Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет129/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

кетіп бара жатқанда да, суға түсіп шо мылып жүргенімізде де 
мені мадақтап, өзінің сүйікті әндерін шырқау дан тан ған жоқ. 
Әншілігі де ғажап еді-ау. Оны суреттеп жазу мүмкін емес. Тек 
қана тыңдау керек!..»
ІІ
Иә, жұмыстың ауырына төзіп, ертелі-кеш мехнат кешуге әзір 
жан айран-асыр қуана да білетін. Отыз жетінші жыл болса оның 
жан азабына түсіп, мансұқ ісі тағы да тежеу көріп, соның зарда-
бынан әр түрлі қиянатқа ұшырап қиналып жүрген шағы. Же ке 
адамға табынудың салқыны барлаушылар қауымын да шырмап, 
барлаудың алғашқы үйрену, өнерге шыңдалу дәуірін басынан 
өткізген, қиын-қыстау күндерде жарты сық паны бөліп жескен 
небір жайсаң жігіттері жазықсыз жалаға ұрынған. Қайсыбіріне ол 
ара түсіп құтқармақ та болған-ды. Әсіресе өзі ерекше жақсы көріп, 
туған інісіндей болып кеткен, Одақтағы озат стахановшы-бұр ғы-
лаушы Сейітқазы Қарсақбаевтың тағдыры на...
Жезқазған тұрғыны ГРИГОРИЙ МИРОНЕНКОНЫҢ әңгіме-
сінен:
«Жезқазғанға кеште аттандық. Бұл кезде барлаушыларға 
дербес эмка авто мо билі тиген, жүргізушісі – мен. Дала жолы-
мен екі-үш сағат изеңдеп, кешкі сағат он шамасында Рудникке 
келдік. Геологтар үйінің алдына тоқтағанымыз сол еді, ту ра аң-
дып тұрғандай, бір бұрыштан былға ры тужуркалы екі кісі шыға 
келді де, дө рекі түрде: «Сәтбаев сенсің бе?» – деп дүрсе қоя берді. 
Серігім абыржып кідіре жауап берді. «Сәтбаев сен болсаң – маши-
наға!» – деп жекірді анау. Қаныш Иман тайұлы алдыңғы есік ті 
аша беріп еді, екеудің үлкені, мұрттысы қолынан қағып: «Жоқ, 
артқа!» – деп кейін қарай ысырды. Мұртты қазақ менің қа та-
рыма, екіншісі артқы креслоға жайғас ты. Менде тіл жоқ, есім 
шығып, мәңгу боп қалдым. Ойыма күдік кірді: «Өзіміз құдай дай 
көріп, үкі мет тің де сенімді өкілі деп жүрген аза матымызға да 
кезек келді. Сірә, мені де қоса қамайды...» «Әй, дорақ, сенде құ-


320
Медеу СӘРСЕКЕ
лақ бар ма, әлде жүргің келмей ме? Қар сақ байға тарт дедім ғой 
саған!» – деген же ку ден селк етіп, кілтті оталғышқа қосай ын. 
Қарсақбай  о күнде өнеркәсіпті үлкен ауданның орталығы... 
Тағы да үш сағат изеңдеп, түн жарымда Қарсақбайға кел-
дік. Поселканың ішіне кіргенде: «Қай да?» – де дім қасымдағы 
мұрттыға жас қана қарап. «Тоқта! Біз келдік», – деп екеуі де 
машинадан секіріп түсіп ұзай берді. Қа ныш Имантайұлы шы-
дамады білем: «Әй, жігіттер, бұларың не? Жай сұрасаң дар да 
жеткізіп салатын едік қой?»  деді реніш біл діріп. Мұрт ты 
қазақ қайрылып ке ліп: «Сен, Сәтбаев, қажы тегіңді ұмыт паған 
боларсың? Байқап арыз дан, жоға ры ға. Жаулығы әшкереленген 
ағала 
рың 
ның қасына қосып жіберу оп-оңай, ар 
тың 
ды қысып 
жүргенің жөн болар, байдың сілім тігі!..» – деп, тағы бірдеңе лерді 
орысша да, қазақша да дөңайбат көрсетіп бықпырта айтты да 
жөндеріне кетті. Сөйтсек, мақсаттары – Қарсақ байға же тіп 
алу екен, әлде біздің бас тыққа қоқан-лоқы жасап қоюды қажет 
деп білген бе, кім білсін?..
Біршама уақыт тым-тырыс отырдық. Түнгі жұмыстағылар-
дан басқаның бәрі шырт ұйқыда. Әлден соң Қаныш Иман-
тайұлы қалш-қалш еткен дірілін басып, білегімнен ұстады да:
«Жора, үй-ішімізді бекерге шошытпайық, бензин жетсе, Жез-
қазғанға жетіп алайық», – деді.
Поселкадан ұзаған соң: «Әнеугүні мен сізге шоферлықтан 
босатыңыз деп арыз бердім, ештеңе сездіңіз бе?» – дедім. «Біле-
мін, бұлар сені де шыр айналдырып жүр, со дан қорқып, менен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет