593
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бөке, жасы үлкен ағаң ретінде өтінішім бұл, – деп бас-
тап, Айырық бойындағы ата-анасының ескі зиратын қоршауға
ықтияттады. Қажет қаражатты да
қолына ұстатып, қыстаудың
жөн-жосығын, зираттың қай жерде тұрғанын, кімнен сұрап, не
істеу керектігіне де й ін қағазға сызып берді...
Көміршілер қаласына келген соң да сол істің сәті түсе қоймады.
Президенттің бір басына мол жүктелетін міндет пен борыш бұл
жолы да бір күн босатқан жоқ. Кеше, қала сыртындағы елді
мекендердің бірінен келе жатқанда, ғалым өкінген үнмен:
– Бөке, Айырықтың
жолы алыстап барады-ау, – деген-ді.
Президенттің бұл сөзін Аяпбергенов қатаң ескерту деп ұқты да,
өзінше әрекет етуге бел буды. Келесі күні Қаныш Имантайұлын
таңнан оятып:
– Екі құлпытас пен зиратты жөндеуге қажет нәр селері тиелген
жүк машинасы жолда, іңірде жөнелттім. Өзіміз мінетін «Волга»
есік алдында тұр. Ертеңгі жиналысқа дейін бір күн далаға шығып,
қыр ауасын жұтып, демалып келсек – рақат болар еді! – десін.
Қаныш Имантайұлы тез сергіді.
– Далаға деймісің? Үлгереміз бе?
Бастығының тосын ұсынысын
қуана қабылдағанын сезген
Бөпежан да:
– Үлгермегенде! Барар жолға төрт сағат. Айырықтың өзіне
төрт сағат, қайтарға және төрт сағат аялдаймыз. Іңір түсе қайтып
ораламыз, Қанеке. Ас-суды жетерлік қамдадым...
Президент апыл-ғұпыл киіне бастады.
Тақтайдай тас жолмен ағып отырып, Үміт кер ауылына жеткен
соң-ақ Шадыраға туралай тартқан жүйрік «Волга» төрт сағатқа
жетер-жетпес мерзімде жолаушыларды Ақке
лін тауларының
сілеміне іліндірді. Құл пытас тиеулі
машинаны да сол мезетте
қуып жеткен. Түнде жер орталап барып, көз шырымын алуға
тоқтаған жүргізуші таң ата қайтадан заулап келеді екен.
Дала да сол күні өзгеше жасанып тұр еді: қайда қарасаң
да – жасыл реңмен құл пыр ған сай-сала, гүлі жайқалған кө-
галды алқаптар; біресе оңнан, біресе солдан оқшау ланып жол
күзеткен қарауыл шоқылар; бұқпа сайлардың,
тал-шіліктің
тараң аяғынан сылдырып аққан мөлдір бұлақтар; ең аяғы қара
жол қырқаға шығып, көделі даламен бұралаңдай жөнелгенде,
доңғалаққа төселген иен жазыққа дейін туған еліне келе жатқан
төл перзентіне қошемет білдіріп, шексіз қуаныштағандай.
Аспан
да биіктеп кеткендей, мөлдір әйнектей тұнып қалған. Күн ай-
38-0196
594
Медеу СӘРСЕКЕ
дарланып шықты. Тап қазір қақ маңдайда, «Қуа ныштымын бұл
сапарға!» деп құптап тұрғандай...
«Ненің қуанышы? Сағыныш па? Сағыныш болса – мынау кең
көсілген дала, анау жақпар тасты биік тау іңкәр көңілдің жай-
лауы шығар? – Есіктің әйнегін кеңірек түсіріп еді, салқын ауа
бетін жуып, сау-сау құйыла бастады. Арқаның дару самалы. Бұ
да жанын тебіренткендей, маңдайын
емірене сипаған ата-ананың
жұмсақ алақанындай сезілді. – Самал жел, сені де сағындым.
Туған жердің шәрбат ауасы, саған да құштармын бүгін!..»
Осы ма еді көкейінде тұнған сыр? Көптен бері жүрегін
лүпілдеткен сағыныш жыр? Айырған жоқ, шамасы да келмеді.
Күм бір леген әнге айналып құйқылжи төгілсін:
«Шықшы тауға, қарашы кең далаға:
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?!»
Машинаның артқы креслосында қалғып отырған Бөпежан,
ғалымның даусы оқыс шыққанда селк етіп, алдына қараған: ма-
нағы бір әзірде көз ұшында бұлдыраған
көкшіл таудың оқшау
басы одырайып жақындай түскен, етегіндегі қалың тал да дара-
ланып айқын көріне бастапты. Алабас екенін айнытпай таныды.
Ғалымның ата қыстауы – осы таудың арғы бауырында, қол созым
жер.
Достарыңызбен бөлісу: