СӘулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



бет17/55
Дата17.07.2016
өлшемі7.71 Mb.
#205500
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55

3.4. Конструктивтік бөлім

3.4.3. 3-нұсқа
3.4.3.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Жобалау және іздестіру жұмыстарына шарт шарт бойынша тапсырыс беруші мердігерге беруге міндетті ([1],668-баптың 1-тармағы):

  1. жобалуға тапсырманы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы құру үшін қажетті бастапқы деректерді;

  2. ақшалай қаражатты;

  3. жұмыс жоспарын;

  4. құрылыс салуға жоспарланатын жер учаскесін;

  5. құрылыс материалдары.

2 сұрақ



Тапсырыс беруші ........жобалау-сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізуді талап етуге құқылы ([1], 655-баптың 1-тармағы):

  1. мердігер үшін қосымша шығыстармен және (немес) жұмыстарды орындау мерзімін ұзартумен байланысты емес;

  2. мердігер үшін қосымша шығыстармен байланысты;

  3. мердігер үшін қосымша шығыстармен байланысты емес;

  4. тапсырыс беруші үшін қосымша шығыстармен байланысты;

  5. өз қалауы бойынша кез келген сипаттағы.

3 сұрақ

Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзу абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқса, жазаланады ([2],277-баптың 3-бөлімі):


  1. белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырумен;

  2. жеті мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеугене сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен;

  3. алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен;

  4. мүлкін тәркілеумен сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен;

  5. үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен.

4 сұрақ

Әкімшілік жазаға қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару, қолдану шағын кәсіпкерлік субъектілеріне......мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады([3], 312-баптың 2-бөлімі):

1) төрт жүз айлық есептік көрсеткіш;

2) екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш;

3) үш жүз айлық есептік көрсеткіш;

4) бес жүз айлық есептік көрсеткіш;

5) алты жүз айлық есептік көрсеткіш.
5 сұрақ

Екінші санаттағы рұқсатты иеленуші – бұл([4], 1-баптың 4) тармағы):



  1. екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;

  2. екінші санаттағы рұқсатты алуға үміткер жеке немесе заңды тұлға;

  3. екінші санаттағы рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;

  4. екінші санаттағы рұқсаты бар заңды тұлға;

  5. жауаптың барлық нұсқалыр дұрыс.

6 сұрақ

Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерiнежатады ([5], 6-баптың 1-тармағы):


  1. ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтықобъектiлерi;

  2. Қазақстан Республикасының барлық елді мекендері;

  3. халық саны 500 мыңнан асатын қалалар;

  4. шетелдік мемлекеттердің елшіліктері ғимараттары;

  5. қала үлгісіндегі кенттер.

7 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижелерiнiң тұтынушылары ретiнде азаматтардың құқығы бар: ([5], 7-баптың 1) тармақшасы):


  1. мемлекеттiк қала құрылысы саясатының өндiргiш күштердi қоныстандыру мен орналастыру бөлiгiне, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысыталаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiк нормаларына және аталған жергiлiктi жердiң инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейiне сәйкес елдi мекеннiң (қоныстың) аумағы шегiнде осы мекенге қатысты мекендеу мен тiршiлiк етуге қолайлы ортаға; 

  2. лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиясызжүзеге асыруға;

  3. аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекiтiлген жұмыс iстеумақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимненауытқуға;

  4. қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң(пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамтамасыз етугебайланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртiбiнен ауытқуға; 

  5. қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзуге.

8 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы реттеудi жүзеге асыратын,сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын лауазымды адамдар менмемлекеттiк басқару органдарыБОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ([5], 18-бап):


  1. судьялар;

  2. Қазақстан Республикасының Үкiметi;

  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;

  4. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде өзге де орталық атқарушы органдар;

  5. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары.

9 сұрақ

Мердігер (бас мердігер) тапсырыс берушіден талап етуге құқылы ([5], 34-3-бап 1-тармақтың 1) тармақшасы):


  1. жасалған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайлар ұсынуды;

  2. мердігер (бас мердігер) орындайтын жұмыстардың барысы мен сапасына және оларды орындау мерзімінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруды;

  3. талаптарды бұзумен орындалған жұмыстарды қабылдауды;

  4. техникалық қадағалау қызметін бақылауды;

  5. сәйкессіздік анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындысын алудан бас тартуды.

10 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi)  бүзушылықтарды және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер жүктеледi([5], Заңның 17-бабының 2-тармағы):


  1. аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге;

  2. мемлекеттік орган орган-лицензиарға;

  3. жергілікті атқарушы органға;

  4. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға;

  5. Қазақстан Республикасының Үкiметiне.

11 сұрақ

Мемлекеттік функцияларды орындауға, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда басқару функцияларын орындауға үміткер адамдардыңшектеулердi қабылдауға келiсiмдерін жазбаша түрде....... кадр қызметі тіркейді ([5], 8-баптың 1-тармағы):


  1. тиiстiұйымдардың;

  2. прокуратураоргандарының;

  3. уәкілетті мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органының;

  4. ұлттық қауіпсіздік органдарының;

  5. ішкі істер органдарының.

12 сұрақ

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеудің жобалау кезеңіне не жатады? ([7], 8-тармақтың 2) тармақшасы):


  1. жауаптың барлық нұқсалары дұрыс;

  2.  Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру бойынша жобалау шешімін әзірлеу, соның ішінде: елдің аумағында өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру схемаларын құру; қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда оның басымдықтары мен шектеулерін анықтайтын аймақтарға бөлу схемаларын жасау; Қазақстан Республикасы аумағының тірек қаңқасын әзірлеу; әкімшілік-аумақтық бірліктердің, айрықша реттеу мен республикалық және өңіраралық маңызы бар қала құрылысын регламенттеу нысандарының схемалары мен даму жобаларын жасау;

  3.  әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын экономикалық мамандану түрлеріжәне олардың басым пайдаланылуы бойынша жіктеу;

  4. республикалық маңызы бар инженерлік, көліктік, әлеуметтік және экологиялықинфрақұрылымдардың негізгі даму бағыттарын әзірлеу;

  5. экологиялық жағдайды жақсарту, жер мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тарихи-мәдени және табиғи мұра нысандарының аумақтарын сақтау бойынша шаралар кешенін даярлау.

13 сұрақ

Әрбір аумақтық деңгейдегі Қала құрылысы кадастрының дерекқорын қалыптастыру(жүргізу) үшін негіз болатын құжаттардың (құжаттар үлгілерінің) тізбесіне мынадайқұжаттар кіреді([9], 7-тармақтың 2) тармақшасы):


  1. жеке және заңды тұлғалардың қолда бар объектілерді өзгертуге немесежаңа объектілер салуға өтініштері;

  2. жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын құжаттар;

  3. кондоминиум объектісінінің ортақ мүлкіндегі үлес мөлшері туралы құжаттар;

  4. ипотекалық куәлік;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

14 сұрақ

Жергілікті сараптама қорытындысы– бұл([11], 3-тармақтың 4) тармақшасы):


  1. сараптаманы аяқтайтын кезеңін қоспағанда, жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша тапсырысшыға сараптамалық сүйемелдеудің әрбір кезеңінде ресімделетін және берілетін мемлекеттік сараптаманың қорытындысы;

  2. арнайы танымды талап ететін сұрақтарға жауап алу мақсатында мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша тартылған, ғылымда, техникада, өнерде немесе қолөнерде білікті адам жүргізетін зерттеу;

  3. өтініш беруші өзінің шаруашылық қызметінің барысында пайдалануды болжайтын тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің, ғимараттың, құрылыстың, үй-жайдың, жабдықтың және өзге мүліктің санитарлық ережелерге сәйкестігін немесе сәйкес еместігі куәландыратын құжат; 

  4. бұл өнімнің, қызмет түрінің немесе техникалық жағдайлардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;

  5. жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

15 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде сарапшының не ұйымның функцияларына кіреді ([10], 6-тармақтың 10) тармақшасы):

1) жұмыстардың өндiрiс қарқынының бекiтiлген кестеге сәйкестiгiн, объектiлердiң материалдық ресурстармен және техникалық құралдармен жиынтықталу барысын, бiлiктi жұмыс күшiмен қамтамасыз етiлуiн бағалау;

2) тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға, Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

3) атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

4) құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жою;

5) мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз ету.


3.4.3.2. Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар




Топырақтың механикалық қасиеттерінің қандай өлшемдері негіздің тірек қабілеттерін және олардың демормациясын айқындайды? ([47]; 5.3.1-т.)

1. Топырақтың ішкі үйкелісі бұрышы, салыстырмақы тұтасуы, дисперстік топырақтардың деформациялану модулі, тасты топырақтың біросьті қысуына беріктік шегі

2. топырақтың беріктігі

3. топырақтың салыстырмалы салмағы

4. топырақтың тығыздылығы

4. қату тереңдігі






Негізді деформациялануы бойынша есептеудің мақсаты қандай? ([47]; 5.5.1-т.)

    1. Құрылысты қалыпты пайдалануға кепілдік берілетін және оның төзімділігі төмендемейтін кездегі шектермен абсолюттік немесе қатыстық жылжуларды шектеу

    2. Топырақтың тірек қасиетін тексеру

    3. Құрылыстың қозғалуын болдырмау үшін

    4. Негіздің деформациясын болдырмау үшін

    5. Құрылыстың қисаюын болдырмау үшін






Негіз топырағының есептің кедергісін айқындау үшін қолданылатын М, Мq, Мс коэффициенттері қандай физикалық-механикалық қасиеттерге байланысты? ([47]; 5.5.8-т.)

    1. Ішкі үйкеліс бұрышына, Мg , Мq, Мc

    2. Топырақтың шымырлығына.

    3. кеуектілігіне

    4. топырақтың ылғалдылығына

    5. топырақтың тығыздылығына






ІІ типтің шөгу қалай көрінеді? ([47]; 6.1.6-т.)

1. Топырақтың сыртқы жүктемелерден және өз салмағынан шөгуі және оның мөлшері 5 см аспайды

2. Шөгу топырақтың есептік кедергісі R. кем сыртқы жүктеме кезінде болатын топырақ жағдайлары

3. Шөгу топырақтың ылғалдылығының артуынсыз болатын топырақ жағдайлары

4. Негіздің отыруы жол берілетін шекті деңгейден аз болатын топырақ жағдайлары

5. Топырақтың отыру құрылыстың қисаюымен болатын топырақ жағдайлары






Шөгу қалыңдығының үстіңгі аймағындағы немесе оның бөлігіндегі шөгуі қалай жойылады? ([47]; 6.1.22-т.)

    1. Ауыр нығыздап тегістеумен тығыздаумен, топырақ жастықтарын орнатумен, шұңқырларды нығыздап тегістеумен, оның ішінде қатты материалдан (бетон, қиыршық тас, құм-шиыршық тас қоспасы) кеңейту орнату, химиялық немесе термиялық бекітулермен

    2. Алдын ала жібітумен

    3. Топыраққа қалыңдығы 10-15 см қиыршық тасты нығыздап тегістеумен

    4. Қалыңдығы 10-15см шиыршық тас немесе қиыршық тастан дайындық орнатумен

    5. Қалыңдығы 10-15 см ірілігі орташа құмнан дайындық орнатумен






Темір бетон іргетасының бойлық арматурасы үшін қорғаныш қабатының ең аз қалыңдығы қанша? ([47]; 12.8.5-т.)

    1. Бойлық жұмыс арматурасы үшін қорғаныш қабатының қалыңдығы әдетте, шиыршық диаметрінен кем емес және: 30мм – іргетас арқалықтары мен құрама іргетастар үшін; 35-мм - монолиттік іргетастар үшін бетондық дайындық болған кезде; 70мм-монолиттік іргетастар үшін бетондық дайындық болмаған кезде

    2. кемінде 1,5d (d-арматураның диаметрі)

    3. құрама т/б іргетастар үшін кемінде 20мм, 30мм дайындықты монолиттік үшін, 50мм дайындықсыз үшін

    4. құрама т/б іргетастар үшін кемінде 25мм, 25мм дайындықты монолиттік үшін, 60мм дайындықсыз үшін

    5. құрама т/б іргетастар үшін кемінде 10мм, 20мм дайындықты монолиттік үшін, 80мм дайындықсыз үшін






Қандай көрсеткіштер шөгінді топырақтарды сипаттамайды? ([47]; 6.1.3-т.)

    1. Салыстырмалы шөгінділік, бастапқы шөгу қысымы

    2. Салыстырмалы ісінуі

    3. Салыстырмалы суффизиялықсығылу

    4. Қажалу коэффициенті

    5. Үгілу коэффициенті





Шөгінді топырақ салынған негізді жобалау кезінде не ескерілуі қажет? ([47];6.1.4-т.)

    1. Іргетастың табанынан тереңдікке дейін өлшенетін, шөгудің үстіңгі аймағы шегінде өтетін hsl,р, сыртқы жүктемеден болатын шөгулер ssl,p

    2. Жылу көздерінің әсерінен кебу есебінен болатын түсулер

    3. Аэрация аймағының үстіңгі бөлігінде топырақтың ісінуі және түсуі

    4. Жерасты суларының жерасты конструкциялардың материалдарына көтеріңкі агрессиялығы

    5. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерінің тұздардың сілтісізденуі процесінде өзгеруі






Құрылыстың іргетасы – бұл ([47]; 3-т., 1-қосымша)

    1. Құрылыстың жүктемені құрылыстан топырақ массивіне беру үшін қызмет ететін бөлігі

    2. Құрылыстан жүктемені тікелей қабылдайтын топырақ массивінің бөлігі

    3. Құрылыстың негізі.

    4. Жер бетінің (жоспарлы) деңгейінентөмен орналасқан құрылыс немесе жер бетіндегі құрылыстың тереңдетілген бөлігі

    5. Құрылыстың жерүсті бөлігі






Негіз шекті жай-күйлердің қандай топтары бойынша есептеулі керек? ([47]; 5.1.2-т.)

    1. Шекті жай-күйлердің екі тобы бойынша: бірінші – тірек қасиеті бойынша және деформациялар бойынша

    2. Шекті жай-күйлердің бірінші тобы бойынша: бірінші – тірек қасиеті бойынша

    3. Шекті жай-күйлердің екінші тобы бойынша: екінші - деформациялар бойынша

    4. Шекті жай-күйлердің екінші тобы бойынша: екінші – отырулардың деформациялары бойынша ғана

    5. Шекті жай-күйлердің бірінші тобы бойынша – форма мен орынның орнықтылығын жоғалтуына ғана






Қандай есептеулерде негізге жүктемені оларды іргетасүсті конструкциясына қайта бөлу ескерілмей анықтауға жол беріледі? ([47]; 5.2.1-т.)

    1. Барлық тізбеленгендер.

    2. Жауаптылықтың ІІІ деңгейі ғимараттарының негізін есептеу кезінде

    3. Негіздің топырақ массивінің жалпы орнықтылығын ғимаратпен бірге есептеу кезінде .

    4. Негіз деформациясының орташа мәндерін есептеу кезінде

    5. үлгі жобаны жергілікті топырақ жағдайларына байлау сатысында негіз деформациясын есептеу кезінде.






Тізбеленгендердің қайсы негіз топырағының құрылыстық қасиеттерін өзгертуге қол жеткізу үшін қолданылмайды (жасанды негіздер орнату)? ([47]; .5.8.3-т.)

    1. Топырақты тығыздау(ауыр нығыздап тегістеумен тығыздау, топырақ қадаларын орнату, шұңқырларды іргетас астына нығыздап тегістеу, топырақты алдын ала жібіту, жарылыс энергиясын қолдану, терең гидродірілдететығыздаулар, діріл машиналарымен, тегістегіштермен т.б.)

    2. Негіздегі қанағаттанарлықсыз топырақты құмнан, шиыршық тастан, қиыршық тастан т.б. дайындалған жастықпен толық не ішінара ауыстыру (жоспарда және тереңдік бойынша)

    3. Негіз топырағын шөгуге, ісінуге, карсттық құбылыстардың белсенділігіне, жерасты суларының агрессивтенуіне т.б. апарып соғуы мүмкін химиялық белсенді сұйықтықтардан қорғау

    4. Топыраққа арнайы қоспалар енгізу (мысалы, топырақты тұздау не кеуектік қасиеттерін жою үшін оған мұнай өнімдерін сіңірту).

    5. Үю орнату (салумен не гидрожуумен)






І типтегі топырақ жағдайларында терең іргетастарды жобалаған кезде нені ескеру қажет? ([47]; 6.1.23-т.)

    1. Топырақтың өз салмағынан пөгуі кезінде туындайтын іргетастың бүйір беті бойындағы жағымсыз үйкеліс

    2. Топырақтың іргетастың бүйір беті бойындағы ккедергісі

    3. Топырақтың ісінуі

    4. Топырақтың опырылуы

    5. Топырақ көлемінің ұлғаюы






Тіреу қабырғалар, оның ішінде орнықтылығы конструкцияның өз салмағымен және жабу топырағының салмағымен қамтамасыз етілетін шұңқырлау қоршауы болып қызмет ететін тіреу қабырғалар аталады: ([47]; 10.1-т.)

    1. гравитациялық

    2. иілгіш.

    3. аралас

    4. қадалық

    5. барлық тізбеленгендер






Іргетасты салу тереңдігін анықтаған кезде тізбеленгендердің қайсын есепке алу қажет? ([47]; 12.2.1-т.)

    1. Тізбеленген талаптардың барлығы есепке алынуы тиіс

    2. Құрылыс салынатын аумақтың қолданыстағы және жобаланатын рельефі

    3. Жобаланатын құрылыстың мақсаты және конструктивтік ерекшеліктері, оның іргетасына түсетін жүктемелер мен әсерлер

    4. Құрылыс алаңының нженерлік-геологиялық жағдайлары

    5. Гтопырақтың маусымдық қату тереңдігі






Темір бетон және бетон конструкцияларды әзірлеу кезінде арматураның механикалық қасиеттерінің жалпыланған сипаттамалары ретінде мыналардың арасында байланыс орнататын арматура жай-күйінің (деформациялануының) нормативтік диаграммасын қабылдау қажет ([34]; 5.4.2-т.)

    1. Кернеулер σs,n және салыстырмалы деформациялар s,n

    2. Тығыздылық модулі Еs,n және s,n

    3. Кедергі мәні Rs,n және салыстырмалы деформацияларs,n

    4. Барлық жауаптар дұрыс

    5. Барлық жауаптар дұрыс емес



Темір бетон элементтерінің ортадан тыс сығылуын қалыпты қималар беріктігі бойынша есептеген кезде нені есепке алу қажет? ([34]; 6.2.9-т.)

1.Кездейсоқ эксцентриситет және бойлық иілімніңәсері

2. Есептік эксцентриситет және бойлық иілімнің әсері

3. Берілген эксцентриситет және бойлық иілімнің әсері

4. Берілген эксцентриситет қана

5. Бойлық иілімнің әсері ғана






Бетон және темір бетон конструкцияларды әзірлеу кезінде еңіс қималардың беріктігі бойынша темір бетон элементтердіесептеу: ([34]; 6.2.10-т.)

    1. еңіс қима бойыншакөлденең күш әсеріне, еңіс қималар бойынша иіліс сәті әсеріне, еңіс қималар арасындағы арасындағы жолақ бойынша көлденең күш әсеріне

    2. еңіс қима бойыншаиіліс сәті әсеріне, еңіс қималар арасындағы жолақ бойынша көлденең күш әсеріне

    3. еңіс қима бойыншакөлденең күш әсеріне

    4. еңіс қималар бойынша иіліс сәті әсеріне

    5. еңіс қималар арасындағы жолақ бойынша көлденең күш әсеріне






Массивті гидротехникалық құрылыстар үшін жарықтар ашылуының жол берілетін шекті мәндері конструкцияның жұмыс істеу жағдайларына және басқа факторларға қарай нормативтік құжаттарға сәйкес бекітіледі, бірақ мынадан аспайды : ([34]; 6.4.5-т.)

    1. 0,5 мм

    2. 0,3 мм

    3. 0,7 мм

    4. 0,1 мм

    5. 0,9 мм






Темір бетон элементтердің майысуы негізінен иілу деформацияларына байланысты болатын жағдайларда майысу мәндерін қандай өлшемдер бойынша анықтайды? ([34]; 6.5.3-т.)

    1. Қаттылықтар не элементтердің қисықтығы бойынша

    2. Созылу не элементтердің қисықтығы бойынша

    3. Шекті көлденең күштер жиынтығы

    4. Сығылу аймағындақы күш түсу

    5. Созатын күштер






Екінші топтың шекті жай-күйлері бойынша арматураны есептеу кезінде сенімділік коэффицентінің мәні арматураның сыныбына және қаралатын шекті жай-күйге қарай, бірақ мынадан кем алынбауы тиіс: ([34]; 5.4.3-т.)

    1. 1,0

    2. 1,1

    3. 0,95

    4. 0,9

    5. 1,2






Екінші топтың шекті жай-күйлері бойынша есептеулерге не жатады? ([34]; 6.1.3-т.):

    1. Жарықтардың пайда болуы бойынша есептеу, жарықтардың ашылуы бойынша есептеу, деформациялар бойынша есептеу

    2. Жарықтардың пайда болуы бойынша есепеу, беріктік бойынша есептеу

    3. Жарықтардың ашылуы бойынша есептеу; орынның орнықтылығы бойынша есептеу

    4. деформациялар бойынша есептеу, пішіннің орнықтылығы бойынша есептеу

    5. беркітік бойынша есептеу, орынның орнықтылығы бойынша есептеу, пішіннің орнықтылығы бойынша есептеу






Жобалық деректер болмаған кезде және үлгілерді алу мүмкін болмағанда, арматураның сыныбын арматура профилінің түрі бойынша, ал есептік кедергілерді ...... бойынша анықтауға жол беріледі ([34]; 9.3.5-т.)

    1. Осы сыныпқа қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың сәйкес мәнінен 20% төмен

    2. Осы сыныпқа қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың сәйкес мәнінен 30% төмен

    3. Осы сыныпқа қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың сәйкес мәнінен 40% төмен

    4. Осы сыныпқа қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың сәйкес мәнінен 50% төмен

    5. Осы сыныпқа қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың сәйкес мәнінен 60% төмен






Конструкцияның қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және төзімділігін анықтайтын сапа көрсеткіштерін таңдап бақылау, мынадан төмен емес дефектілік деңгейін қамтамасыз ететін жоспарлар бойынша болуы керек (34]; 8.5.2.-т.)

    1. 4%

    2. 5%

    3. 6%

    4. 7%

    5. 8%






Арматурасыз бетоннан не конструктивтік ойлар бойынша орнатылатын және есептеуде ескерілмейтін арматулары бетоннан орындалған конструкциялар. Барлық әсерлерден есептік күш түсулерді бетон конструкцияларда бетон қабылдауы тиіс. ([34]; 2-қосымша).

    1. Бетон конструкциялар

    2. Металл конструкциялар

    3. Фибробетондық конструкциялар

    4. Болат темір бетон конструкциялар

    5. Темір бетон конструкциялар






Жобалау құжаттамаларында белгіленетін пайдалану сатысына қойылатын талаптарда болуы тиіс: …([34]; 4.10-т.)

    1. Пайдалану процесінде конструкция және оның элементтері өлшемдерінің жол берілетін өзгерістерінің шегі, қарап тексерудің кезеңділігіне және конструкцияның жай-күйін бағалауға қойылатын талаптар, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар

    2. Қарап тексерудің кезеңділігіне және конструкцияның жай-күйін бағалауға қойылатын талаптар

    3. Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар

    4. Пайдалану процесінде конструкция және оның элементтері өлшемдерінің жол берілетін өзгерістерінің шегі

    5. Пайдалану процесінде конструкция және оның элементтері өлшемдерінің жол берілетін өзгерістерінің шегі,жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар






Жобалау құжаттамаларында белгіленетін құрылыс сатысына қойылатын талаптарда болуы тиіс: ([34]; 4.9-т.).

    1. Зауыттық не құрылыстық дайындаудағы пайдаланылатын материалдар мен элементтерге қойылатын талаптар

    2. Конструкцияны қарап тексерудің кезеңділігі мен жай-күйін бағалауға қойылатын талаптар

    3. Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар

    4. Зауыттық не құрылыстық дайындаудағы пайдаланылатын материалдар мен элементтерге қойылатын талаптар, конструкцияны қарап тексерудің кезеңділігі мен жай-күйін бағалауға қойылатын талаптар

    5. Конструкцияны қарап тексерудің кезеңділігі мен жай-күйін бағалауға қойылатын талаптар, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар






Екінші топтың шекті жай-күйлері үшін созу кезіндегі бетон бойынша сенімділік коэффициенті қандай? ([34]; 5.2.4-т.).

    1. 1,0

    2. 1,3

    3. 1,5

    4. 1,4

    5. 1,1






Тас конструкцияларды арматуралау кезінде көлденең және бойлық арматура, анкерлер және байланыстар үшін қандай сыныптағыарматура қолданылуы тиіс? ([48]; 2.6-т.)

    1. А-I; А-II и Вр-I

    2. Вр-I

    3. А-I и Вр-I

    4. А-I; А-II

    5. А-I





Сыртқы қабырғаларға арналған тас материалдардың аязға төзімділігі бойынша жобалық марка қандай қалыңдыққа қабылданады? ([48]; 2.3-т.)

    1. Конструкцияның қызмет етуінің болжанатын мерзіміне қарай 12 см қалыңдыққа

    2. Конструкцияның қызмет етуінің болжанатын мерзіміне қарай қабырғалардың барлық қалыңдығына

    3. Конструкцияның қызмет етуінің болжанатын мерзіміндегі қату және жібу циклдарының санына қарай қабырғалар қалыңдығының жартысына

    4. Конструкцияның қызмет етуінің болжанатын мерзіміне қарай 25 см қалыңдыққа

    5. Конструкцияның қызмет етуінің болжанатын мерзіміндегі қату және жібу циклдарының санына қарай 25 см қалыңдыққа






Қабырғалары шиті кірпіштен және топырақ тастарынан салынған ғимараттардың қызмет етуінің болжамды мерзімі: ([48]; 3.14-т.)

    1. 25 жыл

    2. 50 жыл

    3. 60 жыл

    4. 40 жыл

    5. 35 жыл






Өз салмағынан, жоғары орналасқан барлық қабаттар қабырғаларының салмағынан жүктемені және жел жүктемесін қабылдайтын тас қабырғалар аталады: ([48]; 6.6-т.):

    1. Өздігін тірек

    2. Тірек

    3. Тіректік емес

    4. Арақабырға

    5. Аспалы






Өз салмағынан, жел, жабын, жабу, төсем, крандар және т.б. жүктемесін қабылдайтын тас қабырғалар аталады: ([48]; 6.6-т.):

    1. Тірек

    2. Тіректік емес

    3. Өздігін тірек

    4. Сыртқы

    5. Аспалы





Конструкцияның қызмет етуінің болжамды мерзімі 100 жыл болған кезде үй-жайдың дымқыл режиміндегі ғимараттарда сыртқы қабырғаларға немесе оларды қаптауға арналған тас материалдардың аязға төзімділігі бойынша жобалық маркасы: ([48]; 2.3-т.):

    1. 50

    2. 30

    3. 40

    4. 60

    5. 20






Конструкцияның қызмет етуінің болжамды мерзімі 50 жыл болған кезде үй-жайдың дымқыл режиміндегі ғимараттарда сыртқы қабырғалар мен оларды қаптауға арналған тас материалдардың аязға төзімділігі бойынша жобалық маркасы: ([48]; 2.3-т.)

    1. 35

    2. 30

    3. 25

    4. 20

    5. 40






Конструкцияның қызмет етуінің болжамды мерзімі 25 жыл болған кезде іргетастар мен табиғи тастан салынған қабырғалардың жерасты бөліктеріне арналған тас материалдардың аязға төзімділігі бойынша жобалық маркасы: ([48]; 2.3-т.)

    1. 15

    2. 10

    3. 25

    4. 20

    5. 30






Конструкцияның қызмет етуінің болжамды мерзімі 100 жыл болған кезде үй-жайдың ылғалды режиміндегі ғимараттарда сыртқы қабырғаларға немесе оларды қаптауға арналған тас материалдардың аязға төзімділігі бойынша жобалық маркасы: ([48]; 2.3-т.)

    1. 35

    2. 30

    3. 25

    4. 20

    5. 40






Жергілікті жүктемелерді қалауға беретін элементтердің тіреу учаскелері асына жобада ерітіндінің қабаты ..... асырмай көзделуі тиіс: ([48]; 6.40-т.):

    1. 15мм

    2. 10мм

    3. 20мм

    4. 25мм

    5. Қалыңдық нормаланбайды






Кірпіш ернеулерді 20 см астам шығыңқы қалау кезінде қалауға арналған ерітіндінің маркасы ...... төмен болмауы керек: ([48]; 6.58-т.):

    1. 50

    2. 75

    3. 100

    4. 150

    5. 25






Арматураланған қалауға қойылатын конструктивтік талаптарға сәйкес тордың шиыршықтары арасындағы арақашықтық болуы тиіс: ([48]; 6.77-т.):

    1. 12 см аспайтын және кемінде 3см

    2. 10см аспайтын және кемінде 4см

    3. 8см аспайтын және кемінде 5см

    4. 14 см аспайтын және кемінде 14см

    5. 12см аспайтын және кемінде 6см






Арматураланған қалауға қойылатын конструктивтік талаптарға сәйкесарматураланған тас конструкцияның арматураланған қалауы жіктерінің қалыңдығы арматура диаметрінен кемінде .....асатын болуы керек: ([48]; 6.77-т.)

    1. 4мм

    2. 3мм

    3. 5мм

    4. 2мм

    5. 6мм






Қыш кірпіштен және тастардан, табиғи тастардан, бетоннан жасалған ірі блоктардан дайындалатын,маркасы 25 және одан астам ерітіндідегі, арматураланбаған сыртқы қабырғалар үшін сыртқы ауаның орташа температурасы -40С және одан төмен болған кездегі есептеусіз қабылдауға жол берілетін температуралық-отырғызу жіктері арасындағы ең көп арақашықты ([48]; 6.79-т.):

    1. 60м

    2. 50м

    3. 80м

    4. 70м

    5. 100м






Силикат кірпіштен, бетон тастардан, силикат бетондардан жасалған ірі блоктардан дайындалатын, маркасы 50 және одан астам ерітінділердегі арматураланбаған сыртқы қабырғалар үшін, сыртқы ауаның орташа температурасы -40С және одан төмен болған кезде есептеусіз қабылдауға жол берілетін температуралық-отырғызу жіктерінің арасындағы ең көп арақашықтық ...........құрайды ([48]; 6.79-т.):

    1. 35м

    2. 50м

    3. 70м

    4. 80м

    5. 45м






Силикат кірпіштен, бетон тастардан, силикат бетондардан жасалған ірі блоктардан дайындалатын, маркасы 25 және одан астам ерітінділердегі арматураланбаған сыртқы қабырғалар үшін, сыртқы ауаның орташа температурасы -40С және одан төмен болған кезде есептеусіз қабылдауға жол берілетін температуралық-отырғызу жіктерінің арасындағы ең көп арақашықтық ...........құрайды ([48]; 6.79-т.):

    1. 40м

    2. 50м

    3. 60м

    4. 70м

    5. 80м






Аражабын мен жабынның темір бетон плиталарыныңкірпіш және тас қабырғаларға тірелу учаскелері ұзындығы ([49]; 7.30-т.)

    1. Кемінде 120 мм

    2. Кемінде 150 мм

    3. Қалаудың басылу жағдайына қарай есептеумен анықталады

    4. Кемінде 100 мм

    5. Кемінде 80 мм






Аражабын мен жабынның темір бетон плиталарының темір бетон және бетон қабырғаларға (ірі панельділерден басқа), болат және темір бетон арқалықтарға (ригельдерге) екі жағынан тірелуі кезінде тірелу учаскелері ұзындығы ([49]; 7.30-т.)

    1. Кемінде 80 мм

    2. Кемінде 100 мм

    3. Есептеумен анықталады

    4. Кемінде 120 мм

    5. Кемінде70 мм






Сейсмикалық аудандарда кірпіш (тас) тіреу қабырғалы ғимараттарда ұстатқыштар қандай тереңдікке бітеледі ([49]; 7.108-т., 7.5-кесте)

    1. Кемінде 350 мм, ойықтың ені 1,5 м дейін болған кезде ұстатқыштарды 250 мм бітеуге жол беріледі

    2. Кемінде 180 мм, ойықтың ені 1,5 м дейін болған кезде ұстатқыштарды 150 мм бітеуге жол беріледі

    3. Кемінде 250 мм, ойықтың ені 1,5 м дейін болған кезде ұстатқыштарды 200 мм бітеуге жол беріледі

    4. Кемінде 250 мм

    5. Кемінде 300 мм, ойықтың ені 1,5 м дейін болған кезде ұстатқыштарды 200 мм бітеуге жол беріледі






Биіктігі 3 қабат және одан астам ғимараттарда қанша баспалдақ торлары қабылдануы тиіс: ([49]; 7.11-т.)

    1. Әрбір бөлік шегінде кемінде бір баспалдақ торы

    2. Әрбір бөлік шегінде бір баспалдақ торынан асырмай

    3. Әрбір бөлік шегінде кемінде екі баспалдақ торынан

    4. Әрбір бөлік шегінде екі баспалдақ торынан асырмай

    5. Әрбір бөлік шегінде екі баспалдақ торынан






Алқаптық учаскелерде темір бетон қабырғаларда және қаттылық диафрагмаларында тік және көлденең арматуралардың қима ауданы ...... болып қабылдануы тиіс: ([49]; 8.1-т.)

    1. Бетонның қима ауданынан кемінде 0,1% және 4% аспайтын;

    2. Бетонның қима ауданынан кемінде 0,4% және 4% аспайтын;

    3. Бетонның қима ауданынан кемінде 0,2% және 8% аспайтын;

    4. Бетонның қима ауданынан кемінде 0,4% және 8% аспайтын;

    5. Бетонның қима ауданынан кемінде 0,1% және 2% аспайтын;






Көп қабатты қаңқалы ғимараттардың темір бетон бағаналарында бойлық арматура көлденең қимасының жалпы ауданы ..........аспауы тиіс: ([49]; 8.2-т.)

    1. Бағаналардың көлденең қимасы ауданынан 6%

    2. Бағаналардың бойлық қимасы ауданынан 6%

    3. Бағаналардың көлденең қимасы ауданынан 8%

    4. Бағаналардың бойлық қимасы ауданынан 8%

    5. Бағаналардың көлденең қимасы ауданынан 10%






Көп қабытты қаңқалы ғимараттардың (рамалық, рамалық-байланыстық, байланыстық және басқа) темір бетон бағаналарында құрылыс ауданының сейсмикалығы 7 және 8 балл болған кезде бойлық арматураның көлденең қимасының ауданы ................. қабылдануы тиіс: ([49]; 8.2-т.)

    1. Тексеру нәтижелері бойынша, бірақ бағананың көлденең қимасы ауданынан кемінде 0,8%;

    2. Тексеру нәтижелері бойынша, бірақ бағананың көлденең қимасы ауданынан кемінде 1%;

    3. Тексеру нәтижелері бойынша;

    4. Тексеру нәтижелері бойынша, бірақ бағананың көлденең қимасы ауданынан 2% асырмай;

    5. Тексеру нәтижелері бойынша, бірақ бағананың көлденең қимасы ауданынан кемінде 0,6 % асырмай;






Рамалардың қатты тораптарына (оның ішінде іргетастарға) жанасатын ригельдер мен бағаналардың учаскелері, олардың қимасы биіктігінің жартысына тең арақашықтықта арматуралануы тиіс: ([49]; 8.6-т.)

1. 100 мм аспайтын қадаммен орнатылған дәнекерлеу торларымен, шиыршықтармен немесе тұйықталған қамыттармен;

2. 200 мм аспайтын қадаммен орнатылған дәнекерлеу торларымен, торларымен, шиыршықтармен немесе тұйықталған қамыттармен;

3. 100 мм аспайтын қадаммен тұйықталған көлденең арматурамен;

4. механикалық түйіспе біріктірулермен (қысылған муфталы, оймалы муфталы түйіспелер т.б.);

5. монолитті темірбетонды қосулармен






Қабырғалар мен қаттылық диафрагмаларында, арматураның қайта түсуінің, оның дәнекерлеусіз қабыстыра жапсарласқан кезіндегі ең аз ұзындығы болуы керек: ([49]; 8.10-т.)

1. құрылыстың қалыпты жағдайлары үшін талап етілетін мәндерден 25% артық;

2. құрылыстың қалыпты жағдайлары үшін талап етілетін мәндерден 15% артық;

3. құрылыстың нақты жағдайлары үшін талап етілетін мәндерден 25% артық;

4. құрылыстың нақты жағдайлары үшін талап етілетін мәндерден 15% артық;

5. құрылыстың қалыпты жағдайлары үшін талап етілетін мәндерден 10 % артық.






Алдын ала керілген темір бетон конструкцияларды жобалау кезінде қандай талаптар ескерілуі тиіс? ([49]; 8.13-т.)

1 тізбеленгендердің барлығы

2. қиманың беріктігі олардың жарыққа төзімділігінен кемінде 25% асуы керек;

3. көлденең керілетін арматураның бетонмен тіркелуі болуы керек;

4. диаметрі 28 мм және одан астам керілетін шиыршықты арматураның шетінде анкерлік қондырғы болуы керек;

5. үлкен аралықтар мен жауапты иілетін конструкциялар үшін, сондай-ақ қаңқалы ғимараттардың бағаналары үшін аралас арматуралау ұсынылады.






Реконструкциялау кезінде ғимараттар мен құрылыстардың болат конструкцияларын жобалаудың қандай жағдайларында материалдар сапасын бағалау үлгілерді сынау нәтижелері бойынша жүргізілуі тиіс? [50]; 20.20-т.)

    1. Атқарушылық құжаттама немесе сертификаттар болмаған кезде, материалдар сапасының төмен болуынан туындаған зақымданулар анықталған кезде

    2. Атқарушылық құжаттама немесе сертификаттар болмаған кезде

    3. Пайдалану барысында зақымданулар анықталған кезде

    4. Материалдар сапасының төмен болуынан туындаған зақымданулар анықталған кезде

    5. Атқарушылық құжаттама немесе сертификаттар болмаған кезде, пайдалану барысында зақымданулар анықталған кезде, материалдар сапасының төмен болуынан туындаған зақымданулар анықталған кезде





Қималарды ұлғайту тәсілімен күшейтілген элементтердің беріктігі мен орнықтылығын есептеу, әдетте элементтегі күшейту сәтінде болатын кернеу (конструкцияның жүктемесін түсіруді есепке алып) ескеріліп орындалуы тиіс. Бұл ретте не ескерілуі тиіс? ([50]; 20.17-т.)

    1. Элементтердің бастапқы қисаюлары, күшейтілген қиманың ауырлық орталығының жылжуы, дәнекерлеуден болған қисаюлар

    2. Элементтердің бастапқы қисаюларығана

    3. Күшейтілген қиманың ауырлық орталығының жылжуы ғана

    4. Дәнекерлеуден болған қисаюлар ғана

    5. Күшейтілген қиманың ауырлық орталығының жылжуы, дәнекерлеуден болған қисаюлар ғана






Температуралық блоктың 150 м еселенген ұзындығы кезінде көзделуі тиіс ([50]; 13.17-т.)

    1. Аралық көлденең көлденең байланыстар

    2. Көлденең көлденең байланыстар

    3. Тік байланыстар

    4. Көлденең байланыстар

    5. Аралықтік байланыстар






Қатты дәнекерлеу арқалықтарының қырлары қабырғадан ...... арақашықтығына алшақ болуы тиіс ([50]; 13.26-т.)

    1. Қабырғаның кемінде 10 қалыңдығы

    2. Қабырғаның кемінде 9 қалыңдығы

    3. Қабырғаның кемінде 7 қалыңдығы

    4. Қабырғаның кемінде 5 қалыңдығы

    5. Қабырғаның кемінде 3 қалыңдығы






Пайдалануға арналған 4-топтың металлконструкцияларына қандай талаптармен сынау жүргізбеуге жол беріледі ([50]; 20.4-т.)

    1. Кернеу 165 Мпа дейін және есептік температура минус 40°C жоғары болған кезде

    2. Кернеу 175 Мпа дейін және есептік температура минус 35°C жоғары болған кезде

    3. Кернеу 180 Мпа дейін және есептік температура минус 40°C жоғары болған кезде

    4. Кернеу 185 Мпа дейін және есептік температура минус 30°C жоғары болған кезде

    5. Кернеу 185 Мпа дейін және есептік температура минус 40°C жоғары болған кезде






Пайдалануға арналған 3 және 4-топтың металлконструкцияларына оларды дәнекерлеусіз күшейту кезінде қандай талаптармен сынау жүргізбеуге жол беріледі ([50]; 20.4-т.)

    1. Кернеу 165 Мпа дейін және есептік температура минус 65°C жоғары болған кезде

    2. Кернеу 175 Мпа дейін және есептік температура минус 75°C жоғары болған кезде

    3. Кернеу 180 Мпа дейін және есептік температура минус 70°C жоғары болған кезде

    4. Кернеу 185 Мпа дейін және есептік температура минус 65°C жоғары болған кезде

    5. Кернеу 185 Мпа дейін және есептік температура минус 75°C жоғары болған кезде






Алюминий қоршау конструкцияларының сығылған симметриялық жүктемелі элементтерінің иілгіштігі қандай мәннен аспауы керек? ([51]; 5.9.-т.)

    1. 100

    2. 120

    3. 150

    4. 70

    5. 130






Алюминий конструкциялар белдіктерінің созылған элементтерінің және фермаларының тіреу көлбеулерінің шекті иілгіштігі ([51]; 5.10-т.)

    1. 300

    2. 200

    3. 100

    4. 400

    5. 500






Күштердің әсеріне қатысты симметриялы емес қималар кезінде алюминий конструкциялардың иілгіштігі қаншаға азайтылуы тиіс ? ([51]; 5.9-т.)

    1. 30 %

    2. 15%

    3. 35%

    4. 25%

    5. 20%






Ең үлкен қаттылық жазығының симметрия жазығымен сәйкес келмеуі жағдайында басты екі жазықта сығылуға және иілуге ұшырағыш тұтасқабырғалы шиыршықтардың орнықтылығына есептік мән ......... ұлғайтылуы тиіс ([51]; 4.22-т.)

    1. 25 %

    2. 20 %

    3. 15 %

    4. 30 %

    5. 35 %






Алюминий конструкциялардың қабырға панельдері (шынылаусыз) элементтерінің салыстырмалы майысулары мына мәнденден аспауы тиіс ([51]; 9.2-т.)

    1. 1/125 (1/100)

    2. 1/250 (1/200)

    3. 1/300 (1/250)

    4. 1/150 (1/125)

    5. 1/200 (1/150)






Шыңдалған немесе жасанды түрде ескілендірілген алюминий конструкциялардың жай-күйі қалай белгіленеді? ([51]; 2.2-т.

    1. Т1

    2. Н

    3. М

    4. Т

    5. Т4






Конструкцияның жұмыс элементтерінде түйіндегі элементті бекітетін, жіктің бір жағына орналасқан тойтармалар саны қанша болуы тиіс? ([51]; 10.18-т.)

1. кемінде екі

2. кемінде үш

3. кемінде төрт

4. кемінде бес

5. кемінде алты






Орнықтылыққа есептеу кезінде жұмыр ағаш материалдардан жасалған элементтер қимасы қайда орналасуы керек? ([52]; 6.5-т.)

1. элементтің есептік ұзындығы ортасында

2. ең көп иілу сәтімен қимасы бойынша

3. элемент диаметрі ең үлкен тіреуде

4. ең аз иілу сәтімен қимасы бойынша

5. элемент диаметрі ең аз тіреуде






Қандай жағдайларда төбе жабын асты төсемдерінің және тор көздердің (ағаш конструкцияларда) беріктігі мен иілгіштігін есептеу керек? ([52]; 6.14-т.)

1. Жүктемелердің бірігуі тұрақты және қардан уақытша болған

2. Жүктемелердің бірігуі тұрақты және қысқамерзімдік болған

3. Жүктемелердің бірігуі уақытша және қысқамерзімдік болған

4. Жүктемелердің бірігуі тұрақты, уақытша және қысқамерзімдік болған

5. Нормаланбайды






Тірек ағаш конструкциялардың іргетастарға, тас қабырғаларға, болат және темір бетон бағаналарға және конструкцияның жылу өткізгіштігі артығырақ материалдардан жасалған элементтеріне тірелуі (олардың тікелей байланысы кезінде) қандай төсем арқылы жүзеге асыралады? ([52]; 6.41-т.)

    1. Гидрооқшаулау төсемдері

    2. Ағаш төсемдер

    3. Металл төсемдер

    4. Жылуоқшаулау төсемдері

    5. Буоқшаулау төсемдері






Фермалардың, бағаналардың сығылған белдіктері, тіреу көлбеулері және тіреулеріқандай шекті иілгіштіктен аспауы керек? ([52]; 4.22-т.)

    1. 120 lмакс

    2. 110 lмакс

    3. 130 lмакс

    4. 115 lмакс

    5. 125 lмакс






Кернеуі 110 кВ ЭБЖ үшін тіреудің негізгі элементтері (тіреу, траверс) үшін жоғарғы кесіндісінде бөрененің диамерті қандай болуы керек? ([52]; 5.33-т.)

    1. Кемінде 18 см

    2. Кемінде 20 см

    3. 16 см аз

    4. 20 см астам

    5. Кемінде 14 см






Нагельдер, астарлар және басқа бөлшектер ағашының ылғалдылығы қанша пайыздан аспауы тиіс? ([52]; 2.3-т.)

    1. 12%

    2. 10%

    3. 15%

    4. 13%

    5. 14%






Ағаш конструкциялардың ашық қосылыстарында металдары өрт кезінде оттың тура әсерінде болуы мүмкін желімделген шиыршықтарды қолдануға жол беріле ме? ([52]; 5.30-т.)

1. жол берілмейді

2. қағылатын ағаш элементтің кемінде екі қалыңдығына және кемінде 15d жол беріледі

3. мердігер құрылыс ұйымымен келісумен жол беріледі

4. уақытша жол беріледі

5. тапсырыс берушінің шешімімен жол беріледі







ЭБЖ тіреулері элементтерінің түйіндесін несіз орындау керек? ([52]; 5.30-т.)

    1. Қосылыстарсыз

    2. Жарықтарсыз

    3. Біріктірусіз

    4. Кесулерсіз

5. Дұрыс жауабы жоқ




Гипсокартон беттер тіреу профильдерге немесе қаңқа білеулеріне қатысты бойлай орналасқан кезде тіреу профильдер мен қаңқа білеулердің қадамын..... тең қабылдау ұсынылады ([53] 5.5.10-т.):

    1. 400 мм

    2. 450 мм

    3. 500 мм

    4. 650 мм

    5. 700 мм






Металл және ағаш тіреу конструкцияларды оттан қорғау қаптауы үшін .......... гипсокартон беттерін пайдалану ұсынылады ([53] 5.6.3-т.)

    1. ГКЛО

    2. ГКЛ

    3. ГКЛВ

    4. ГКЛА

    5. ГКЛВО






Өздігінен оймалы бұрама шегелер гипсокартон беттерге тура бұрыш бойымен кіруі керек және профил қабатына кемінде...... енуі тиіс: ([53] 6.3.15-т.)

    1. 10 мм

    2. 8 мм

    3. 15 мм

    4. 12 мм

    5. 18 мм






Жауаптылықтың жоғары деңгейіндегі ғимараттар үшін ауа саңылаулыаспалы қасбеттер (АСАҚ) конструкциялары материалдарын пайдаланудың нормативтік мерзімі құрайды ([54]; 4.7-т.):

1. Кемінде 30 жыл;

2. Кемінде 40 жыл;

3. Кемінде 10 жыл;

4. Кемінде 50 жыл;

5. Кемінде 60 жыл;






Тірек қаңқа конструкцияларында температураның өзгеруіне материалдардың реакциясын өтейтін және қосымша кедергілердің, деформациялар мен бұзылулардың алдын алатын техникалық шешімдер көзделуі тиіс. Осы мақсатта тік және/немесе/ көлденең бағыттағыштарды ауданы........болатын температуралық блоктарға бөлу керек: ([54]; 6.8-т.)

    1. 25 м2 аспайтын;

    2. 45 м2 аспайтын;

    3. 35 м2 аспайтын;

    4. 65 м2 аспайтын;

    5. 60 м2 аспайтын.






Өздігінен оймалы бұрама шегелердегі қосылыстарға мына ғимараттар үшін ғана жол беріледі: ([54]; 6.10-т.)

    1. Жауаптылықтың III деңгейіндегі, биіктігі екі қабаттан аспайтын;

    2. Жауаптылықтың Ідеңгейіндегі, биіктігі екі қабаттан аспайтын;

    3. Жауаптылықтың II деңгейіндегі, биіктігі үш қабаттан аспайтын;

    4. Жауаптылықтың III деңгейіндегі, биіктігі үш қабаттан аспайтын;

    5. Жауаптылықтың IIдеңгейіндегі, биіктігі екі қабаттан аспайтын;






Жылуоқшаулау қабатын құру үшін 72 сағаттағы сорбциялық ылғалдылық шыны штапельдік талшықтан жасалған жылуоқшаулау бұйымдары үшін ғана МЕМСТ 17177 бойынша ....аспайды: ([54]; 8.1-т.)

    1. 5%;

    2. 10%;

    3. 6%;

    4. 3%;

    5. 15%.






Екі қабаттылық қағидасы бойынша конструкцияланған жылуоқшаулау қабатының ішкі элементі ретінде тығыздығы .......... минералды мақтадан жасалған жылуоқшаулау бұымдарын қолдануға жол беріледі: ([54]; 8.1-т.)

    1. Кемінде 80 кг/м3;

    2. Кемінде 70 кг/м3;

    3. Кемінде 90 кг/м3;

    4. Кемінде 85 кг/м3;

    5. Кемінде 60 кг/м3.






Екі қабаттылық қағидасы бойынша конструкцияланған жылуоқшаулау қабатының ішкі элементі ретінде тығыздығы .......... шыны штапельдік талшықтардан жасалған жылуоқшаулау бұымдарын қолдануға жол беріледі: ([54]; 8.1-т.)

    1. Кемінде 30 кг/м3;

    2. Кемінде 40 кг/м3;

    3. Кемінде 45 кг/м3;

    4. Кемінде 60 кг/м3;

    5. Кемінде 50 кг/м3.






Қабырға бетінің әрбір 2000 м2 қабырға конструкцияларына бекіту элементтеріне жол берілетін іскектеу жүктемелеріне сынақ жүргізу үшін нүктелер саны ...... құрауы тиіс: ([54]; 12.4.4-т.)

    1. Кемінде 15;

    2. Кемінде 20;

    3. Кемінде 10;

    4. Кемінде 25;

    5. Кемінде 30.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет