КІРІСПЕ
Осы құрылыстық нормаларында, негіздің шекті күйлерге жетуі мүмкін еместігіне және техникалық регламенттарға сай, құрылыстық нысандарына қойылатын қауіпсіздік талаптарының орындалуына кепілдік беретін, іргетастардың ыңғайлы түрлерін таңдау үшін қажетті негізге деген міндетті талаптар мен жобалау нормалары келтірілген.
Құрылыс нормаларында нормативтік талаптардың мақсаты мен функционалдық талаптары және іргетастар мен негіздердің жұмысшы сипаттамалары келтірілген.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Енгізілген күні – 2015–07–01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыстық нормалары өнеркәсіптік, тұрғын және қоғамдық үймереттер мен ғимараттардың іргетастар негіздерін жобалау үшін пайдалануға ұсынылады.
1.2 Осы құрылыстық нормаларының заты, үймереттер мен ғимараттар іргетастарының топырақты негіздерін жабалау, орнату және пайдалануына қойылатын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бірыңғай жиынды талаптар болып табылады.
1.3 Осы құрылыстық нормаларының нұсқаулары, динамикалық жүктемелер тарататын машиналар іргетастары, терең орнатылатын қадалар және гидротехникалық ғимараттар, жолдар, аэродром жабындарын, мәңгітоң топырақтардағы үймереттер мен ғимараттардың негіздерін жобалауға тарамайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыстық нормаларында келесі нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сілтемелер қолданылды:
Қазақстан Республикасының заңы «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін көтеру жөнінде» 13 қаңтар 2012 жылдан № 541-IV.
Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Өрт қауіпсіздігі туралы» 16 қаңтар 2009 жылы №14 бекітілген.
Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде», Қазақстан Республикасының Үкіметінің бұйрығымен 17 қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген.
Қазақстан Республикасының экология бойынша кодексі 09 қаңтар 2007 жылдан № 212- III (27 шілде 2007 жылдың жағдайы бойынша өзгертіліп толыққан).
ЕСКЕРТУ Ұсынылған құрылыстық нормаларын қолдануда сілтеме жасалған құжаттарды жыл сайын жаңартылып отыратын «Қазақстан Республикасы шекарасында қызмет атқаратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативті құқылы және нормативті-техникалық тізім», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сілтеу», «Қазақстан Республикасының мемлекет аралық нормативтік құжаттарға сілтеу» құжаттары бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжаты
_____________________________________________________________________________Ресми басылым
ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда ұсынылған құрылыс нормасын қолданғанда ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн. Егер сілтеме құжаты ауыстырымсыз алынып тасталса, онда оған сілтеме берілген ереженің бөлігі ғана қолданылады.
3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормаларында, анықтамаларына сай келетін, келесі атаулар қолданылады:
3.1 Жүктеме: Бүкіл пайдаланылу мерзім бойы, орта мәнімен салыстырғанда уақытша өзгерісі елеусіз немесе белгілі бір шекті мәніне жеткенше әрқашан бір бағытта жүретін (бірқалыпты) шама түріндегі әсер.
3.2 Негіз: Құрылыс жұмыстары басталмай тұрып, алаңдағы топырақ, тас.
3.3 Шөгулер: Топырақтың, құрылымы түпкі өзгерістерге ұшырамаған жағдайдағы, сыртқы жүктемелер, кейде өз салмағы әсерінен нығыздалу деформациялары.
3.4 Кедергi: Ғимарат элементінің немесе оның көлденең қимасының механикалық бұзылыстарсыз әсер қабылдау қабілеті, мысалы: топырақтың ығысуға деген беріктігі, майыстыру кедергісі, бойлық иілуге орнықтылық жоғалтпау кедергісі, созылу кедергісі.
3.5 Iргетас: Қадалар да енетін құрылыс ғимараттарының жерасты көтеруші бөлігі.
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАР
4.1 Нормативтік құжаттың мақсаты
Нормативтік құжаттың мақсаты, өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, беріктігі, пайдаланылуы мен жарамдылығы, экономикалық тиімділігі, төзімділігі бойынша техникалық қауіпсіздікті ескере, іргетастар топырақты негіздерінің қауіпсіздігін техникалық регламентке «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкес қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіретін қолайсыз тәуекелді болдырмай, шудан қорғау талаптарының да орындалуы.
4.2 Қызметтік талаптар
4.2.1 Үймереттер мен ғимараттардың жобаланатын негіздеріне қойылатын басты қызметтік талаптар, еңбек пен өндірістік үрдістің қауіпсіздігіне жағдайлар туғызуға бағытталған.
4.2.2 Іргетастардың негізі техникалық, технологиялық және экологиялық өлшемдерге байланысты жобалануы керек, сонымен бірге құрылыс және топырақ негізін пайдалану кезінде келесі қызметтік талаптар орындалуы тиіс:
а) пайдалану кезінде ақаулар мен бұзылуларсыз жобада қарастырылған барлық механикалық және технологиялық әсерлерге төзе алатын үймереттер мен ғимараттардың беріктігі мен төзімділігі;
ә) нысанның өрт қауіпсіздігі – өртті болдырмау, өрт пен түтіннің таралып кетпеуін қамту, түтін кетіретін құрылғылар орнату және де іргетас негізінің көтеру қабілетін құрылыс нормалары бекіткен бүкіл уақыт бойынша сақтау;
б) санитарлық-гигиеналық жағдай бойынша талаптарды сақтау;
в) нақты жоба бойынша анықталған шудан қорғау және тағы басқа да талаптарды орындау.
4.2.3 Ғимарат негізінің механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көтергіш құрылымдарын қауіпсіздік әсерлер мен еселіктердің сандық мәндерін қолдану арқылы жобалау керек. Ғимараттың негізін технологиялық нормаларды сақтау арқылы орнату керек, сонымен бірге оны алдын-алу және қорғау шараларын сақтай отырып пайдаланған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |