401
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғылдана алмайды. Тұтқиыл соғыс бұл кісі лерді жайлы үйінен,
бауыр басқан қала сы нан, өмір-бақи үйренген ортасынан айы рып,
кіріптар жағдайға душар етті. Көпшілігі – егде кісілер. Оларды
ең алдымен қамқорлыққа бөлеп, ерекше күту керек! Алматының
пәтер жағдайы мәз емес, бірақ қысылып-қымтырылсақ,
әрбір
қызмет кердің үйінен қонақтар үшін жеке бөлме, жатын орын та-
былады. Ал кексе академиктерге Медеу шатқалындағы демалыс
үйлерінен тұрақты орын бөлінді.
– Жағдайыңыз қалай? Қалай орналас
тыңыз, бізден нендей
көмек тілейсіз? Барын қонаққа ұсыну – қазақ халқының ежелгі
дәстүрі. Мұны бұзсақ – елдіктен кеткеніміз! Күні ертең ұялып
жүрмейік,
тегін де, сіз соны ойлаңыз!..
Әлдеқалай бір шаруамен келген ғалым Қа ныш Имантайұлы-
ның мына лебізінен соң шексіз алғыс білдіре отырып, бұйым-
тайын айтады. Онысы көбіне әлдеқандай ғылыми әдебиетті алыс-
тан алдыру иә алдағы зерттеу жайында. Кейбірі кабинет иесінің
ақжар қын пейілін арқаланып, әлдебір ұсақ-түйекті қайдан таба-
рын білмей жүргенін айтып, ақыл сұрайды.
ҚазФАН төрағасы
қонақтың тұрмыс тауқыметіне байланысты өтінішін де аяқасты
етпейді. Әлдекімді шақырып, тауып беруге қолма-қол тапсыр-
ма береді. Қызметкерлердің қайсыбірі оңашада реніш білдіріп:
«Қанеке, осы кісілерге қағаз, қарындаш, темекі иә қолшатыр
іздеп қашанғы жүгіре міз?» – десе, Қаныш Имантайұлы ойын-
шыны аралас: «Әй,
жігіттер, қызықсыңдар сендер! Үлкен кісіге
қызмет көрсеткеннен мүгедек болған қазақты әзірше көр
гем
жоқ. Мұндай кері кеткеннің сөзін қойыңдар, ақылдарың болса,
академиктердің ақ батасын ала беріңдер!» – деп жымияды да
тағы жұмсайды.
Қазақстандық академик Н.П. ПАВЛОВТЫҢ естеліг інен:
Достарыңызбен бөлісу: