549
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Металлогениялық Бірінші кеңестің
Алматыда өтуінің өзі-ақ
Қазақстан ғалымдарының бұл салада алдына жан салмай, барлық
әріп тес терінен көш ілгері озық келе жатқанын ресми мойын-
дау болатын. Бұл шындық кеңестің бірауыздан қабылданған
қаулысында да атап көрсетілген:
«...пайдалы қазбалар қой-
маларының жер қыртысында орналасу заңдылық
тарына
тым жалпылама қарап, кей ретте соларды қатаң схемаға
айналдыру қаупі зорайып барады. Мұны бұлжымас қағида деп
қабылдауға болмайтындығын Қазақстан металлогенистерінің
сәтті жұмысы дәлелдеп бер ді».
Кеңес ҚазҒГИ-де жасалған картаның өміршең дүние ғана
емес, үлгілі іс екенін де бүкіл
геология қауымына жария
еткен-ді. «Сәтбаев картасы, – деп жазған-ды «Известия» газеті
кеңес туралы есебінде, – геологтардың мәңгі және өздері үшін
аса маңызды өмірлік сұрақтарына дәл де жан-жақты жа
уап
береді. Ол сұрақтар – НЕ ІЗДЕУ және cоны ҚАЙДАН ІЗДЕУ...»
Бұл сұрақтарға академик Қ.И. Сәтбаев өз монографиясында
нақты
жауап бере отырып, пікірін былайша қорытқан:
«Біздің
жұмысымыздың тү й іні – мәселені жан-жақты зерттеп, алғаш-
қы бақылау мен деректерді толық жинап, тал дауды нақты
жүргізіп, тұжырымдаған кезде әділ дікке жүгіну, ең ақырында,
ғы
лыми еңбекте ұжым болып жұмыс істеу... Тегінде, оны
металлогенияның кешенді жаңа әдісі деп атауға болады».
Бұл жолы да ақиқат жеңді.
Академик Сәтбаев негізін қалап,
көп еңбек, қиыншылықпен сомдаған болжамдау теориясы өзіне
жолды нақты барлаумен ашты. Оның өмір шеңдігі де, өзгелерге
үлгі болар себебі де осын да. Ғалымның өз сөзімен айтқанда:
«Бол-
жам теориясы – металлогениялық ілім нің түп қазығы болса,
болжам карталары – оның асқар шыңы. Сонымен бірге ол ғы-
лымның кезекті бір туындысы ғана емес, ең алдымен – мыңдаған
Достарыңызбен бөлісу: