Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет3/57
Дата21.06.2016
өлшемі2.67 Mb.
#151423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН КҮРДЕЛІ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ БАР ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ


ПРАВИЛА ЭКСПЛУАТАЦИИ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ С

ТЕХНИЧЕСКИ СЛОЖНЫМИ СИСТЕМАМИ И МЕХАНИЗМАМИ

Енгізілген күні – 2011.05.01





  1. Қолдану саласы

 

Осы Қазақстан Республикасының  техникалық күрделі жүйелері мен механизмдері бар ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану ережесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық объектілерін пайдалану, күрделі жөндеу және қайта құру, техникалық күрделі жүйелері мен механизмдері бар ғимараттар мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету мен күтіп ұстау, техникалық түгендеу бойынша ережелерді анықтайды және Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы билік органдарының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті өзін- өзі басқару органдарының (әкімдіктерінің) орындауы үшін міндетті болып табылады.




  1. Нормативтік сілтемелер

Осы нормаларда сілтеме жасалатын қолданыстағы құжаттарды соңғы алып тастау кезінде жаңа енгізілген нормаларды басшылыққа алу қажет.

ҚР ҚНмЕ II-7-81 Сейсмикалық аудандарда құрылыс салу

ҚР ҚНмЕ 2.03.14-2003 Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстары

ҚР ҚНмЕ 5.04-23-2002 Болат құралымдар

ҚР ҚНмЕ 4.02-08-2003 Қазандық қондырғылар

ҚНмЕ-2.01.07-85 Жүктемелер мен әсерлер

ҚР ҚНмЕ 5.01-01-2002 Ғимарат пен құрылыстардың негіздері

ҚР ҚНмЕ 5.01-03-2002 Қадалық іргетастар

ҚР ҚНмЕ 2.01-19-2004 Құрылыс құралымдарын коррозиядан қорғау

ҚР ҚНмЕ 4.01-41-2006 Ішкі су құбыы және ғимараттарды кәріздендіру

ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2009 Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар

СН РК 8.02-05-2002 Автомобиль жолдары

ҚР ҚНмЕ 3.02-02-2009 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар


ҚР ҚНмЕ 3.04.03-85 Құрылыс құралымдары мен құрылыстарды коррозиядан қорғау

ҚР ҚНмЕ 3.05.04-85* Сумен жабдықтау мен кәріздендірудің сыртқы желілері мен құрылыстары

ҚР ҚНмЕ 1.02-18-2004 Құрылысқа арналған инженерлік зерттеулер. Негізгі ереже

ҚР ҚНмЕ 2.02-05-2009 Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі

ҚР ҚНмЕ 2.03.-01-2001 Қауіпті табиғи әсерлердің геофизикасы

ҚР ҚНмЕ 2.04-01-2001 Құрылыс климатология

МСН 2.04-02.2004 Ғимараттарды жылулық қорғау

МСН 2.04.-03-2005 Шудан қорғау

ҚР ҚНмЕ 2.09-02-85 Өндірістік ғимараттар

ҚР ҚНмЕ 4.02-42-2006 Жылыту, желдету және ауа тазарту

ҚР ҚНмЕ 3.05.03-85 Жылулық желілер

МСН 4.03-01-2003 Газ тарату жүйелері

ҚР ҚНмЕ 2.03.01-84 Бетондық және темір бетондық құралымдар

МЕМСТ 21519-2003 Терезе блоктары, Жалпы техникалық шарттар

МЕМСТ 25772-83 Сатылардың, балкондардың және төбелердің болат қоршаулары. Жалпы техникалық шарттар

МЕМСТ 25820-2000 Жеңіл бетондар. Техникалық шарттар

МЕМСТ 26602.2-99 Терезе және есік блоктары. Ауа- және су өткізгіштігін анықтау әдістері

МЕМСТ 26633-91 Ауыр және ұсақ дәнді бетондар. Техникалық шарттар

МЕМСТ 30494-96 Тұрғын және қоғамдық ғимараттар. Жайлардағы микроклимат параметрлері

ҚР СТ ИСО Негізгі ережелер мен сөздік

ҚР СТ МЕМСТ Р 12.4.026-2002 Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілеу. Белгілеуі мен қолдану ережесі. Жалпы техникалық шарттар мен сипаттамалар. Сынау әдістері

ҚР СТ МЕМСТ Р 51263-2008 Полистирол. Техникалық шарттар

ҚР ҚНмЕ 3.01-02 Ас-2008 Астана қ. аумағында кешенді абаттандыру жобасының нормалары мен ережелері

СП РК 3.02-10-2007 Тұрғын ғимараттар

ҚР ҚНмЕ 3.02-16-2003 Көпфункционалдық ғимараттар мен кешендер

ҚНмЕ IV-13-84 Бірінші, екінші, жоғары «А» және «Б» разрядты қонақ үйлер

СП 2.6.1.758-99 Радиациялық қауіпсіздік нормалары

ППБ РК - 2006 Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі

МСП 2.04.-101-2001 Ғимараттардың жылулық қорғауын жобалау

СП 31-108-2002 Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың қоқыс өткізгіштері



3 Бөлім. Жалпы ереже
3.1 Осы Ереженің мақсаттары

3.1.1. Осы техникалық күрделі жүйелері мен механизмдері бар ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану ережесі:

- барлық меншік нысанды ғимараттар мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету;

- тұрғын үйлерді, олардың құралымдық элементтері мен инженерлік жүйелерді, сондай-ақ олардың үйге жабысып тұратын аймақтарын күтіп ұстау және жөндеу бойынша қолданыстағы нормативтердің талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін, тұрғын үй саласындағы біріңғай техникалық саясатты жүргізу;

- негізгі қордың меншік иелерінің немесе өкілетті басқарушылардың және қызмет көрсетумен айналысатын әр түрлі ұйымдық- құқықтық нысанды ұйымдардың күтіп ұстау мен жөндеу бойынша белгіленген нормативтерді орындауын қамтамасыз ету мақсатымен оларға қызмет көрсету және жөндеу талаптары мен тәртібін анықтайды.
3.2 Техникалық күрделі жүйелер мен механизмдер

Қазақстан Республикасының    инженерлік-геологиялық жағдайларының алуандығын және күрделі инженерлік- техникалық жүйелермен, құрал- жабдықпен және механизмдермен жабдықталған объектілерге биік, үлкен аралықты және бірегей ғимараттар мен құрылыстарды жаппай салуды ескеріп, техникалық күрделі жүйелер мен механизмдерге осы ережеде жатқызылған:

- орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау жүйелері;

- ыстық сумен жабдықтау жүйелері;

- ішкі газбен жабдықтау жүйелері;

- дәстүрлі емес (жаңартылатын) энергия көздерімен жүйелер;

- ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері (ІТ);

- ауамен жылыту жүйелері;

- «жылы едендер» жүйесі, қабырғалар, терезелер, төбелер;

- желдету, түтін- және шаңкетіру жүйелері;

- су құбыры және кәріздендіру жүйелері;

- қалдықтарды жинау және тасу жүйелері;

- лифтілік шаруашылық;

- эскалаторлар, ішкі фонтандар, бассейндер жүйелері және басқ.

- биік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың деформациялары мен шөгулерінің мониторинг жүйесі;

- жарнамалық безендіру және жарықтық табло жүйелері;

- авариялық, диспетчерлік және өрт сигнализациясы жүйелері;

- электр тұтынуды, жылумен жабдықтауды, сумен қамтамасыз етуді автоматтандырылған есепке алу жүйелері;

- кірісті күзету жүйелері және бейнебақылау;

- инженерлік құрал- жабдықты және пәтерлерді тұрмыстық жабдықтауды автоматтандырылған басқару жүйелері;

- қабырғаларды, қалқаларды, едендерді, көп функционалдық мақсаттағы ғимараттардың едендерін трансформациялау жүйелері,

- биік ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттік элементтерін тазарту мен жөндеуге арналған жүйелер;

- ғимараттар мен құрылыстардың жертөле жайларын кептіру жүйелері;

- жайлардың ауасын тазарту және берілген микроклиматын автоматтандырылған қамтамасыз ету жүйелері
3.3. Техникалық күрделі жүйелермен және механизмдермен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстар
3.3.1 ҚР ҚНмЕ сәйкес техникалық күрделі жүйелермен және механизмдермен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарға жатады:

3.3.2. Техникалық күрделі объектілер:

- өзен және теңіз порттары, 500 және одан артық жолаушыға және/немесе негізгі ұшатын- қонатын жолғағының ұзындығы 1800 м және одан артық әуежайлардың ғимараттары, ұзындығы 500м артық көпірлер мен тоннельдер, метрополитендер;

- 10 мыңнан астам жұмыс істейтін адам саны бар ірі өнеркәсіптік объектілер;

- 1,2 және 3 класты гидротехникалық құрылыстар;

- ядролық және/немесе радиациялық қауіпті объектілер;

- әскери және қорғаныс объектілер;

- химиялық және басқа қауіпті қалдықтарды жою және көму объектілері;

- мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау бойынша ұйымдар мен объектілер;

- химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп ұйымдары;

- электр энергетикалық өнеркәсіп ұйымдары;

-жарылатын (ЖЗ), қатты әсер ететін және улы заттардың (ҚӘУЗ), улы химикаттардың қоймалары мен өндірістері;

- қара және түсті металлургия кәсіпорындары;

- ағашты сақтау және қайта өңдеу және целлюлоза өндіру бойынша кәсіпорындар;

- көмір, темір кені, түсті металдар кен орны және өндіру объектілері;

- жеңіл рельстік көлік, 500 және одан артық жолаушыға теміржол вокзалдары;

- микробиологиялық өндіріс.

3.3.3. Биік және бірегей объектілер:

- жобалық құжаттамасында келесі сипаттамалардың ең болмағанда біреуі қарастырылған күрделі құрылыс объектілері:

- функционалдық өрт қауіптілігінің басқа класс ғимараттары және биіктігі 50 м артық немесе қабат ауданы 10000м2 артық басқа класс ғимараттары;

- аралығы 50м артық объектілер;

- 15 метрден артық консолдың болуы;

- жерасты бөлігі 10м артық (толықтай немесе ішінара) тереңдетілген немесе екіден артық жерасты қабаттары бар объектілер;

- соларға қатысты физикалық немесе геометриялық сызықтық емес қасиеттерді ескерумен стандартты емес әдістер қолданылатын немесе арнайы есептеу әдістері әзірленетін, немесе физикалық модельдерде сынақ тексерісін қажет ететін, сондай-ақ сейсмикалылығы 9 баллдан асатын аумақтарда және/немесе тектоникалық омырылулар мүмкін көрінетін аймақтарда қолданылатын құрылымдар мен құрылымдық жүйелердің болуы.

3.3.4. Адамдар жаппай келетін мәдени – көрініс және спорт объектілері.

Адамдар жаппай келетін объектілер деп бір уақытта 500 және одан артық адам бола алатын қоғамдық және әкімшілік ғимараттар саналады.


3.4 Тұрғын үй қорының түрлері

3.4.1 «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес:

тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді, мамандандырылған үйлерді (жатақханалар, қонақ үй – паналар, маневрлі қор үйлері, амалсыз қоныс аударушыларды және қашқындар ден танылған адамдарды уақытша қоныстандыруға тұрғын үй қорларынан тұрғын жайлар, жалғыз қартайғандарға арналған арнайы үйлер, мүгедектерге, ардагерлерге және басқаларға арналған үйлер – интернаттар), пәтерлер, қызметтік тұрғын жайлар, тұруға жарамды басқа құрылыстардағы басқа да тұрғын жайлар.

3.4.2 Тұрғын үй қорының түрлері:

а) жеке тұрғын үй қоры:

1) азаматтардың меншігіндегі қор: жеке тұрғын үйлер, жекешелендірілген, салынған және сатып алынған пәтерлер мен үйлер, толықтай төленген пайлық жарнамен тұрғын үйлердегі және тұрғын үй- құрылыс кооперативтеріндегі пәтерлер, пәтерлердің жеке иелерінің серіктестігі үйлеріндегі пәтерлер, азаматтар заңнамамен қарастырылған басқа да негіздерде меншікке иеленген пәтерлері мен үйлері;

2) заңды тұлғалардың (жеке меншік иелері ретінде құрылған) меншігіндегі, олардың есебінен, соның ішінде толықтай төленбеген пайлық жарнамен тұрғын, тұрғын үй- құрылыс кооперативтерінің қаражаты есебіне салынған немесе сатып алынған қор.

б) мемлекеттік тұрғын үй қоры:

1) Қазақстан Республикасының  мемлекеттік меншігінде тұратын және мемлекеттік кәсіпорындардың толық шаруашылық жүргізуіндегі немесе мемлекеттік меншікке жататын мемлекеттік мекемелердің жедел басқаруындағы ведомстволық қор;

2) әкімдіктердің меншігіндегі қор, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың толық шаруашылық жүргізуіндегі немесе сәйкес меншік түріне жататын мемлекеттік мекемелердің жедел басқаруындағы қор;

3.4.3 Азаматтардың, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың және барлық меншік нысанындағы үйлерді жалдаушылардың, жалға алушылардың және меншік иелерінің басқа ерікті бірлестіктерінің өзінің экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй қорын басқаруға қатысуға, пайдаланатын және жөндейтін ұйымдарды таңдауға қатысуға құқығы бар.

3.4.4 Азаматтар, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының   «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес міндетті:

1) тұрғын жайларды, сондай-ақ қосалқы жайлар мен құрал- жабдықты басқа азаматтардың тұрғын, басқа да құқықтары мен бостандықтарын кемсітусіз пайдалануға;

2. тұрғын үй қорын пайдалану үшін қажетті тұрғын үй қоры мен жер телімдеріне мұқият қарауға;

3) заңнамамен қарастырылған санитарлық- гигиеналық, экологиялық, сәулет- қала құрылысы, өртке қарсы және пайдалану талаптарын орындауға;

4) тұрғын үйге. Коммуналдық қызметтергі уақытында уақы төлеуге, тұрғын үй несиелері бойынша төлемдерді жүзеге асыруға;

5) 2 тармақ көрсетілген жер телімдерін басқа тұлғаларға зиян келтірмей пайдалануға.
3.5 Техникалық ұзақ сақталатын құжаттама

3.5.1 Техникалық ұзақ сақталатын құжаттаманың құрамына кіреді:

телім жоспары онда орналсқан тұрғын үй ғимараттарымен және құрылыстармен 1:1000 - 1:2000 масштабта;

әрбір үйге жоба- сметалық құжаттама және орындау сызулары;

құрылыс ұйымдардан тұрғын үйлерді қабылдау актілері;

тұрғын үй қорын басқа меншік иесіне беруге тұрғын үйдің техникалық күйі актілері;

сумен жабдықтаудың, кәріздендірудің, орталықтан жылытудың, жылу-, газ-, электрмен жабдықтаудың үй ішіндегі желілерінің сұлбасы және басқ. (үй ішіндегі желілер сұлбасы мәлімет үшін қоса беріледі);

қазандық шаруашылықтың паспорттары, қазандық кітаптары;

лифтілік шаруашылық паспорттары;

әрбір тұрғын үйге, пәтерг және жер теліміне паспорттар;

барлық техникалық күрделі инженерлік құрал- жабдықтар мен механизмдерге паспорттар, жоба-сметалық құжаттама, орындау сызулары, қабылдау- тапсыру актілері ерекше есепке алу мен сақтауға жатады;

жерлендіру контурларының орындау сызулары (жерлендіруі бар ғимараттар үшін).

3.5.2 Техникалық ұзақ сақталатын құжаттама техникалық күйінің өзгеруіне, негізгі қорлардың қайта бағалануына, күрделі жөндеу немесе реконструкция жүргізілуіне қарай түзетілуге тиіс және т.б.

3.5.3 Пайдалану процесінде толықтырылатын құжаттаманың құрамына кіреді:

- ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмыс сметалары, тізімдері;

- техникалық тексеру актілері;

- тұрғындардың өтініш журналдары;

- электр желілерінің кедергісін өлшеу хаттамалары;

- желдетуді өлшеу хаттамалары;

- техникалық күрделі жүйелер мен механизмдерді сынау хаттамалары;

- биік ғимараттардың (қисаюлардың, еңіс бұрыштарының, негіздердің шөгуі, қоршайтын құралымдар мен тораптардың бұзылуы) қаңқаларының құрылыс құралымдарының күйі мониторингінің актілері (нәтижелері).

3.5.4 Тұрғын үй қорының меншік иелері немесе олардың уәкілеттілері үйлерге, құрылыстар мен жер теліміне техникалық паспортты түзетумен абаттандыруды жөндеулер, реконструкциялау, жаңғырту, қайта жоспарлау және рттыру нәтижесінде туындайтын, жайларды жоспарлау бойынша орындау құжаттамасына, құралымдық элементтер мен инженерлік құрал- жабдыққа уақытында өзгертулер енгізуге тиіс.

3.5.5 Тұрғын және тұрғын емес жайларды қайта жабдықтау (қайта орналастыру, қайта жоспарлау) (бұдан әрі – қайта жабдықтау) шарттары мен тәртібі және тұрғын және тұрғын емес жайларды абаттандыруын көтеру.

3.5.6 Тұрғын үйлерде тұрғын және тұрғын емес жайларды қайта жабдықтауды белгіленген тәртіпте тиісті рұқсаттар алғаннан кейін ғана жүргізуге жол беріледі.

Тұрғын жайларды қайта жабдықтау өзіне қамтуы мүмкін: газ тақталарының немесе ас үй ошақтарының орынан тұрмыстық электр тақталарын орнату, жылытатын сантехникалық және газ аспаптарын ауыстыру, жаңа немесе бар дәретханаларды, ванна бөлмелерін салу және қайта жабдықтау, жаңа немесе бар келтіретін және шығаратын құбырларды, электр желілерін және жоғары қуаттылықты кір жуатын машиналарын, душ кабиналарын, «джакузиды» және жаңа ұрпақтың басқа сантехникалық және тұрмыс құралдарын орнатуға арналған құрылғыларды салу.

Тұрғын жайларды қайта жоспарлау қамтуы мүмкін: қалқаларды ауыстыру және бөлшектеу, есік ойықтарын салу және ауыстыру, көпбөлмелі пәтерлерді кішірейту немесе ірілету, қосымша ас үй мен сантораптарды салу, көмекші жайлардың есебінен тұрғын ауданды кеңейту, қара ас бөлмелер мен пәтерлер немесе тұрғын жайлар арқылы ас бөлмеге қараңғы кіретін жерлерді жою, салу немесе бар тамбурларды қайта жабдықтау.

3.5.7 Ғимараттың көтергіш құралымдарының бұзылуына немесе беріктігінің бұзылуына, инженерлік жүйелердің және (немесе) онда орнатылған құрал- жабдықтың жұмысының бұзылуына, қасбеттердің сақталуы мен сыртқы түрінің нашарлауына, өртке қарсы құрылғылардың бұзылуына әкелетін тұрғын үйлер мен пәтерлерді (бөлмелерді) қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауға жол берілмейді.

3.5.8 Үйдің немесе пәтердің пайдалану және тұру жағдайларын нашарлататын пәтерлерді (бөлмелерді) қайта жоспарлауға жол берілмейді.

3.5.9 Тұрғын және қосалқы жайды өз еркімен қайта салуға, балкондар мен лоджийларды қайта жабдықтауға немесе қосымша санитарлық- техникалық және өзге жабдықты орнатуға жол берген жалдушы бұл жайды бұрынғы күйіне келтіруге міндетті.

3.5.10 Жалдаушының, жалға берушінің немесе тұрғын жайдың меншік иесінің кінәсінан сақтамауымен туындаған тұрғын үйдің, оның бөліктерінің, инженерлік құрал- жабдықтың жекелеген құралымдарының немесе элементтерінің авариялық күйін қызмет көрсететін ұйым белгіленген тәртіпте тәртіпте жояды.


3.6 Тұрғын үй қоры техникалық пайдалану өзіне қамтиды

3.6.1 Тұрғын үй қоры техникалық пайдалану өзіне қамтиды:

Тұрғын үй қорын басқару:

а) пайдалануды ұйымдастыруды;

б) шеттес ұйымдармен және жеткізушілермен өзара қарым- қатынастарды;

в) жалдаушылармен және жалға алушылармен жұмысты барлық түрлері. Ғимараттардың құрылыс құралымдары мен күрделі инженерлік жүйелері мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету:

а) диспетчерлік пен авариялықты қосқанда, техникалық қызмет көрсету (күтіп ұстау);

б) тексерулер;

в) маусымдық пайдалануға дайындау;

г) ағымдағы жөндеу;

д) күрделі жөндеу.

Санитарлық күтіп ұстау:

а) жалпы пайдаланымдағы орындарды жинау;

б) үй алдындағы аумақ орындарын жинау;

в) көк көшеттерге күтім жасау.

3.6.2 Тұрғын үй қорын күтіп ұстау және жөндеу.

3.6.3 Жеке және мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерінде тұратын азаматтар азаматтық және тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрғын үйді пайдаланады.

3.6.4 Көппәтерлі тұрғын үйлерде жалпы пайдаланымдағы орындарға қызмет көрсету және жөндеу белгіленген тәртіпте орындалады.

3.6.5 Тұрғын үй қатынастарының барлық қатысушыларының осы Ережені сақтауына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет