Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет21/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

дық бастадық. Бүгін осы үйге біраз жастар келеді, кешті жүр -


51
ШЫҒАРМАЛАРЫ
гізу тәртібін жасаймыз. Сен де ішінде бол, – деп күлімдей тоқ-
тады. Ықтияр болып, үйдегі анадай-мынадай дайындыққа бо-
лысып, кісі лерін күттім.
Бір мезгілде семинария формасын киген екі жас жігіт келді. 
Ол екеуін өткен күзде осы үйде бір мәрте көргенмін. Бірі – ашаң 
өңді, ұзын бойлы жасөспірім. Екін шісі – домбырамен ән салатын, 
аласа, шы мыр денелі семинарист. Оларды ықы ласпен қарсы 
алған Нұрекең мен Нәзипа жеңгей:
– О, Жекей, дайындық қалай? – деді.
 Шымыр денелі, маңдайлы, сары сұр семинарист:
– Қаныш екеуміз дайындық істеп жатырмыз, – деп жауап 
берді. Аңғармаппын, екі жігіт ауыздағы киім шешетін бөлмеге 
бір домбыра, бір мандолинді сүйеп қойыпты...»
Ерлі-зайыпты Құлжановтар әзірлеген әдеби кеш 1915 жылдың 
13 ақпаны күні Семейдің делдалдар клубында өтеді. Бұл тура-
лы «Айқап» журналы сол жылғы бесінші санында «М.М.» де-
ген бейтаныс тілшінің «Қа зақша бастапқы ойын» атты хабарын 
жариялаған: 
«...Семейдің піркәшік клубында қазақша әдебиет кеші бол-
ды. Ойнаушылар – қазақтың оқыған жастары, оқыған әйелдері. 
Ойын төрт бөлімге бөлініп, қазақтың бұ 
рыннан сауықшыл, 
өлеңші, әнші ақындары, ескі кемеңгер билердің шешендігі әр түр-
лі сөздермен тақпақтап, өлеңдетіп айтылды... Қазір ойнала-
тын «Біржан мен Сара» турасында Нұрғали Құлжанов жұртқа 
мағлұмат берді... Залдың бір жағына қолында үкілі домбырасы 
бар, торғын шапанды, ақ қамзолды, орта бойлы, дөңгелек кішкене 
қара сақалды, кәм шат бөріктің шоқпардай үкісін бұлғақтатып, 
айқайды сала ән шырқап Біржан шықты... «Бұл үйде Сара бар ма, 
шықсын бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері...» деп шырқаған 
Біржан даусын ес тіп, қасында жеті-сегіз қыздары бар, бұрала 
басып былқылдап Сара шықты... Біржан рөлін алған Жүсіпбек 
Аймауытов та, Сараның рөлін алған Тұрар ханым Қо зы бағарова 
да ойлағаннан артық шығарды...»
(Демек, Жүсіпбек те облыс орталығындағы іргелі оқу орнына 
келген. М.М-ның хабарламасы бойынша, ол сол кеште домбыра 
тартып, кейбір әншілерді мандолинмен де сүйемелдеп, бұған қоса 
надандық туралы тақпақ оқып, ақырында «Ғалия» әнін келіс тіре 
шырқап, «Бастапқы қазақша кештің» көңіл ді өтуіне айрықша 
мол үлес қосқан).


52
Медеу СӘРСЕКЕ
«...2-ойында Нәзипа Құлжанова Ыбырай Алтынсариннің 
жазды суреттеген сөзін сөйледі. Әнші Әлмағанбет «Ырғақты», 
«Татьяна», «Жарқ етпес» дейтін өлеңдерді домбыраға қосып 
айтты. Екі домбыра мен бір мандолина қосылып, ұлт күйін 
тартты. Т. Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, М. Малдыбаев (біздің 
жорамалдауымызша, «Айқап қа» басылған хабардың иесі – осы 
кісі – М. С.) декламация оқыды...» 
Ерлі-зайыпты Құлжановтар мұғалімдер семинариясында ұйым-
дасқан кезінен ұстаздық еткен. Нұрғали Құлжанов – Торғайда 
Ы. Алтынсарин 1864 жылы ашқан тұңғыш қазақ мектебінің 
түлегі, ал жұбайы Нәзипа Сағызбайқызы – өткен ғасырдың аяқ 
шенін 
де Қостанайдағы орыс-киргиз прогимназия 
сында оқыған 
бес қазақ қызының бірі. Прогимназияны ол аса үздік бағамен, 
бірінші оқушы атанып бітіреді де, Торғай қаласындағы қыздар 
училищесіне ұстаз-тәрбие 
шінің көмекшісі болып тағайындала-
ды. Сірә, сол қарсаңда осы жерде қызмет іс 
тей 
тін Нұрғали 
мұғаліммен кездескен. Оқыған зиялылар бірін-бірі сүйеді, бірақ 
үй болып бірден шаңырақ көтере алмайды... Оның себебін біз 
Нәзипа Сағызбайқызының Торғай облыстық губернатор кеңсе-
сіне жолдаған ресми арызынан білеміз: қазақ жолымен бейтаныс 
ауылдасына жастай атастырылғанын; кедей ата-анасының сол 
үшін қалыңмалын қайтаруға шамасы жоғын, өзінің сүй ген жігіті 
учитель Құлжановқа заңды түрде тұрмыс құруды қалайтынын 
өті ніпті Санкт-Петербург мұрағатында сақталған шағым хатында.
Неке куәлігін патша әкімдерінің қо лынан алған Құлжанов-
тар тек Торғай қаласында тұра алмаған, қиырдағы Ертіс бойы-
на жы лыстап кетуге мәжбүр болады. Өткен ғасырдың алғашқы 
жылдарында Семейде тұрақтаған ерлі-зайыптылар содан кейінгі 
өмірін туған хал қының ізбасар ұрпағының көзін ашып, жап-
пай сауаттандыру жолына жұм саған. Сол жолда жүріп Нұрғали 
Құлжанов 1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза 
тапқан. Ал Нәзипа Сағызбайқызы – 1937 жылғы, ел оқығандарын 
жап пай отаған «Қызыл қырғынның» құрбаны.
Семинария шәкiрттерiне сол жылдарда заң мен құқық пәнінен 
дәрiс оқыған оқытушының аты-жөні – өлкетанушылық еңбегімен 
оқырманға мәлім Николай Яковлевич Коншин. Ол – XIX ғасыр-
дың 90-жылдарында Петербург университетiнiң заң факуль-
тетінде оқыған білімпаз. Ертіс бойына жер аударылып келген. 
Өскемен ояз ында айдауда болып, бертінде облыс орталығында 


53
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тұруға рұқсат алып, қа лам герлік һәм ағартушылық еңбекпен шұ-
ғыл данған. «Мен Абай Құнанбаевпен тұң ғыш рет Коншиннің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет