521
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мәртебеге жеткен химик Д.В. Сокольскийдің «Сәтбаев президент
құқығын шексіз пайдаланып, төралқа мүшелерімен ақылдаспай,
әрдайым өз бетінше билеп-төстеп, ұлтшылдық саясатты пәрменді
жүргізгеніндігі...» жайында Орталық
Комитет тапсырмасымен
әш
кере айғақтарды жиып-теріп, өтірікті шын еткен баяндама
әзірлеп қойғандығын естіген-ді...
Тілеулестері жеткізген ақпарды алған сәтте-ақ Қаныш
Имантайұлы: «Өзімді нақақтан жығынды ететін әрі саңлақ
әріптестерімді ғылыми ортадан аластайтын масқара жиынға
қатыспаймын. Соны тыңдап отырып үнсіз қалмасым анық. Ал
Шаяхметов маған бұл жайында ләм-мим деген жоқ, демек, әдейі
айтпаған...» деп шал қасынан түскен де, ғылыми ізденісті сылтау-
ратып, Ленинградқа жөнеп берген...
* * *
Көктем шуағы молайып, алма бақтары гүл төгіп дән салған
мерейлі күндердің бірінде Сәтбаевтар отбасы Алматыға қай-
тып оралып, Қаныш Имантайұлы көп жылдан бері арман
етіп, бастауға бірақ уақыты жетпей жүрген ғылыми зерттеуге
құлшына кіріседі. Жел сөз қуғандардың
тынымсыз әрекетінен
әбден қажыған ғылым иесінің тілегені де осы еді: бөгде іске бой
ұрмай, тек қана сүйікті геологиясымен беріле шұғылданып, ел
кәдесіне жарар еңбек жасауды мұрат еткен-ді...
Акаде
мик Қ.И. Сәт
баевтың да туған халқының сүйіс
пен-
шілігіне көзі тірісінде ие болғаны даусыз ақиқат. Бұл гәпті ғалым
жақсы білген. Соны ардақ тұтып, елі үмітін ақтауға тырысқан.
Сөйтсе де?.. Сыйлас достары бертінде: «Қанеке, сол бір ауыр
кезеңді қайыспай қа лай көтердіңіз?» – деп сұрағанда, ол: «Ақи қат
әрқашанда жеңеді деген уәжге мен шүбәсіз сенемін!» – деп жал-
пылама сарында жауап береді екен. Иә, бұл да – өмір заңы. Десек
те, ақиқат үшін де алысу керек! Оған қоса сөзсіз жеңетініңе кәміл
сену қа жет. Ал сену үшін?..
Төмендегі әңгіме сол сенімнің қайнар көзі жайында...
Бұл оқиға бір топ геолог далалық саяхатта жүргенде, 1952 жылы болған.
Саяқты көріп, Майқайың алтын кеніне аттанған
жолда оларды бір топ адам
тоқтатады. Топтың алдында – қардай ақ кимешек киген еңселі бәйбіше, екі
жағынан оны алпамсадай екі кексе сүйеп тұрса керек.
– Қаныш қайсың? – дейді бәйбіше, машинадан түсіп, өзіне сәлем берген
жолаушыларға қарап. Іздеп тұрған Қа ныш ын көрген соң қарт ана қайтадан
522
Медеу СӘРСЕКЕ
амандасып, ғалымның маңдайынан иіскейді. – Осы елдің кәрісінің алды-
мын, қарағым, жасым жүзге еңкейді, екі жағымдағы егделер – кіші бала-
ларым. Сені тосып тұрмын, шырағым. Ауылымыз дөң астында, үйге жүріп,
дәм іш!
Қаныш Имантайұлы асығыс екенін айтып,
қарт ананың ықыласына
алғыс білдіре ді. Шаруасын осы жерде естіртуін өтінеді.
– Осы маңаттан өтетініңді біліп, жолыңды тосқанда айтарым, Қаныш
қарағым: «Қайда жүрсең де жолдасың қыдыр болсын, алдыңнан нұр жау-
сын!» деген бір ауыз ниет еді, қарағым! – дейді қарт ана. – Басыңа пәле-
жала үйіріліп, дұшпандарыңнан қиянат көріп жүргеніңді естідім. Ер жігіт
ғұмырында не кешпейді? Сен оған мойыма! Халқың сені шексіз сүйеді,
мақтан етер перзентім деп аялайды. Соны біл де еңбек ет, қарағым!
Көзкөргендердің
айтуынша, осы оқиға Қаныш Имантайұлын ерекше
сүйсін тіп (естіген сәтте көзіне жас алған деседі), жасыған көңіліне әл-қуат
беріп, алдағы жұмысын алаңсыз атқаруға рухани сүйеу бол ған...
ІІІ
Академик Сәтбаевтың Қазақ КСР ҒА президенті міндетінен
босауы, тегінде, сол күндегі зиялы қауымның сүт бетіне шығар
қаймағы іспетті маңдайалды тұлғаларын жаппай қудалап,
ғылыми ортадан аластауға жол ашқан. Әрине, олардың орнын
сол науқанда белсенділік танытқан сұрқайлар басқан. Бірталай
оқымысты кафедра меңгеруден шеттетіліп, профессор,
доцент
оқытушылардың қарамды тобы жұмыссыз қалды. Жан сақтау
үшін не істемейсің: шеткергі қалалар ға ауысып, онда да техни-
кум, орта мектептерге сабақ беру де тимей, жөнең бір мекемелер-
ге іс жүргізуші болғандар қаншама, оған да қауіпсіздік қызметі
рұқсат етсе; ал егер рұқ сат болмаса – қолына күрек, қайла алып,
жер қазып, жүк тасып күнкөріс жасауға тура келген...
Академик Ш. Шөкиннің ҰҒА тарихын баяндайтын кітабын-
да 1948-1952 жылдарда Сәтбаевтың жақтастары және саяси
көзқарасы тұрлаусыз деген кінәмен ҒА жүйесінен 200-дей ға-
лымның аласталғаны айтылған. «Ғылымның кейбір саласы
жұтқа ұшырағандай болып орны үңірейіп қалды...» – дей ді ғалым
(қараңыз: кітаптың 32-б.). 1952 жыл ғы наурыз айының 1-і күні
партия қайраткерлеріне (Ж. Шаяхметов және Ю.А. Жда нов қа)
жолдаған хатында Қ.И. Сәтбаев Ғы лым академиясында 289 жер-
гілікті ұлт өкі лінің келелі зерттеумен шұғылданатынын дара-
лап атапты. Демек, соғыстан бергі жылдарда төбе көрсеткен
523
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұлт зиялыларының үштен екісі саяси сүргінге ұшырап, олар-
дың біразы бас бостандығынан айырылған. Әсілі, облыс орта-
лықтарында қауырт жүр ген науқанда жалпы қарамы екі жүздей
«жат пиғылдыны»
іздеп тауып, зиялылардың қарамды тобын
жазалауға негіз болыпты. Бір ғажабы, осының бәрі – қауымды
қауіпті адамдардан «сауықтыру шаралары» аталғандығы...
Ғылым академиясының іс басқарушысы Г.В. Не читайло іл-
геріде аталған естелігінде:
«...Сол күндегі жағдайдың өте күрделі
Достарыңызбен бөлісу: