Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ



бет6/10
Дата04.07.2016
өлшемі424 Kb.
#178127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ




6.1 Энергия тұтынушылықтың азайтылуына қойылатын талаптар

6.1.1 Негіз, ғимараттар мен оның бөлшектерінің жүйелеріне арналған энергияны тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының заңы «Энергияны қорғау және энергия тиімділігін көтеру жөнінде» талаптарын ескере жобаланып орнатылуға тиісті.

6.1.2 Жобалау барысында нысандардың энергия тиімділігін жоғарылататын талаптарына және басқа да Қазақстан Республикасы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес шаралар кешенін қарастыру қажет.

6.1.3 Үймереттер негізі жобаланғанда, қойылатын негізгі талап- пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Энергияны үнемдейтің үймереттің құрылымдары үй-жайларда қабылданған микроклиматты сақтап және оларды дайындау кезінде ресурс сыйымдылығын төмендетуімен қатар, жаңа технологияларды пайдалану арқасында экологиялық қауіпсіз болуы керек.

6.1.4 Жобалау барысында үймеретті күн шығысына қарай дұрыс орналастыру керек. Үймеретті дұрыс орналастыру қыс мезгілінде жылуды сақтауға, ал жазда салқындатуға табиғи мүмкіндік береді.

6.1.5 Жылудың тиімді қолдануын қамтамасыз ету үшін үймереттердің іргетастары энергия үнемдейтін материалдардан орнатылуға тиісті. Үймереттердің энергия тиімділігін арттыру үшін климаттық және жергілікті жағдайлар, сонымен қатар үй-жайлардағы климаттық жағдайы мен экономикалық тиімділігі ескерілуге тиісті. Бұл шаралар үймереттердің басқа техникалық талаптарына, сонымен бірге олардың қолданылуы мен қауіпсіздігіне әсер етпеуге тиісті.

6.1.6 Үймереттерде тиімділігі жоғары баламалық жүйелерді орнату мүмкіндіктерін қарастыру керек (техникалық, экологиялық және экономикалық).


6.2 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

6.2.1 Жергілікті құрылыс, өндірістік кешендер және басқа да халыққа қажетті тұрмыстық нысандарды, аймақтық геологиялық ұйымдардан пайдалы қазбалар жоқ деген қажетті мәліметтерді алмағанша, салуға және жобалауға тыйым салынады.

6.2.2 Жобалау барысында қоршаған ортаға шектік рауалы жүктемелер ескерілуге, сенімді және тиімді қорғаныс шаралары, зиянды қоқыстардан тазарту, оларды жою, ресурс үнемдейтін, аз шығынды және шығынсыз технологиялар мен өндірістер техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде» сәйкес қарастырылуға тиісті.

6.2.3 Талдарды электротаратқыш жүйелерінен, тротуарлардан қауіпсіз қашықтықта отырғызған жөн.

6.2.4 Ландшафттық жоспарлар мемлекеттік ресурстар, мысалы: су, жер, биологиялық өсімдіктер, энергетикалық ресурстар, ауаның сапасы және басқа да қоғамға қажетті табиғи ресурстар сақталып құрылуға тиісті.

6.2.5 Алаңда суғарулық суға қол жетімді болуын қамтамасыз ету қажет.

6.2.6 Ландшафтты жобалау кезінде оның табиғи дамуын қарастыру керек.

6.2.7 Талдарды отырғызу кезінде климаттық жағдайлар, жердің түрі, жауын-шашын мөлшері, желдің бағыты, өсімдіктер күтімі, балалар мен қызметкерлердің тіршілік қауіпсіздігі ескерілуге тиісті. Үймереттің талшықтармен бұзылуын болдырмау үшін, биік болып өсетін талдарды үймереттерге тым жақын отырғызуға болмайды.



6.3 Қоршаған ортаны қорғау





      1. Өндірістік үймереттерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының экология бойынша кодексі талаптарын ескеру қажет.

      2. Үймереттер тұрғызу кезінде келесі жайттар есепке алынуға тиісті:

а) тура әсерлер – нысанның орналасқан аймағына тікелей әсер ететін негізгі және серіктес жоспарлы әрекеттер түрлерінің әсерлері;

б) жанама әсерлер – қоршаған ортаға әсер ететін, жанамалық (соңғылық) себептерге байланысты жобаның іске асырылуынан пайда болған әсерлер;

в) кумулятивтік әсерлер – үнемі өсетін өзгерістер нәтижесінде пайда болып, жобаның іске асырылуымен қатар жүретін, өткен, кәзіргі немесе негізді болжанған әрекеттер тудырған әсерлер.


      1. Қоршаған ортаға қарасты келесі әсерлерді бағалау ұсынылады:

а) көшетханалық газ шығымдарының әсерлерін ескермегендегі, атмосфералық ауа;

б) жер беті және жерасты сулары;

в) су қоймалар түбінің беті;

г) ландшафттар;

д) жер ресурстары және жер қыртысы;

е) өсімдік әлемі;

ж) экологиялық жүйелердің күйі.


      1. Үймереттер негіздерін жобалау барысында құрылыс аланының радон қауіптілік дәрежесі, техногендік радиоактивтік ластану және құрылыс құрылымдарының радиоактивтік дәрежесі ескерілуге тиісті. Бұл кезде радиация қауіпсіздігінің талаптарын «Радиация қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерге сәйкес орындау керек [1].

Библиография


[1] Санитарлық нормалар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Радиациалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» 3 ақпан 2012 жылы № 202 бекітілген.

[2] МСТ 20522-96 Топырақтар. Сынақтаулар нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістері.

ӘОЖ 624.15 МСЖ 083.74



Түйін сөздер: негіз, іргетас, шөгу, көтеру қабілеті.

СОДЕРЖАНИЕ


МАЗМҰНЫ III

КІРІСПЕ III

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 1

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 1

3 АТАУЛАР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 2

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ТАЛАПТАР 2

4.1 Нормативтік құжаттың мақсаты 2

4.2 Қызметтік талаптар 2

5 ЖҰМЫСШЫ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 3

5.1 Жалпы жағдайлар 3

5.2 Үймереттер және ғимараттар негіздерінің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар 3

5.3 Күрделі топырақтардағы үймереттер және ғимараттар негіздерінің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар 8

5.3.1 Шөккіш топырақтар 8

5.3.2 Ісінгіш топырақтар 11

5.3.3 Тұзды топырақтар 11

5.4 Үймереттер және ғимараттар негіздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар 12

5.4.1 Үймереттер және ғимараттар негіздерінің деформацияларын шектейтін шаралар 12

5.4.2 Топырақтарды нығайту 13

5.4.3 Суды төмендету 14

6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ 15

6.1 Энергия тұтынушылықтың азайтылуына қойылатын талаптар 15

6.2 Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану 16

6.3 Қоршаған ортаны қорғау 16

Библиография 17

СОДЕРЖАНИЕ III

ВВЕДЕНИЕ III

1 ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ 1

2 НОРМАТИВНЫЕ ССЫЛКИ 1

3 ТЕРМИНЫ И ОПРЕДЕЛЕНИЯ 2

4 ЦЕЛЬ И ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ 2

4.1 Цель нормативного документа 2

4.2 Функциональные требования 2

5 ТРЕБОВАНИЯ К РАБОЧИМ ХАРАКТЕРИСТИКАМ 3

5.1 Общие положения 3

5.2 Требования по обеспечению надежности и устойчивости оснований зданий 3

5.3 Требования по обеспечению надежности и устойчивости оснований зданий на специфических грунтах 8

5.3.1 Просадочные грунты 8

5.3.2 Набухающие грунты 11

5.3.3 Засоленные грунты 12

5.4 Требования по обеспечению безопасности оснований 13

5.4.1 Мероприятия по уменьшению деформаций оснований 13

5.4.2 Закрепление грунтов 14

5.4.3 Водопонижение 14

6 ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЕ И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРИРОДНЫХ РЕСУРСОВ 15

6.1 Требования к сокращению энергопотребления 15

6.2 Рациональное использование природных ресурсов 16

6.3 Охрана окружающей среды 16

Библиография 18







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет