Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет173/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Президенттің қабылдау бөлмесіне қарт тар да жиі келеді. 
Әдетте олар еркіндеу кі ре ді де, «Қаныш қайда?» дейді. «Бос емес» 
де сем, маған одырая қарап, шеткергі орындық қа жайғасады. 
Жуық маңда кетпейтінін сезген соң, «Қаныш Имантаевичті 
қайтесіз?» – деп сөзге тартамын. «По й ызға билет ала алма-
дым. Қанышжан көмектеспесе, сірә, үйіме қайта алмаспын...» 
деп күмілжиді келуші. «Ақсақал, біздің кеңседе темір жол кас-
сасы жоқ». «Білемін, Қа 
ныш 
 
жан мен үшін қайдан болса да 
алғызып бе ре ді». «Билетке ақшаңыз бар ма?» «Бар, ақша сыз 
кісі жолға шыға ма, мінекей!» деп әмия нын көрсетеді. Билетін 
алдырып беріп құ тыл мақ болып, көмек шінің каби не тіне ба рып, 
Бөпежан Байбалановичті ертіп қайтып келсем, қартым орнын-
да жоқ... Әлден соң төргі кабинеттен шақыру естимін. Сөйтсем, 
жоғалтқан қартым президенттің алдында сайрап отыр, ма-
ған қымсына қарайды. Қа 
ныш Иман 
тай 
ұлы қолыма тілдей 
қағаз ұста та ды. Онда не жазылғанын оқымай-ақ біліп тұрмын: 
«Менің жалақым есебінен Антонина Сидо ров наға бір жүз сом 
беріңіз» деген қол хат. «Осы айда бұл нешінші мәрте?» дей мін 
ішімнен. Есепшіден қол хатта көрсе тілген соманы алып келіп, 
кон верт ке салып, президентке ұсынамын. Қа ныш Имантайұлы 
оны қартқа береді, алмай мын деген еркіне қоймастан кейде зор-
лап ұсынады. Сондағы желеуі – «Бала-шағаңыз ға сәлем-сауқат 
ала қайтыңыз!» Қабылдау бөлмесіне шыққан соң ша руа шылық 
бөлімі не телефон соғып, ақса қал ды пойызға отыр ғы зып жіберуді 
ық тият тай мын. Қасымда бүгежектеп тұр ған қарт: «Қы зым, 
сен маған ренжіме. Ал ма тыға ке ліп, бесікте тербеткен Қаныш-
жанды бір көр мей қалай кетемін? Ақша емес, аяулы жанның 
ағалаған бір ауыз сөзін сағынып кел дім!..» – дейді оғаш қылы ғына 
кешірім сұр ап».
Қаныш Имантайұлына емін-еркін иектеп кіре тін дер, тегінде 
Баянауыл қазақтары, ежел гі таныстары, жамағайын-жұрағаты; 


457
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әрине, жезқазғандықтар да оқта-текте соғып тұра ды; баяғыдай, 
Қарсақбайда тұрған кезіндегідей бір қоржын тас арқалап
қайткен күнде соны «Жер құ 
пиясының білгірі, ғұлама Сәт-
баевқа» көр сетпек болып, ту алыстан іздеп келетіндер де аз емес. 
Ондай бейнетқорларды қайтіп кіргізбейсің? Жоқ, мұндай «сәлем 
бе рушілерді» хатшы да, көмекші де ешқа шанда тоқтатпайды, 
президент орнында жоқ болса, келетін уақы тын айтып, қайткен 
күнде кез дес тіруге тырысады. Әсілі, президенттің өзі та ғайын да-
ған және өмір-бақи бұлжытпай сақтаған рәсім бойынша, өндіріс-
терден келген адам дарды ол бірінші кезекте және ұзақ күттірмей 
қабылдайды. Әрине, жезқаз ғандықтар ерек ше құрметте болған...
Қайырымдылықтың тегінде шегі болмай ды, оны аз иә көп деп 
таразыға тарту – жөнсіз әрекет. Қайырымдылық қасиет адамға 
туа бітеді. Қаныш Имантайұлының жо 
март 
тығы, ізгілігі де 
әкесі Имантайдан, одан да арғы ата-бабасынан ауысқан. Соның 
ай қын мысалын академик Ш. Шөкин «Өмір дің төрт мезгілі», 
«ҰҒА-ның ғұмыр тарихы» кі 
тап 
та 
рын 
да топтап келтіріпті: 
мысалы, 1965 жылы Ша пық Шөкі ұлы КСРО Жоғарғы Кеңесі 
делегациясының құрамында Канадаға барған сапарында 
Парламент мүшелерінің дүниежүзілік құрылтайына жиналған 
өкіл дер ортасынан кенет өзінің есімін орысша бұ зып атаған 
үнді естиді... «Бұрылып артыма қарадым. Үстін де мінсіз ті-
гілген смокингі бар, қазақтан айны майтын бір кісі маған қа-
рай тұра ұмтыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет