452
Медеу СӘРСЕКЕ
Гурьев сессиясы (ақпан, 1949 ж.),
Орталық Қазақстанның жер
асты қазынасын жан-жақты барлау және игеру жолдарын тал-
қылаған Қарағанды жиыны (бұл да сол жылы маусым айында
өткен), бертінде Қостанайда шақы рыл ған, Жез қазғанда екі мәр те,
Өскемен мен Қара ған ды қалаларында қай ыра өткізілген ғылы ми
сессиялар...
Кейбір ғылыми мәслихаттардың қайыра өтуіне Қаныш
Имантайұлы ерекше мән берген. Бұл кезде алғашқы кеңесте
қабылданған ғылыми ұсыныстардың дұ
рыс-бұрыстығы, орын-
далуы тексеріледі; қайсыбіріне шұқшия үңіліп
зер сала қарауға,
қажеттілік туса – жол-жөнекей түзеуге болады; зерттеуші ма ман-
дардың ғылыми танымы өседі...
Соған мысал – 1954 жылы Өскеменде өткен екін ші сессия:
оған қатысқан институттар мен алыстан шақырылған маман-
дар құрамы пәлендей өзгерген жоқ; тек Кенді Алтай мәселесі
күрделеніп, бұдан жеті жыл бұрын талқыланған қалпынан әлде-
қайда өсті, соларды ғылыми сараптан тағы бір мәрте талқылауға
ділгерлік туған. Әлбетте, Ер тіс жағасында ірге тепкен елді мекен-
дер мен қалалар ерекше молайды. 1947 жылы жарбиған үй лері тау
жотасына жабысып, Ертіс пен Үлбі өзендерінің жарқабағында,
қысаң алаңдарда сығылыса орналасқан Өскемен көп-көрім
сәулетті, тұлғалы
жаңа орам дармен ауысқан; ұзын сигарға ұқ са-
ған зауыт мұржалары да өскелең мекеннің тірлік-тынысын бірден
таныт қан дай; алғашқы сессия жергілікті театрдың жөнең залын-
да өтіп еді, енді түсті метал лур гия алыбы тұрғызған мәде ниет
сарайының үл кен де ең селі ғима ратында бас қосты; қазыналы өл-
кенің сан алуан өндірісі ұлғайған өзге қа ла ла ры да таңғаларлық
өзгерістерге ұшыраған –
темір жол тартылып, автомобиль жүретін
«Шығыс шеңбері» салынып, жұмыс істей бас таған Өскемен ГЭС-і
толық қуатына жет
кен; Бұқ
тырма ГЭС-інің құрылысы жедел
бастал ған...
Бұл жолы да ғалымдар жиыны әлденеше күн алқа-қотан оты-
рып, Кенді Алтайдың алдағы он, жиырма жылдық өсу, өркендеу
бағдарламасын белгілеумен тарқады..
Тарихи мәні ерекше болғандықтан, Қарағанды қаласында
өтпек 1949 жылы сессияға
КСРО ҒА-ның вице-президенті
И.П. Бардин ар найы шақырылған-ды. Иван Павлович – қара ме-
таллургия өндірісінің асқан білгірі; Куз нецк, Магнитогор ком-
бинаттарын тұрғызып, солардың күрделі өндірісін жүргізген
маман, сол үшін де 1932 жы
лы академик болып сайлан
ған,
453
ШЫҒАРМАЛАРЫ
үздік ғылыми еңбектері үшін жеті мәрте Ленин орденімен
марапатталған, Социалистік Еңбек Ері. Осындай біліктінің
Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін
ғы лыми саралайтын
металлургия сек
циясына басшылық етуі, Сәтбаевтың ойын-
ша, әлі күнге дейін шешілмей, сөзбұйдамен келе жатқан аса
мәнді мәселені Қарағанды іргесіндегі шағын өндірісті аса ірі
қара металлургия комбинатына айналдыруға кө мек тесуге тиіс.
Ақыры, сес сия Темір тауда жаңа алып тұрғызуды жақтап қаулы
алды. Содан кейінгі сапар Қаныш Имантайұлының ынтасымен
Сарыарқа жонында дүниеге келмек ком бинатқа шикізат беретін
темір кендерін көр сету мақсатынан туған-ды...
Саяхатты
қос академик Теміртауға келіп, жұмыс істеп жатқан
шағын зауытты, оның іргесін де гі Самарқан көлін көруден бастай-
ды. Одан соң темір-марганец кендерінің көмбесі Ата суға түсіп,
осы кенді түпкілікті зерттеуші, өз
дерімен бірге келе жатқан
геолог-ғалым Б.С. Ба
тищев-Тарасовтың (кейіннен Қазақ КСР
Ғы
лым академиясына корреспондент-мүше болып сайланған)
жан-жақты есебін тың даған. Келесі күні ғалымдар Жезқазғанға
жетіп, мыс қоймасын аралаған. Сол күні-ақ олар Қар сақбайға
соғады, іргесіндегі Балбы ра у ын темір кендерін көреді. Одан соң
Жезді кенішіне ат басын бұрады. Жезді марганеці туралы ака-
демик Бардинге түсінік беру қажет емес: 1942
жылы ол Қара ме-
таллургия наркомы И.Ф. Тевосянға:
«Маг ни тогор комбинатын
Достарыңызбен бөлісу: