Сәулет – құрылыс факультеті Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасы



бет3/9
Дата28.04.2023
өлшемі0.98 Mb.
#472938
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Түсіндірме жазба (6)

Іргетас. Ғимараттың негізіне тоқталатын болсақ, мұнда қабырғалық іргетас блоктары (ҚІБ, ФБС) қолданылады. ҚІБ іргетасы-бұл зауытта өндірілген арнайы темірбетон блоктарын төсеу арқылы салынған құрама құрылым. Қаланған негіздің үстінде әдетте арматуралық белдеу жасалады, ол барлық жоғарыда орналасқан құрылымдардан жүктемелерді топырақ негізіне біркелкі бөлуге қызмет етеді. Іргетасты қалауда біз 0,6х0,58х2,4 м өлшемді 268 дана блок және 0,6х0,28х2,4 м өлшемді 54 блок қолданылады. 0,6х0,58х2,4 м өлшемді блоктың салмағы 1900 кг, ал 0,6х0,28х2,4 м өлшемді блоктың салмағы 950кг-ды құрайды.
Қабат аралық жабын үшін ПК 12.58 маркалы – 224 дана, ПК 10.58 маркалы – 98 дана, ПК 12.33 маркалы – 84 дана, ПК 10.33маркалы – 14 дана құрамалы қабатаралық жабындар қолданылады. Өлшемдеріне тоқталатын болсқ ПК 12.58 маркалы қабатаралық жабынның ұзындығы – 5760 мм, ені – 1190 мм; ПК 10.58 ұзындығы – 5760 мм, ені – 990 мм; ПК 12.33 ұзындығы – 3260 мм, ені – 1190 мм; ПК 10.33 ұзындығы – 3260 мм, ені – 990 мм болып келеді. Аражабындардың салмағына тоқталатын болсақ ПК 12.58 – 1900 кг; ПК 10.58 – 1700 кг; ПК 12.33 1150 кг; ПК 10.33 – 1000 кг; қалыңдықтары – 220 мм-ді құрайды. Өнімдердің жүк көтергіштігі 1250 кг/м3. Жылу оқшаулау қасиеттері - бос орындардың ішіндегі ауа табиғи жылу оқшаулағыш болып табылады.
Ғимараттың қабырғасын тұрғызу үшін 250х120х88 мм болатын толық денелі (кеуексіз) силикатты кірпішті қолданамыз. Ғимаратта қолдануға М200 маркалы, 1750 кг/м3 тығыздықты кірпіш қолданылады. Кірпіш белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламент бойынша МЕМСТ 379-2015 сәйкес дайындалуы тиіс. Өнімнің пішіндері мен өлшемдері МЕМСТ 3799-2015 сәйкес келуі керек. Беріктігі мен аязға төзімділігі бойынша қарапайым және бет өнімдері МЕМСТ 3799-2015 сәйкес келуі керек.
Терезелерге VEKA WHS 60 профильінде жасалған, саңырау, бұрамалы, ақ түсті, 3 камералы 2100 х 1800 мм-лі 24 дана, 1800 х 1800 мм-лі 101 дана, 1500 х 1800 мм-лі 27 дана, 1200 х 1800 мм-лі 5 дана терезе қарастырылған.
Сыртқы есіктерді жабдықтауға өлшемдері 1510 х 2110 мм болатын екі есікті кіреберіс есіктер; пәтер аралық есіктер ретінде өлшемі 915 х 2134 мм-лі есікті; пәтераралық есіктер үшін өлшемдері 813 х 2134 мм болатын есіктер таңдалған. Саны бойынша сыртқы кіреберіс есіктер – 2 дана, пәтераралық есіктер – 24 дана, бөлмеаралық есіктер – 96 дана.
Ғимарат шатыры қарама-қарсы жақтарға бағытталған екі еңкістерден тұратын, шатыр ұшының қабырғағадан алшақтығы 800мм-ді құрайтын, сүйеу итарқалы классикалық дизайнда жобаланған. Ішкі ортаны сыртқы ортадан оқсаулауға, және шатыр ішінде конденсат тудырмас үшін мыналар қолданылады: буоқшаулағыш, бутил-коучукты буоқшаулағышты жамау лентасы, жылуоқшаулағыш рөліндегі минералды мақта, гидро-желоқшаулағыш мембрана, мембраны жамаушы акрилді екі жақты жабыспақ таспа.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет