Жер беті газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газ берудің қайта қалпына келгенін хабарлау. ГРП, ШРП дан тыс орнатылған манометрлер, шырақтарды бөлшектеу, компрессорды тарақшадан ажырату. Штуцерді бөлшектеу. Қолданыстағы газ құбырларына штуцерді пісіруде штруцерді болат тығынмен жабу және дәнекермен пісіру. Газ құбырын жөндеуге дейінгі және кейінгі аймағыда ажырату құрылғысын жабу.
Ажыратылғаннан кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі және кейінгі аймақтарындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және қолданыстағы газ құбырын қалыпты қысым (төменгі қысым желісінде) газымен немесе 0,1 МПа дан артық емес (жоғары қысым желілерінде) қысыммен ауаны толық ығыстырып шығарғанынша үрлеу.
Қысым төмендетілгеннен кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі аймағындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және ГРП, ШРП немесе тұтынушылар манометрлері бойынша газ қысымының жоғарылауын бақылау.
Ажыратқыш құрылғысының тығыз бекітілгендігін тексеру.
Жер асты газ құбыры жұмысының мазмұны: Тұтынушыларға газ берудің қайта қалпына келгенін хабарлау. Құдықты газдылыққа тексеру, қақпағын ашу және желдету. Құдыққа түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Құдыққа түсу. манометрлер, шырақтарды бөлшектеу, компрессорды тарақшадан ажырату. Штуцерді бөлшектеу. Қолданыстағы газ құбырларына штуцерді пісіруде штруцерді болат тығынмен жабу және дәнекермен пісіру. Тығындарды алу және фландық қосылысының болттарын қатайту.
Ажыратылғаннан кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі және кейінгі аймақтарындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және қолданыстағы газ құбырын қалыпты қысым (төменгі қысым желісінде) газымен немесе 0,1 МПа дан артық емес (жоғары қысым желілерінде) қысыммен ауаны толық ығыстырып шығарғанынша үрлеу.
Қысым төмендетілгеннен кейін газ беруді қайта қалпына келтіру кезінде жөндеу жұмыстарына дейінгі аймағындағы ажыратқыш құрылғысын ашу және ГРП, ШРП немесе тұтынушылар манометрлері бойынша газ қысымының жоғарылауын бақылау.
Қосылыстардың тығыз бекітілгендігін тексеру.
Кесте 4.29 – Газ беруді қайта қалпына келтіруге кететін материалдар шығыны нормасы
Материалдар атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Шығын нормасы
|
Сабын эмулсиясы
|
л
|
0,04
|
Жер бетi және жер астындағы газ құбырлары (тоғысқан жерлер) трубасының толлассыз емес ақауларын жою
Балқытып бекітілген болат газ құбырлары қосылысының саңылауын жапырақ тәрізді муфта орнатуымен жою
Жұмыс мазмұны: Электрқорғауды ажырату. Шырақ арқылы газ тастау және жөндеу жұмыстарына дейінгі аймақтарда ажыратқыш құрылғысын жабу арқылы газтарату желілерінде газ қысымын төмендету. Механизм көмегімен газ шығу орнында оржол жасау. Оржолды газдылыққа тексеру. Оржолға түсу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау. Оржолға түсу. Оржолды қолмен жетілдіру. Газ құбырының зақымдалған аймағын топырақтан тазалау. Муфта қою аймағын белгілеу. Муфта қою аймағындағы оқшаулағыш жабуын алу. Шунтталатын ұстатқышты орнату. Стандарт өлшем бойынша үлкен диаметрлі құбырдан қажетті аймақ ұзындығын кесiп алу. Құбырдың дайын кесiндiсiнен жартысақина өсiн бойлай қию және оларды балқытып біріктіруге дайындау. Жапырақтың формасын, өлшемін және санын анықтау. Жапырақшалар қию үшін жартысақина формасын кескіндеу. Жапырақшаларды ойып кесу. Болат газ құбырының механикалық зақымдалған аймағына жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны қою. Цилиндрлік бөліктің бойымен жартысақина жапырақша тәрізді муфтаны дәнекерлеу. Муфтаның жапырақтарын өзара дәнекерлеу. Балқытып біріктіруге муфта жапырақтарының шеттерiн тазалау. Муфтаны газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу жасау. Дәнекерленген жалғанулар сапасына бақылау жүргізу. Тұтынушыға газдың беруiн қайта қалпына келтіру. Дәнекерленген тоғысқан жерлердiң тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Шунтталатын ұстатқышты алу. Жапырақ тәрізді муфтаны газ құбырын оқшаулау. Оқшаулаудың тегістігіне тексеру жүргізу. Құбырдың жоғарғы жағынан 0,25 м биiктiкке оржолды қолдан себу. Оржолға сигналдық лентаны қою. Механизм көмегімен оржолды көму. Электрқорғауды қосу.
Кесте 4.30 - Материалдар шығыны нормасы
Материал атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Газ құбыры диаметріне кетеін шығын нормасы, мм
|
100 дейін
|
101-200
|
201-300
|
301-400
|
401-500
|
500 жоғары
|
Бір муфтаға кететін
|
Электродтар
|
кг
|
1,02
|
1,92
|
3,00
|
5,70
|
9,66
|
12,00
|
Оттегі
|
м3
|
3,60
|
6,95
|
10,30
|
13,65
|
17,0
|
20,70
|
Пропан
|
л
|
25,0
|
50,0
|
75,0
|
100,0
|
125,0
|
150,0
|
Тегістеп түзейтін шеңбер
|
дана
|
0,20
|
0,40
|
0,60
|
0,80
|
1,00
|
1,20
|
Сабын эмулсиясы
|
л
|
0,08
|
0,16
|
0,24
|
0,32
|
0,40
|
0,50
|
Бір метрге
|
Құбыр
|
м
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
Праймер
|
кг
|
0,40
|
0,52
|
0,64
|
0,76
|
0,88
|
1,0
|
Полимерлі-битумді лента
|
кг
|
1,50
|
3,0
|
4,50
|
6,0
|
7,50
|
9,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |