СӘулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



бет3/55
Дата17.07.2016
өлшемі7.71 Mb.
#205500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55

№97 сұрақ

Қозғалыс қарқыны екі бағытта 20-дан 100 бірл/сағ болған кезде жүргіншілер және велосипед жолдарының ең аз жарықтандырылуы... ([29], 2.5-т.)

1. 1 лк

2. 5 лк


3. 2лк

4. 4 лк


5. 0,5лк
98 сұрақ

Оқшауланған трамвай жолының орташа горизонтальдық жарықтандырылу шамасы ([29], 2.9-т.)

1. 6 лк

2.12 лк


3. 2лк

4. 4 лк


5. 0,5лк
99 сұрақ

Мал айдау орындарымен 220 кВ жоғары вольтты желілер қиылысатын орында төменгі сымнан жерге дейінгітік арақашықтық...( [30], 1.30-т.)

1. 8 м

2. 7,5м


3. 7 м

4. 8 м


5. 8.5м
100 сұрақ

Әдетте тұрғын кентінің ішінде 10кВ жоғары вольтты желілердің радиалды бір тізбекті желілерінің есептік электр жүктемесі қаншадан аспауы тиіс? ( [30], 2.14-т.)

1. 500 кВА

2. 450 кВА

3. 750 кВА

4. 600 кВА

5. 1000кВА
3.1. Жобаларды сараптау. Қала құрылысы.

3.1.2. 2-нұсқа

3.1.2.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Мердігерлік шартына сәйкес тапсырысшы анықтаған жасырын кемшіліктер туралы мердігерге хабарлау үшін шекті мерзім ([1], 630-баптың 1-тармағы):



  1. бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз – мердігердің қасақана жасырған кемшіілктеріне қатысты – жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады;

  2. жұмысты қабылдаған күннен бастап бес жыл болып табылады;

  3. жұмысты қабылдаған күннен бастап 10 жыл болып табылады;

  4. алты ай;

  5. жеті жыл.

2 сұрақ



Мердігерлік шарт бойынша жұмыс кімнің тәуекелімен орындалады?([1], 616-баптың 1-тармағы):

  1. мердігердің, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе;

  2. тапсырысшының;

  3. мердігердің және тапсырысшының тең тәуекелімен;

  4. жергілікті атқарушы органның;

  5. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның.

3 сұрақ



Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адам өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, ол үшін жазалау түрін атаңыз ([2], 277-баптың 2-бөлімі):

  1. белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру;

  2. айыппұл салу;

  3. түзеу жұмыстары;

  4. бостандықты шектеу;

  5. өлім жазасы.

4 сұрақ

Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу әкімшілік жаза қолданудың мына түрлеріне әкеп соғады([3], 313-бап):


  1. лизензияның қолданылуын тоқтата тұрып әкімшілік айыппұл салуға және қызметтің тиісті түріне лицензиядан айырумен әкімшілік айыппұл салуға;

  2. әкімшілік айыппұл және әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысаны болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарында алынған мүлікті тәркілеуге;

  3. ескерту және арнайы құқықтан айыруға;

  4. әкімшілік қамаққа алу және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге;

  5. заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуға.

5 сұрақ



«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мыналарға ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ: ([4],3-баптың 1-тармағы):

  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс

  2. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептіктіркеуге, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығаруға;

  3. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операцияларды тіркеуге және валюталық операциялар туралы және шетел банкінде шот ашу туралы хабарлама жасауға;

  4. табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеуді реттеу және реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу бөлігінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне;

  5. ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға жатқызылатын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсаттарға.

6 сұрақ

«Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы неге бағытталған?([5], Заңның кіріспесінде):


  1. адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға;

  2. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілдігін белгілеуге;

  3. салық міндетін орындауға байланысты мемлекет пен салық төлеушінің (салық агенті) арасындағы қатынасқа;

  4. әкімшілік құқық бұзушылықтардан адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға;

  5. еңбек қатынасы тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасауға.

7 сұрақ



Халық саны қанша болатын қалалар ірі болып табылады? ([5], 5-бап):

  1. халық саны 500 мыңнан көп;

  2. халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін;

  3. халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін;

  4. халық саны 50 мыңға дейін;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

8 сұрақ



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, сондай-ақ техногендік сипаттағы болжамды төтенше жағдайлар салдарынан болатын қауіпті (зиянды) әсерлерге ұшырайтын елді мекендер мен аумақтар немен қамтамасыз етілуі тиіс?([5], 8-баптың 3-тармағы):

  1. халықты және аумақтарды аталған әсерлерден қорғау жөніндегі кешенді жобалық құжаттамалармен;

  2. азы-түліктің қажетті қорымен;

  3. ауыз судың қажетті қорымен;

  4. мүкәммалмен және құрылыс аспаптарымен;

  5. арнайы техникамен.

9 сұрақ



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық реттеу объектілері: ([5], 27-1-бап):

  1. үйлер, ғимараттар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану процестері, сондай-ақ құрылыс материалдары және конструкциялары болып табылады; 

  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жылжымалы мүлкі;

  3. Қазақстан Республикасының аумағы;

  4. облыстардың, аудандардың аумақтары;

  5. елді мекендердің және олардың бөліктерінің аумақтары.

10 сұрақ



Қызыл сызық .... (Заңға сәйкес дәл анықтамасын беріңіз) ([5], 1-баптың 36) тармақшасы):

  1. елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы кварталдардың, шағын аудандардың, өзге элементтердің аумағын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара;

  2. қолданыстағы, жоспарланатын (өзгеретін, қайта құрылатын) ортақ қолдану аумақтары шекарасын, электр беру желілері, байланыс желілері (оның ішінде желілік-кәбілдік құрылыстар), құбырлар, автомобиль жолдары, теміржол желілері және басқа осындай құрылыстар (желілік объектілер) орналасқан жер учаскесі шекараларын білдіретін сызықтар;

  3. құрылыс аумағын және басқа мақсаттағы аумақты бөлетін қолданыстағы және жоспарланған көшелер, жолдар, алаңдардыңгеодезиялық желі пунктеріне қатысты қала құрылысы құжаттамасында анықталған шекаралар;

  4. елді мекендерде ортақ пайдалану жерлерін құрылыс салу және басқа қолдануға арналған аумақтан бөлуге арналған қала құрылысының нақты жоспарлау құжаттамасында көзделген шартты сызықтар;

  5. көшелерді, алаңдарды, автомобиль жолдарын, теміржол жолдарын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін, электр беру және байланыс желілерін құрылысқа және өзге қолдануға арналған аумақтан үшін қала құрылысы құжаттамасында көзделген шартты сызықтар.

11 сұрақ



Сыбайлас жемқорлық - ([6], 2-баптың 1-тармағы):

  1. мемлекеттік функцияларды атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және сонымен байланысты мүмкіндіктерін пайдаланумен жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы немесе олардың өздерінің өкілеттіктерін мүліктік пайда алу үшін өзгеше пайдалануы, сол сияқты көрсетілген игіліктер мен артықшылықтарды жеке және заңды тұлғалардың оларға құқыққа қайшы беруі жолымен осы тұлғаларды параға сатып алуы;

  2. заңсыз материалдық пайда алу үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдалану;

  3. мемлекеттік органдардың қызметкерлерін олардың белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (тұлғаларға) игіліктер және артықшылықтар беруі үшін параға сатып алу;

  4. өз қажеттіліктері үшін бюджеттік қаржыны заңсыз ұрлау және пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттері;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

12 сұрақ



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры нені белгілейді? ([9],1-тармақ):

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудіңбірыңғай тәртібін;

  2. құрылыс үшін аумақты инженерлік дайындау жүргізу тәртібін;

  3. аяқталмаған объектілер құрылысына консервациялау жүргізу тәртібін;

  4. объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу процесі;

  5. ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу және олардың нәтижелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолдану рәсімдері.

13 сұрақ



Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдаған кезде мынаның болуы талап етіледі: ([8], 3-тармақтың 2) тармақшасы):

  1. сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі;

  2. тапсырыс беруші мен мердігердің арасында жасаған шарт;

  3. салынған объектінің техникалық паспорты;

  4. мердігердің банктік қарызының болмауы туралы анықтама;

  5. тапсырыс берушінің салықтық қарызының болмауы туралы анықтама.

 

14 сұрақ



Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы міндеттерінің бірі: ([7], 3-тармақтың 2) тармақшасы):

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесін, мақсаты мен сипатын белгілеу;

  2. құрылыс, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсатында картографтық-геодезиялық қорды пайдалануүшін инженерлік іздестірулер жүргізу;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне негіздеме, болжамдар, құжаттар жасау;

  4. қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу, келісу, сараптау және белгіленген тәртіппен бекіту;

  5. жаңа құрылыс, ғимарат, имарат, инженерлік және көлік коммуникцияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу.

15 сұрақ



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары мына тәртіпті регламенттейді:([10], 1-тармақ):

  1. құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету; 

  2. қоныстандыру түрiн (рөлiн) ескере отырып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлік жағынан дайындаудағы қажетті сервиттутар;

  3. аумаққа кешенді құрылыс салу;

  4. халықтың түрлі әлеуметтік, демографиялық және кәсіби топтарының мүдделерін ескеру;

  5. нормативтік талаптардың (шектеулердің, шарттардың) сақталуы.




        1. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар

16 сұрақ

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беретін..... ([18], 5.5-т.)


  1. сәулет және қала құрылысының жергілікті органы;

  2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган;

  3. тапсырыс беруші

  4. жобаның бас сәулетшісі (ЖБС)

  5. жобалау ұйымы (жобаны әзірлеуші)

17 сұрақ

Тапсырыс беруші сәулет-жобалау тапсырмасын кімге береді? ([18], 5.5-т.)



  1. жобалау ұйымына (жобаны әзірлеушіге)

  2. сәулет және қала құрылысының жергілікті органға;

  3. жобалау-іздестіру ұйымына;

  4. мердігерлік ұйымға;

  5. жобаның бас инженеріне (ЖБИ)

18 сұрақ

Объектінің мақсатына, негізгі өлшемдеріне және нақты жер учаскесіне (алаңда, трассада) орналастырылуына қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленетін жобалауға және құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар және шектеулер қалай аталады ([18], А қосымшасы)


  1. сәулет-жоспарлау тапсырмасы

  2. жоба паспорты

  3. жобалауға тапсырма

  4. жоба нобайы

  5. ғимараттың энергетикалық паспорты

19 сұрақ

Жобалау басталғаннан кейін қолданысқа енгізілген (күшіне енген) жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтердің нормалары мен ережелері, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, қолданыла ма? ([18], 5.12-т.)


  1. егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, қолданылмайды

  2. қолданылмайды

  3. қолданылады

  4. егер жобаның басталғанынан 45 күннен артық өтпесе, қолданылады

  5. егер жобаны әзірлеу аяқталмаса, қолданылады

20 сұрақ

Жобалық құжаттаманы әзірлеу қашан аяқталған болып есептеледі? ([18], 7.1-т.)


  1. заңнамада белгіленген тәртіппен оны бекіткен кезден бастап

  2. оны тапсырыс берушіге тапсырған кезден бастап

  3. сараптаманыңоң қортындысын алған кезден бастап

  4. оны сараптама жүргізуге тапсырған кезден бастап

  5. жобалауға жасалған шарт талаптарында көрсетілген мерзімге сәйкес

21 сұрақ

Техникалық күрделі объектілер құрылысына жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде объектіні іске асырудың жалпы кезеңі 3 жылдың шегінде жеке сатыларға бөлінеді. Келтірілген бөлу жасалатын кездегі объектілер құрылысының болжанатын мерзімін көрсетіңіз.([18],11.2-т.)


  1. 3 жылдан астам

  2. 2 жылдан астам

  3. 5 жылдан астам

  4. 4 жылдан астам

  5. 7 жылдан астам

22 сұрақ

Құрысы мерзімі бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннің техникалық жағынан күрделі және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен іске асырылатын) объектілері үшін әзірленетін жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде құрылыстың жиынтық сметалық есептемесінде тапсырыс берушінің иелігінде қалатын қаражат резервінің мөлшері қандай? ([18], 11.5-т.


  1. 10%

  2. 5%

  3. 3%

  4. 1%

  5. 15%

23 сұрақ

Шартта арнайы талаптар қарастырылмаған жағдайларда, тапсырыс берушіге берілетін жобалық құжаттаманың құрамына (жобалаудың сатылығына қарамастан) мыналар қосылмайды: ([18], 12.1-т.)

1. жобалық құжаттаманың жобалық шешімдері бойынша орындалған есептеулер

2. азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар

3. айрықша мәнді объектілер, үлкен аралықты құрылыстар және биік ғимараттар, олардың кешені үшін кешенді қауіпсіздікті және терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету жүйесі

4. жобаның энергетикалық паспорты

5. құрылысты ұйымдастыру


24 сұрақ

Құрылысты шарт негізінде жүзеге асырған кезде құрылысты жүзеге асыратын тұлға ретінде мердігердің базалық ұйымдастыру функциясы болып табылмайды: ([19], 4.6.11-т.)



  1. құрылысы аяқталған объектіні оны пайдалануға қабылдау үшін мемлекеттік қабылдау (қабылдау) комиссиясына ұсыну;

  2. жеткізілетін құрылыс материалдарының, бұйымдардың және жабдықтардың кіруіне бақылау жүргізу және құжаттамалау;

  3. жасырын жұмыстарды куәландыруды, жауапты консутрукциялар мен жабдықтарды аралық бақылауды орындау және құжаттамалау

  4. құрылыс алаңына жақын орналасқан аумақта тәртіпті қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдардың талаптарын орындау

  5. жеткізілетін құрылыс материалдарының кіруіне бақылау жүргізу және оны құжаттамалау

25 сұрақ

Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) қандай объектілерді пайдалануға қабылдауды өз күшімен жүзеге асыруға құқылы? ([19], 9.16-т.)


  1. тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды, сондай-ақ үй-жайды қайта бейімдеумен байланысты емес бір қабатты тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды (ғимараттың жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды)

  2. көппәтерлі тұрғын үйлерді (ғимараттарды)

  3. көпірлерді, жол өтпелерді, тоннельдерді, азық-түлік өтпе жолдарын және инженерлік құрылыстары бар электр өткізу желілерін

  4. су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы объектілерді;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ

26 сұрақ

Төменде берілгендердің қайсы жобалау алдындағы құжаттамаға жатады? ([20],3.1-т.)


  1. техникалық-экономикалық негіздеме

  2. жоба

  3. жұмыс жобасы

  4. жобалауға тапсырма

  5. сәулет-жобалау тапсырмасы

27 сұрақ

Бекітілген мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларда көзделген және бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырманы кім жасайды? ([20], 3.3-т.)


  1. тапсырыс беруші (бағдарламаның әкімшісі)

  2. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган

  3. сәулет, қала құрылысының жергілікті органы

  4. жобалау ұйымы (жобаның әзірлеушісі)

  5. жобалау-іздестіру ұйымы

28 сұрақ

Қандай объектілер үшін ТЭН әзірлеу талап етілмейді? ([20], 2.3-т.)


  1. құрылысы үлгілік жобалар бойынша болжанатын техникалық күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша

  2. мемлекеттік қаражатты тартумен іске асырылатын жобалар бойынша

  3. мектеп, ауруханалардың өңірлік жобалары үшін

  4. жеке қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін

  5. ТЭН әзірлеусіз жобаларды іске асыруға жол берілмейді

29 сұрақ

Сәулет шешімдері бойынша жұмыс сызбалары кешенінің ұсынылатын маркасы– …([37], А қосымшасы)


  1. АР

  2. АС

  3. АИ

  4. АК

  5. АЗ

30 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) ненің құрамдас бөлігі болып табылады? ([21], 6.1-т.)


  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының

  2. халықаралық заңнамалық актілердің

  3. кеден одағы аумағында қабылданған заңнамалық актілердің

  4. сәулет және құрылыс саласындағы халықаралық актілердің

  5. барлық тізбеленгендердің

31сұрақ

Мемлекеттік нормативтер нені белгілемеуі (тұжырымдамауы) тиіс ([21], 7.1-т.)



  1. азаматтық құқықпен, еңбек туралы заңнамамен немесе басқа заңнама актілерімен реттелуі тиіс мәселелер бойынша талаптарды

  2. құрылыс және жобалау бойынша техникалық талаптарды

  3. жобалау және құрылыс бойынша экономикалық талаптарды

  4. барлық тізбеленгендерді

  5. дұрыс жауабы жоқ

32 сұрақ

Құрылыс нормалары міндетті негізде қолдануға арналған және оларда мыналар бойынша негізгі талаптар болуға тиіс([21], 7.4-т.)


  1. барлық тізбеленген

  2. стандарттау және сертификаттау бойынша

  3. құрылыс өнімі сапасының қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша

  4. жоспарлау және салу бойынша

  5. экономика және баға белгілеу бойынша қағидаттық ережелер

33 сұрақ

Мемлекеттік нормативтік құжаттар қай тілде шығарылады? ([21], 7.15-т.)


  1. мемлекеттік тілде және орыс тілінде

  2. тек мемлекеттік тілде

  3. тек орыс тілінде

  4. мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде

  5. нормаланбайды


№34 сұрақ

Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу сатыларының саны нешеу? ([21], 8.3-т.)



  1. 5

  2. 3

  3. 2

  4. 4

  5. 6

35 сұрақ

Негізді жағдайларда мемлекеттік норматив талаптарының міндеттеремелерінен ауытқуға рұқсатты …([21], 9.3-т.)


    1. ҚР аумағына осы нормативті енгізген орган ғана бере алады

  1. жол беріледі

  2. жол берілмейді

  3. уәкілетті орган бере алады

  4. ҚР Үкіметі береді

36 сұрақ

«Нұсқаулық» ұғымына анықтама беріңіз ([21], А қосымшасы)


  1. Орындалуы тиісті әрекетті сипаттайтын ереже

  2. Кеңес және нұсқау болатын ереже (норма немесе қағида)

  3. Өнімнің, процестің немесе қызметтің оларды қолдану кезінде немесе онымен байланысты өзін ұстауына қатысты мақсатқа сәйкестігі туралы ереже

  4. Өнімнің, процестің немесе қызметтің сипаттамасына қатысты міндетке сәйкестігі туралы ереже

  5. Міндетті түрде орындауға жататын ереже (норма немесе қағида)

37 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде ірі қалалардың, оның ішінде республикалық маңызы бар қаланың халық санын көрсетіңіз ([22], 4.4-кесте, 4.1-кесте)


  1. халқы1000 мыңнан астам адам;

  2. халқы1500 мыңнан астам адам;

  3. халқы 500-ден 1000 мыңға дейін адам;

  4. халқы 500 мыңнан астам адам;

  5. халқы 750-ден 1500 мыңға дейін адам.

38 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде ірі қалалардың, оның ішінде облыстық маңызы бар қаланың халық санын көрсетіңіз ([22], 4.4, 4.1-т.)


  1. халқы 250-ден 1000 мың адам;

  2. халқы 500 мыңнан астам адам;

  3. халқы 750-ден 1500 мыңға дейін адам;

  4. халқы 100-ден 500 мыңға дейін адам;

  5. халқы 250-ден 500 мыңға дейін адам.

39 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде теміржол мен тұрғын үй құрылысы арасындағы санитарлық-қорғаныс аймағының ені: ([22], 8.38-т.)


  1. Кемінде 100 м., соңғы теміржол жолының осіненбастап есептегенде

  2. Кемінде 100 м., теміржол жолы топырақ үйіндісінің шетінен бастап есептегенде

  3. Кемінде 150 м., теміржол жолы топырақ үйіндісінің шетінен бастап есептегенде

  4. Кемінде 150 м.,соңғы теміржол жолыныңосінен бастап есептегенде

  5. Кемінде 200 м.,теміржол жолдың шетінен бастап есептегенде

40 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің ғимарттарынан бастап қалалардағы қызыл сызыққа дейінгі арақашықтық: ([22], 10.3-т.)


  1. Кемінде 25 м

  2. Кемінде 15 м

  3. Кемінде 10 м

  4. Кемінде 20 м

  5. Кемінде 50 м

41 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде жүру жолының шетінен бастап 10 қабаттан биік ғимараттың қабырғасына дейінгі арақашықтықты атаңыз ([22],16.3-т.)


  1. 8-10 м

  2. Кемінде 10 м

  3. 10-12 м

  4. Кемінде 8м

  5. 5-8 м

42 сұрақ

Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрысы салу кезіндеқалалардағы негізгі жүру жолдары қозғалыс жолағының есептік енін көрсетіңіз: ([22], 11.7-т., 11.5-кесте)


  1. 3,0 м

  2. 3,75 м

  3. 3,5 м

  4. 4,0 м

  5. 4,2 м

43 сұрақ

Аса ірі және ірі қалалар үшін қаланың орталық ауданында және қала құрылысы тораптарында жерасты кеңістігінде құрылыс салудың жиынтық қабаттық ауданы қандай болуы қажет?([22], 8.38-т.)


  1. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданы30% дейін

  2. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданы10% дейін

  3. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданы 20% дейін

  4. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданы 5% дейін

  5. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданы 15% дейін

44 сұрақ

І сыныптағытұрғын үй үшін бір адамға есептегенде үйдің немесе пәтердің тұрғын ауданы нормасы:([22], 8.38-т.)


  1. 25 шаршыметрден астам

  2. 20- 24 шаршыметрден астам

  3. 19-дан 25 шаршыметрге дейін

  4. 15 шаршы метр

  5. 10 шаршы метр

45 сұрақ

ІІ сыныптағы тұрғын үй үшін бір адамға есептегенде үйдің немесе пәтердің тұрғын ауданы нормасы:([22], 8.38-т.)


  1. 19-дан 25 шаршыметрге дейін

  2. 25 шаршыметрден астам

  3. 16-дан 18 шаршы метрге дейін

  4. 15 шаршы метр

  5. 10 шаршы метр

46 сұрақ

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа өндірістік объектілердің, қызмет етудің мекемелері менкәсіпорындарыауданын алып жататын аумақ, әдетте: ([22], 8.8-т.)


  1. өнеркәсіптік аймақтың барлық аумағының кемінде 60%

  2. өнеркәсіп аймағының барлық аумағының 60% астам

  3. өнеркәсіп аймағының барлық аумағының 70%

  4. өнеркәсіп аймағының барлық аумағының 50%

  5. өнеркәсіп аймағының барлық аумағының кемінде 55%

47 сұрақ

Көшелердің жүру бөлігінің шетінен, жол шетінің бекітілген жолақ шетінен немесе жыра жиегінен ағаш діңіне дейін қандай арақашықтық болуы қажет? ([22], 9.15-т., 9.2-кесте)


  1. 2 м

  2. 1,5 м

  3. 5 м

  4. 4 м

  5. 3 м

48 сұрақ

Қала құрылысы жобаларының әзірлеушісі кім болып табылады? ( [23], 4.1.3.1.3-т.)


  1. осындай жұмыстарды орындау құқығына тиісті мемлекеттік лицензиясы бар заңды тұлға

  2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық атқарушы орган

  3. ҚР Үкіметі

  4. Мемлекеттік құрылыс институттары

  5. Мемлекеттік сараптама

49 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыратын...

( [23], 4.1.3.11.5-т.)



  1. Мемлекеттік сараптама комиссиясы

  2. Мемлекеттік сараптама

  3. Сараптамалық қызметті жүргізуге құқығы бар жеке тұлға

  4. МСҚБ қабылдау комиссиясы

  5. Кешенді қабылдау комиссиясы

50 сұрақ

Аумақтың қала құрылысы дамуын әзірлеу кезінде қандай мәселелер қарастырылмайды? ([23], 4.1.3.4.5-т.)


  1. мемлекеттік және өңірлік маңызды инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуының негізгі бағыттары

  2. аумақты жоспарлық ұйымдастыру, өндірістік күштерді орналастыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және халыққа қызмет көрсету жүйесін дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру

  3. аумақты қауіпті және техногендік процестерден және құбылыстардан инженерлік қорғау, экологиялық апаттардың және басқа төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою бойынша іс-шараларды әзірлеу

  4. экологиялық жағдайды жақсарту (зиянды өндірістерді басқа жерге орналастыру және қайта бейіндеу, экологиялық таза технологияларды және отын түрлерін, дәстүрлі емес энергетикалық ресурстарды қолдануға бағыттау) бойынша іс-шаралар кешенін анықтау

  5. қоршаған ортаға әсерді бағалау, төтенше жағдайлар тудыруға қабілетті табиғи және техногендік процестердің қауіпті әсеріне ұшырайтынаумақтар мен объектілерді бөлуді, санитарлық-қорғаныс және адамның өмір сүру ортасы қызметтерін атқаратын аумақтарды бөлуді қоса алғанда.

51 сұрақ

Бірінші саты – аумақты және елді мекендерді қала құрылысы аймақтарына бөлу бойынша тұжырымдамалық ережелерді әзірлеу олардың негізгі қағидаттары мен стратегиялық қала құрылысы дамуының бағыттарын әзірлеумен неше жылға әзірленеді?( [23], 4.1.3.1.22-т.)


  1. 25-30 жылға

  2. 20-25 жылға

  3. 15-20 жылға

  4. 30-35 жылға

  5. 10-15 жылға

52 сұрақ

Қала құрылысы құжаттамасындағы құрылыстың сатылары мен кезектерінің есептік мерзімдері тисті негіздеме болған кезде қандай құжатта нақтылануы мүмкін? ([23], 4.1.3.1.22-т.)


  1. Жобалауға тапсырмада

  2. Қала құрылысы жоспарлауының схемасында

  3. ҚР аумағын ұйымдастырудың бас схемасында

  4. Нақты жоспарлау жобасында

  5. Құрылыс салу жобасында

53 сұрақ

Өңірдің орналасуы схемасында жобаланатын аумақтың шекарасы қандай масштабта көрсетіледі? ([23], 4.1.3.3.11-т.)


  1. М 1:500000 немесе М 1:200000

  2. М 1:50 немесе 1:100

  3. М 1:5000 немесе 1:10000

  4. М 1:100 немесе 1:5000

  5. М 1:200 немесе 1:2000

54 сұрақ

Облыстардың аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы қандай құжатқа сәйкес әзірленеді? ([23], 4.1.3.4.1-т.)


  1. ҚР аумағын ұйымдастырудың бас схемасына

  2. Облыстарды ұйымдастырудың бас схемасына

  3. Ауданды ұйымдастырудың бас схемасына

  4. Құрылыс объектісін ұйымдастырудың бас схемасына

  5. Экономикалық дамудың бас схемасына

55 сұрақ

Бекітуге ұсынылатын жобалау сметалық құжаттамасының құрамына кіреді:([23], 4.1.3.10.19-т.)


  1. Инженерлік желілердің жиынтық схемасы

  2. Әрбір объектіге және жұмыс түріне арналған жұмыс құжаттамасы

  3. Жұмыс сызбалары бойынша жасалған сметалар

  4. Материалдар қажеттілігінің ведомості

  5. Инженерлік жабдықтарды диспетчердік басқару және тұрғын үйлерді техникалық пайдалану бөлімдері

56 сұрақ

Қала құрылысылық жоба жіберілген ұйымдар қорытындыны 30 күн мерзімінде ұсынбаған жағдайда, қала құрылысылық жоба ..... ([23], 4.1.3.1.15-т.)


  1. Келісілген болып есептеледі

  2. Қайта қорытындыға жіберіледі

  3. Қорытынды алынғанға дейін мерзім ұзартылады

  4. Жоба басқа ұйымдарға жіберіледі

  5. Жоба мұрағатқа жіберіледі

57 сұрақ

Көшелердің көлденең профильдері инженерлік желілердіңорналасуы, жүру бөліктері, құрылыс салуды реттеу сызықтары көрсетіліп, жеке сызбада мына масштабта көрсетіледі: ([23], 4.1.3.9.12-т.)


  1. М 1:100 немесе 1:200

  2. М 1:500000 немесе М 1:200000

  3. М 1:50 немесе 1:100

  4. М 1:5000 немесе 1:10000

  5. М 1:200 немесе 1:2000

58 сұрақ

Жоба сатысы мына құрамда әзірленеді (артығын таңдау қажет): ([23], 4.1.3.9.21-т.)


  1. Нобай

  2. Құрысы салудың бас жоспары

  3. Инженерлік желілердің жиынтық жоспары

  4. Сметалық құжаттама

  5. Түсіндірме жазба

59 сұрақ

Көшенің ені қызыл сызықтарда 30м астам және еңістерде 30 г астам болған кезде жауын суын қабылдайтын құдықтардың арасындағы арақашықтық қанша болуы қажет? ([24] 4.1.1.15-т.)


  1. 60м артық емес

  2. 50м артық емес

  3. 70м артық емес

  4. 65мартық емес

  5. 55мартық емес

60 сұрақ

Суайырық бойындағы көшелер, орамішілік жүру жолдары, жолдар, бульварлар, скверлер үшін жауын суын қабылдайтын құдықтардың арақышықтығын қаншаға дейін ұлғайтуға жол беріледі? ([24] 4.1.1.15-т.)


  1. Екі есе

  2. Үш есе

  3. Жол берілмейді

  4. Бес есе

  5. Төрт есе

61 сұрақ

Рельефтің құламаларында ашық баспалдақтарды жобалаған кезде баспалдақтардың биіктігін қанша болуы ұсынылады? ([24] 4.1.4.4-т.)


  1. 120мм асырмау

  2. 150мм асырмау

  3. 200мм асырмау

  4. 170мм асырмау

  5. 130мм асырмау

62 сұрақ

Рельефтің құламаларында ашық баспалдақтарды жобалаған кезде баспалдақтардың енін қанша болуы ұсынылады([24] 4.1.4.4-т.)


  1. Кемінде 400мм

  2. Кемінде 350мм

  3. Кемінде 300мм

  4. Кемінде 270мм

  5. Кемінде 500мм

63 сұрақ

Мектеп алдындағы жастағы балаларға арналған алаңның мөлшері шағын (50-70 шаршы метр) болуы, жеке орналастырылуы немесе ересектердің тыныш демалуына арналған алаңдармен бірге орналастырылуы мүмкін, бұл жағдайда алаңның жалпы ауданы кемінде қанша болады? ([24] 4.1.12.2.4-т.)


  1. Кемінде 80м2

  2. Кемінде 70м2

  3. Кемінде 50м2

  4. Кемінде 75м2

  5. Кемінде 60м2

64 сұрақ

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойын алаңдарының оңтайлы мөлшері: ([24] 4.1.12.2.5-т.)


  1. 70-150м2

  2. 70-120м2

  3. 80-130м2

  4. 60-120м2

  5. 50-150м2

65 сұрақ

Жарықтандыру жабдығы жақын орналасқан аумақты жарықтандыру режимінде жұмыс істеуі тиіс, тіреудің биіктігі кемінде қанша болуға тиіс? ([24] 4.1.12.5.7-т.)


  1. Кемінде 3м

  2. Кемінде 2,5м

  3. Кемінде 3,5м

  4. Кемінде 5м

  5. Кемінде 4м

66 сұрақ

Тұрғын үйлердің аумақтарында орналасатын иттерді қыдыртуға арналған алаңның мөлшері: ([24] 4.1.12.6.2-т.)


  1. 400-600м2

  2. 350-600м2

  3. 500-700м2

  4. 250-500м2

  5. 300-500м2

67 сұрақ

Қала құрылысы жобаларының негізгі түрленіне жатпайды: ([23], 4.1.3.1.2-т.)


  1. тұрғын үй кешендерінің бас жоспарлары

  2. елді мекендердің бас жоспарлары

  3. жоспарлау жобалары;

  4. құрылыс салу жобалары.

  5. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы

68 сұрақ

Желдің басым бағытында үш ай ішінде жел 10 м/с астам орташа жылдамдықпен соғатын желді аудандарда орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары немен қорғалуы тиіс? ([23], 4.1.3.4.15-т.)


  1. ені кемінде 40 м ағаш көшеттері жолағымен

  2. ені кемінде 50 м ағаш көшеттері жолағымен

  3. ең биік ғимараттың биіктігінен кемінде ½ биіктікке кәсіпорын аумағы маңындағы рельефті жасанды өзгертумен

  4. ең биік ғимараттың биіктігінен кемінде ½ биіктікке ғимарат аумағы маңындағы рельефті жасанды өзгертумен

  5. қосымша құрылыстар талап етілмейді

69 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларын жобалаған кезде қандай жағдайларда негізгі өндірістік жолдар бойында аяқжолдардың болуын қарастыру қажет? ([23], 4.1.3.4.19-т.)


  1. жүргіншілер қозғалысының қарқынына қарамастан, барлық жағдайларда.

  2. жүргіншілер қозғалысының қарқыны ауысымда 50 адамнан астам болған кезде

  3. жүргіншілер қозғалысының қарқыны ауысымда кемінде 200 адам болған кезде

  4. жүргіншілер қозғалысының қарқыны ауысымда 100 адамнан астам болған кезде

  5. регламенттелмейді

70 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларын жобалаған кезде қандай жағдайларда жүру жолдары мен кіре берістер бойында аяқжолдардың болуын қарастыру қажет? ([23], 4.1.3.4.19-т.)


  1. жүргіншілер қозғалысының қарқыны ауысымда 100 және одан астам адам болған кезде

  2. жүргіншілер қозғалысының қарқыны ауысымда 50 адамнан астам болған кезде

  3. жүргіншілер қозғалысының қарқыны ауысымда кемінде 200 адам болған кезде

  4. жүргіншілер қозғалысының қарқынына қарамастан, барлық жағдайларда

  5. регламенттелмейді

71 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумағын жасылдандыруға арналған учаскелердің ауданы: ([23], 4.1.3.4.13-т.)


  1. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 15 % құрайды.

  2. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 10 % құрайды

  3. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының 5-тен 10 % дейін құрайды

  4. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 5 % құрайды

  5. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 4 % құрайды

72 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын абаттандыру кезінде ағаштарды (ұшар басының диаметрі 5 м аспайтын) куат беру кәбілдерінен, байланыс кәбілдерінен, жылу желілері және су құбыры желілерінен (арнасыз тарту) қандай арақашықтықта отырғызу керек? ([23], 4.1.3.4.16-т.)


  1. ағаштардың осіне дейін2 м

  2. ағаштардың осіне дейін 3 м

  3. ағаштардың осіне дейін 0,5 м

  4. жақын маңдағы коммуникациялардың тікелей үстіне

  5. регламенттелмейді

73 сұрақ

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарында бірінші қабаттың нақты едені деңгейіне әдетте, қандай белгі қабылданады? ([23], 4.1.3.4.8-т.)


  1. жақын маңдағы алаңның жоспарлық белгісінен 15 см жоғары

  2. жақын маңдағы алаңның жоспарлық белгісімен бір деңгейде

  3. жақын маңдағы алаңның жоспарлық белгісінен 10 см жоғары

  4. жақын маңдағы алаңның жоспарлық белгісінен 25 см жоғары

  5. жақын маңдағы алаңның жоспарлық белгісінен 50 см жоғары

74 сұрақ

Құрылыс салудың тығыздылығы50% астам болған кезде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары аумағын жасылдандыруға арналған учаскелердің ауданы: ([23], 4.1.3.4.13-т.)


  1. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 10 % құрайды

  2. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 8 % құрайды

  3. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының 5-тен 10 % дейін құрайды

  4. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 5 % құрайды

  5. ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауданының кемінде 4 % құрайды

75 сұрақ

Құрылыс конструкцияларының, эстакадалардың, галереялардың, құбырлар түреуінің төменгі жағынының автомобиль жолдарының жүру бөлігі үстінен биіктігі қанша болып белгіленуі қажет?([23], 4.3.3.1.9-т.)


  1. кемінде 5,0 м.

  2. кемінде 4,25 м.

  3. кемінде 3,75 м.

  4. кемінде 4,4 м.

  5. регламенттелмейді.

76 сұрақ

Ашық ауадағы немесе жылытылмайтын үй-жайлардағы жұмыс орындарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорынының санитарлық-тұрмыстық үй-жайларына (әжетханаларды қоспағанда) дейінгі аралық: ([23], 4.3.3.1.10-т.):


  1. 500 м артық емес, ал суық климатта - 300 м.

  2. 800 м, ал суық климатта - 400 м.

  3. 600 м артық емес, ал суық климатта - 350 м.

  4. 600 м, ал суық климатта - 300 м.

  5. 500 м, ал суық климатта - 400 м.

77 сұрақ

Кәсіпорындар және өнеркәсіп тораптарықандай аумақта орналасуытиіс:

а) қаланы қоныстандырудың бас жоспарымен;

б) тиісті аумақты жоспарлау жобасымен

в) ауданды аумақтық жоспарлаудың схемасында көзделген аумақта;

г) ауылшаруашылығыалқаптарында.([25], 4.1.3.1.2-т.)


  1. А, Б, В

  2. А жәнеВ

  3. А, Б, В, Г

  4. Б және Г

  5. Б,В, Г

78 сұрақ

Құмды жер үшін аудан бетінің еңісі қанша болып қабылдануы тиіс?([25], 4.1.3.3.3-т.)


  1. 0,03

  2. 0,01

  3. 0,05

  4. 0,07

  5. 0,08

79 сұрақ

Кәсіпорын алаңдарында су бұрудың ашық желісін қолдану қажет болған кезде, трапеция тәрізді қиманың кюветтері мен орларының ең аз мөлшері қанша болып қабылдануы тиіс? ([25], 4.1.3.3.6-т.)


  1. түбінің ені - 0,3 м, тереңдігі - 0,4 м.

  2. түбінің ені - 0,1 м, тереңдігі - 0,3 м.

  3. түбінің ені - 0,4 м, тереңдігі - 0,5 м.

  4. түбінің ені - 0,5 м, тереңдігі- 0,6 м.

  5. түбінің ені - 0,7 м, тереңдігі - 0,8 м.

80 сұрақ

Мәңгілік тоңды жерлер үшін алаң бетінің еңістігі қанша болып қабылдануы тиіс? ([25], 4.1.3.3.3-т.)


  1. 0,03

  2. 0,04

  3. 0,05

  4. 0,07

  5. 0,08

81 сұрақ

Жеке тіреулерге, эстакадаларға т.б. төселетінжеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтарға арналған жерүсті құбырларын ойықсыз ғимараттардың қабырғаларынан қандай арақашықтықта орналастыру керек? ([25], 4.1.3.8.4-т.)


  1. 0,5 м.

  2. 0,7 м.

  3. 1 м.

  4. 1,5 м.

  5. 2 м.

82 сұрақ

Жеке тұрғын үйге бөлінетін жер учаскелерінің мөлшерін қала маңындағы аймақта және ауылдық елді мекендерде қандай мөлшерде қабылдау ұсынылады? ([26], 2.4-т.)


  1. 1000м2 және одан астам;

  2. 1000м2 және одан кем;

  3. 800м2 және одан астам ;

  4. 800м2 және одан кем;

  5. 300-ден 1000м2 дейін.

83 сұрақ

Тұрғылықты аудан - ([26], 2.4-т.)


  1. қоныстану аумағының ауданы 80га астам, жеке тұрғын үй құрылыстары басым тұрғын үй топтарын біріктіретін, күнделікті және кезеңдік қолданылатын мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінен тұратын құрылымдық элементі;

  2. өз бетінше немесе тұрғын үй топтары құрамындағы, ауданы 10га дейін болатын жеке тұрғын үй құрылыстарының бастапқы құрылымдық элементі

  3. автономды немесе ауданы 80 га дейінгі тұрғылықты аудан құрамында орналасқан жеке тұрғын үйлер құрылысының құрылымдық элементі

  4. қоныстану аумағының ауданы кемінде 80га, жеке тұрғын үй құрылыстары басым тұрғын үй топтарын біріктіретін, күнделікті және кезеңдік қолданылатын мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінен тұратын құрылымдық элементі;

  5. тұрғын үйлер кешенінің бас жоспарлары;

84 сұрақ

Учаскелерде орталықсыздандырылған су көздері болған кезде, аула әжетханалары құдықтардан, каптаждардан, бұлақтардан қандай арақашықтыққа алшақ болуы қажет?([26], 4.7-т.)


  1. кемінде 50 метр;

  2. кемінде 15 метр;

  3. кемінде 20 метр;

  4. кемінде 25 метр;

  5. 50 метрге дейін;

85 сұрақ

Үй іргесінде және пәтер алды учаскелерінде ағаштарды және бұталардықалай орналастыру ұсынылады? ([26], 4.9-т.)


  1. ғимараттан және құрылыстан ағаштарды - 5 метр, бұталарды – 1,5 метр арақашықтықта. Көршілес учаске шекарасынан ағаштарды 3 метр, бұталарды – 1 метр арақашықтықта;

  2. ғимараттан және құрылыстан ағаштарды - 3 метр, бұталарды – 2,5 метр арақашықтықта. Көршілес учаске шекарасынан ағаштарды 3 метр, бұталарды – 1 метр арақашықтықта;

  3. ғимараттан және құрылыстан ағаштарды – 2,5 метр, бұталарды – 1,5 метр арақашықтықта. Көршілес учаске шекарасынан ағаштарды 5 метр, бұталарды – 1,5 метр арақашықтықта;

  4. ғимараттан және құрылыстан ағаштарды – 3,5 метр, бұталарды – 2,5 метр арақашықтықта. Көршілес учаске шекарасынан ағаштарды 2,3 метр, бұталарды – 1,5 метр арақашықтықта;

  5. ғимараттан және құрылыстан ағаштарды – 7,5 метр, бұталарды – 2,5 метр арақашықтықта. Көршілес учаске шекарасынан ағаштарды 5 метр, бұталарды – 1 метр арақашықтықта.

86 сұрақ

Терассалық құрылыста өрт машиналарын өткізуге арналған жүру жолдары мен оларды біріктіретін жүргіншілер (баспалдақ) жолдарын қарастыру керек. Жүру жолдары мен жүргіншілер жолдары арасының арақашықтығы қанша болуы қажет? ([26], 6.2-т.)


  1. 100 метрден артық емес;

  2. кемінде 100 метр;

  3. 500 метрден артық емес;

  4. 500 метрден артық емес;

  5. 150 метрден артық емес;

87 сұрақ

Жеке тұрғын үйлер топтарының арасындағы көлденең жүру жолдары бір-бірінен қандай арақашықтықта орналастырылуы керек? ( [26], 6.3-т.)


  1. 200метрден артық емес;

  2. 250 метрден артық емес;

  3. 300-ден 500метрге дейін;

  4. 150 метрден астам;

  5. кемінде 400 метр;

88 сұрақ

Жеке тұрғын құрылыстары ауданында ірі габаритті тұрмыстық және шаруашылық қалдықтарына аудандарды қалай белгілеу керек? ([26], 7.9-т.)


  1. қатты тұрмыстық қалдықтардың нормативтік көлемінен 5% мөлшеріндеолардың жиналу нормасынақарай;

  2. қатты тұрмыстық қалдықтардың нормативтік көлемінен 1,5% мөлшеріндеолардың жиналу нормасынақарай;

  3. қатты тұрмыстық қалдықтардың нормативтік көлемінен 2,5% мөлшеріндеолардың жиналу нормасынақарай;

  4. қатты тұрмыстық қалдықтардың нормативтік көлемінен 3% мөлшеріндеолардың жиналу нормасынақарай;

  5. қатты тұрмыстық қалдықтардың нормативтік көлемінен 10% мөлшеріндеолардың жиналу нормасынақарай;

89 сұрақ

Жақын маңдағы жерасты инженерлік желілерден ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі көлденең (жарықтағы)арақашықтық:([26], 7.28-т.)


  1. су құбыры және арынды кәріз ғимарат пен құрылыс іргетасынан - 3 метр. Өздігінен ағатын кәріз ғимарат пен құрылыстан - 5 метр. Жылу желілері (арнаның сыртқы қабырғасынан) ғимарат пен құрылыстың іргетасынан – 5 метр;

  2. су құбыры және арынды кәріз ғимарат пен құрылыс іргетасынан - 5 метр. Өздігінен ағатын кәріз ғимарат пен құрылыстан - 2 метр. Жылу желілері (арнаның сыртқы қабырғасынан) ғимарат пен құрылыстың іргетасынан – 1,5 метр;

  3. су құбыры және арынды кәріз ғимарат пен құрылыс іргетасынан - 3 метр. Өздігінен ағатын кәріз ғимарат пен құрылыстан – 1,5 метр. Жылу желілері (арнаның сыртқы қабырғасынан) ғимарат пен құрылыстың іргетасынан – 2,5 метр;

  4. су құбыры және арынды кәріз ғимарат пен құрылыс іргетасынан – 2,5 метр. Өздігінен ағатын кәріз ғимарат пен құрылыстан - 3 метр. Жылу желілері (арнаның сыртқы қабырғасынан) ғимарат пен құрылыстың іргетасынан – 2,5 метр;

  5. су құбыры және арынды кәріз ғимарат пен құрылыс іргетасынан - 3 метр. Өздігінен ағатын кәріз ғимарат пен құрылыстан - 2 метр. Жылу желілері (арнаның сыртқы қабырғасынан) ғимарат пен құрылыстың іргетасынан – 5 метр;

90 сұрақ

Тұрғын және қоғамдық ғимараттармен қиылысатын кезде жылу өткізгіштердің диаметрі 300 мм болатын транзиттік су жылу желілерін тартудің талабы қандай? ([27]; 9.3-т.)


  1. Биіктігі кемінде 1,8м техникалық еден астында және тоннелдерде ғимараттан шығудағы төменгі нүктеде құрғату құдығын орнатумен

  2. Биіктігі 1,5м техникалық еден асты мен тоннелдерде

  3. Қалыпты гирооқшаулағышмонолитті Т/Б арналарда өту жолдарында

  4. Биіктігі кемінде 1,6м техникалық еден астында және тоннелдерде ғимараттан шығудағы төменгі нүктеде құрғату құдығын орнатумен

  5. Биіктігі 1,6м техникалық еден астында және тоннелдерде

91 сұрақ

Жылу желілерін жерастына қандай инженерлік желілермен бірге тартуға жол беріледі? ([27]; 9.6-т.)


  1. Арналарда – су құбырларымен, қысымы 1,6 МПа дейінгі сығымдалған ауа құбырларымен, мазутөткізгіштермен, бақылау кәбілдерімен

  2. Тоннельдерде - Ǿ кемінде 500 мм су құбырларымен, байланыс кәбілдерімен, кернеуі кемінде 10 кВ қуат беру кәбілдерімен, қысымы 1,6 МПа дейінгі сығымдалған ауа құбырларымен, арынды кәріз құбырларымен

  3. Тек қана өздігінен ағатын кәріздермен, су құбырымен, мазутөткізгішпен

  4. Тек қана арынды кәрізбен, N>10 кв. қуат беру кабелімен, байланыстың бақылау кабелімен

  5. Тек қана өздігінен ағатын кәрізбен, су қыбырымен, сығымдалған ауа құбырымен

92 сұрақ

Жерүсті су бұруын жобалау нені қамтамасыз етуі тиіс? ([24], 4.1.1.9-т.)


  1. Жер жұмыстарының ең аз көлемін, сондай-ақ топырақ эрозиясы мүмкіндігін болдырмайтын жылдамдықтағы су ағынын

  2. Жер жұмыстарының ең аз көлемін

  3. Топырақ эрозиясы мүмкіндігін болдырмайтын жылдамдықтағы су ағынын

  4. Көлденең еңіс кемінде 0,002 болуға тиіс

  5. Жердің еңістігі есепке алынбайды

93 сұрақ

Жерүсті су бұруын жобалау нені қамтамасыз етуі тиіс? ([24], 4.1.1.9-т.)

1. Жер жұмыстарының ең аз көлемін, сондай-ақ топырақ эрозиясы мүмкіндігін болдырмайтын жылдамдықтағы су ағынын

2. Жер жұмыстарының ең аз көлемін

3. Топырақ эрозиясы мүмкіндігін болдырмайтын жылдамдықтағы су ағынын

4. Көлденең еңіс кемінде 0,002 болуға тиіс

5. Жердің еңістігі есепке алынбайды


94 сұрақ

110 кВ кернеулі және одан жоғары ашық типтегі жаңа электр станцияларын жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарында және қолданыстағы тұрғылықты аудандарда орналастыруға рұсат етіле ме? ([22] 12.45-т.)



  1. Тыйым салынады

  2. Электр желілерін кәбілдік желілермен орындау шартымен рұқсат етіледі.

  3. Рұқсат етіледі

  4. Шартпен рұқсат етіледі

  5. МҚН 2.04-03-2005 сәйкес шудан қорғау бойынша іс-шараларды орындаған кезде жол беріледі

95 сұрақ

Қоныстану аумақтарында жеке тұрғын үй құрылысын жоспарлау және салу кезінде кернеуі қанша болатын электр желілерінің кәбілдік желілерін қарастыру керек?([26], 7.15-т.)


  1. 20 кВ дейін

  2. 40 кВ дейін

  3. 30 кВ дейін

  4. 10 кВ дейін

  5. 50 кВ дейін

96 сұрақ

330 кВ кернеулі электр берудің әуе желілерін бойлай жеке тұрғын үй құрылысын жоспарлау және салу кезінде ені қанша болатын қорғау және санитарлық-қорғаныс аймақтары қарастырылуы керек? ([26], 7.18-т., 6-кесте)


  1. 30, 20

  2. 25, 20

  3. 25, 10

  4. 30, 25

  5. 40, 250

97 сұрақ

Жерүсті жылу желілерінің электр берудің әуе желілерімен және электрлендірілген теміржолдармен қиылысу орындарындағы қажетті іс-шаралар ([27]; 9.18-т.)

1. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)

2. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 15 Ом аспайтын)

3.Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін электрхимиялық қорғау

4. Сымдардан әр жаққа 5м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін катодтық поляризациялау

5. Сымдардан әр жаққа 3м бойы горизонттар бойынша арақашықтықта орналасқан жылу желілерінің барлық электр өткізгіш элементтерін жерге қосу (жерге қосу құрылғыларының кедергісі 10 Ом аспайтын)

98 сұрақ

Автожанармай құю станциялары және автотұрақтар аумағының жол жабыны көлденең жарықтандырылуының орташа шамасы құрауы тиіс (лк): ([29], 2.11-т., 8-кесте)



  1. 20/4

  2. 15/3

  3. 10/5

  4. 6/2

  5. 25/12

99 сұрақ

Көшелерді, жолдарды және алаңдарды сыртқы электрмен жарықтандыруды қосуды табиғи жарықтану деңгейі кемінде қаншаға төмендеген кезде жүзеге асыру керек?([29], 2.15-т.)


  1. 20лк

  2. 15 лк

  3. 30 лк

  4. 6 лк

  5. 25лк

100 сұрақ

Мал айдау орындарымен 11020 кВ жоғары вольтты желілер қиылысатын орында төменгі сымнан жерге дейін тік арақашықтық...( [30], 1.30-т.)

1. 7 м


2. 7,5м

3. 6 м


4. 8 м

5. 8.5м



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет