезді есебі дайын болды. Өнді ріс тік қоры бірнеше миллион 
тонна...
Қаныш Имантайұлы бұған қанағаттанған жоқ. 
– Жезді үшін түк емес, тым аз! – деген-ді ол біткен есепке күдік 
білдіріп.


377
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Барлау жеткіліксіз болды. Келер жылы тағы да қосамыз.
– Ендеше, Саид, геологиялық сипаттамаға солай деп көрсет. 
«Барлау ұлғайған сайын кен қоры молая береді» деп бадырайтып 
жазып қой!
– Қанеке, қорды көп көтердік. Қор ко мис сиясының қорқақ 
сарапшылары бәрі 
бір өткізбейді, – деп күмілжіген әріптесіне 
ұстазы күле қарайды.
– Бесі не, оны не, Саид, бәрібір емес пе. Бес миллион тонна кен 
шықпаса да сотқа барамыз, тек қорықпай жаз! Басты күнә кар 
қасыңда отырғанда, кімнен сескенесің?..
Жергілікті қор комиссиясына (ТКЗ) бе ріл ген түсіндірмеге со-
лай деп көрсетілді. Сөйткенше қырық екінші жыл да босағадан 
енді. Тіпті бірнеше күні өтті. ТКЗ сарапшылары асығар емес. 
Біреуі бірнеше күн, қайсыбірі апта бойы ұстап, есеп пен жазбаның 
әр бетіне күдіктене шұқшиып, кешіктіріп бақты...
Жезқазған геологтары ұзақ күте алмады, міндетті жұмыс – 
бір ғана Жезді емес, соғыс басталғалы нарқы бұрынғыдан да ар-
тып, Ұлытау мысына деген зәрулік күшей ген, мойындарында өзге 
де барлау алаңдары бар, үйлеріне аттанып кетті. Демек, Жезді 
барлауының тауқыметі Қаныш Иман тай ұлына ауыcқан. Бедел-
қадірі, қызмет дәре жесі бірталай деп жүрген геологқа сол да едә-
уір жүк болған тәрізді. 
Кен орны мұрағатында сақталған кейбір деректер сол жайын-
да сыр шертеді...
«КСРО Халком Кеңесінің Геология комитетінің бастығы 
И.И. Малышев жолдасқа:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет