553
ШЫҒАРМАЛАРЫ
луы, Кеңес Одағының билігін ұстаған мемлекет қайраткерлерінің
білім-танымының таяздығы, бәл кім,
қазақ қауымын жайлаған
қызғаншақ пиғыл мен пендешілік Қаныш Сәтбаев сынды алып
тұлғаның ұлы ісін сол кезде, опат болғаннан кейін де, қысқасы,
ол өмір сүрген ғасыр иінінде жеткілікті бағалап, әлемдік деңгейге
даралап көтеруге мүм кін дік берген жоқ. Өкінішті жайт, кереғар
тағылым демеске шараң жоқ!
Г.В. НЕЧИТАЙЛОНЫҢ естелігінен:
«... Алматыға жолы түскен сапарларының бірінде Н.С. Хрущев
Қаныш Имантайұлын оңаша сұхбатқа шақырып, өзіне тән
қарапайым һәм біршама дөрекі түрде, Ан глияға ресми барған
кезінде Н.А. Булганин (КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы –
М.С.)
екеуі кездейсоқ тап болған қолайсыз бір жайт ты ғалымға
өзі әңгімелепті. Бұл жайында мен президенттің өз аузынан сол
күні естідім, сірә, көңілінің ерекше марқайған сәтіне тап болсам
керек. Әңгіменің жай-жапсары мынадай...
Англияның премьер-министрі Энтони ИДЕН Кеңес Ода-
ғының көп ұлттан құралған алып ел екендігін мойындай оты-
рып, «Сіздер бұл істе тамаша табысқа жеттіңіздер, ал Ұлы
Корольдікте жағдай басқаша. Мысалы, аз ұлттардың орта-
сынан жарып шыққан көрнекті тұлғалар бізде атымен жоқ.
Академик Сәт баев сияқты Ке ңес Одағының даңқын паш еткен ай-
тулы ғалымның әлем дік аренаға шығуы –
сүй сінерлік іс!» – деген-
де,
«Николай Александрович екеуміз, – депті Никита Сергеевич
қымсына күліп, –
Сіз жайында, Қа ныш Имантаевич, сенесіз
бе, ештеңе білмегендіктен, әңгімені одан әрі өрбіте алмадық.
Иден мырза сіздің не істей
тініңізді, қайда тұратыныңызды
сұрағанда, мен Булганинге, ол ма ған қарап, өтірік-шыны ара-
лас бірдемені ой дан бопсалап, ақы ры, әңгімені басқа сөзге ауда-
рып, әрең құтылдық. Ал қазір, – дейді Хрущев басын сипап, – сол
күнгі олқылығымды толтыру үшін сізді әдейі шақырдым. Міне,
енді сізді жақынырақ біл дім, жұмысыңыз сәтті болсын, күйлі-
қуатты болыңыз!»
Ғұлама ғалым арамыздан кеткеннен кейін көп жылдан соң
мәлім болған осы мойындау да, тегінде, академик Сәтбаевтың
басынан кешкен қилы тауқыметтің түп себебін айқынырақ
ұғындырса керек.