еңбектерімді вейсманизм негіздеріне сүйеніп жазғанымды қа те-
лік деп мойындамағаным, өмірімді сарп еткен күллі зерттеуімді
жоққа шығармағаным қып-қызыл пәле болды, қазірде маған жа-
была тас лақтыру науқаны жүріп жатыр... Ғылыми ортаның
сенімінен біржола айырылыппын, мұндай масқара жазаға тап
болған жерде бұдан әрі қалуға менің қақым да, арым да жетер
476
Медеу СӘРСЕКЕ
емес. Сол себепті төралқа құрамындағы мін детімнен босату-
ды өті немін...»
– Ау, бізден кеткенде не істемексіз? – деді президент өзімен
түйдей құрдас әріптесінің арызын оқып шыққан соң. – Тек ту-
расын айтыңыз, құрдастар арасында бүкпе сыр болмайтынын
білесіз, Николай.
– Шатаспа, қымбаттым. Мен тегінде ойланбай, ешнәрсе іс-
темеймін, ал бұл жолы үй-ішіммен ақылдасып жаздым. Қияқгүл
өсі ремін! Алматыдағы ең әдемі қияқгүл түрлері менде болады,
бәлкім, дүние жү зін дегі ең тамашасы. Өйткені әріптестерім жек
көргенмен, мен солардың бәрінен де артығырақ ботаникпін.
Көресің әлі, оларды сату – маған академиктің айлығын неше
мәрте орап алатын табыс әкеледі. Әрі ол ешқандай дүрелеусіз,
әжуа сөгусіз адал еңбек болады...
– Олай десең, Николай Васильевич, мені де көмекші етіп қасыңа
ал! Рас, гүл өсірудің кілтипанын мен білмеймін, бірақ күрек
ұстарлық қуаттан құралақан емеспін, – деді президент әріптесіне
тура қарап.
– Қалжың емес, шыным, Қаныш Имантаевич.
– Мен де сізбен қалжыңдасып отырғам жоқ, – деді кабинет
иесі. – Қателеспесем, бұдан бес-алты жыл бұрын, сіз маған дер-
бес академия құру туралы ой салып, сол үшін марқұм Владимир
Леонтьевич Комаровпен де достығыңызды әжетке жаратып
бақтыңыз. Сөйтіп жүріп ғылым ордасын көтердік. Соның ірге-
сін бекемдеуге қатысқан сіз емей, кім?! Енді соны орта жолдан
қосылған біреу лердің иемденуіне қалдырып, бұта түбіне жалт
бермексіз. «Әдемі қияқгүлдер өсіре мін!..» Ұялсаңыз етті?! «Маған
жан тыныштығы керек, өзгелерің өлмесең өме қап!..» Дәл сізден
осындай опасыздық күт кем жоқ, құдайға хақ, сізді мен рухы күшті
адам, сүйікті ғылымы үшін ақырына дейін тұратын күрескер деп
білемін...
Президент сөгіс сөзін бастағанда-ақ ға
лым-ботаник тыныш
отыра алмай, әрлі-берлі қозғалып қыбыжықтай бастаған. Қа ныш
Имантайұлы тоқтар емес, құдды бір жү регін де кептеліп қалған ше-
мен-шерден құтылғысы келгендей-ақ, ащы өксікті аяусыз төпей
берді. Есі шыққан Павлов бар даусымен ай қай салып, «Арызыма
қол қо йыңыз, бітті шаруа!» деп шыға жөнелуге шақ тұрды да, ке-
нет ақырын ғана:
477
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Маған неғыл дейсіз? Қорғануға да мұр шам жоқ, жиында сөз
бермейді... – деді.
– Сөйткендері дұрыс! Өйткені сіз мінберге шығып алып, жұртты
жаппай күйретесіз. Ақырында қайдан шығарыңызды ойладыңыз
ба? Ал сізді сынағандарға сол ғана керек! Құла ғыңа мақта тығып
алып, тыныш отыруға болмас па?!..
– Төзімім жетпейді, Қанеке! Ғылымды жағалаған көкезулер
аузына келгенін оттап, төбеңді тескендей қисынсыз бірдемелерді
сағаттар бойы бопсалап жатқанда, қалай шыдайсың? Қаныш
Имантаевич, ғафу етің
із, сіздің де не айтып тұрғаныңызды
түсінген жоқпын. Үндеме дегеніңізді айтамын, – деп Павлов
әріптесіне мұңая қарады. – Өзің де, міне, осы дауға араласпай, ты-
ныш отырсың...
– Ол үшін бас қатырудың қажеті жоқ, сіз дің мұныңыз – кеше
ғана Ай планетасынан топ ете түскен келімсектің сөзі... – Қа ныш
Имантайұлы болар-болмас езу тартты. – Осындай у-шумен баста-
лып, ақыры өзінен-өзі ты натын науқанды жаңа көріп пе еді ңіз? Бір
жыл, бәлкім, екі жыл сабыла жү гі реді де, бір күні ұмыт болады...
Демек, еш те ңе естімегенсіп тыныш отырып, қарақан ба сыңызды
сақтау қажет! Ал ол шіркін, басыңызды айтамын, сізге ғана
емес, маған да, Отанға да керек! Ұқтың ба, Николай Ва силь евич?
Төзім керек! Жүйкеңіз жете ме соған? – деп академия президенті
ауыр сұхбатта меселі үстем шыққанын сезіп, ұнжырғасы түсіп,
құрдасына қутыңдай қарады.
– Білмеймін, қымбаттым, сөйтемін деп сендіре алмаймын. Бір
күні түлен түртіп, өзіме тиіскендердің бірін жағадан алсам – сөкпе-
ңіз мені... Ал қазір, ырқыңызға беріл дім, тек уақытша. Арызым-
ды қайырыңыз, Қанеке.
– О, жоқ, даукес достым, бұл шимайыңыз менде қалады.
Сіздің әзіл-оспағыңызда аяу жоқ, құрдас деп мені ғана емес,
жасы үл
кені
рек Әуезовті де аямайсыз. Мәжіліс үстінде
бәрімізді сыпыра мазақтап, зеріккен жұрт ты күлкіге қарық
қылып отырасыз. Сол кезде мұны қарымтаға пайдалана-
мын... – деп жайраңдаған президент Николай Васильевичтің
алдына таза қағаз тастады. – Маған сіз басқадай арыз жазыңыз,
осы қазір. Әл дебір ғылыми мақсат үшін, айталық, өсім дік тің
жаңа түрлерін дала түк пірінен, әлде Алтай бөктерінен іздеу үшін
ең кемі алты ай, бәлкім, бір жыл мерзімге экпедицияға атта-
ну үшін. Қысқасы, сізге өшіккен пысықтардың үні де, қолы да
478
Медеу СӘРСЕКЕ
жетпейтін алыс қиырға аттанасыз. Аз болса ұзартамын мерзімін.
Тек, Николай, достарыңыз түгілі дұшпандарыңыз күдіктене ал-
майтын дәлел кел тір. Бітті шаруа, жаныңды күйзелткен дау-шар
да соған дейін бір жағына шығады...
– Сенің сұңғыла ойыңа, құдай біледі, найза бойламайды,
Қанеке! Оған қоса сен керемет оптимист адамсың, ақиқатқа сені-
мің де әлей күшті! – деп шаттанған ботаник қолына қалам алып,
әрлі-берлі сүйкектете бастады.
Бұл дүрмек те Қазақ КСР ҒА прези денті болжағандай болып
шықты: рас, Т.Д. Лы
сен
коның жалған іліміне табыну, бірер
жылға емес, ондаған жылдар бойы үс темдік құрып, орасан зиян
келтірсе де, ғы лым ордасы жетекшісінің әріден ойлаған амалының
арқасында Қазақстан жаратылыстанушыларының білімпаз то-
бын жөнсіз қу ғын даудан сақтап қалды; әлбетте, ғы лым ның бұл
саласының өрісі біршама баяу ла ды; сөйт се де биология ілімі рес-
публика атырабында ежелгі үрдісінен жаңыл ған жоқ.
Кім-кім, бұдан Қазақстан ғылымы ұтты: салауатты бота-
ник Н.В. Павловтың басшылығымен бертінде республика фло-
расының 9 томы жарық көрді; Николай Васильевич қазақ
даласының өсімдік дүние сін зерттеуден өмірінің ақтық сағатына
дейін (1971 ж.) танбай, соңына іргелі ботаниктер мектебін
қалдырып кетті...
(Еске ұстар жайт: «Қазақстан флорасының» 1964 жылы жа-
рық көрген 7-томы сол жылы опат болған, ботаниктердің жана-
шыр қамқоршысы, академик Қ.И. Сәт баевтың жар қын есіміне
арналған; сол іске мұрындық бо
лушы Николай Васильевич
өзі өсірген қияқгүлдің жаңа түрін де әзіл-оспағы жарас
қан
құрдасының есімімен атаған; ұлы замандасын ерекше ардақ
тұтқан ботаниктер ҚР Бас бауында бертінде өсірген сиреньнің де
көрікті түріне Қаныш Имантайұлының есімін беріпті...)
Қазақ КСР ҒА филиалдар кеңесіне жауапты хатшы бола
жүріп, 1948 жылғы шер лі оқиғалар кезінде лысенкошыл топтан
қатты қағажу көрген, академия президенті нің ақыл-кеңесімен
Алматыны уақытша тас тап, Атырауда ұйымдасқан Бақ ұжымына
ғылыми жұмысқа ауысқан ғалым-ботаник И.К. Фортунатов ака-
демик Сәтбаев туралы бертінде жазған 60 бет естелігінде сол бір
дүр мекті де дүрбелең уақытты қиял-қоспасыз, мейілінше ашық
әңгіме еткен...
479
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |