Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет1/9
Дата01.07.2016
өлшемі1.33 Mb.
#171132
  1   2   3   4   5   6   7   8   9








Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар





Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства






















ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ОТЫНДЫ ТҰТЫНУ НОРМАТИВТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР






РЕКОМЕНДАЦИИ ПО НОРМАТИВАМ ПОТРЕБЛЕНИЯ ТОПЛИВА В ИНДИВИДУАЛЬНЫХ ЖИЛЫХ ДОМАХ


















Ресми басылым

Издание официальное
























Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Агентство Республики Казахстан по делам строительства

жилищно-коммунального хозяйства











Астана 2011






Алғы сөз


ӘЗІРЛЕГЕН:

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

ұсынған:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті

ҚАБЫЛДАНҒАН

ЖӘНЕ ІСКЕ

ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.12.2010 ж. № 606 бұйрығымен

01.05.2011ж. бастап енгзілді.



орнына:

Алғаш рет енгізілген.


Предисловие


РАЗРАБОТАНЫ:

Акционерным обществом «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»

ПРЕДСТАВЛЕНЫ:

Департаментом научно-технической политики и нормирования Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства

ПРИНЯТЫ И

ВВЕДЕНЫ В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29.12.2010 г. № 606

с 01.05.2011г.



ВЗАМЕН:

Введены впервые.






Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.



Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства.

Мазмұны


1

Қолданылу саласы

2

2

Нормативті сілтемелер

2

3

Терминдер мен анықтамалар

2

4

Отынды тұтыну нормативтерін тағайындау және анықтау шарттары

4

5

Отынды тұтыну нормативтерін белгілеу әдістері

7

6

Аналог әдісін және сараптамалық әдісті қолдана отырып, жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін анықтау

8

7

Есептік әдісті қолдана отырып, жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін анықтау

9

8

Жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін есептеу әдісі

10




Қосымшалар







А. ҚР климаттық аумақтарын от жағу маусымының ұзақтығына қарай топтастыру

19




Б. Ғимараттардың жылу техникалық сипаттамалары

21




Тұрғын үйді жылытуға жұмсалатын жылу энергиясы шығынының орташа үлестік мәні







В. Тұрғын үй ғимараттарының жайларындағы нормативті температура

22




Г. Шартты отынды табиғи отынға қайта есептеу коэффициенті

23




Д. Отынның әртүрлі маркалары мен түрлерінің сипаттамалары. Жану жылуы мен калориялық баламалардың орташа мәндері

24




Е. Шартты отын мен түрлі маркалардағы, республика аймақтарында пайдаланылатын тас көмірдің аймақтар бойынша жайдың 1 шаршы метріне шаққандағы қажеттіліктерін есептеу, кг/жылына

26




Библиография

29












Содержание


1

Область применения

30

2

Нормативные ссылки

30

3

Термины и определения

30

4

Назначение и условия определения нормативов потребления топлива

32

5

Методы установления нормативов потребления топлива

35

6

Определение нормативов потребления топлива в индивидуальных жилых домах с применением метода аналогов и экспертного метода

36

7

Определение нормативов потребления топлива в индивидуальных жилых домах с применением расчетного метода

37

8

Методика расчета нормативов потребления топлива индивидуальных жилых домах

38




Приложения







А. Группировка климатических зон РК по продолжительности отопительного периода

46




Б. Теплотехнические характеристики зданий

Значение среднего удельного расхода тепловой энергии на отопление жилого дома



48




В. Нормативная температура воздуха в помещениях жилых зданий

49




Г. Коэффициенты пересчета условного топлива в натуральное

50




Д. Характеристики различных видов и марок топлива. Усредненные значения теплоты сгорания и калорийных эквивалентов

51




Е. Расчет потребности в условном топливе и в различных марках, используемого в регионах республики каменного угля для отопления жилья по регионам в расчете на 1 кв.м. жилья, кг/год

53




Библиография

56


ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕ ОТЫНДЫ ТҰТЫНУ

НОРМАТИВТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

РЕКОМЕНДАЦИИ ПО НОРМАТИВАМ ПОТРЕБЛЕНИЯ

ТОПЛИВА В ИНДИВИДУАЛЬНЫХ ЖИЛЫХ ДОМАХ


Еңгізілген күні2011.05.01



1 Қолдану саласы
Осы Әдістемелік ұсыныстар Қазақстан Республикасының 16.04.1997 жылғы №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес әзірленген және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды жоспарлауы, бөлуі және тиімді пайдалануы мақсатында жеке тұрғын үйлерде халықтың отынды тұтыну нормативтерін дайындауға, сондай-ақ олардың негізделген үнемдеу режимін жүзеге асыруға арналған. Жеке тұрғын үйлерде тұратын халықтың отынды коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктеріне тұтыну нормативтері бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасында жылуды тұтынушылардың ең көп таралған аймағына және жылу қолданатын жабдықтардың түрлеріне қатысты әзірленген.
2 Нормативті сілтемелер
Осы әдістемені пайдалану үшін келесі сілтеме нормативті құжаттары қажет:

ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы»;



ҚР ҚН 2.04-21-2004 «Азаматтық ғимараттардың энерготұтынуы және жылулық қорғанысы».
ЕСКЕРТУ Осы Нормаларды пайдалану барысында сілтеме стандарттарының және классификаторлардың жарамдылығын жыл сайын басылып шығарылатын сол жылғы күйіне қарағандағы «Стандарттау бойынша нормативті құжаттар көрсеткіші» ақпараттық көрсеткіші және сол жылы басылып шығарылған сәйкес ай сайын басылатын ақпараттық көрсеткіш бойынша тексеріп отырған жөн. Сілтеме құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда осы Нормаларды пайдалану барысында ауыстырылған (өзгертілген) құжатты пайдалану қажет.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы Әдістемелік нұсқауларда келесідей терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Уәкілетті органдар – республикалық және жергілікті бюджеттердің жүзеге асырылуын бақылайтын және сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мемлекеттік органдар;

Тұтынушы – жылу энергиясын тұрмыстық мақсаттарда пайдаланылатын жеке тұлға.

Жеке тұрғын үй – жеке (отбасылық) тұрақтауға арналған, усадьба учаскесінде орналасқан және шаруашылық және басқадай құрылыстармен және жасыл желектерімен бірге иесінің жекеменшігіндегі үй.

Отынды тұтыну нормативі – уәкілетті органдармен бекітілетін, қабылданған технологияға сәйкес белгіленген режимдерді сақтай отырып пайдаланылатын дұрыс жұмыс жасайтын жабдықтар мен құрылғылармен жеке тұрғын үйде тұрғын жайларда тиісті температуралық режимді қамтамасыз ететін тұрғын жайлардың жалпы алаңының 1 шаршы метрін жылытуға отынды (газды, электр энергиясын, қатты және сұйық отынды) тұтынудың қажетті минимальды айлық (орташа айлық) көлемін сипаттаушы көрсеткіштер.

Жылыту нормативі – жеке тұрғын үйді жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету, тамақ әзірлеуге қажетті жылу энергиясының тұрғын алаңының 1 шаршы метріне үлесті шығыны. Жылыту нормативі газ, электр энергиясы, қатты және сұйық отын үшін анықталады.

Отын – біркелкі температурада тұтана алатын және жоғары жылу шығарғыш қасиеттерге ие жанғыш материалдардың алуан түрі.

Шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер барысында пайдалану мақсатымен қабылданған және нормативтермен және стандарттармен реттелетін бірлік, түрлі отын түрлерінің жылулық құндылығын салыстыру мақсатында пайдаланылады.

Калориялық эквивалент – жылу шығару қасиеттері бойынша отынның салмағын немесе көлемін өлшеу бірлігіне балама болып табылатын және шартты отын мөлшерін анықтайтын ауыспалы коэффициент.

Жылу энергиясын септеу аспабы – техникалық шарттар негізінде тұрғын үйде немесе жылу көзінде орнатылған техникалық тұрғыдан жарамды жылытуға, суды ысытуға және тамақ әзірлеуге жұмсалған жылу энергиясының шығынын есептеу аспабы, көрсетулерінің негізінде жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері осы жылу көзіне жалғанған тұрғын үйдің, бір топ тұрғын үйдің, бір топ жұмыс абоненттерінің жылу энергиясын тұтынуы анықталады;

Жеке тұрғын үйдің конструктивті және техникалық параметрлері – отынды тұтыну көлеміне (санына) әсер ететін көрсеткіштер (қабырға, шатыр материалдары, қабаттылығы мен тұрғын үйдің басқа сипаттамалары).

Жабдықталу деңгейі – үй ішіндегі инженерлік коммуникациялардың және жылыту, тамақ әзірлеу және суды ысыту үшін қолданылатын, жеке тұрғын үй жабдықтары.

Климаттық шарттар – отынды тұтынуға әсер ететін жылыту кезеңінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы, жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік минимальды температурасы, жел жылдамдығы және басқа да климаттық параметрлер.

Пайдалы әсер коэффициенті (п.ә.к.) – жылыту құрылғысының пайдалы жұмыстың жұмсалған энергияға қатысымен анықталатын энергетикалық тиімділігінің сандық сипаттамасы.
4 Отынды тұтыну нормативтерін тағайындау және анықтау шарттары
Ұсыныстарда отынды іс жүзінде тұтынуды анықтау арқылы жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтерін анықтау әдістемесі мен осының негізінде жеке тұрғын үйлерде ағымдағы кезеңде тіршілік қызметін қолдау және жайлы өмір сүру жағдайларын қолдау үшін отынды тұтынудың минимальды қажетті және жеткілікті көлемін көрсететін, нормативтерді әзірлеу әдістемесі берілген.

Осы ұсыныстарға сәйкес анықталатын отынды тұтыну нормативтері келесі мақсаттарға арналған:



  • Жеке тұрғын үй секторында тұтынатын отын көлемін жоспарлау.

  • қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте кәсіби қызметін жүзеге асыру мақсатында ауылды елді мекендерге жіберілген жас мамандарға жеңілдіктер мен субсидиялар және өтемақылар ұсыну түрінде көрсетілетін әлеуметтік қолдау мөлшері мен шараларын анықтау барысында пайдалану;

  • Бюджеттік қаражаттар қажеттілігін, соның ішінде азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер, субсидиялар мен өтемақылар төлеу мақсатымен, есептеу барысында пайдалану;

  • Энергия ресурстарын қолдану және энергияны үнемдеу тиімділігін есептеу.

Норматив деңгейі тұрғын үйлерде қалыпты температуралық режимді қамтамасыз ету және халықтың санитарлық-гигиеналық қажеттілігін қанағаттандыру қажеттілігіне байланысты белгіленуі қажет. Сондықтан, отынды пайдалануды осы қажеттіліктерге жылу энергиясының минимальды шығын деңгейі ретінде түсіну нормативтің жылу энергиясын орынсыз шығындауды болдырмау бойынша қажетті шараларды тұтынушылармен жүргізу жағдайында, тұрғын алаңының әлеуметтік нормасымен байланыстырылғанын білдіреді. Жеңілдіктер мен субсидиялар және өтемақылар беру түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары мен олардың мөлшерлерін анықтауға арналған отынды тұтыну нормативтері аймақ (тұрғылықты мекен) бойынша орташа есеппен 1 адамға келетін жылу энергиясының көлемі мен тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасына байланысты белгіленеді.

Тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы – оның тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша өтемақы (субсидиялар) ұсынылатын, 1 адамға шаққандағы тұрғын алаңының мөлшері. Қазақстан Республикасында ел бойынша орташа алғанда 1 тұрғынды тұрғын үймен қамсыздандырудың әлеуметтік нормасы 18 шаршы метр мөлшерінде анықталады. Тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы әлеуметтік қолданыстың тұрғын үй қорларындағы тұрғын жайлар типтері, отбасы құрамы, тұрғын үймен қамсызданудың қол жеткізген деңгейіне және басқа да факторларға байланысты атқарушы органдармен анықталатын, тұрғын жайларды ұсынудың минимальды мөлшеріне тең.

Нақты бір елді мекен үшін отынды тұтыну нормативтері екі кезеңмен әзірленуі қажет. Бірінші кезеңде әртүрлі климаттық аймақтарда орналасқан аймақтар бойынша жеке тұрғын үйлерде отынды тұтыну нормативтері қалыптастырылады. Қазақстан аумағының климаттық аймақтар бойынша бөлінуін ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы» құрамынан көріңіз.

Екінші кезеңде жергілікті шарттарды ескере отырып, осы нормативті көрсеткіштерді дифференциациялау арқылы нақты бір елді мекен үшін отынды тұтыну нормативтері анықталады. Сыртқы ауаның нақты температуралары мен жел жылдамдығы бойынша деректерді метеорологиялық станциялар мәліметтерінің негізінде анықтау қажет. Мұндай мәліметтер болмаған жағдайда, дербес келесі жолмен жүргізіл алады: күнделікті үш реттен кем емес (7, 13 және 21 сағатта) термометр көрсеткіштері – сыртқы ауа температурасы жазылып алынады. Термометр ғимараттың солтүстігі жағынан орнатылады және тікелей күн сәулесі мен ғимараттан шығатын ішкі жылудан қорғалуы қажет. Сыртқы ауаның орташа температурасы анықталады:



  • Орташа тәуліктік – температура көрсеткішінің жиынтық қоспасын өлшем санына бөлу арқылы;

  • Орташа айлық – орташа тәуліктік температура көрсеткішінің жиынтық қоспасын бір айдағы күн санына бөлу арқылы;

  • Жылыту кезеңіндегі орташа температура – орташа айлық температуралар туындыларының жиынтық қоспасын жылыту кезеңінің әрбір айындағы жылыту жүйесінің жұмыс істеген күн санына (ұзақтығына) бөлу арқылы.

Сыртқы ауаның орташа температурасы сияқты, желдің орташа жылдамдығы да дәл осылай анықталады.

Жеке тұрғын үйлерді жылытуға отын қажеттілігін есептеуді әдетте, ғимараттар паспорттары немесе жобаларында көрсетілген есептік максималдық жылу жоғалту негізінде жүргізу қажет. Жеке тұрғын үйлерді жылыту кезінде отын құрылыстық қоршау конструкциялары арқылы жылудың жоғалуын, сондай-ақ сыртқы есіктер мен терезе конструкцияларындағы саңылаулар арқылы сыртқы ауаның инфильтрациясынан туындайтын жылу жоғалуын өтеуге жылу алу үшін шығындалады. Отынды тұтыну нормативтерін анықтау кезінде тұрғын үйдің келесі конструктивтік және техникалық параметрлері мен оның жайлылық деңгейі ескеріледі. Жылуды жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік температурасы = -31C0 дейін жететін климаттық аудандар үшін жылытылатын ғимараттар ішіндегі тұрғын жайлар ауасының орташа температурасы +18C°, ал ықтағы бөлмелерде +22С° болып есептелген, ал сыртқы ауаның есептік температурасы = -31С°-тан бастап және одан төмен болатын климаттық аудандар үшін – сәйкесінше +20C° және +24С°.

Отынды тұтыну нормативтерінің деңгейі табиғи, сондай-ақ баға мәнінде уақыт бойынша бекітілмеген, ол климаттық деректер динамикасына, елдегі экономикалық жағдайға, демографиялық сипаттың өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін және мерзімді түрде қайта қарастырылуы мүмкін. Қазандық және отын қолданушы басқа да қондырғылар үшін отынның жоспарлы қажеттілігі нақты параметрлеріне байланысты нақтылануы тиіс Қазандық және отын қолданушы басқа да қондырғылар үшін отынның жоспарлы қажеттілігі сыртқы ауаның нақты температурасы және жылыту кезеңінің іс жүзіндегі ұзақтығы бойынша, ал желден қорғалмаған ғимараттар үшін, сондай-ақ жел жылдамдығының нақты параметрлеріне байланысты нақтылануы тиіс.

Нақты деректер бойынша қазандық және отын қолданушы басқа да қондырғылар үшін отынның тәуліктік шығыны, сондай-ақ, от жағу кезеңі ішінде отынның нақтыланған есептік шығыны анықталады.

Егер эксплуатациялық сынақтаулармен анықталған отынның үстеме шығыны жұмыстың қалыптан тыс режиміне немесе жабдықтың істен шығуына байланысты болса, норматив өзгертілмейді. Пайдалану режимін немесе түзету енгізу қарастырылмаған отындық жабдықтардың жұмыс параметрлері өзгертілген болса, параметрлер мен жұмыстардың қайта бекітілген режимдерінде сынақтау нәтижелерінің негізінде нормативті түзетуге жол беріледі.

Өлшем бірлігін таңдау кезінде келесі көрсеткіштер қолданылады:

а) жылыту қатысында – тұрғын жайлардың жалпы алаңының 1 шаршы метріне Гкал;

б) газбен қамсыздандыру қатысында (газды жылыту қажеттілігіне шығындаған жағдайда): тұрғын жайлардың жалпы алаңының 1 шаршы метріне 1 текше метр;

в) электрмен қамсыздандыру қатысында (электрді жылыту қажеттілігіне шығындаған жағдайда) – кВт/сағ 1 шаршы метрге.

Шығынды төмендету және отынды үнемдеуге ғимараттардың конструктивті шешімдерінің, технологиялық процесстердің, және қазандықтар мен басқа да жылу қолданушы қондырғылар жұмысының қолдану режимдерінің жетілдірілу себепші болуы тиіс, сондай-ақ күн радиациясының жылуын қолдану есебінен жүзеге асырылуы қажет. Жылу өткізгіштің параметрлерін сақтамау есебінен немесе тұтынушылардың бекітілген технологияны бұзу есебінен отынды үнемдеуге жол берілмейді.

Елді мекен бойынша отынның іс жүзіндегі жиынтықталған үнемделуі ғимараттың жылыту жабдығын, қазандықты және басқа да жылу қолданушы қондырғылардың ғана үнемді жұмысының нәтижесі емес, барлық тұтынушылардың алатын жылуын үнемді пайдалану, бірінші кезекте жеке тұрғын үйлердің жылытуға алатын жылуын үнемді пайдалану, сондай-ақ сыртқы жылу желістерінде жылудың жоғалуын төмендету нәтижесі болуы тиіс.

Тұтыну нормативтері отынның әрбір түрі бойынша белгіленеді және жеке тұрғын үйдің жайлылық деңгейімен анықталады. Жайлылық деңгейін сипаттаушы параметрлер ретінде Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сәйкес құрылыс, техникалық және басқа да талаптармен белгіленген көрсеткіштер қолданылады.

Отынды тұтыну нормативтері бірдей конструкциялық және техникалық параметрлерге, сондай-ақ жайлылық деңгейіне ие жеке тұрғын үйлер үшін бекітіледі. Конструктивті және техникалық параметрлерде, сондай-ақ жайлылық деңгейінде өзгешеліктер болған жағдайда, отынды тұтыну нормативтері сараланады.

Отынды тұтыну нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативті құқықтық актілерімен көзделген, отын сапасына қойылатын талаптарға сәйкес белгіленеді.

Отынды тұтыну нормативтері уәкілетті органдармен бекітіледі.

Отынды тұтыну нормативтерін өзгерту оларды белгілеу үшін анықталған тәртіпте жүзеге асырылады. Тұрғын үйде тұтынушымен коммуналдық ресурстарды тұтыну көлемі (мөлшері) 5 пайыздан астам мөлшерге өзгертілген жағдайда, отынды тұтыну нормативтерін өзгерту үшін негіз ретінде конструктивтік және техникалық параметрлерінің, жеке тұрғын үйінің жайлылық деңгейінің, климаттық шарттардың өзгертілуі қызмет етеді.

Отынды тұтыну нормативтерін белгілеу үшін оларды отынды тұтыну нормативтерін анықтау үшін ұсынылатын, әдістер мен формулалар көмегімен есептеу немесе анықтау қажет (бөлім 5 ÷ 8).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет