Қорытынды
Қорытындылай отырып, жасалған курстық жобада жасалған зерттеулер арқылы ғимарат құрылысындағы қолдануға болатын құнды ақпараттарды игердім.
Жұмыстың алдына қойылған бағыты-ғимаратты технологиялық бағалаудың негізгі принциптері мен ерекшеліктерімен танысу, жобаны индустриялық құрылымдармен қанықтыру, монтаждау ретін анықтау, монтаждау тетіктері мен жабдықтарды таңдау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы техника мәселелерін шешуге жұмыстары орындау болып табылған еді.
Курстық жұмыста жасалған жұмыстарды қорытындылап тоқталатын болсақ келесідей жұмыстар орындалды. Ең бастысы құрылыс объектісінің бастапқы деректерін анықтауды игердік. Келесі қадаммен жұмыс процесстерін ұмдастыруды қарастырдым.
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру-бұл еңбек пен материалдық ресурстардың ең аз шығындарымен, жоғары сапамен және шартта немесе жұмыс жобасында көзделген мерзімдерде құрылысты қамтамасыз ету мақсатында индустриялық әдістермен ғимараттар мен құрылыстарды салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты дайындық және технологиялық операциялар жүйесі.
Курстық жұмыста кірпіш ғимаратты соғудағы жұмыстарды ұйымдастырды қарастырдым. Керекті техникалармен, жұмыс күшін анықтадық. Бұл есептеулерді ЕШН(НЗТ), ЕНиР, ҚР ҚН-ын қолданып калькуляция жасау арқылы шығарылды.
Сондайақ курстық жұмыста, құрылыс процесін ұйымдастыру және орындау технологиясы; қабырғаны тұрғызу процесі; дайындық жұмыстар; негізгі жұмыстары; жұмыстың сапасы мен қабылдауына қойылатын талаптар; негізгі материалдар; материалдық-техникалық ресурстар; кірпіш, цемент-құмды ерітінді және арматуларық тор шығынын анықтау ; құрал-жабдықтар мен маштналар тізімі; бригада мен звеноның квалификациялық құрамы; еңбек шығындарын, машиналар мен механизмдердің жұмыс уақытын есептеу жүргізілді.
Курстық жұмысты жасай отырып білімімді қосымша мәліметтермен толықтырдым. Жасалған жұмыс болашақта, өз ісіміздің маманы болып қалыптасуына зор үлесін қосатынына сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |