489
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қаныш Имантаевич, сізді біз ерекше сыйлаймыз, қисапсыз
зор еңбегіңізді қадір тұтамыз. Мына істе сіз буынсыз жерге пы-
шақ сілтеп отырсыз, өтінемін, райыңыздан қайтыңыз. Біздің де
төзімнің шегі бар!..
Іле-шала Сәтбаевтың жеке басын сынау күшейіп, ғылым және
насихат бөлімдерінің бағыттауымен жү й елі түрде өрістеді.
«Ер Едіге» туралы бұрнағы жылғы сын қайта өрбіп, оны жа-
риялаушының түпкі мақсатын айқындау жө нін де әңгіме өрбісін.
Ғалым
бірақ мойымады, қарсы дау көтеріп:
«...Насихат және
үгіт бөлімі әзірлеген, Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті нің
хатшылары түгел қол қойған Қазақ халқының қазақстандық
майдангерлерге үндеуінде «Едіге батыр – ха лық қаһарманы» деп
дараланған. Демек, кереғар эпосты бұқара халыққа әсірелеп на-
сихаттаушы бір мен ғана емеспін...» (И. Сталинге жолдаған ары-
зынан), – деген желеу айтты.
Сол жаланың
бетін әрі қараттым дегенше, сол күнде белсенді
жазғыш, көрместі көргіш атағы дүріл
деп тұрған Тілеуқажы
Шойынбаев бұған дейін үйінде сақтап жүрген әлей «жаңалығын»
сопаң еткізіп, жарыққа шығарсын: «Сар ы арқа» газетінің 1917
жылғы 9 қарашадағы санында жарияланған шолу мақалада
«Алашорда» қозғалысына іштартқан жас қайрат үгітшілердің
қатарында Қ. Сәт баев та аталыпты; демек, ұлт шылдық пиғыл-
ға мақтаулы президентіміз
жас кезінен шырмалған; бүгінгі
ұлтшылдарды қанатының астына алуы – сол ниетінен әлі
қайтпағандығына айқын дәлел-міс...
Осы жайында түсінік сұраған лауазым иеле рінің бірі, сірә,
жанашырлық оймен айтқан ба, кім білсін, «Жас күнімдегі
қателігім деп мойындағаныңыз жөн...» деп те ақылгөйсіген.
Академик Сәтбаев оны да тәрк етеді.
«Кеше, үстіміздегі жылдың
Достарыңызбен бөлісу: