198
Медеу СӘРСЕКЕ
Нәтижесінде Қ.И. Сәтбаевтың
жобасы техникалық кеңесте
мақұлданбай, Яговкиннің ұсынысымен екі станокпен шолғын
барлау жасауға рұқсат етіл
ді...
«Ленинградтан 16 қаңтарда
қайттым, мәселенің жай-жапсарын кездескенде айтармын,
қазір соны тәптіштеп жазуға құл қым жоқ, тым ұзақ та күйкі
әңгіме... – депті Қаныш Имантайұлы Таисияға жұлдыздың 17 жа-
ңасында жолдаған қысқа хатында.
– Сірә, 22-сі күні, яки алдағы
жексенбіде елге қарай жолға шығамын...»
Жаңа астанада бірақ өзі жобалағандай, екі-үш апта емес, ай
жарымдай уақыт болды: уәде еткен таныстары ағасының ісіне
араласуды сөзбұйдаға салып, Әбі кей Зейінұлының Қазақ АКСР
Орталық Атқару комитетіне түрмеден
жолдаған арызын қарауды
қасақана кешеуілдеткен; ақыры сол іс оңға басты. Біржола
ағармаса да, сот кескен үш жылға кешірім жасалды. Оның жөн-
жосығын Қаныш Имантайұлының 18-наурызда Таисия Алек-
сеевнаға Мәскеуден жазған ұзақ хатынан білеміз:
«16-сы күні түнде Мәскеуге келдім... Ға лым тай мені аса жоқ-
тамаған сияқты, хал-күйі жақсы. Хатың мен сыйлық тақияңды
бердім. Қатты қуанды. Бірнеше мәрте киіп, айнаға қарап, біраз
қоқиланып жүрді де: «кірлетпей тығып қояйын, өзі келгенде
ғана киемін» деп сандыққа салып қойды. Кеш ке таман Досов,
Файзолла мен Әзім бай келіп, түннің бір уағына дейін отырып,
сәт ті аяқталған сапарымды жудық... Келесі күні жайырақ тұ-
Достарыңызбен бөлісу: