5. Отынды тұтыну нормативтерін белгілеу әдістері
Отынды тұтыну нормативтерін есептеу кезінде осы Ұсыныспен айқындалған әдістер (оларды қолдану шарттарын сақтай отырып) қолданылады. Тұтыну нормативтерін анықтау конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлер қатысында жалпы үйлік есептеу, санақ аспаптарының өлшем нәтижелерімен расталуы тиіс.
Отынды тұтыну нормативтерін анықтау кезінде келесі әдістер қолданылады:
1) аналогтар әдісі;
2) сараптамалық әдіс;
3) есептік әдіс.
Аналогтар әдісі конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлерде орнатылған есептеу аспабының отынды тұтыну көлемінің (мөлшерін) өлшемі нәтижесінде алынған деректер болған жағдайда қолданылады. Өлшемдер саны іріктеу өкілдігінің шарттарына жауап беруі қажет. Іріктеу өкілдігі тұрғын үйлердің қажетті санымен, конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей барлық жеке тұрғын үйлер қатысында отынды тұтыну нормативтерін анықтауға болатын, есепке алу аспаптары бойынша отын шығыны туралы деректер негізінде анықталады. Егер таңдалған тұрғын үйлерде үй ішілік инженерлік коммуникацияның және жабдықтардың техникалық пайдаланылуы тұрғын жайларды пайдалану ережелеріне сәйкес болса, осы әдісті қолдануға болады
Егер конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну көлемін (мөлшерін) есепке алу аспаптарының өлшемдерінің нәтижелері болмаса немесе олар аналог әдісі үшін қолдануға жеткіліксіз болса, сараптамалық әдіс қолданылады. Аталған әдісті қолданған жағдайда, конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну көлемін (мөлшерін) есептеудің тасымалды аспаптарының өлшем деректері қолданылады. Өлшем жүргізілетін үйлердегі үй ішілік инженерлік коммуникация мен жабдықтардың техникалық пайдаланылуы тұрғын жайларды пайдалану ережелеріне сәйкес болуы қажет.
Егер конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлерде жалпы үйлік есептеу аспаптарының өлшем нәтижелері болмаса немесе олар аналог әдісін қолдану үшін жеткіліксіз болса, сондай-ақ сараптамалық әдісті қолдану үшін өлшем деректері болмаса, есептік әдіс қолданылады.
Әдістердің бірін немесе оларды үйлестіріп қолдану туралы шешім уәкілетті органдармен қабылданады.
Отынды тұтыну нормативтерін анықтау барысында отынның нормативті технологиялық шығындары (жылу энергиясының, электр энергиясының, газдың міндетті және негізді шығындары) ескеріледі.
6. Аналог әдісін және сараптамалық әдісті қолдана отырып, жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін анықтау
Аналог әдісін және сараптамалық әдісті қолдана отырып, жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін анықтау жеке тұрғын үйлерде отынды тұтынудың таңдамалы бақылауы негізінде жүргізіледі.
Уәкілетті орган конструктивті және техникалық параметрлерге, жайлылық деңгейіне тәуелді отынды тұтыну нормалары сараланатын үй топтарының санын анықтайды.
Таңдау көлемі техникалық және құрылыстық сипаттамалары, жайлылық деңгейі мен тұрғындар саны бірдей жеке тұрғын үйлер тобының әрқайсы үшін анықталады.
Үйлердің әрбір тобы бойынша таңдауда тұрығын үйлердің саны формула бойынша анықталады (1) ÷ (4).
Отынды тұтыну нормативтерін анықтау үшін есептеу аспабын қолдана отырып алынған отынды тұтыну көлемі (мөлшері) туралы деректер, сондай-ақ конструкциясы және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлердегі таңдамалы өлшем деректері қолданылады.
Жеке тұрғын үйлер көлемі құрылған соң, өлшемді жүргізу және есепке алу аспаптарының көрсетілімін алу жоспары жасалады.
Жылыту қатысындағы есептеудің жалпы үйлік аспаптарының көрсетілімдері жылыту кезеңінің бірінші және соңғы күні алынады;
Өлшемдер жүргізгенге дейін және оларды жүргізу кезеңінде жеке тұрғын үйдің үй ішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтарды жөндеу және іске қосу бойынша жұмыстарды жүргізуге болмайды.
Отынды тұтыну нормативтерін анықтау мақсатында таңдау көлемі бойынша деректерді өңдеу кезінде таңдау бойынша орташа шығындардан 20 пайыздан артық мөлшерге ерекшеленетін отын шығынының мәнін шегеру қажет.
Есепке алу аспаптарымен отынды тұтыну көлемінің (мөлшерінің) өлшемі, сондай-ақ таңдамалы өлшемдер деректері негізінде жеке тұрғын үйлердің таңдалған топтары (дифференциация деңгейі) бойынша отынды тұтынудың айлық (орташа айлық) мөлшері анықталады.
Отынды тұтыну нормативтері (5) ÷ (8) формулалары бойынша аналог әдісі мен сараптамалық әдісті қолдана отырып анықталады.
7. Есептік әдісті қолдана отырып, жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін анықтау
Есепті әдісті қолдана отырып отынды тұтыну нормативтері (9) ÷ (16) формулалары бойынша анықталады
Жылытылатын тұрғын жайлардың ішкі ауасының температурасы Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте анықталады.
Жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы гидрометеорологиялық қызмет органдарымен жылыту кезеңінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температураларының орташа арифметикалық мәні ретінде алдыңғы 5 жылыту кезеңдерінің ішіндегі мәліметтері негізінде анықталады. Мұндай ақпарат болмаған жағдайда, жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы ғимараттар мен құрылыстарды, жылыту жүйелерін жобалау кезінде қолданылатын климаттық параметрлерге байланысты анықталады.
Нақты елді мекен үшін жылыту жүйелерін жобалау мақсатында сыртқы ауаның температурасы ғимараттар мен құрылыстарды, жылыту жүйелерін жобалау кезінде қолданылатын, қатарынан 5 күн аралығында ең салқын кезеңнің орташа температураларының климаттық параметрлеріне байланысты анықталады. Мұндай деректер болмаған жағдайда, климаттық параметрлер жақын маңдағы елді мекен параметрлеріне тең болып саналады..
Газбен қамсыздандыру нормативтерін анықтау газ бен оның түрлерін (желілік, сұйылтылған) пайдалану бағыттарына байланысты сараланып жүргізіледі. Газбен қамсыздандыру нормативі пайдаланудың келесі негізгі бағыттарына байланысты анықталады:
а) орталықтандырылған жылыту жоқ болған жағдайда, жылыту;
б) орталықтандырылған ыстық сумен қамсыздандыру жүйесі болмаған жағдайда, шаруашылық және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктер үшін суды жылыту; орталықтандырылған ыстық сумен қамсыздандыру жүйесі болмаған жағдайда, суды жылыту газды жылытқышты қолдана отырып жүргізілуі мүмкін, ол болмаған жағдайда газ плитасын қолдана отырып жүргізіледі.
в) газ плиталарын қолдана отырып тамақ әзірлеу.
Жеке тұрғын үйлерде тұрғын жайларда (жайлылық деңгейіне байланысты) газды бірнеше бағыттар бойынша бір мезетте қолдану кезінде, осындай үйлерде тұратын газбен қамсыздандыру нормативі газ түрлері (желілік, сұйылтылған) мен бағыттары бойынша тұтыну нормативтерінің сомасына байланысты анықталады.
Газбен қамсыздандыру нормативтері жылытуға жұмсалған сәйкес жылдық жылу энергиясы шығындары негізінде анықталады.
8 Жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін есептеу әдісі
а) Аналог әдісін және сараптамалық әдісті қолданып, отынды тұтыну нормативтерін анықтау
n жеке тұрғын үйлер таңдауының көлемі мына формула бойынша анықталады:
(1)
Мұндағы: N - негізгі жиынтық көлемі (үйлердің әрбір тобы бойынша конструктивтік және техникалық параметрлері, жайлылық деңгейі мен климаттық шарттары бірдей жеке тұрғын үйлердің саны);
t - таңдамалы орташаның ауытқуы таңдаманың шекті қателігінің («ипсилон») абсолютті мөлшері бойынша аспайтынына сенімділік деңгейімен (белгіленген ықтималдық Р) анықталатын мөлшерсіз көлемі. t мөлшері 1-кестеге сәйкес бекітілген ықтималдыққа байланысты қабылданады;
- таңдаманың шекті қателігі (таңдамалы орташа мәннің негізгі орташа мәннен ауытқуының рауалы абсолютті мөлшері). Таңдаманың шекті қателігін таңдама орташа мәнінің 10% тең деп қабылдау ұсынылады. Таңдаманың шекті қателігі таңдама репрезентативтілігінің (өкілдік) қателігі болып табылады және таңдаманың іс жүзіндегі қателігі аспайтын шекті көрсетеді;
- негізгі жиынтықтың жекелеген элементтерінің олардың орташа арифметикалығынан ауытқудың орташа арифметикалық квадраттары ретінде есептелетін дисперсиясы.
1-Кесте - t мәнінің белгіленген ықтималдық Р мәніне тәуелдігі
P
|
0,75
|
0,76
|
0,77
|
0,78
|
0,79
|
0,8
|
0,81
|
0,82
|
0,83
|
0,84
|
0,85
|
0,86
|
0,87
|
0,88
|
0,89
|
0,9
|
t
|
1,16
|
1,18
|
1,22
|
1,22
|
1,25
|
1,28
|
1,31
|
1,34
|
1,37
|
1,41
|
1,44
|
1,48
|
1,53
|
1,56
|
1,61
|
1,64
|
Таңдау көлемі алдын ала таңдаумен екі кезеңмен анықталады:
а) бірінші кезеңде алдымен жеке тұрғын үйлердің таңдауы жасалады, ол бойынша мына формула арқылы таңдама жиынтығының дисперсиясы анықталады:
(2)
мұндағы: n' – алдын ала іріктелген тұрғын үйлердің саны. Алдын ала таңдау көлемі 10 үйден кем болмауы қажет;
– есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықталатын, өлшем бірлігіне есептегенде бақыланатын кезең аралығында жеке тұрғын үйдегі отынның айлық (орташа айлық) шығыны;
– алдын ала таңдаудың орташа арифметикалық мәні;
б) алдын ала таңдаудың орташа арифметикалығы мына формула бойынша есептеледі:
; (3)
в) екінші кезеңде негізгі жиынтықтың дисперсиясы мына формула бойынша анықталады:
, (4)
мұндағы: – таңдау жиынтығының дисперсиясы.
Жеке тұрғын үйлердің тұрғын алаңының 1 шаршы метріне есептегенде жылыту нормативі мына формула бойынша анықталады, (айына 1 ш.м-ге Гкал):
, (5)
мұндағы: – жылыту кезеңінде есептеу аспабының көрсеткіштер сомасы ретінде анықталған, жеке тұрғын үй қажеттіліктеріне жылу энергиясының жиынтық шығыны (Гкал);
S – жеке тұрғын үйдің тұрғын жайларының жалпы алаңы (ш.м.).
Бұл ретте отынды тұтынудың әлеуметтік нормативі жылыту қажеттіліктеріне жылу энергиясын шығындаудың минимальды деңгейі ретінде тұрғын алаңының әлеуметтік нормасымен салыстырылады және баспаналық қамсыздандыру нормасы (1 адамға жалпы алаңның шаршы метрі) мен 1 шаршы метр алаңға жылудың үлестік шығыны нормативінің туындысы ретінде анықталады:
NСОЦ =N0 x SСОЦ (6)
Мұндағы: - жылыту нормативі (айына 1 ш.м-ге Гкал);
- баспаналық қамсыздандыру нормалары (1 адамға жалпы алаңның ш.м.).
Жылытуға газбен қамсыздандыру нормативі (айына 1 ш.м.-ге текше метр) мына формула бойынша анықталады:
, (7)
мұндағы: - есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жеке тұрғын үйде газды тұтынудың жиынтық көлемі (текше метр); Газ шығыны кірістегі ортақ газ есептегішінде есептеледі. Жалпы тұтыну көлемі шектеріндегі ішкі тарату үй иесімен анықталады.
S - жеке тұрғын үйдің тұрғын жайларының жалпы алаңы (ш. м).
Газ шығыны (текше метр) стандартты шарттардан есептеледі. Егер орнатылатын есептеу аспаптарында арнайы түзеткіштер болмаса, есептеу аспабы арқылы өткен газдың стандартты шарттарға (t = 20C0 және Р = 760 мм с.б.) келтірілуі есептеудің әрбір аспабы бойына мына формула арқылы жүзеге асырылады::
, (8)
мұндағы: – есептеу механизмі бойынша есептеу аспабы арқылы өткен газ көлемі (текше метр);
– есептеу аспабының ішіндегі немесе газ құбырында оның тікелей жанындағы газдың іс жүзіндегі қысымы (мм с. б.);
– атмосфераның барометрлік қысымы (мм с. б.);
– есептеу аспабының ішіндегі немесе газ құбырында оның тікелей жанындағы газдың іс жүзіндегі температурасы (C0).
б) Есептік әдісті қолданып, отынды тұтыну нормативін анықтау
Жылу энергиясын (айына 1 ш.м.-ге Гкал) есептеу аспаптарымен жабдықталмаған тұрғын үйлердің жайларын жылыту нормативі мына формула бойынша есептеледі:
, (9)
мұндағы: - есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердің бір жылыту кезеңінде тұтынатын жылу энергиясының саны (жылына 1 шаршы метрге Гкал);
– есептеу аспаптарымен жабдықталмаған тұрғын үйлердің жайларының жалпы алаңы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жылыту үшін қажетті жылдық жылу энергияның мөлшері (жылына 1 шаршы метрге Гкал) мына формула бойынша анықталады:
(10)
мұндағы: – ғимараттардың жылу техникалық сипаттамасы:
тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу ауыртпалығы, (ккал/сағ);
– үйдің тұрғын жайларының ішкі ауасының температурасы (С0);
- жылыту кезеңінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (С0);
– жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (С0);
24 – жылыту жүйелерінің тәуліктік жұмыс жасау ұзақтығы, сағат.
– сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 8С° және одан төмен мәнмен сипатталатын, жылыту кезеңінің ұзақтығы (жылдық тәулік);
– жеке тұрғын үйдің тұрғын емес жайларын жылытуға жылу энергиясының шығыны.
Формулаға кіретін климаттық параметрлер жергілікті метеорологиялық қызметтердің немесе мемлекет аралық құрылыс нормалары ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-01-98 «Құрылыстық климатология» бойынша қабылданады.
Жылуды тұтыну нормативінің мөлшеріне ғимараттардың жылу техникалық сипаттамалары елеулі әсер етеді. Ғимараттардың жылу техникалық сипаттамасы ( - жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған, жеке тұрғын үйлерді жылытуға сағаттық жылу ауыртпалығы үйлердің жобалық деректеріне байланысты анықталады және ғимараттардың конструкциясы, қабаты, қабырғалар материалы мен сыртқы ауаның температурасына (, ) тәуелді. Демек, отынды тұтынудың жылдық көлемі және сәйкесінше жылуды тұтыну нормативі әрбір территория үшін және бір типті үйлер тобы немесе әрбір үй үшін жеке есептелуі қажет. Мәні әдетте ғимарат паспортында немесе жобада көрсетіледі. Егер жобалық және паспорттық деректер болмаса, онда сағаттық жылу ауыртпалығы мына формула бойынша анықталады:
qmax = qуд х S (11)
мұндағы: – тұрғын үйдің тұрғын және тұрғын емес жайларының қабат биіктігі h = 3м болғандағы жалпы ауданы (ш. м) (биіктік 3 м жоғары болғанда k=hфакт/3 түзету коэффициенті пайдаланылады);
– жеке құрылысқа арналған үйлердің көптеген қолданыстағы және әзірлену атысындағы жобалық шешімдер типінің негізгі белгілері бойынша жүйелендіру және жалпылама жазасында есептелген, тұрғын үйлерді жылытуға жылу энергиясының үлестік шығынының орташа мәні (1 шаршы метрге 1 сағатқа ккал). орташа мәні В-Қосымшасында ұсынылған.
Жылыту мақсаттарында табиғи газ пайдаланылған жағдайда газ қазандары бар ғимараттардың жылдық жылу шығындары (10) формуласы бойынша, көптеген қолданыстағы және әзірленіп отырған жеке құрылыс үйлерінің типтік жобалық шешімдердің негізгі сипаттамалары бойынша жүйелендіру және жалпылау негізінде есептеліп, В-Қосымшасында ұсынылған сәйкес құрылыстағы ғимараттарға қатысты жылу техникалық сипаттамаларын пайдалана отырып есептеледі.
Жылудың жылдық шығынының алынған мәні табиғи газ шығынына қайта есептелінеді. Жылытуға қажетті газбен қамсыздандыру нормативі келесі формула бойынша есептеледі (айына 1 шаршы метрге текше метр):
(12)
Мұндағы; – жеке тұрғын үйлердің бір жыл барысындағы 1 адамға қажетті есепті жылу шығындары , 1 адамға жылына Ккал ;
QнР – соңғы 3-5 жыл бойынша орташа мән ретінде анықталған табиғи газдың іс жүзіндегі жылу шығару қабілеті (ккал/м3); деректер болмаған жағдайда келесі мәндерге тең деп алынады:
табиғи газ - 8000 Ккал/текше м;
сұйылтылған газ - 20000 Ккал/кг;
– тұрғын үйлердің жайларының жалпы алаңы (шаршы м);
(«эта») – газ аспаптарының пайдалы әсер коэффициенті, орташа мәні келесілер үшін:
газ плиталары - 0,5÷0,6;
газ бағандары- 0,8÷0,85;
газбен жылыту пештері- 0,70÷0,75.
Мөлшермен, бұл шығын 1 адамға жылына 600 ÷ 700 текше метрді құрайды.
Егер тұрғын жайларда жылыту үшін, ыстық сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауаны желдету үшін электр энергиясы қолданылатын болса, осы мақсаттарға электр энергиясын шығындау нормативтері мына формула бойынша есептелетін, жылу энергиясының сәйкес жылдық шығындарына байланысты анықталады:
, (1 адамға кВт.с), (13)
мұндағы: – электр энергиясының жылдық шығыны;
– жылу энергиясының жылдық шығыны;
860 – 1 кВт.с Ккал.-дағы 1 кВт.с. жылу эквиваленті.;
(«эта») – электр жылыту құрылғыларының п.ә.к. (электр қыздыру аспаптарының жұмыс шарттарына байланысты белгіленеді). Нормативтерді есептеу үшін орташа = 0,95 қабылданады.
Жеке тұрғын үйдің қолданылатын отынның нақты бір түріне қажеттілік есебі тұтынатын жылу энергиясын (10 формула) пештердің, қазандықтардың немесе басқа жылыту жабдығының (орнатылған жылу жабдықтарының өндірушісінің деректері бойынша) ПӘК-не бөлу және қолданылатын отынның калориялық эквивалентіне көбейту (Г,Д- Қосымшасын қараңыз), сондай-ақ, Ғимараттың жылу қайтымдылығын төмендетілген кедергісін СПСТ, желден қорғалу СВ, жаңадан салынған ғимараттар үшін СНЗ, күн радиациясын ескеруге ССР, сыртқы жылу желістеріндегі жылудың жоғалуын өтеуге СПТС отын шығынының нормасын төмендеуін немесе артуын көрсететін түзету коэффициенттерін қолдану арқылы жүргізіледі:
, (14)
мұндағы: Э – калориялық эквивалент табиғи отынның төменгі жұмысшы жану жылуының 7000 ккал/кг тең болатын, шартты отынның төменгі жану жылуына қатынасы болып табылады. Жану жылуы мен отынның әртүрлі түрлері мен маркалары үшін калориялық эквиваленттер осы Әдістемеге Г, Д-Қосымшаларында ұсынылған.
СПСТ - жылу өткізгіштің кедергісі төмен материалдар мен конструкцияларды ескеруші түзету коэффициент, келесілер үшін мәндері төмендегідей қабылданады:
жеңілдетілген, құрастырмалы-қалқанды типті ғимараттар үшін - 1,25 дейін;
темір бетон мен бұт тастан қалаған тұрғын үй ғимараттары үшін - 1,4 дейін;
темір бетон мен бұт тастан қалаған қоғамдық ғимараттар үшін - 1,3 дейін;
1960-1982 жылдардағы кезеңде кірпіштен, блоктардан және панельдерден салынған тұрғын үй ғимараттары үшін - 1,15.
СВ Түзету коэффициенті ашық алаңда немесе өзен, көл, теңіз жағасында, төбелерде орналасуы мүмкін желден қорғалмаған ғимараттардың қосымша жылу жоғалтуын ескереді. Егер ғимарат пен қорғаныс құрылысты жақын маңдағы қоршау арасындағы қашықтық олардың жабынының деңгейінің арасындағы айырмадан 5 есе асса, бұл ғимарат желден қорғалмаған болып саналады. СВ Коэффициентінің мәні метеостанциялар деректері бойынша анықталатын, желдің орташа жылдамдығына Wв байланысты кесте бойынша қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |