Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет206/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Регионның сатылап өскені рас болса, – деп топшылағанды 
Қаныш Имантайұлы, – картаны жасаушылар (Н.Г. Кассин, 
Г.Ц. Медоев) анықтаған геотехникалық алты кезең ді өздері 
мақсат еткен ғылыми жаңа тұжырымдамаға сәйкес жеке-жеке 
талдау керек...» Ғалымның ойынша, әрбір кезең аяқ талар қар-
саңда Сарыарқа қыртысы күрделі өзгеріс терге ұшырап отырған. 
Демек, алты кезеңнің әрқайсысы не кейбірі кен шоғырланған 
ірі қабаттарға ие болуы ықтимал... Сол себепті «Жұмыстың бұл 
кезеңінде талдау жан-жақты жүруге тиіс, енді асығуға бол май-
ды (ту баста, материал жинар кезде жұрттың бәрін асықтырғанын 
еске алыңыз! – М.С.), – деп ескертеді ғалым. – Өйткені әр кезеңнің 
табиғатын танытқандай басты белгілерін дәл анық тау шарт, 
оларды қатпарлық құрылысы бойынша, магмалық жөнінен де, 
шө гінді-жанартаулық жаратылысына қарай жіктеп, мұқият 
зертейміз», тоқетерін айтқанда, бір неше жүз кісінің әлденеше ай 
тапжылмай отырып, қосымша жүздеген карталар сызуын талап 
еткен... 
Жұмыстың екінші жылында-ақ болжам карталарының ал-
ғашқы макеті әзір болған-ды. Алайда ол – картаның нағыз өзі 
емес, кейбір табақтары жетіспейді, дүдәмал жайлар да баршылық, 
оларды қайыра тексеру қажет. Себебі ол ешкім күдіктенбейтін, 
әл декім соңынан олқылық тауып, «Мына у ың не?» демейтін, пай-
даланар болса – орта жолда сүрінбейтін сенімді еңбек болуға тиіс. 
Қатаң талап! Сондықтан да редакциялық Бас кеңес картаны одан 
әрі жетілдіріп, тексеруге 1953 жылдың күзі мен қысын түгелдей 
дер лік арнаған. 1954 жылдың қаңтар айында аяқталған жұмыс 
көктем бойы тағы да пысықтаудан өтеді. 
Картада 280 табақ, оған қоса әр түрлі геологиялық және гео-
логия-металлогениялық жеке парақтар бар. Солардың әрқай-


544
Медеу СӘРСЕКЕ
сысы бойынша дербес түсіндірмелер жазылған. Оның кө ле мі – 
қалыңдығы кере қарыс 36 том. Түсін дірмелер әрбір кенді ауданның 
геологиялық құрылысын, онда кездесетін металл шоғырларын, 
құрамындағы пайдалы элементтерді, кен көз дерінің генетикалық 
түрін, оның зерттелу тарихы мен осы күнге есептелген қорын, тіпті 
сол аудандағы құрылыс материалдары мен су мөлшеріне дейін
егер бұрыннан мә лім кеніштер сол табаққа дәл келсе – оның да 
ашылу хикаяты мен барлану тарихы, ең аяғы бұл туралы қандай 
әдебиеттер, деректер оқуға болатынына дейін егжей-тегжейлі 
баяндап береді.
Картаның ең басты артықшылығы – Орталық Қазақстанның 
қай түкпірінен темір мен марганец, мыс пен қорғасын, мырыш, 
молибден, вольфрам, бағалы және сирек металдар, басқадай да 
полиметалл кендерін іздеуді нақты нұсқауында. Бұрын мәлімсіз 
жерлерден ірі-ірі 40 түрлі кен шоғырын болжауында. Ғажап іс: со-
лардан қандай металл тауып және оны қай қабаттан іздеу жөнінің 
нақ ты көрсетілуі!
Мысалы, темір кендері Сарыарқа жонында төрт түрлі гео-
логиялық дәуірде орналас қан. Алайда оның өндірістік қорын тек 
қана те мір кварциттері кездесетін қыртыстардан барлау қажет. 
Марганец те геологиялық төрт дәуірде ұшырасуы мүмкін, оны 
бірақ алғаш қы варис шөгінділері жатқан қабаттардан іздеу тиімді 
болмақ. Ал мыс – Орталық Қа зақстанда ең көп тараған, өте-мөте 
қорлы кен. Ол да төрт дәуірде шоғырлан 
ған. Ал полиметалл 
кендерін екі ғана дәуірден іздеген жөн. Сирек металдарды кварц, 
грейзен түрлері ұшырасатын жыныстардан қарау керек...
Болжамдау теориясының негізгі кілті де, нақты пайдасы да 
осы. Сапарға енді ҚАЙ ДА, НЕМЕНЕ іздеймін деп көз жұмып 
шықпайсың. ҚАЙ ЖЕРДЕ НЕ жатқанын күні бұрын шамалап 
аттанасың. Оның ҚАЛАЙ жатқаны, ҚАШАН жаралғаны да көз 
ал дың да жазулы. Тек соны ажыратып оқи біл!
Картаны жасаушылар болжамдау үс тінде теориялық нұсқаумен 
шектелмеген, өз топшылауларын одан әрі тереңдетіп, барлаушы-
лар қолына нақты ұсыныстар әзірлеген. Орталық Қазақстанның 
барлануға тиіс аймағын олар шартты түрде үш кезеңге бөледі: 
алғашқысы – өндірістік маңызы зор, ірі кен орындары сөзсіз та-
былатын аудандар; екін шісі – өндірістік мәні айқын деуге бола-
тын үмітті аудандар, бұларды алғаш қыдан ке й ін, екінші кезекте 
міндетті түрде барлау қа жет: үшіншісі – өндірістік белгілері аз, 


545
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бірақ жоспарлы түрде тексеріліп, көбірек барлауды қажет ететін 
мүдделі аудандар...
Карта жасалды, жұмыс бітті. Барлаушы геологтардың қолына 
бер де, нәтижесін күт! Бі р ақ Қаныш Имантайұлы, оны қолдаған 
инс титут ұжымы дайын картаны пайдалануға беруге асық паған. 
Қайта әр түрлі кеңестерге салып, ғалымдар сарабына беріп, бұл 
үшін қарсыластарының сынын тыңдаудан де бас тартпаған. Сол 
үшін де соңғы екі жылда Алматыда екі мәрте ғылыми конферен-
ция шақырылады. Оған республиканың таңдаулы мамандары, 
ғалым-геологтар қатысқан. Мәскеу 
ден, Лениградтан, әр алуан 
геология ұжымдарынан да білімпаздар келеді. Қысқасы, ака-
демик Сәтбаев жария еткен жаңа теорияның жақтастары мен 
қарсыластары тізе қоса отырып, емін-еркін пікір айтуға мүмкіндік 
жасалады. Екі жиын да қызу айтыспен өтеді, сын да, мақтау да 
айтылады. Әлбетте, мамандар айтқан бағалы ұсыныстар, ойлы 
пікірлер іле-шала әжетке асты. Әйтсе де, болжамдаудың өзі ашқан 
принциптерін қорғауда қазақ ғалымы ешкімге еңкеймей, көп 
жылғы еңбекпен табылған ғылыми сара жолды берік ұстаған.
ІІІ
Осы қарсаңда Ленинград металлогенистері де зерттеуді екшеп, 
геология жұртшылығының назарына «Орталық Қазақстанның 
металлогениялық болжам карталарының» екінші нұсқасын 
ұсынған.
Сөйтіп, жол басында, осы жұмысқа кірі с ер алдында бетпе-бет 
келген ғылыми екі мектеп – ВСЕГЕИ мен ҚазГҒИ ұжымдарының 
зерттеу шілері ізденіс соңында қайыра кезіккен...
Барлаушы алдында Сарыарқаның бір емес, екі бірдей бол-
жам картасы жатыр. Екеуі де Одақтағы аса ірі, беделді зерт-
теу институттарының ғылыми кеңестерінде бекіген, екеуіне 
де әлденеше ғылым докторлары, академиктер, әйгілі ғалым-
геологтар қол қойған. Екеуі де өкілетті ғылыми кеңес терде тал-
қыға түсіп, өндірістік барлауда қолдануға кепілдік алған. Қо-
лайыңа жаққанын қолыңа ал да, барлауға аттан! Бірақ...
Иә, қолайсыз жайтқа осы арада кезігесіз, екі картаның да гео-
лог-барлаушыны таңдандырған бір гәбі бар: өйткені бір аймақ 
үшін екі түрлі болжам айтқан; демек, екі түрлі болашақ меңзеген; 
тіпті бір кеннің көлемі мен мәні, түрі мен тегі, қоры хақында бір-
бірінен алшақ жатқан тұжырымдар берілген. Қыс қасы, бұл карта-
35-0196


546
Медеу СӘРСЕКЕ
ларды басшылыққа алып барлауға аттанған топ бір кенді екі жер-
ден іздеу ге мәжбүр болмақ. Немесе біреуі бойынша оны іздеуге 
тиіс те, екіншісіне сенсе – әуре болудың қажеті шамалы...
Іздеуші геолог аң-таң. Қай картаға сену керек? Қайсысын пір 
тұтып, жолға шыққаны жөн? Екеуінің де қосымша түсініктерін 
оқысаң – осалы жоқ. Өте-мөте сенімді жазылған. Қай бетін ашсаң 
да көкейге қонып тұр. Бірін қате деп, екіншісін дұрыс көріп таңдау 
үшін де, сірә, бірталай білім, сұңғыла ақыл керек. Жә, сонда мұн-
дай шатағы мол картаның пайдасы қандай? Геологқа тегінде 
бұлталақсыз нұсқа қажет!
Ал карта жасаушылар бұл кезде ашық ғылыми айтысқа 
шыққан-ды: геологиялық баспалар бетінде, арнайы шақырылған 
ғы лыми кеңестерде әр мектеп өз топшылауларын қорғап, баян-
дамалар әзірлеп, еңбектер жария еткен; бас-аяғы екі жылда 
Ленинград пен Алматыда осы хақында бірнеше жиын шақырылды. 
Екі жақтан да соған көптеген ғалымдар қатысты. Бұлар ғана емес, 
өзге институттардың, Геология министрлігі мен КСРО ҒА сарап-
шы комиссиялары бұл айтысқа бірнеше мәрте пікір білдірді. Кей 
мезгіл геология қауымы осы мәселе төңірегінде екіге жарылып, 
бітіспес дауға түскендей қиын сәттер де туды.
Шындығында, сол айтысқа әділ төрелік айту оңай емес-ті. 
Себебі біріне «жоқ», екіншісіне «бар» деу керек. Өзге төрелікке 
екі жақ та көнбейді. Ақыры, бұл дау екі жылға созылып келіп, 
1956 жылы Москвада өткен металлогениялық кеңес екі ұжымды 
да риза еткен қаулы қабылдайды: «Екі карта да іс жүзінде нақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет