364
Медеу СӘРСЕКЕ
құтқарып, Қаныш Имантайұлымен та ту ластыр саңыз екен...
деген тілек білдірді. Мен күлдім де: «Сіз бұған қиналмаңыз,
өйткені Қаныш Имантайұлы жұмыс жө ніндегі айтыста ешкімге
кек сақта май ды. Әлде бір шаруаны сылтауратып каби нетіне
барыңыз да, түк айтпаған кісі құсап сөз бастаңыз...» –
дедім.
Бірнеше күннен соң Николай Григорьевичті аулада кездес тіріп,
әнеугүнгі шекісулерінің немен аяқ тал ғанын сұрап едім, кексе гео-
лог жайраң қағып:
–
О, Қаныш Имантаевич титтей де рен жімепті. Келесі
күні ертерек келіп, есік алдында тосып отырғанмын, Қаныш
Иман
таевич мені көрді де бұрылып келіп, бір қолымен
қапсыра құшып, жайраңдаған қалпы: «Николай Григорьевич,
ашуыңыз ды бассаңыз, кешегі дауды жайланып оты рып кеңседе
аяқтайық!» –
деп мені қол тық таған күйде кабинетіне алып
барды. Мұндай кешірімді кісінің қол ас тында жұ мыс істеу зор
бақыт!» –
де сін».
Ленинградтың қоршауда қалуы тағы бір геология білгірін
үйіне жете алмай, Оралда кідіруге мәжбүр еткен. Бұл жолы ынта
Михаил Петрович Русаковтың өзінен болып
ты.
Қазақстанда
жұмыс істегісі келетінін білдірген хатын алысымен-ақ, Қаныш
Иман
тай
ұлы дереу шақыру ұйымдастырып, кексе әріптесін
Алматыға алдырады...
ІІІ
Жедеғабыл басталған ізденістер алғашқы айларда-ақ сүбелі
нәтижелер берді.
Бұл жайында ҚазГҒИ мұрағатында неше алуан анықтамалар
сақтаулы. Солардың бірі – «Алтайдың полиметалл кендері»
тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу: алты айға толар-тол-
мас мерзімде институт мамандары тоқсаннан астам кен көздерін
тексереді (кейіннен бұлар Өскемен қорғасын-мырыш комбина-
тын салуға негіз болады). «Қазақстанда мыс өндіруді арттыру
жолдары» және «Жер гілікті өнеркәсіп жүйесінде мыс қоры ту
мүмкіндіктері» тақырыптарына сәйкес жеті жүзден астам ірілі-
ұсақты
кен көздерін қа рап шығып, өндіріс орындары үшін ұсы ныс
әзір леуге тура келді. Мұның ең қомақтылары, сірә, Ертіс мыс за-
уытына құ нарлы концентраттар беруді ұлғайту, Жезқазған ның ең
бай кен қабаттарын таңдап қазып, Бал қаш комбинатында қорыту
365
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұсыныс
тары. Жыл аяғын
да темір және марганец өндіріс
терін
Қазақстанда тыңнан ашу жөнін де де мәселе көтеруге мүмкіндік
туады...
Ең бастысы, зерттеу тобы тыңнан ұйым дасып,
бейбіт жағдайда
ұзақ ырғалып, көп жылдар бойы біртіндеп қаз тұратын ғылыми
институт бас-аяғы алты айда ізденіс тақырыптары жүйеленген,
жан-жақ
ты зерттеу бағдарламасы бар, соны орындау
шы ға-
лымдары да толық іргелі ұжымға айналды. Соның нә
тижесі
биылдың өзінде-ақ мәлім болды, ал дағы жылдарда осы табыс есе-
леп өсіп, жан-жақты кеңейе бермек.
(Осы ретте бір ғана ҚазГҒИ ұжымынан соғыс күркіреген төрт
жылда 160 ғылыми экспедиция жасақталып, Мемлекеттік Қор-
ғаныс Комитетінің (ГКО) немесе наркоматтардың жедел тапсырма-
сы бойынша Қазақ стан,
Қырғызстан, Өзбекстан жеріндегі әр қилы
кен көздерін іздегенін, қайсыбіріне ғылыми кеңесші болғанын
ес керту лазым. Со ның кейбірі стратегиялық мәні зор әлденеше
кендерді тыңнан ашумен аяқталған. Енді бірі ескі кеніштердің
ғұмы рын ұзарт қан).
КСРО ҒА геология-география бөлімі нің 5 қазан 1943 жылғы
бюро қаулысында:
«1) Қазақстандағы ГҒИ-ның Ұлы Отан
соғысы қарсаңындағы жемісті жұмысы, әсіресе өте маңызды
стратегиялық ме тал дар шикізатын көптеп тауып және оны
қорғаныс өндірістеріне тапсырудағы зор еңбегі атап өтілсін;
2) Қысқа мерзімде орындалған ғылыми-зерттеу ізденістерінің
кө лемі және әр түрлі сала да жүргізілуі жөні нен, сондай-ақ ғылы-
ми мамандармен толығуы турасында ҚазГҒИ-нің... филиалдар
жүйесіндегі ең озық та үлгілі ғылыми мекеме екендігі дау сыз...»
деген тұжырым жасалыпты.
Теориялық зерттеулердің тежеліп, нақ
тылы кен барлау,
олардың бұрыннан мәлім дерін қайтадан тексеру 1942 жылы-ақ
инс титут қызметкерлерінің қатарын тағы да көбейтуге мүмкіндік
берген. Жаңадан ғылы ми секторлар мен зертханалар ашылған,
аспирантурада оқитын жастар қатары да молая түседі.
«Қаныш Имантайұлын мен тұңғыш рет 1942 жылы көрдім,
Орта Азия индустриалдық институты кен факуль тетінің аспи-
рантурасында оқып жүрген кезім-ді, Алматыға жол түскен соң
ГҒИ директорына келіп, жөнімді айтуға тура келді. Ұзын бой-
лы, нұрлы көзі адамға парасатпен қарап, мейірім төгіп тұрған
аса келбетті адам екен. Менің ҚазФАН-дағы аспирантураға
366
Медеу СӘРСЕКЕ
ауысқым келетінін білген соң бірден құптап, қолма-қол көмек
көрсет ті», – деп жазады геология-минералогия ғылымдарының
докторы П.Т. ТӘЖІБАЕВА «Академик Қ.И. Сәтбаев» кіта бында
жарияланған естелігінде.
Достарыңызбен бөлісу: