Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет207/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

іздеумен тексерілсін; қымбатқа түссе де кен болжанған барлық 
нүктелерде тексерме барлау жүргізу қа жет; екі теорияның да 
дұрыс-бұрыстығын шынайы деректер шешеді».
* * *
Бұл айтыстың ақырғы қорытындысы 1958 жылы Алматыда 
шығарылған.
Металлогенистердің Бүкілодақтық бірін 
ші кеңесіне геоло-
гиялық 120 ғылыми және өндіріс мекемелерінің сегіз жүзден 
астам өкіл 
дері қатысқан. Талқылауда пікір біл 
дірген акаде-
миктер мен ғылым докторларының қа 
рамы қырық шамалы. 
Одақтағы геологиялық қызметтің министр бастаған лауазымды 
жетекшілері, КСРО геология-география бөлімшесі нің басқарушы 
құрамы да осында. Барлық одақтас республикалардың ҒА пре-


547
ШЫҒАРМАЛАРЫ
зиденттері иә жетекші геолог-ғалымдары бас таған мамандар деле-
гациясы келген. Шетелден де әлденеше ғалымдар қатысқан.
Кеңестің басты мақсаты – сол күнде геологияның көкейкесті 
мәселесіне айналған металлогениялық болжам карталарын 
жасауға ортақ нұсқа, әдістемелік қағидалар белгілеу. Сол үшін 
де бұл мәселе кеңінен қой ылып, талқылауға әр түрлі ғылыми 
ұжымдарда туған жиырмаға тарта болжам карталары ұсынылған. 
Олардың әрбірі түр 
лі-түрлі аудандар үшін жасалған. Демек, 
өмірлік аса мәнді зерттеуге ВСЕГЕИ мен ҚазГҒИ-ден өзге ғылыми 
ұжымдар да шындап бет бұрған.
Қазақстан металлогенистері бірінші кеңестің талқысына жеті 
баяндама әзірлеген-ді, оның екеуін академик Қ.И. Сәтбаев жа-
сайды. Алғашқысы – «Орталық Қазақстанның кешенді метал-
логениялық болжам карталары» деп аталатын. 
ВСЕГЕИ ұжымы төрт баяндама әкеліпті.
Алматы кеңесі алты күнге созылады. Алты күн ұдайы 
(баяндамалардың көп 
шілі 
гі тыңдаушыларға алдын ала тара-
тылған) геология саласында еңбек етіп жүрген мамандар, неше 
алуан білімпаздар өз пікір ле рін ортаға салады. Негізгі талқы, 
әрине, жұрт күткендей, ВСЕГЕИ мен ҚазГҒИ ұсын ған карталар 
тө ңірегінде болған.
Екі картаның өндіріске берілгеніне бес жылға жуық мерзім өтті. 
Содан бері болжам карталары нұсқаған аудандарда геологиялық 
экспедициялар тексерме іздеу жүргізді. Қыруар қаржы шығын 
болды. Аз емес, ондаған барлау топтары осы іске жегілді. Солар 
анықтаған барлау нәтижелері геология жұртшылығын есінен 
тандырғандай: сынақ жүрген жылдарда Орталық Қазақстан ай-
мағынан табылған 358 кен көзінің оннан тоғызы (дәлірек айт-
сақ – 331 жерде) ҚазГҒИ металлогенистері күні бұрын нұсқаған 
аудандардан ашылған! Есеп тіліне аударсақ – барлаушылар із-
деуге шыққан он сапарының тоғызында олжалы оралған! Ал 
Ленинград геологтарының картасы бойынша жүргізілген барлау? 
Шындықты бұрмалауға хақымыз жоқ: ВСЕГЕИ ұжымы әзірлеген 
карта далалық барлауда өзін ақтай алмаған; олар нұсқаған кендер 
табылмаған... Жалпылама қағидаларға, әмбебап схемаға сүйеніп 
жасалған еңбек қаншама ық тиятты әзірленгенімен өмір сынында 
Қазақстан металлогенистерінің болжам картасымен бәсекеге түсе 
алмады. Сәтсіздік сыры – пай даланған теорияның олқылығы. 
Демек, ол – геология қауы мы ертеден айтып жүргендей, барлық 


548
Медеу СӘРСЕКЕ
аудандар үшін жаппай тиімді емес. Cәтті болатын аймағы бар. Сол 
енді күр делі құрылысты Сарыарқа қыртысы емес!
Ц.М. ФИШМАН, Орталық Қазақстан геология басқармасы: 
«Зерттеушілік деңгейі өте жоғары деп саналатын ВСЕГЕИ 
институты және Москва университе тінің геолог-ғалымдары-
ның ішінара қатысуымен жасал ған, масштабы екі жүз мың 
шақырымдық геологиялық карта пайдалы қазбаларды із деуде 
бізге ешқандай мәнді көмек көрсеткен жоқ... Алматылықтар кар-
тасы туралы олай дей алмаймыз...»
Х.М. АБДУЛЛАЕВ, Өзбек КСР ҒА президенті: «Өзімізге кар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет