184
Медеу СӘРСЕКЕ
зия жоғалып кетуіне күдіктеніп, соны бұрғы ұшымен бірнеше
жерден тексеру – терең есеп пен ұзақ тол ғанудан туғаны да кәміл
шындық...
Үміті алданбағанына көп ұзамай көзі жет ті. Ұңғыма отызын-
шы метрден әріде сұрғылт құмтасқа кезікті. Жезқазған кенінің
айрықша ерекшелігі – сұрғылт құмтаста екені дау сыз ақиқат.
Мұны ағылшын мамандары да, кен
қабатын бертінде зерттеген
орыс инженері Тиме де: «Әңгіме құмтастың өне бойына шашыраған
мыс құнарының аз-көп ті гін де ғана», – деп атап көрсеткен. 236-ұң-
ғы ма дан алынған керн – біртекті сұрғылт құмайт тас. Бетінде
шашыраған жасыл рең – қалпынша мыс, кәдуілгі халькозин ми-
нералы. Де мек, бұрғы ұшы құнарлы кен қабатына іліккен... Рас,
солай деп бекем сеніммен айту үшін кенді зертханада мұқият
тексеру керек. Химлаборатория болса – Ленинградта. Иә, ұңғы-
маның нақты құнарын айыру қыста шешілмек. Жас геолог бұған
да қапа. Өзгертуге шарасы жоқ. Шамалауынша,
керн нің құнары
ағылшындар зауытқа тасымақ болған бай кеннен кем емес.
237-ұңғыма да кен қабатын күткен нүктеде кесіп өтті. Әрі қарай
тереңдеп бойлауға геологтың дәті бармады. Қолына әрең тиген
жалғыз станокты бірден шыңырау құрдым ға салуды қаламаған
еді. Сәтімен ілігіп тұр ған олжаны қанағат етіп, әрі қарай там-тұм-
дап өсіруді тілеген. Американ маманы Сидней Болл жүз
елу метр
тереңге дейін бұрғы сүңгітуді жобалапты. Қаныштың көкейінде –
бұдан да төменірек белдеулер...
ІІІ
Екі бірдей қомақты комбинаттың барлау жұмысын қадағалау
жас геологқа бірталай міндеттер жүктеген. Иә, жұмыс аз емес-
ті, сан алуан, бәр-бәрін жеріне жеткізе атқару үшін ертелі-кеш
жолда болу керек.
«Спас мәселесін тиянақтау үшін маусымның
5-10 күндері
аралығында Мәс
кеуге баруға мәжбүрмін, – деп
хабарлайды ол Таисияға Қарсақбайдан 23 мамырда (1927 ж.)
жазған хатында. – Одан соң шілденің алғашқы жартысында Спас
кәсіпшілігіне жетуім керек...»
Бір тәуірі, былтырдан бері сөзбұйдаға түсіп келе жатқан пәтер
мәселесі оңды ше шілді. Қазақстан астанасының Алматыға ауы-
суына байланысты Мәскеуде жұмыс іс теп отырған бірнеше ме-
кеме Алатау баура йына көшірілді. Қызылордадан да соған орай
әлденеше үй босады...
185
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Осы жайт, баспана болмағандықтан бір шаңырақ астында
бас қоса алмай жүрген екі мұңлыққа көнтерлі дерлік жағдай
туғызды: Мәскеу
дің ту
ортасынан, Үлкен Дорогомиловская
көшесіндегі 12-үйдің 22-пәтерінен Қанышқа бір бөлме дербес
тиді; осы жайында ол 1927 жылдың 19 ма усым күнгі хатын-
да Таисияға былай деп ті:
«Пәтерімді көрдім: мәз емес, лас, са-
Достарыңызбен бөлісу: