458
Медеу СӘРСЕКЕ
Ғалымның дербес мұрағатында «Қымбатты Қанеке!»
деп бас-
талатын жүздеген, мыңдаған хаттар дербес бумаларда сақтаулы.
Көп шілігі пә лен ше жерден кен белгі лерін көргенін хабар лаған.
Болмаса шер-мұңын шағып, кейде ақыл-кеңес сұрап қиырдан
жолдаған хатынан білеміз: дені – жәрдем тілеген хаттар; өйткені
хат жазсаң – қайырымды Қаныш Сәтбаевтың жауап бере
рін,
қалай да бір көмек жасарын жұрт жақсы біледі... Сол себепті
жез қазғандық ескі жұмыс кер Сарымолла Болманов көңілі жа-
бырқаған кү ні сүйікті Қанышына өлеңмен хат жол дай ды. Сон-
дағы айтары: «Есен-сау жүріп жа
тыр балаларым, шөбі жоқ, қо-
рада тұр қара нарым...» Қаныш Имантайұлы сол хатқа жауабын
В.И. Штифанов қа хат арқы лы: «Ескі жұмыскерді рен жіткенің
жара маған, Сары-ағаң үйіне бір лау шөп жет кізіп бер!». Немесе
Байқоңыр жұмыскері, қарт шахтер Әб ді рахман Жақыпұлының
өлеңмен өрілген хаты: «Сәтбаев,
сізге жаздым хат, жүрмісіз аман
саламат!.. Қы рық жыл қазған шах тыдан көмек жоқ, көр дім сон-
дай қиянат! Ақылы кең, шырағым, бұл назым – саған аманат!..»
Бұл хаттың да жауапсыз қалма ғаны түсі нік ті...
Жезқазған өңірінен өзіне жолданатын арыз, хаттардан
көкейіне түйгенін ғалым, осы жаққа келген бір сапа
рында
мәжіліс мінбесінен де бүкпе
сіз жария еткен:
«Жол дастар,
жергілікті өкімет басындағы азамат тар! –
деген-ді ака де-
мик әлеуметтік мән бере сөйлеп.
– Жезқаз ған іргесін бекем-
деуге атсалысқан кексе жұ мыскерлерді қамқор лыққа алып,
лайық
ты құр
мет көрсету жө
нінде ескерт
кім келеді. Ескі
жұмыскерлердің біразы кеше
лі-бүгінде маған арыз айтты,
кейбірі Ал матыға да хат жазып тұрады. Бәлкім, солардың
қайсыбірі менімен таныс тығын арқаланатын шығар... Сөйтсе
де, жол дастар, бір мезгіл «Осы адамдар бізге неге келмейді,
ұсақ-түйек шаруаларды нелік тен алыс тағы Сәтбаевқа айта-
ды?» – деп ой жү гіртіп көріңіздерші. Иә, өздеріңізге осындай
бір сауалдар қойып. Меніңше, сіздерге олар сен бейді, әлде есік
алдында ұзақ тосып мезі болған немесе жүре сөйлесіп, біржола
безін діріп қойған сыз дар... Ал арыз иелері – базар маңында жүрген
қайыршы иә жол аузын да ғы тілен шілер емес. Жезқазғанды жан-
қияр лық еңбегімен алға сүйреген, күрек-қай лаларын жаяу арқа-
лап жүріп, осы күнгі қуатына жеткізген қадірменді адам дар. Бұ-
лар ды арызқой еткендерің ұят, жолдастар!..»
459
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қаныш Имантайұлы депутат болып Қа
зақ
станның Кенді
Алтайдан Атырауға дейі н гі қиырынан түгелдей дерлік (Рид дер ден
екі мәрте, Атырау, Жезқазған, Қара ғанды қалалық және ауылдық
аймақтардан) сайланған. Анығында
әрбір сайлау сайын академия
президентіне дауыс беретін аймақ өзгеріп отырады, бұл да себеп-
сіз емес – бе делді мемлекет қайраткеріне экономи касын жедел
көтеруді, іргелі шараларға ділгер аудан дар берілуге тиіс; өйткені
ел ті леуіндегі атпал азамат қа – нардың жү гі ар ты лады;
бұған қоса
ака демик Сәтбаев КСРО Жоғарғы Ке ңе сіне де төрт мәрте депу тат
болып сайлан ған.
Бұл жайт та ғалымға жолданатын сайлаушылар аманатын,
жеке бастың мұң-шері айтылған түрлі тапсырма-міндеттер дің,
ұсыныс-хаттардың, шағым-арыздардың жағрафиясын кеңейте
түскен...
Достарыңызбен бөлісу: