Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет13/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Мұғаліміміз Григорий Васильевич тамаша кісі еді. Қазақша 
өлең айтатын, қарттармен кеңес құратын. Бірақ класқа кі-


30
Медеу СӘРСЕКЕ
рі с і мен қазақшаны «ұмытып», тек қана орыс тілінде сөйлей-
тін, – деп әңгімелеген ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ 1949 жы лы 
туған еліне келген сапарында күйеу баласы, жазушы Қайнекей 
Жармағамбетовке. – Григорий Васильевич атбаз кісі болатын. 
Алғашқы жалақы 
сы 
на сатып алған, сырт тұлғасы өте көр-
кем көк аты болды. Жұрт оны «Крыша көк» дейтін. Григорий 
Васильевич атына «жат» десе – жатады; «тұр» десе – тұрады; 
«шап» десе – далаға шаба жөнеледі. Ауылдағылар соған да таң бо-
лады. «Тілсіз жануарды дегеніне көн діріп алған кісі балалардың 
орысша сөйлемеген еркіне қоя ма? Оқу бұған әбден қонған, мұның 
айтқанын бұлжытпай орындау керек», – десіп, бір-біріне мадақ 
айтқанын талай рет естігенмін».
Ересек шәкірттердің, олардың дені сол күнде үйленер межеге 
жақындаған ересек жігіттер, аюдың қонжығынша қорбаңдаған 
кішкентай Қанышқа жаны ашып мүсіркей қарауы жыл өтпей-ақ 
сап тыйылып, көбіне бас шайқап таңырқайтын болды.
– Шәкірт Сәтбаев, тақта алдына! – дейді Григорий Васильевич.
Қаныш жан-жануарлардың суреті ілінген тақтаға келеді.
– Мынау не?
– Жеребенок.
– Дұрыс, балақан. Түсі қандай?
– Саврасый.
– Осы құлынды қасқыр жеп кетті дейік. Соны енді Имантай 
атаңа қалай айтасың? 
Бала томсырайып тұрып қалады.
– Қане, қасқырды орысша қалай айтасың?
– Білсем де айтпаймын! – деп шәкірт теріс айналады.
– Әй-әй, сірә, ұмытып қалғансың, ә?
– Потому что не мог жеребенка съесть волк. Наш Касен-ага – 
шибко смелый табунщик, не дал бы ему… 
Ересек балалар ду күледi: мына шiр кiн нiң құртақандай бо-
лып қиқарлығын қара! Терентьев қолын жайып, жас шәкiртiнiң 
ұтымды жауабына сүйсiнiс бiлдiредi. 
– Сөйтсе де, Қанышжан, мысал үшiн айтып көрсеңшi. Қане, не 
дер едiң? – деп түсiн суыта, үнiн де қатайта қайыра сұрайды. 
Қасқыр сияқты жыртқыш аңның атын атауға болмайтынын 
бiлмейтiн ұстазына Қаныш томсырая қарап: 
– Отец, саврасого жеребенка не съел хищник, потому что... 
потому что он далеко ускакал, – дейдi… 


31
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Балғын шағындағы ұмытылмас қымбат күндері жайында ға-
лым ауызекі естелігін де былай деп әңгіме шерткен: 
«Шорман ның не мересі Зында малды кісі болды. Оның түй е -
лері де бірталай еді. Жүні тықыр, ұзын си рақ, қара лөгі болатын. 
Тентектігі сұмдық. Әсіресе көктемде, келеге түсер кезінде, екі 
көзі от шашып, езуінен көбігі бұрқырап, құйрығын шабақтап, 
көзіне түскен жанды шайнап тастауға құлшынып тұратын. 
Көбі не ол кісендеулі болады... Біздің ауылдың ба лалары мектеп-
ке өзен бойындағы тура жолмен келуге бурадан қорқып, жар 
астымен қиғаш жүріп қатынаушы едік. Ауылға асыққан қу ба-
лалардың бірі кейде жарысып қайтуды ойлап, кенеттен «Қара 
жынды ке ліп қалды, ойбай!» деп айқай салып шаба жө нелетін. 
Біз де атымызға қамшы басамыз. Осылайша күліп-ойнап алты 
шақырым жердегі ауылға қалай жеткенімізді білмей қаламыз...»
Болыстық мектепте бір-ақ мұғалім сабақ береді. Ал сынып са-
ны – төртеу. Оның алғашқысы – дайындық бөлімі. Ауыл тірші лі-
гіне орай сабақ бір мезгілде, күндіз өтеді. Демек, соңғы сыныптағы 
ересек оқушы мен мектепке тұңғыш келген дайындық бөлімінің 
шәкірті бір бөлмеде қатар отырып сабақ оқиды. Қолайсыз жайт, 
әсіресе шәкірттер үшін: төрт жыл бойы оқитын сабағыңды бірінші 
күннен тыңдап отырасың…
Бір күні мынадай оқиға болған.
Жоғары басқыштың оқушыларына ар нал ған тексерме есепті 
тақтаға жазып қо й ып, Григорий Васильевич төменгі басқыштың 
ба лаларымен сабақ бастайды. Әжептәуір күрделі есеп, «сақалды» 
шәкірттерінің оны бірер сағат мыжитынына сөз жоқ, сондықтан 
да дайындық бөлімдегілермен алаңсыз шұғылданып жатқан-ды. 
Григорий Васильевич кенет екі оқушының әлденеге келісе алмай, 
таласып отырғанын аңға рады. Құлағын салса, Қаныш пен Зында 
болыстың бозбала баласы.
– Жоқ, оның дұрыс емес,– дейді Қаныш сыбырлай сөйлеп. – 
Өзің бері қарашы, есебің екі амалмен шығады.
– Өй, сен, не былшылдап отырсың?! Сендердің есептерің – өте 
оңай. Ал біз дікі – қиын, амалы да көп болады.
– Көп болғанда шаруаң қанша? Дұрыс шықса болды емес пе, 
қисық сөйлейсің, ойлансаңшы. Мә, тезірек көшіріп ал!
– Қой, әрі, жайыңа отыр. Танауын сүрте алмай жүріп, ақыл ай-
тады, – деп намыстанған жігіт теріс қарайды.


32
Медеу СӘРСЕКЕ
Григорий Васильевич екеуінің қасына келеді. Болыс баласы 
соңғы басқышта оқиды. Қаныш болса мектепке екінші жыл ғана 
келіп жүр: есептің төрт амалын жуықта ғана үйренген; сөйтсе 
де өзінен едәуір үлкен, үйленгелі жүрген ересек жігіттен артық 
меңгерген; күрделі есепті оп-оңай шығарып қойыпты...
Осы оқиға себеп болды ма, әлде зерек шә кіртінің ерекше қабілеті 
ойландырды ма, 1911 жыл дың көктемінде Григорий Терен тьев 
Имантай биге арнайы келіп тосын әңгіме бастайды.
– Мына балаңыз, би, зерек қана емес, ту ма дарын, жаратылы-
сы бөлек жан, вить. Име ке абзи, Қанышты қалада оқыту керек! – 
дейді.
– Жагор шырақ, әуелі сенің оқуыңды тауыссын да. Әлі екі жыл 
оқуы керек...
– Тауысты деп есептеңіз, ақсақал. Менің Қанышқа берерім ша-
малы. Білгенімді беріп болдым, вить.
– Апырай, көп-көрім оқуың бар сықылды еді, шынымен түге-
сіп қойдың ба?..
– Бәлкім, таусылмаған да шығар. Бірақ, абзи, ұстаздық тә-
жірибем айтады: зерек баланы болыстық мектепте ұзақ ұс-
тау – болашағына обал... Қазірдің өзінде ол орысша жап-жақсы 
сөйлейді. Кем-кетігі болса қалада түзеп алады. Ең бастысы, оқуға 
зейіні, ынтасы керемет! Имеке абзи, Қаныш балақанның болысқа 
хатшы болғанын мен қаламаймын. Сiз ақылды адамсыз, баланың 
бағын байлап, ауылда ұстамаңыз, абзи! Жас күнiнде оқып алса 
әйбат болады, вить!.. 
– Япырай, Жагор шырақ, мұның ендi мен үшін оңай шаруа 
емес... 
Терентьев сабақтан бос уақытын өзi тұратын болыс мекенiнен 
де гөрi Сәтбай ауылын да өткiзетiн-дi: Мырза ауылы қашаннан 
ос-падар қылығымен атағы шыққан, небiр оғаш қылыққа үйiр, 
кiшiлерiне дейiн соны мақтан көретiн кердең жандар; дәрежесi 
тең кiсi болмаса – өзiндей жалғыз-жалқы нашармен сөйлес пей-
дi. Ал Сәтбай қажының күллі жұрағатының рәсiмi бөлектірек: 
ешқашан да қыдырма қонақтан бос болмайды; Сiбiрден қашып 
ке ле жатқан шеркес, шешен, үңгiштер де, атасы басқа жарлы-
жақыбайлар да бұл ауылда айлап жа тып, әл жияды, кейбiрi тiптi 
ат мiнiп аттанып жатады... Олардың өнерге де құр метi өзгеше: 
оқу-бiлiмге үйiр, ауыл-аймағымен аңшы; жүйрiк ат ұстайды, 
қыран құс тың да неше түрiн асырайды. Са уықшыл ғұрыптары 
қандай!.. 


33
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Григорий Терентьевтің өзі де мұндай өнер ден құралақан емес. 
Қолы босаса-ақ осы ауылға келіп, ителгі, қаршыға сал ған құсбегі 
жігіттердің қасында болады. Дү ниетанымы терең ауыл ағасымен 
де қона жатып әңгіме-дүкен құрады. Балаларының сүйікті ұстазы, 
мінезі биязы татар жігітінің ауылында жиі болуын Имекең де 
жек көр 
мейді. «Жанассаң жақсымен жанас. Әңгімелессең – 
жаның жадырайды әрі өнегесі жұғады» деген сөзді кексе би, әсілі, 
осындай өнерлі кісілерге балап айтқан.
Сол жылы Имантайдың жасы алпыстың ал тауына шыққан. 
Төрінен көрі жуық шамада. Зарығып, сағынып керген үш қарғасы 
желкілдей өсіп, жетіліп келеді. Өмір заңына не шара, екі ұлдың 
алдындағы Қазизасы жат жұртқа жаралған бала, енді бірер жыл-
да құтты орнына қонады. Ал мына егіз қозыдай екі ұлы?.. Екеуі 
де, еркіне жіберсе, қа ла асып, ұзағырақ оқуды тілегендей. Оқыған 
інілері де сөйткенін жөн көреді. Бірақ?.. Иә, бұл туралы ойлай 
бастаса-ақ қарт бидің жү регі сыздап, ет-бауыры езіледі: екеуін де 
тезірек аяқтандырып немере сүюді қалаған көңілі пендешілікке 
де бұрғандай. Құлазыған көңілге кім демеу, дәтке қуат не? Бөкеші 
ересек, мінезі алғыр, өмірге танымы бар. Ал Қанкежаны?.. Тірі 
пенденің момыны, ерекше жуас. Денсаулығы да жақсы емес, терісі 
сүйегіне жабысқан қатпа бала. Бейтаныс қалада бір күні ауырып 
қалса?.. Көз алдынан таса ға, жат қалаға оқуға жіберіп, ауылда өзі 
қайтіп отырады? Көктемде он екіге толды, ес біл мейтін әңгүдік 
шағы емес пе, тәйірі?..
Алайда оқытпай болмайды. Жагордың ақылы көңілге қонады. 
Дені сау болып, тірі жүрсе, бұл баласының бір биіктен көрінерін 
жүрегі сезеді. Жүріс-тұрысы, сөз саптауы, ақыл деңгейі, оқуға 
ынтасы – еріксіз мойындатқандай.
Жазғы демалысқа келгенде Қанышты қа лада оқыту жайында 
Әбікей де айтатын бол ды. Бұл кезде ол Керекуге ұрымтал жерде, 
Ертіс бойындағы мектепте бала оқытатын.
– Қанкежанның ендігі тәрбиесін маған жүктеңіз, би аға. 
Оқуына өзім басшы боламын, – деп ол да қолқа салып отыр.
Жаз бойы әрқилы толқуда болған әке кө ңілі ақы ры осы уәжге 
тоқтады: Бөкеш қолында қалады, үйленіп өзіне қолғанат бола-
ды; ал Қа ныш бақталайына жазғанын байқап көр сін. Тек алысқа 
емес, Керекуге барады.
...Тамылжыған жаздың соңғы күндерінің бірінде Шідерті 
өзенінің жағасында, жайлауда отырған Сәтбай ауылынан пар 
ат жеккен, соңында бір топ салт атты ілескен жеңіл арба Ертісті 
3-0196


34
Медеу СӘРСЕКЕ
бетке ұстап жолға шықты. Делбеде Бапай палуан, жолаушысы – 
әкелі-балалы Сәтбаевтар. Бөкеш, Нұр лан бас таған саяқ жігіттер 
бұларды күншілік жерге ұзатып салып, ұзақ қоштасып, Қанышты 
қай та-қайта бетінен сүйіп кейін қайтты. Қос ат сар желіске түсті. 
Қалаға асыққан балаға солар аяңдап келе жатқан сияқты: алып 
ұшқан көңілі елегізіп, алабұртқан жүрегі де өзгеше дүрсілдеп 
дегбірсізденіп келеді; «Қашан, қашан жетеміз? Неғылған ұзақ 
жол?!.» деп қобалжығандай. Қобалжыған сайын делебесі қозып, 
сағым ойнаған ұшы-қиырсыз иен жазыққа жабырқай қарайды. 
Амал не, асыға күткен қала жуық маңда жеткізер емес...
Үшінші күннің кешінде жолаушылар қала оттарын көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет