3.1. Жобаларды сараптау. Қала құрылысы.
3.1.3. 3-нұсқа
-
Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
№ 1 сұрақ
Егер орындаушы шартта белгіленген мерзімде тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенсе, ал тапсырысшы орындаушыға жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенсе, шарттың түрін анықтаңыз ([1],651-баптың 1-тармағы):
-
құрылыс мердігерлігі шарты;
-
мердігерлік шарт;
-
тұрмыстық мердігерлік шарт;
-
тауар жеткізілімінің шарты;
-
келісім-шарт жасасу шарты.
№ 2 сұрақ
Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне жатады: ([1],616-баптың 3-тармағы):
-
құрылыс мердігерлігі;
-
автомобильдік мердігерлік;
-
құрылыс-жол мердігерлігі;
-
жоба мердігерлігі;
-
құрылыс-монтаждау мердігерлігі.
№ 3 сұрақ
Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егербұл абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқса, жазалау түрін атаңыз ([2],277-баптың 3-бөлімі):
-
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыру;
-
айыппұл салу;
-
түзеу жұмыстары;
-
бас бостандығын шектеу;
-
өлім жазасы.
№ 4 сұрақ
Объектілерді тұрғызу және реконструкциялау кезінде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамасынсыз жүргізу мынадай әкімшілік жазалау түрлеріне әкеп соғады ([3], 314-бап):
-
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрумен әкімшілік айыппұл салуға және лицензиядан айырумен және жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрумен әкімшілік айыппұл салуға;
-
әкімшілік қамаққа алуға және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге;
-
қызметті тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға және заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзуға;
-
ескертуге және арнайы құқықтан айыруға;
-
арнайы құқықтан айыруға және рұқсаттан айыруға немесе оның қолданысын тоқтата тұруға, сондай-ақ тізілімнен алып тастауға.
№ 5 сұрақ
Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірі ([4], 4-бап):
-
рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі;
-
кінәсіздік презумпциясы;
-
шарт тараптарының сот алдындағы теңдігі;
-
заңдылық;
-
жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.
№ 6 сұрақ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік мүдделер, бұл -([5], 3-бап, 1-тармақтың 1) тармақшасы):
1) тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерi;
2) жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерi;
3) тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың мүдделерi;
4) Қазақстан Республикасы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы шетелдік ұйымдардың мүдделері;
5) жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.
№ 7 сұрақ
Республикалық, аймақаралық және аймақтық инженерлік және көлік жүйелерінің бекітілген схемалары мыналар үшін негіз болып табылады ([5], 11-баптың 8-тармағы):
-
жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзірлеуге, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету мен елді мекендерді жайғастыру жүйесін дамытуға (дамытуға жақын) бағытталған қызметке;
-
Қазақстан Республикасының елді мекендерінде спорттық инфрақұрылымдар объектілері құрылысына;
-
ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдарды дамытуға;
-
құрылысы жоспарланатын көппәтерлі тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге;
-
жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ
№ 8 сұрақ
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың (сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының құзыреті шегінен шығатын жағдайларды шешу үшін тартылған) заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген ұйғарымдары, нұсқаулары мен өзге де шешiмдерi ([5], 31-баптың 3-тармағы):
1) Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi;
2) барлық мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар үшін міндетті;
3) Қазақстан Республикасы аумағында ғимараттар мен құрлыстар салушы жеке және заңды тұлғалар үшін ғана міндетті;
4) құрылысұйымдарының жұмыскерлері үшін ғана міндетті;
5) міндетті емес және ұсыныс сипатында.
№ 9 сұрақ
Авторлық қадағалау қандай мерзім ішінде міндетті түрде жүзеге асырылады? ([5], 34-баптың 2-тармағы):
-
объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің) немесе аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялаудың бүкіл кезеңі ішінде;
-
жобалау кезеңінде;
-
тіреу қабырғаларды тұрғызу мерзімінде;
-
құрылысты аяқтау кезеңінде;
-
макетті құру кезеңінде.
№ 10 сұрақ
Рекреациялық аймақтың аумағына орналастыруға (салуға) ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ ([5], 51-баптың 3-тармағы):
-
жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қойма объектілерін, рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысы жоқ тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды;
-
бақтарды, орманды парктерді, парктер мен скверлерді;
-
зоопарктерді, су тоғандарын, жағажайларды, аквапарктерді;
-
ландшафттық сәулетобъектілерін;
-
көңіл көтеру және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды.
№ 11 сұрақ
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады ([6], 2-баптың 2-тармағы):
-
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген,заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер;
-
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген,заңдарда белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттер;
-
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде көзделген, заңдарда белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттер;
-
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңында көзделген, заңдарда белгіленген қылмыстық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттер;
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген, заңдарда белгіленген еңбек және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттер.
№ 12 сұрақ
Қазақстан Респуликасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы міндеттерінің бірі ([7],3-тармақтың 3) тармақшасы):
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық даму бағдарламалары бойынша өңіраралық және салааралық мемлекеттік мүдделерді үйлестіру;
-
құрылыс, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсатында картографтық-геодезиялық қорды пайдалану үшін инженерлік іздестірулер жүргізу;
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне негіздеме, болжамдар, құжаттар жасау;
-
қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу, келісу, сараптау және белгіленген тәртіппен бекіту;
-
жаңа құрылыс, ғимарат, имарат, инженерлік және көлік коммуникцияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын кеңейту, техникалық қайта жарақтау, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу.
№ 13 сұрақ
Меншік иесі салынған объектіні өз бетінше қабылдаған кезде мынаның болуы талап етіледі ([8], 3-тармақтың 3) тармақшасы):
-
тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттарының;
-
тапсырыс беруші мен мердігердің арасында шарттың;
-
салынған объектінің техникалық паспортының;
-
мердігердің банктік қарызының болмауы туралы анықтама;
-
тапсырыс берушінің салықтық берешегінің болмауы туралы анықтама.
№ 14 сұрақ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасынданеше аумақтық деңгейдегі бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі? ([9], 3-тармақ):
-
үш аумақтық деңгейдегі;
-
төрт аумақтық деңгейдегі;
-
бес аумақтық деңгейдегі;
-
алты аумақтық деңгейдегі;
-
жеті аумақтық деңгейдегі.
№ 15 сұрақ
Тапсырыс беруші инжинирингтік қызметтерді көрсету үшін тартады([10], 3-тармақ):
-
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны не өзінің құрамында тиісті аттестатталған сарапшылары бар ұйымды;
-
құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясы бар ұйымды;
-
іздестіру қызметіне лицензиясы бар ұйымды;
-
жобалау қызметіне лицензиясы бар ұйымды;
-
үлесшілердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру бойынша қызметке лицензясы бар ұйымды.
-
Нормативтік техникалық құжаттар бойынша сұрақтар
№16 сұрақ
Белгіленген объекті үшін негізгі бастапқы деректерді, белгіленген өлшемдерді, инженерлік қамтамасыз ету көздерін, құрылыстың жобаланатын объектісіне пайдалану сипаттамаларын және өзге талаптарды, күрделіліктерді, сатылықты және жобалау мерзімдерін белгілейтін; тапсырыс беруші құрастыратын, бекітетін және шарт жасасу кезінде жобалау ұйымына берілетін құжат ([18], А қосымшасы)
-
жобалауға тапсырма
-
сәулет-жобалау тапсырмасы
-
жоба паспорты
-
жоба нобайы
-
ғимараттың энергетикалық паспорты
№17 сұрақ
ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы қолданылады ([18], 1.1-т.):
-
жаңа объектілерді салуды және (немесе) бар объектілерді өзгертуді (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтауды, реконструкциялауды, реставрациялауды, күрделі жөндеуді) қоса алғанда құрылыстың жобалық құжаттамасына;
-
жобалау алдындағы құжаттамаға(оның ішінде техникалық-экономикалық негіздемеге);
-
қала құрылысы жобаларына;
-
аулалық типтегі аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының жобаларына, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің ғимараттарында немесе оның бөліктерінде пәтерлерді және өзге жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жоспарлауға (реконструкциялауға, қайта жабдықтауға)
-
эксперименттік құрылысқа жобалық құжаттамаға
№18 сұрақ
Мемлекеттік инвестиция немесе оның қатысуы есебінен жүзеге асырылатын құрылысқа жобалық құжаттаманы бекіту (қайта бекіту) қалай жүргізіледі? ([18], 7.6-т.)
-
тиісті мемлекеттік органның немесе өзге уәкілетті заңды тұлғаның бұйрығымен
-
Мемлекеттік сараптау жүргізуге Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның бұйрығымен
-
жобалау ұйымының (жоба әзірлеушісінің) шешімімен
-
республикалық немесе жергілікті бюджеттік комиссияның шешімімен
-
құрылысқа шарт жасасқан бас мердігерлік ұйымның шешімімен
№ 19 сұрақ
Заңнамаға сәйкес әзірленген және бекітілген жобалық құжаттамажарамды: ([18], 7.11-т.)
-
оның бекітілу кезінен бастап үш жыл ішінде
-
сараптаманыңоң қорытындысын алған кезден бастап үш жыл ішінде
-
құрылыстың басталған кезінен бастап үш жыл ішінде
-
оның бекітілу кезінен бастап екі жыл ішінде
-
оның бекітілу кезінен бастап бес жыл ішінде
№20 сұрақ
Екі сатылы жобалау кезінде жобаның қай сатысы сараптамаға және бекітуге жатады? ([18], 7.5-т.)
-
«жоба» сатысы (Ж)
-
«жұмыс жобасы» (ЖЖ) сатысы
-
«жұмыс құжаттамасы»(ЖҚ) сатысы
-
«жоба» (Ж) және «жұмыс жобасы» (ЖЖ) сатылары
-
«жұмыс жобасы» (ЖЖ) және «жұмыс құжаттамасы» (ЖҚ) сатылары
№21 сұрақ
Жұмыс құжаттамасы құрамына кірмейді және егер бұл Шартта көзделсе, тапсырыс берушіге берілуі мүмкін.....([18], 12.3-т.)
-
мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтер
-
азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар
-
айрықша мәнді объектілер, үлкен аралықты құрылыстар және биік ғимараттар, олардың кешені үшін кешенді қауіпсіздікті және терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету жүйесі
-
жобаның энергетикалық паспорты
-
құрылысты ұйымдастыру
№22 сұрақ
Жобалық құжаттаманың құрамына кірмейді және жеке шарт бойынша әзірленеді… ([18], 12.4-т.)
-
түйіндесу тораптарының жұмыс сызбалары және металл конструкциялардың егжей-тегжейлі сызбалары (МКЕ) және технологиялық құбырлардың, стандартты емес (типтік емес) құрылғылардың, конструкциялардың, элементтердің жұмыс сызбалары;
-
азаматтық қорғаныс бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар
-
айрықша мәнді объектілер, үлкен аралықты құрылыстар және биік ғимараттар, олардың кешені үшін кешенді қауіпсіздікті және терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету жүйесі
-
жобаның энергетикалық паспорты
-
құрылысты ұйымдастыру
№23 сұрақ
«Сметалық есеп-қисап» ұғымына анықтама беріңіз ([18], А қосымшасы)
1. тапсырыс берушінің шығындарын қоспағанда, жобада көзделген барлық объектілерді пайдалануға енгізу үшін қажетті құрылыстың сметалық жалпы құнын анықтайтын сметалық құжаттама
2. объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер мен коммуникациялар) құрылысының және олардың кезектерінің сметалық құнын анықтауға арналған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама құрамында әзірленетін арнайы бөлім
3. мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалатын және осы құрылысты жоспарлау мен қаржыландыруға негіз болып табылатын құрылыстың жалпы сметалық құнын (мердігердің және тапсырыс берушінің шығындарын қоса алғанда) анықтайтын сметалық құжаттама
4. құрылыстың жалпы сметалық құнын анықтайтын және кешендер құрамындағы түрлі мақсаттағы объектілер құрылысына жиынтық сметаларды біріктіруші сметалық құжаттама
5. инвестициялаудың мақсаты, инвестицияның тиімділігі негіздемесі сипатталған негізгі бастапқы деректер бар жобалау алдындағы құжаттама
№ 24 сұрақ
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың қолданылу мерзімі:([19], 6.2.6-т.)
-
ЖСҚ құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының тұтас мерзімі ішінде
-
уақыт кезеңіне қарай құрысы салушының (тапсырыс берушінің) өтініші есепке алынып белгіленеді
-
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес белгіленеді
-
үш жылдан артық емес
-
күнтізбелік жылдың соңына дейін
№ 25 сұрақ
Техникалық-экономикалық негіздеме деп не аталады? ([20], А қосымшасы)
1. инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық өлшемдері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жобалау алдындағы құжаттама.
2. жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструктивтік, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi;
3. жобалаудың түрлі сатыларында орындалған мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, олардың құрамы және мазмұны жобалаудың сатысы мен объектісіне қарай тиісті нормативтік құжаттармен регламенттеледі және жобалау жұмыстарына шарт (келесім-шарт) жасаған кезде нақтыланады.
4. объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер.
5. белгіленген объекті үшін негізгі бастапқы деректерді, белгіленген өлшемдерді, инженерлік қамтамасыз ету көздерін, құрылыстың жобаланатын объектісіне пайдалану сипаттамаларын және өзге талаптарды, күрделіліктерді, сатылықты және жобалау мерзімдерін белгілейтін құжат
№ 26 сұрақ
Жобалық құжаттама деп не аталады? ([20], А қосымшасы)
1. жобалаудың түрлі сатыларында орындалған мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, олардың құрамы және мазмұны жобалаудың сатысы мен объектісіне қарай тиісті нормативтік құжаттармен регламенттеледі және жобалау жұмыстарына шарт (келесім-шарт) жасаған кезде нақтыланады.
2. инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті, сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық өлшемдері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жобалау алдындағы құжаттама.
3.жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструктивтік, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi.
4. объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер.
5. белгіленген объекті үшін негізгі бастапқы деректерді, белгіленген өлшемдерді, инженерлік қамтамасыз ету көздерін, құрылыстың жобаланатын объектісіне пайдалану сипаттамаларын және өзге талаптарды, күрделіліктерді, сатылықты және жобалау мерзімдерін белгілейтін құжат
№ 27 сұрақ
ТЭҚ әзірлеуге шарттың ажырамас бөлігі не болуға тиіс (20], 3.1-т.)
-
ТЭН әзірлеуге тапсырма
-
жұмыстарды орындау кестесі
-
жоба бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер
-
төлеу жүргізу кестелері
-
барлық тізбеленгендер
№ 28 сұрақ
Сәулет шешімдері мен құрылыс конструкцияларын біріктіретін жұмыс сызбалары кешенінің ұсынылатын маркасы – …([37], А қосымшасы)
-
АС
-
АР
-
АИ
-
АК
-
АЗ
№ 29 сұрақ
Жұмыс сызбаларының негізгі жинақтарыведомості ненің жалпы деректер парағында келтіріледі? ([37], 4.2.8-т.)
1. жетекші марканың негізгі жинағының
2. түсіндірме жазбаның
3. жұмыс сызбаларының әрбір жинағында
4. нормаланбайды
5. сәулет шешімдері бөлімінде
№ 30 сұрақ
Нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесіне халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес (ТМД, ЕурАзЭҚ және Кеден одағы шеңберінде) Қазақстан Республикасының аумағында ненің қолданысқа енгізілуі қосылмайды? ([21], 6.2-т.)
1. құрылыс нормалары және ережелері – ҚНжЕ
2. мемлекетаралық техникалық регламент:
3. мемлекетаралыққұрылыс нормалары – МҚН;
4. қағидалардың мемлекетаралықжиынтығы – ҚМЖ
5. құрылыстағы мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ
№ 31 сұрақ
Қандай нормативтік-техникалық құжат құрылыс нормаларының дамуына және міндетті талаптарын қамтамасыз етуге немесе міндетті нормалармен регламенттелмейтін жеке мәселелер бойынша практикада тексерілген ережелерді белгілемейді? ([21], 6.6-т.)
1. ҚР ҚН
2. ҚР ҚЖ
3. ҚР ТЖН
4. ҮЖ
5. МҚН
№ 32 сұрақ
Құрылыс нормалары міндетті негізде қолдануға арналған және оларда мыналар болмауы тиіс ([21], 7.4-т.)
-
технологиялық процестерге қойылатын талаптар
-
стандарттау және сертификаттау бойынша негізгі талаптар
-
құрылыс өнімінің қажетті сапасын қамтамасыз ету бойынша негізгі талаптар
-
жоспарлау және құрылыс салу бойынша негізгі талаптар
-
экономика және баға белгілеу бойынша қағидаттық ережелер
№ 33 сұрақ
Еурокодтарға қатысы бойынша бірегей нормативтік құжаттарды атаңыз ([21], 7.7-т.)
-
ҚР ҚН EN
-
ҚР ҚН ИСО
-
ҚР ҚНжЕ
-
ҮЖ
-
МҚН
№ 34 сұрақ
Мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің бірінші кезеңі неден тұрады? ([21], 8.3-т.)
-
мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастырудан
-
мемлекеттік нормативтің жобасын және бірінші (қажет болған жағдайда кейінгі, аралық) редакциясын әзірлеу, нормативтің бағытына сәйкес жетекші ұйымнан пікірлер және қорытынды алудан
-
әзірлеушінің түпкілікті редакциясында мемлекеттік нормативтің жобасын дайындау, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсынудан
-
мемлекеттік нормативті қарастыру, қабылдау (бекіту) және тіркеуден
-
мемлекеттік нормативті басып шығарудан
№ 35 сұрақ
Мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің екінші кезеңі неден тұрады? ([21], 8.3-т.)
-
мемлекеттік нормативтің жобасын және бірінші (қажет болған жағдайда кейінгі, аралық) редакциясын әзірлеу, нормативтің бағытына сәйкес жетекші ұйымнан пікірлер және қорытынды алудан
-
мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастырудан
-
мемлекеттік нормативтің жобасын әзірлеушінің түпкілікті редакциясында дайындаудан, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсынудан
-
мемлекеттік нормативті қарастыру, қабылдау (бекіту) және тіркеуден
-
мемлекеттік нормативті басып шығарудан
№ 36 сұрақ
«Міндетті ереже» ұғымына анықтама беріңіз. ([21], А қосымшасы)
-
Міндетті түрде орындауға жататын ереже (норма немесе қағида)
-
Кеңес және нұсқау болатын ереже (норма немесе қағида)
-
Өнімнің, процестің немесе қызметтің оларды қолдану кезінде немесе онымен байланысты өзін көрсетуіне қатысты мақсатқа сәйкестігі туралы ереже
-
Өнімнің, процестің немесе қызметтің сипаттамасына қатысты міндетке сәйкестік туралы ереже
-
Орындалуы тиісті әрекетті сипаттайтын ереже
№ 37 сұрақ
«Ұсынылатын ереже» ұғымына анықтама беріңіз. ([21], А қосымшасы)
1. Кеңес және нұсқау болатын ереже (норма немесе қағида)
2. Орындалуы тиісті әрекетті сипаттайтын ереже
3. Өнімнің, процестің немесе қызметтің оларды қолдану кезінде немесе онымен байланысты өзін көрсетуіне қатысты мақсатқа сәйкестігі туралы ереже
4. Өнімнің, процестің немесе қызметтің сипаттамасына қатысты міндетке сәйкестік туралы ереже
5. Міндетті түрде орындауға жататын ереже (норма немесе қағида)
№ 38 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардың магистральдық көшелердің қызыл сызықтарынан шегінісін көрсетіңіз ([22], 7.1-т.)
1. 6 м
-
10 м
-
3 м
-
5 м
-
8 м
№ 39 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардың тұрғын көшелердің қызыл сызықтарынан шегінісін көрсетіңіз. ([22], 7.1-т.)
-
3 м
-
10 м
-
6 м
-
5 м
-
8 м
№ 40 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде жерүстікөлік қою орындары үшін автотұрақтарда бір автомобиль қоюға арналған учаске ауданын көрсетіңіз ([22],11.3-т., 11.3-кесте, 11.1-кесте)
-
25-30 м2
-
30-37 м2
-
18-25 м2
-
20-25 м2
-
25-37 м2
№ 41 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезіндекөпқабатты немесе жерасты көлік қою орындары үшін автотұрақтарда бір автомобиль қоюға арналған учаске ауданын көрсетіңіз. ([22], 11.3-кесте, 11.3-кесте, 11.1-кесте)
-
30-37 м2
-
25-30 м2
-
18-25 м2
-
20-25 м2
-
25-37 м2
№ 42 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезіндеөрт сөндіру депосының қызмет көрсету радиусы қаншаға тең?([22], 16.7-т.)
-
3 км артық емес
-
10 км артық емес
-
5 км артық емес
-
12 км артық емес
-
7км артық емес
№ 43 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезіндеорамның (шағынауданның) нормаланатын аумағы мөлшерін көрсетіңіз. ([22], 5.10-т.)
-
10-100 га
-
10-50 га
-
50-150 га
-
50-100 га
-
10-200 га
№ 44 сұрақ
Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу кезіндетұрғын аудан аумағының мөлшерін көрсетіңіз. ([22], 5.21-т.)
-
100-300 га
-
10-100 га
-
50-100 га
-
150-500 га
-
50-150 га
№ 45 сұрақ
Аса ірі және ірі қалалар үшін жерасты кеңістігіндегі құрылыс салудың жиынтық қабаттық ауданы қандай болуы қажет? ([22] 8.38-т.)
1. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 10% дейін
2. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 30% дейін
3. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 20% дейін
4. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 5% дейін
5. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 15% дейін
№ 46 сұрақ
Аралық аудандардағы аса ірі және ірі қалалар үшін жерасты кеңістігіндегі құрылыс салудың жиынтық қабаттық ауданы қандай болуы қажет? ([22], 8.38-т.)
1. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының20% дейін
2. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 10% дейін
3. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының30% дейін
4. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 5% дейін
5. құрылыс салудың жерүсті бөлігінің жиынтық қабаттық ауданының 15% дейін
№ 47 сұрақ
Сұйық отын сақтауға арналған жерасты резервуары бар АЖС-тан мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп интернаттардың, стационарлы емдеу мекемелерінің жер учаскелері шекараларына немесе тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларына дейінгі арақашықтықты көрсетіңіздер: ([22], 11.33-т.)
-
кемінде 50 м
-
100 м
-
кемінде 75 м
-
100 метрден бастап
-
50 м
№ 48 сұрақ
Жақын маңдағы жерасты инженерлік желілерден ғимараттар мен құрылыстардың іргетасына дейінгі көлденең (жарықтағы)арақашықтық қандай? ([22], 12.57-т., 12.5-кесте)
-
5 м
-
кемінде 10 м
-
3 м
-
7 м
-
2 метрден бастап
№ 49 сұрақ
Ғимарат пен құрылыстың сыртқы қабырғасынан ағаштардың діңіне дейінгі арақашықтық қандай болып қабылдануы тиіс? ([22], 9.15-т. 9.2-кесте)
-
5 м
-
1,5 м
-
2 м
-
4 м
-
3 м
№ 50 сұрақ
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін таңдауды қандай құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет?([22], 9.15-т. 12.2-кесте)
-
МЕМСТ 2761-84 Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері. Гигиеналық, техникалық талаптар және таңдау ережесі
-
ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 сумен жабдықтауе. Сыртқы желілер және құрылыстар.
-
ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 Ғимараттың ішкі су құбыры және кәрізі.
-
МЕМС 14098-91 Темір-бетон конструкцияларының арматурасымен орналастырлатын бұйымдарының дәнекерлеу қосылыстары
-
ҚР СТ 21.613-2002 Қуат беру электр жабдықтары
№ 51 сұрақ
Қала аумақтарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы кіммен келісіледі? ([23], 4.1.3.11.33-т.)
1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, санитарлық-эпидемиялогиялық және өрт қауіпсіздігін қадағалаудың қалалалық және облыстық органдарымен, сәулет және қала құрылысы істері бойынша жергілікті органмен, жобаға тапсырмада анықталған басқа ұйымдармен және сәулет, қала құрылысы істері бойынша жергілікті орган жүргізетін кешенді сараптаудан кейін тиісті қалалық (республикалық бағыныстағы), облыстық атқарушы органдар бекітеді
2. қалалық өкілетті ұйымдармен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, аудандық және облыстық денсаулық сақтау органдарымен, жер ресурстары, сәулет және қала құрылысы басқармасымен
3. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдарымен,аудандық, қалалық және облыстық денсаулық сақтау, органдарымен,жер ресурстары, сәулет және қала құрылысы басқармасымен
4. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегіуәкілетті мемлекеттік органмен, шектес аумақтардың облыстық атқарушы органымен және жобалауға тапсырмада айқындалған басқа ұйымдармен
5. кенттік және ауылдық атқарушы органдармен, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдарымен, санитарлық-эпидемиялогиялық және өрт қауіпсіздігін қадағалаудың аудандық органдарымен, сәулет және қала құрылысының облыстық органдарымен
№ 52 сұрақ
Қала құрылысы жобаларының бекітілетін бөліктерін көрсетіңіздер.([23], 4.1.3.1.24-т.)
-
Қабылданған жобалық шешімдердің қысқаша мазмұны берілген негізгі ережелер, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер
-
Қабылданған жобалық шешімдердің қысқаша мазмұны берілген негізгі ережелер ғана
-
Міндетті ережелер ғана
-
Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер ғана
-
Жобалау жоспарының схемалық сызбасы ғана
№ 53 сұрақ
Бекітілген қала құрылысы жобасына кімнің өзгеріс енгізуіне жол беріледі? ([23], 4.1.3.1.17-т.)
-
Қала құрылысы жобасын бекіткен органның
-
ҚР Үкіметінің
-
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі атқарушы органның
-
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық атқарушы органның
-
Барлығы дұрыс
№ 54 сұрақ
Магистральдық көшелер мен жолдардың, сыртқы және қала көлігінің схемаларында не көрсетіледі?([23], 4.1.3.7.14-т.)
-
қаланың, басқа елді мекеннің жобалық шеакаралары; қалалық магистральдар және жолдар, олардың жіктелуі, негізгі кенттік және тұрғын көшелер (схеманың масштабына қарай), теміржолдар, су көлігі күрежолдары, көліктік аумақтар мен құрылыстар
-
негізгі инженерлік магистральдық желілер (құбырлар) және құрылыстар
-
табиғи процестер қолайсыздығының байқалу аймақтары (су басу, су тасқыны, жыралардың пайда болуы және басқа); қорғанудың инженерлік-техникалық іс-шараларын өткізу учаскелері
-
ортаны ластау көздері және олардың санитарлық-қорғаныс аймақтары
-
табиғат ескерткіштерін, жылжымайтын тарих, мәденит және сәулет ескерткіштері; санитарлық-қорғаныс аймақтары
№ 55 сұрақ
Қалаларды және ауылдық елді мекендерді салу жобасының графикалық материалы қандай масштабта орындалады? ([23], 4.1.3.10.5-т.)
-
М 1:500 немесе 1:1000
-
М 1:50 немесе 1:100
-
М 1:5000 немесе 1:10000
-
М 1:100 немесе 1:5000
-
М 1:200 немесе 1:2000
№ 56 сұрақ
Қала құрылысы құжаттамасының бекітілетін бөлігі не болып табылатынын көрсетіңіз: ([23], 4.1.3.1.24-т.)
-
Қабылданған жобалық шешімдердің қысқаша мазмұны берілген негізгі ережелер, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер, жобалық жоспардың схемалық сызбасы
2. Қабылданған жобалық шешімдердің қысқаша мазмұны берілген негізгі ережелер ғана
3. Міндетті ережелер ғана
4. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер ғана
5. Жобалау жоспарының схемалық сызбасы ғана
№ 57 сұрақ
Қала құрылысы құжаттамасы ненің құрамдас бөлігі болып табылады? ([23], 4.1.3.1.26-т.)
-
Қала құрылысы кадастрының
-
Қала құрылысы схемасының
-
Қала құрылысы жобасының
-
Құрылыс салудың қала құрылысы жоспарының
-
Құрылыс салудың қала құрылысы тапсырмасының
№ 58 сұрақ
Аумақты заманауи қолдану жоспарында және жобалық жоспарда және негізгі сызбада көрсетілмейді:([23], 4.1.3.4.9-т.)
-
Орналасқан пайдалы қазба аймақтары
-
Облыстардың, аудандардың, ауылдық (селолық) округтардың әкімшілік-аумақтық шекаралары
-
Қалалардың қала маңы аймақтары
-
Қалалар және ауылдық елді мекендер
-
Қаланың және ауылдық елді мекеннің шекарасынан тыс орналасқан ірі өнеркәсіптік объектілер
№ 59 сұрақ
Өңірлердің табиғи-экологиялық қаңқасы схемасында көрсетіледі: ([23], 4.1.3.5.16-т.)
-
Аумақты функционалды қолдану
-
Аумақтың радиоактивтік дәрежесі
-
Аумақтың өмір сүруге жарамдылығы
-
Қалалардың қоныстану тығыздылығы
-
Құстардың миграциясы схемасы
№ 60 сұрақ
Аумақтық даму схемаларын және жоспарларын, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге тапсырманың негізгі талаптарына не кірмейді? ([23], 4.1.3.1.31-т.)
-
Схемалар мен жобаларды 30 күн мерзімінде ұсыну
-
Жобаланатын объектінің атауы
-
Жобалау үшін негіздеме
-
Әзірлеуге қатысушылар құрамы, оның ішінде бас мердігер
-
Ұсынылатын материалдардың мазмұны мен нысанынан қойылатын негізгі талаптар.
№ 61 сұрақ
Тірек жоспар, жобалық жоспар (негізгі сызба) қандай масштабта көрсетіледі? ([23], 4.1.3.3.12-т.)
-
Объектінің ерекшелігіне қарай нақтылануы мүмкін.
-
М 1:1000000 немесе М 1:300000
-
М 1:50 немесе 1:100
-
М 1:5000 немесе 1:10000
-
М 1:100 немесе 1:5000
№ 62 сұрақ
Қала аумағында жасылдандырудың қандай әртүрлі тәсілдері мен нысандары қолданылады? ([24] 4.1.2.3-т.)
-
Стационарлық, мобильдікжәне ықшам
-
Мобильдік және стационарлық
-
Ықшам жәнемобильдік
-
Жергілікті және мобильдік
-
Барлық жауаптар дұрыс
№ 63 сұрақ
Жылу трассалары қолданысы аймақтарына ағаш отырғызған кезде жылу трассасының осінен екі жаққа қарқынды қыздырудың қандай арақашықтығында топырақтың қызуы факторын есепке алу қажет? ( [24] 4.1.2.8-т.)
-
2м дейінгі
-
1,5м дейінгі
-
3м дейінгі
-
1м дейінгі
-
4м дейінгі
№ 64 сұрақ
Қаланың қалыптасқан аумағын реконструкциялау жағдайында баспалдақтарды жобалау кезінде сатылардың биіктігі 150 мм дейін ұлғайтылуы, ал сатылардың ені және алаңның ұзындығы қаншаға дейін азайтылуы мүмкін? ([24] 4.1.4.4-т.)
-
300мм және сәйкесінше1,0м дейін
-
250мм және сәйкесінше1,0м дейін
-
300мм және сәйкесінше 1,2м дейін
-
270мм және сәйкесінше1,0м дейін
-
300мм және сәйкесінше1,1м дейін
№ 65 сұрақ
Пандустың бұрылысы болған кезденемесе оның ұзақтығы 9м артық болған кездеәрбір 9м сиретпей мөлшері қанша болатын көлденең алаңдар көзделуі тиіс?([24] 4.1.4-т.)
-
1,5х1,5
-
1,5х1,3
-
1,2х1,5
-
1,3х1,5
-
1,5х1,4
№ 66 сұрақ
Мектеп жасындағы балаларға арналған ойын алаңдарының оңтайлы мөлшері: ([24] 4.1.12.2.5-т.)
-
100-300м2
-
100-250м2
-
80-220м2
-
120-320м2
-
110-260м2
№ 67 сұрақ
Кешенді ойын алаңдарының оңтайлы мөлшері ([24] 4.1.12.2.5-т.)
-
900-1600м2
-
950-1600м2
-
800-1700м2
-
600-1500м2
-
900-1500м2
№ 68 сұрақ
Рекреациялық жүктемесі 100 адам/га астам болатын рекреация объектілеріқұрамындағы негізгі жүргіншілер коммуникациялары орындықтар мен урналар орнатуға арналған алаңдармен жабдықталуы тиіс, осындай алаңдарбір-бірінен қандай арақашықтықта болуға тиіс? ([24] 4.1.13.9)
-
Әрбір 100м
-
Әрбір 120м
-
Әрбір 50м
-
Әрбір 150м
-
Әрбір 200м
№ 69 сұрақ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумағында демалуға және спортпен айналысуға арналған жайлы алаңдардың мөлшерін қандай есеппен қабылдау ұсынылады? ([23], 4.1.3.4.18-т.)
-
саны ең көп ауысымдағы 1 адамға 1 м2 асырмай
-
саны ең көп ауысымағы 1 адамыға 0,8 м2 асырмай
-
саны ең көп ауысымдағы 1 адамға кемінде 1,5 м2
-
жұмыскерлер персоналының санына қарамастан 100 м2 асырмай
-
саны ең көп ауысымдағы 1 адамға кемінде 1 м2
№ 70 сұрақ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумағында демалуға және спортпен айналысуға арналған жайлы алаңдарды қандай орындарда орналастыру көзделуі керек? ([23], 4.1.3.4.18-т.)
-
атмосфераға ластаушы заттарды шығаруы мүмкін өндірісі бар ғимараттарға қатысты жел жағына
-
кез келген орынға.
-
атмосфераға ластаушы заттарды шығаруы мүмкін өндірісі бар ғимараттарға қатысты ық жағына.
-
әкімшілік ғимараттарға жақын
-
регламенттелмейді
№ 71 сұрақ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының (өрт сөндіру жыралары) арасындағы арақашықтық қандай жағдайларда нормаланбайды? ([23], 4.2.3.2-т. және 4-кесте)
-
егер биік және енді ғимараттың немесе құрылыстың басқа ғимарат жағына шығып тұратын қабырғасы өртке қарсы 1-типті кедергі болып табылса.
-
егер ғимарат өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталса
-
егер Всанаттағы ғимараттарда өрттің салыстырмалы жүктемесі қабаттың 1 м2 аумағына кемінде 10 кг немесе соған тең болса
-
егер кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың аумағы өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жабдықталса
-
ғимараттың немесе құрылыстың 1м астам болатын шығыңқы конструкциялары болған кезде
№ 72 сұрақ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын абаттандыру кезінде ағаштарды (ұшар басының диаметрі 5 м аспайтын) ауыл шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстары қабырғаларының сыртқы қырынан қандай арақашықтықта отырғызу керек? ([23], 4.1.3.4.16-т.)
-
ағаштардың осіне дейін5 м
-
ағаштардың осіне дейін 3 м
-
көлденең жазықтықтағы ағаштардың ұшар басы кескіне дейін 3 м
-
көлденең жазықтықтағы ағаштардың ұшар басы кескіне дейін 5 м
-
регламенттелмейді
№ 73 сұрақ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын абаттандыру кезінде гүлзарларды орнату кезінде жасыл көшеттердің ені кемінде қанша болуға тиіс? ([23], 4.1.3.4.17-т.)
-
1 м.
-
1,5 м.
-
2 м.
-
0,5 м.
-
0,8 м.
Достарыңызбен бөлісу: |