Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №678 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі142.85 Kb.
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 678 қаулысымен  
бекітілді    
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаға сәйкес әзірленді.
      2. Қағида сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) үлгі сертификатын ұстаушы - азаматтық авиация саласындағы  уәкілетті органнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған өтініш беруші (әзірлеуші);
      2) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
      3) дайындаушы - әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
      4) өтінім - өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш;
      5) өтініш беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш;
      6) зауыттық сынақ - әуе кемесінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттық базис талаптарына сәйкестікке дейін келтіру;
      7) әзірлеуші - әуе кемесін жасауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      8) үлгі сертификаты - азаматтық әуе кемесінің үлгісі конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
      9) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11) пайдалану құжаттамасы - әуе кемесінің және компонентінің, техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу  және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерінен, рәсімдері мен ұсынымдарынан тұратын құжаттама;
      12) пайдалану сынағы - жерде, әуеде және әртүрлі климатикалық жағдайларда пайдалану процесі кезіндегі әуе кемесінің сынақ үлгісі;
      13) мемлекеттік сынау – әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін көрсету.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3-1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган уағдаласушы мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдарымен құрылтайшы мемлекеттермен жасалған келісімдер (шарттар) шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын және сертификаттау рәсімдерін нормалау саласында өзара іс-қимыл жасайды.
      5. Осы Қағида белгіленген тәртіппен берілген және осы Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін құрылтайшы мемлекеттердің азаматтық авиациясында пайдалануға рұқсат етілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын куәландыратын құжаттардың қолданысын жоймайды.
      6. Қазақстан Республикасының авиациялық кәсіпорындарында жасалған азаматтық әуе кемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудан өткеннен кейін оларды сериялық өндірістің алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттауға тиіс.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Сериялы шығару процесінде Үлгі сертификатын ұстаушы жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттама кешендерін сақтауды ұйымдастырады және сериялы шығаруды, материалдар қасиетінің, технологиялық процестердің тұрақтылығын, сертификатталған үлгінің сериялы дайындалатын даналары үшін бөлшектер мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын сақтауды ұйымдастырады.
      8. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынауды жүргізу басталғанға дейін әзірлеуші мен жасап шығарушы аталған дананың жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын формуляр, паспорт немесе оларға балама құжатты ресімдейді. Әуе кемесін мемлекеттік сынау көрсетілген құжаттар болған жағдайда ғана басталады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынақтар әуе кемесі данасының, оның компоненттері мен жүйелерінің сынақ жүргізуге дайындығы бойынша жүргізіледі.
      10. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға метрологиялық қамтамасыз ету туралы хабарлама, есептер және әуе кемесі үлгісінің зауыттық сынақтар жүргізуге дайындығы туралы техникалық құжаттама жібереді.
      11. Зауыттық сынақтар:
      1) әуе кемесі үлгісінің, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын күтілетін пайдалану жағдайындағы ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестікке жеткізу;
      2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін айрықша жауапты функционалдық жүйелерінің (планер, шасси, басқару жүйесі, аэродинамикалық сипаттамалар, тежегіш, гидравликалық және басқа да жүйелер) үлгі конструкциясын белгілеу;
      3) мемлекеттік сынауды жүргізу үшін әуе кемесін әкелу мүмкіндігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Зертханалық, стендтік, жер үстіндегі, ұшудағы және арнайы сынауды қоса алғанда, зауыттық сынаудың бағдарламасын әзірлеуші әзірлейді және ол тіркелген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Егер әуе кемесі үлгісінің анықталған сәйкессіздіктері мен кемшіліктері кезінде зауыттық сынақтарды одан әрі жүргізу қатермен байланысты екендігі белгіленсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сынақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Зауыттық сынақтар өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойып, растау құжаттарын ұсынғаннан кейін қайта жаңартылады.
      16. Әуе кемесінің үлгісін пайдаланып сынауды әзірлеуші әзірлеген және бекіткен кестеге сәйкес әзірлеуші әртүрлі климаттық жағдайларда өткізеді.
      Әуе кемесінің үлгісін мемлекеттік сынау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қатысуымен әзірлеуші бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік сынау жүргізілетін мерзімдер туралы әзірлеуші сынау басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын уәкілетті органды хабардар етеді. Мемлекеттік сынаудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган мен әзірлеуші еркін нысанда бірлескен қорытынды дайындайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау аяқталғаннан кейін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) әуе кемесі үлгісінің өтініш беруші бекіткен ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігінің зауыттық және пайдаланып сынау нәтижелері бойынша түзетілген кестесін;
      2) зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау нәтижелерi бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығын;
      3) әуе кемесi үлгiсiнiң жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамасының бақылау және ағымдағы жиынтықтары (жиынтықтардың нөмiрлерi көрсетiледi) зауыттық және пайдаланып сынау жұмыстарының нәтижелерi бойынша түзетiлгенi, әуе кемесi үлгiсiнiң үлгiлiк конструкциясын көрсететiнi, осы үлгiдегi әуе кемесiнiң үлгiсiн сериялық шығару үшiн жарамды екенi, бекiтiлгенi және өтiнiш берушi мен дайындаушыда сақталатыны туралы хабарламаны жібереді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Пайдаланушы конструкцияға және пайдалану құжаттамасына қандай да бір өзгерістерді осы өзгерістерді тек Үлгі сертификатын ұстаушымен келісім бойынша ғана енгізеді.
      19. Әуе кемелеріне Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл) 16-қосымшада белгіленген қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар қолданылады.
      20. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар әуе кемесінің сертификаттау нормаларына дербес бөлімдер ретінде енгізіледі.
      21. Әуе кемесі үлгісінің қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігі жергілікті жердегі шуыл бойынша әуе кемесінің Үлгі сертификатымен куәландырылады.
2. Сертификаттау тәртібі
      22. Сертификаттау жұмыстарын жүргiзу және үлгi сертификатын беру үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтаманың көшірмелерін;
      2) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауды;
      3) формулярларды;
      4) материалдың негiзгi мөлшерi мен маркасы көрсетiлген негiзгi күш тораптарының, оның iшiнде қанатын бекiту, тiрек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидiң сызбаларын (эскиздерiн);
      5) отын және тежегiш жүйесiнiң, электр жабдығының, басқару жүйесiнiң схемаларын;
      6) үлгiнiң фотосуреттерiн (алдынан, жанынан, артынан);
      7) әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау нәтижелері;
      8) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi;
      9) азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып өтiнiш бередi.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган әуе кемесінің үлгісін сертификаттауды жүргізеді.
      Жүргізілген жұмыстардың нәтижесi бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес екi данада әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi (сәйкессіздігі) туралы акт жасайды, онда әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Үлгі сертификатын беру мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) туралы қорытынды көрсетiледі, актінің бір данасы өтініш берушіге беріледі. Әуе кемесінің үлгісі ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес болмаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сәйкессіздік туралы актінің негізінде өтініш берушіге үлгі сертификатын беруден бас тартып, өтініш берушіге берудің мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
3. Үлгі сертификатын беру
      23. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудың әуе кемесі үлгiсінiң үлгiлiк конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн белгiлейтiн оң нәтижелерінің негiзiнде әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы актіні алған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде үлгi сертификатын бередi.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Үлгі сертификаты осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. Үлгі сертификатына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес деректер картасы қоса беріледі, ол үлгінің үлгілік конструкциясы, үлгінің ұшуға жарамдылығына қатысты пайдалануды шектеу және басқа да шарттар туралы ақпаратты қамтиды. Үлгі сертификаты шектелмеген мерзімге беріледі.
      25. Әуе кемесінің үлгісін пайдаланудан алынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен осы үлгіге Үлгі сертификаты күшін жояды.
      26. Шетелдік мемлекет берген үлгі сертификатын беруге немесе оған күш беруге негіз болған талаптар Қазақстан Республикасы белгіленген стандарттарға сай келеді деген шартпен оны Қазақстан Республикасының уәкілетті органы таниды.
      26-1. Азаматтық әуе кемесі үлгісінің бекітілген конструкциясы (үлгілік конструкциясы) немесе пайдалану-техникалық құжаттамасы өзгеріп, ол ұшуға жарамдылығына әсер еткен жағдайда, әуе кемесінің бұл түрін үлгі сертификатына қосымша алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қосымша сертификаттауға тиіс. Қосымша сертификаттау 22-тармақта баяндалған тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру
      27. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктер табылған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұрады.
      Үлгі сертификатының күші тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тоқтата тұру себебін көрсетіп, үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұратын мерзімді белгілейді.
      28. Үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы әуе кемесінің осы үлгісін пайдаланатын әзірлеуші мен пайдаланушы, сонымен сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.
      29. Анықталған кемшiлiктердi әзiрлеушi жойып, әуе кемесi үлгісінiң ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестiгiн растайтын зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау өткiзілгеннен кейiн ғана Үлгi сертификатының қолданысын қалпына келтiрудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сертификаттау және үлгі  
сертификатын беру қағидасына
1-қосымша         
Нысан
Елтаңба
________________________________________________
Уәкілетті органның атауы
ҮЛГІ СЕРТИФИКАТЫ
№ ______
      Осы сертификат________________________________берілді
                    (ұйымның/заңды тұлғаның атауы)
      ________________________________үлгілік конструкциясы
         (әуе кемесі үлгісінің атауы)
      азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландырады.
      Үлгінің негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын ол осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын деректер картасында қамтылады.
      МО                          Уәкілетті органның басшысы
                                         _________ __________
                                           (қолы)   (Т.А.Ә.)
      Берілген күні: 20__ж. «__» _______
Сертификаттау және үлгі  
сертификатын беру қағидасына
2-қосымша       
Нысан
Деректер картасы Жалпы мәліметтер
      1. Әуе кемесінің үлгісі________________________________
      2. Әуе кемесінің моделі________________________________
      3. Дайындаушы__________________________________________
      4. Дайындау орны_______________________________________
      5. Дайындаудың ерекшеліктері___________________________
      6. Экипаждың ең аз құрамы______________________________
      7. Жолаушылардың ең көп саны___________________________
      8. Багаждың ең көп саны________________________________
      9. Жүктің ең көп саны__________________________________
Геометриялық деректер
      1. Қанаттың құлашы, м _________________________________
      2. Қанаттың алаңы, шаршы м ____________________________
      3. ОАХ, м _____________________________________________
      4. Қанаттың тарылуы____________________________________
      5. Қанат қондырғысының бұрышы, градус__________________
      6. Көлденең V қанатының бұрышы, градус ________________
      7. Қатаң бейінінің үлгісі және салыстырмалы қалыңдығы, %__________
      8. Элерондардың алаңы, шаршы м ___________элерондардың құлашы, м __________
      9. Закрылкалардың алаңы, шаршы м _______________закрылкалардың құлашы, м _________
      10. Келденең қанаттанудың құлашы, м ___________________
      11. Көлденең қанаттанудың алаңы, шаршы м ______________
      12. Көлденең қанаттанудың иығы, м _____________________
      13. Тұрақтандырғыш орнату бұрышы, градус ______________
      14. Жоғары руль алаңы, шаршы м ________________________
      15. Жоғары рульдің ауытқу бұрышы, градус: жоғары _______________ төмен ___________
      16. Тігінен қанаттану алаңы, шаршы м __________________
      17. Тігінен қанаттану иығы, м _________________________
      18. Бағыттау рулінің алаңы, шаршы м ____________________
      19. Бағыттау рөлінің ауытқу бұрышы, градус: солға ______________ оңға ______
      20. Фюзеляждың ұзындығы, м ____________________________
      21. Фюзеляждың ұшқыш кабинеті бойынша ені/биіктігі, м__________
      22. Шассидің колеясы/базасы, м ______________________
      23. Дөңгелектердің мөлшері, мм: негізгі _______________басындағы (ұшынлағы)___________________________________
Салмақ деректері
      1. Бос әуе кемесінің салмағы, кг ______________________
      2. Бос центровка, % ОАХ _______________________________
      3. Ең көп ұшу салмағы, кг _____________________________
      4. Қону салмағы, кг ___________________________________
      5. Ұшу центровкаларының диапазоны, % ОАХ ______________
      6. Отын құю, кг _______________________________________
      7. Май құю ____________________________________________
      8. Пайдалы жүктеме, кг ________________________________
Күш қондырғысы
      1. Қозғалтқыштың үлгісі мен моделі ____________________
      2. Ең жоғары қуаты, а.к. ______________________________
      3. Қозғалтқыштың айналымы, айн./мин.___________________
      4. Әуе бұрандасының диаметрі, м _______________________
      5. Қалақ қондырғысының бұрышы, градус _________________
      6. Бұранданың статикалық тартуы, кг ___________________
      7. Күш қондырғысының ерекшеліктері (редуктордың, қозғалтқышты пысықтаудың және т.б. болуы)____________________________
Ұшу сипаттамалары
      1. Тымық күндегі екпіннің ұзындығы, м _________________
      2. Көлденең ұшудың ең жоғары жылдамдығы, км/сағ._______
      3. Крейсер жылдамдығы, км/сағ._________________________
      4. Жерден көтерілу жеделдігі, м/с _____________________
      5. Құлау жылдамдығы, км/сағ.___________________________
      6. Ұшу кезінде жерден алшақтау жылдамдығы, км/сағ._____
      7. Қону жылдамдығы, км/сағ.____________________________
Сертификаттау және үлгi 
сертификатын беру қағидасына
3-қосымша        
      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан
Бекiтемiн         
Азаматтық авиация саласындағы
уәкiлеттi органның басшысы  
не ол уәкiлеттiк берген адам
_____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)      
20__ жылғы «___» ____________
Әуе кемесi үлгiсiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi
(сәйкес еместігі) туралы
акті
_____________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атауы)
20__ жылғы «___» № _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
      Төраға: _______________________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы)
                         ____________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы)
      Әуе кемесі үлгісінің пайдалану құжаттамасын сараптау және ұшуға
жарамдылығын бағалау нәтижелері бойынша _____________________________
Қорытындының мәтiнi: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Төраға: _______________________________________________________
                        (Т.А.Ә.)                 (қолы)
      Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
                               (Т.А.Ә.)              (қолы)
                         ____________________________________________
                               (Т.А.Ә.)              (қолы)
Актiмен таныстым:
АТ және ТҚ Ж бойынша ұйым басшысы
                        _____________________________________________
                               (Т.А.Ә.)              (қолы)


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
contents -> Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011
contents -> Есептеме №55259-kz
contents -> Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
contents -> Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
contents -> Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
contents -> «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру»
contents -> «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Авиация персоналына куәлiктер беру»
contents -> «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет