Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


 Күрделі топырақтардағы үймереттер және ғимараттар негіздерінің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар



бет4/10
Дата04.07.2016
өлшемі424 Kb.
#178127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.3 Күрделі топырақтардағы үймереттер және ғимараттар негіздерінің сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін талаптар




5.3.1 Шөккіш топырақтар


 

5.3.1.1 Шөккіш топырақтардан құралған негіздер, өздерінің ерекшеліктеріне қарай жобалануы керек, яғни ылғалдылықтың, белгілі бір деңгейден жоғарылауына байланысты, топырақтың беріктігі төмендейді де, сыртқы жүктемелер және (немесе) топырақтың өз салмағынан қосымша деформациялар – лықсып шөгулер пайда болады.

5.3.1.2 Шөккіш топырақтардан тұратын негіздерді жобалаған кезде ылғалдылықтың жоғарылауы, келесі үрдістерге байланысты өтетінін ескеру керек:

а) сыртқы көздерден, жоғарыдан және (немесе) топырақ суларының деңгейі көтеріліп төменнен, топырақтардың сулануы;

б) жер беті суларының жердің ішіне сүзілуі кезінде және жер бетінің көлеңкеленуінен, топырақта ылғалдың жиналуы.

5.3.1.3 Ылғалдылығы бойынша шөккіш топырақтардың есептік күйі –суға толық қаңығу.

5.3.1.4 Шөккіш топырақтардың сипаттамалары:

- салыстырмалы шөккіштік - топырақтар сулағаннан кейін, олардың берілген қысыммен салыстырмалы сығылуы;

- бастапқы шөккіштік қысым - топырақ толығымен суға қаныққан кезде, оларда шөккіш қасиеттері пайда болуына сай келетін ең төмен қысым;

- бастапқы шөккіштік ылғалдылығы - топырақтардың шөккіш қасиеттері пайда болғандағы ең төмен ылғалдылығы.

Салыстырмалы шөккіштік пен бастапқы шөккіштік қысым мәндері зертханалық әдістер арқылы анықталады.

5.3.1.5 Шөккіш топырақтардан құралған негіздерді жобалаған кезде, келесі жайттар ескерілуге тиісті:

а) іргетас табанынан, сыртқы жүктеме мен топырақтың өз салмағынан туындайтын тік кернеулердің қосындысы бастапқы шөккіштік қысымға тең, немесе аталған кернеулер мәні өте аз болғандағы тереңдікке дейін өлшенетін, лықсып шөгудің жоғарғы жағында өтетін, сыртқы жүктемелерден лықсып шөгу;

б) тік кернеулердің қосындысы бастапқы шөккіштік қысымнан артық немесе топырақтың өз салмағынан және сыртқы жүктемеден туындайтын тік кернеулер қосындысы өте аз тереңдіктен, шөккіш қабаттың төменгі шекарасына дейінгі, лықсып шөгудің төменгі жағында өтетін, топырақтың өз салмағынан лықсып шөгу;

в) топырақ лықсып шөгуінің әркелкілігі;

г) шөккіштік шұңқырдың қисықсызықты бөлігімен шектелген, топырақтың өз салмағынан лықсып шөгу кезіндегі негіздің көлденең ауытқуы.

5.3.1.6 Топырақтардың лықсып шөгулерін және олардың әркелкілілігін анықтау кезінде алаңды тегістеу сипатын (топырақ негізінің кернеулік жағдайына әсер ететін қазбалар мен қиюларды немесе үйінділер мен себінділерді ескеру, сонымен қатар лықсып шөгулердің өлшемі мен түрін қарастыру); топырақтың сулануы мүмкін деген көздердің орналасуын; ғимараттардың, соның ішінде үңгіжолдардың, жертөлелердің және т.с.с. құрылымдық шешімдерін; терең орнатылатын іргетастарға әсер ететін қосымша жүктемелерді, топырақтың өз салмағынан туындайтын лықсып шөгу кезінде пайда болатын кері үйкеліс күшінен бекітілген және нығыздалған топырақ қабатын ескеру қажет.

5.3.1.7 Шөккіш топырақтардан құралған алаңдардың топырақтық жағдайлары, өз салмағынан топырақ шөгуінің байқалу мүмкіндігіне байланысты екі типке бөлінеді:

- I тип – топырақтардың лықсып шөгуі, көбінесе сыртқы жүктемелерден мүмкін болатын, ал өз салмағынан топырақ лықсып шөкпейтін топырақтық жағдайлар;

- II тип – топырақ сыртқы жүктемелерден лықсып шөгуінен басқа, олардың өз салмағынан лықсып шөгуі мүмкін болатын топырақтық жағдайлар.

5.3.1.8 Шөккіш топырақтардан құралған негіздерді есептегенде, негіздің, шөгу мен лықсып шөгуден тұратын жалпы деформациясы ескеріліп анықталады. Ылғалдылығы орныққан негіздің шөгуін, топырақтың шөккіштік қасиеттерін пп.5.3.1.2-5.3.1.5 талаптары бойынша анықтайды.

5.3.1.9 Шөккіш топырақтардан құралған негіздерді жобалағанда, негіздің лықсып шөгуін болдырмайтын немесе рауалы шектерге дейін төмендететін немесе ғимараттардың пайдаланулық жарамдылығына деген әсерін азайтатын шаралар қарастырылуға тиісті.

Үймереттің бүкіл пайдалану мерзімінде негіздің сулануы мүмкін емес жағдайда (оның мүмкін қайта құрылымдануы ескеріле) топырақтардың шөккіштік қасиеттерін ескермеуге болады, бірақ, есептеулерде топырақтардың, орныққан ылғалдылыққа сәйкес келетін, физикалық-механикалық сипаттамалары пайдаланылуға тиісті.

5.3.1.10 Негіз топырағының есептік кедергісі шөкпелі топырақтардың сулануы мүмкін болғанда төмендегілерге тең етіп қабылданады:

а) іргетас табанының астындағы қысымды төмендету арқылы сыртқы жүктемелерден топырақтардың шөгу мүмкіндігін жою кезіндегі бастапқы шөгу қысымы;

б) суға қаныққан күйдегі беріктік сипаттамаларының есептік мәндерін қолдана отырып есептелген мәндер.

Шөкпелі топырақтардың сулануы мүмкін емес болғанда негіз топырағының есептік кедергісін тұрақталған ылғалдылықтағы сол топырақтардың беріктік сипаттамаларын қолдана отырып анықтайды.

5.3.1.11 Топырақтардың бірқалыпсыз шөгуін анықтау кезінде есептелініп жатқан іргетасқа неемсе толығымен ғимаратқа қатысты сулау көздері орналасуының мүмкін болатын ең тиімсіз түрлері мен орнын ескеру қажет.

5.3.1.12 Негіз топырақтарының сулануы мүмкін деген жағдайда, келесі шаралардың біреуін қарастырған жөн:

- бүкіл шөккіш қабаты бойынша топырақтардың шөккіштік қасиеттерін жою;

- шөккіш қабатты іргетастармен, солардың ішінде қадалы іргетастармен және нығайтылған топырақ массивтерімен тіліп өту;

- топырақтардың шөккіштік қасиеттерін жарым-жартылай жою, судан қорғау және құрылымдық шаралар енген, шаралар кешені.

II типтегі топырақтық жағдайларда, топырақтардың шөккіштік қасиеттерін жою немесе терең орнатылатын іргетастармен тіліп өтумен қатар, судан қорғау шаралары да қарастырылуға тиісті.

Шаралар, топырақтық жағдайлар типіне, мүмкін деген сулану түріне, есептік лықсып шөгуіне, жобаланатын ғимараттардың көршілес нысандар және комммуникациялармен байланысуына қарай, таңдалуға тиіс.

5.3.1.13 Топырақтардың шөккіштік қасиеттерін жою, келесі шаралар арқылы іске асырылады:

- лықсып шөгу зонасының жоғарғы жағын немесе оның бір бөлігін ауыр таптауыштармен нығыздау, топырақтық төсемдер орнату, қазаншұңқырларды таптап дайындау, соның ішінде қатқыл материалдардан (бетон, шақпақтас, құмды-майдатас қоспасы) жасалған кеңейтулер, химиялық немесе күйдірумен нығайту;

- бүкіл шөккіш қалыңдығы бойынша-топырақтық қадалармен, негіз топырақтарын алдын ала сулаумен, соның ішінде тереңдік жарылыстармен нығыздау, химиялық немесе күйдірумен нығайту.

5.3.1.14 Терең орнатылатын іргетастарды жобалағанда:

- I типтегі топырақтық жағдайларда – іргетастардың бүйірлі беттеріндегі топырақ кедергісі;

- II типтегі топырақтық жағдайларда – топырақтардың өз салмағынан лықсып шөгу кезінде пайда болатын іргетастардың бүйірлі беттеріндегі топырақтың кері үйкелісі; ескерілуге тиісті.

 

5.3.2 Ісінгіш топырақтар


 

5.3.2.1 Iсінгіш топырақтардан құралған негіздер, осындай топырақтардың ылғалдылық өскен кездегі көлемінің ұлғаюы-ісіну қабілеті ескеріле, жобалануға тиісті. Одан кейінгі, ылғалдылықтың төмендеуіне байланысты, ісінгіш топырақтарда кері үрдіс жүреді- кеберсу.

5.3.2.2 Iсінгіш топырақтар, берілген қысымдағы салыстырмалы ісінуімен ісіну қысымымен, ісіну ылғалдылығымен және кепкен кездегі салыстырмалы кеберсуімен сипатталады.

5.3.2.3 Iсінгіш топырақтардан құралған негіздерді жобалағанда келесі мүмкін деген жағдайларды:

- жерасты суларының көтерілуіне немесе су сіңірілуіне - топырақтардың өндірістік немесе жерүсті суларымен ылғалдануына байланысты;

- құрылыс салынған және асфальтталған жерлердегі (жер бетінің көлеңкеленуі, күн тиместік жағдайда қалуы) буланудың табиғи жағдайларының бұзылуы салдарынан, ғимарат астындағы тереңдігі шектелген зоналардағы жиналған ылғалдан;

- ауалау аймағының жоғарғы жағындағы-сулық-жылулық жағдайдың өзгеруінен (мерзімдік климаттық себептер);

- жылу көздерінің әсерінен кебу кезіндегі кеберсуін ескерген жөн.

5.3.2.4 Ісінгіш топырақтардан құралған негіздерді есептегенде, топырақтың ісінуінен немесе кеберсуінен пайда болатын негіз деформациялары, негіздің жеке қабаттар деформацияларын жинақтау арқылы анықталуға тиісті. Негіздің сыртқы жүктеме мен ісінгіш топырақ ылғалдылығының төмендеуінен туындаған деформациялар біріктіріле анықталуға тиісті. Топырақтың ісіну салдарынан негіздің көтерілуі анықталғанда, негіздің сыртқы жүктемелерден шөгуі тұрақтанды деп қабылданады.

5.3.2.5 Салыстырмалы ісіну ісіну қысымы және салыстырмалы кеберсу, ісіну немесе кеберсу себептеріне байланысты зертханалық сынақта нәтижелері бойынша анықталынады.

5.3.2.6 Ісінгіш топырақтардан құралған негіздің есептік деформациялары шекті мәндерінен асатын немесе негіздің көтеру қабілеті жеткіліксіз болған жағдайларда келесі шаралар қарастырылуға тиісті:

- судан қорғау шаралары;

- ісінгіш топырақтардың қалыңдығы толығымен немесе бөлігі енетін негізді алдын ала суландыру;

- қабылдағыш (компенсациялық) құмды төсемдер қолдану;

- ісінгіш топырақты ісінбейтін топыраққа толық немесе жартылай алмастыру;

- ісінгіш топырақ қабатын іргетаспен толық немесе жартылай тіліп өту.

 

5.3.3 Тұзды топырақтар


 

5.3.3.1 Тұзды топырақтардан құралған негіздер, келесі себептермен сипатталатын ерекшеліктері ескеріліп жобалануға тиісті:

- судың ұзақ сүзілу және тұздардың сілтісіздендірілу кездеріндегі суффозиялық шөгудің пайда болуы;

- тұздардың сілтісіздендірілу үрдісі кезінде, әдетте беріктік сипаттамаларының төмендеуімен өтетін, топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерінің өзгеруі;



- суланған кезде топырақтардың ісінуі мен түсуі;

-топырақ құрамына енген тұздардың еруінен пайда болатын, жерасты суларының жерасты конструкцияларына деген жоғары жегілігі.

5.3.3.2 Тұзды топырақтар салыстырмалы суффозиялық сығылу мен суффозиялық сығылудың бастапқы қысымымен сипатталады. және мәндері әдетте, зертханалық әдістер (компрессиялық-сүзілу сынақтары), ал, құрылыс алаңының жеке жерлерін жете зерттеу үшін- негізді ұзақ сулау жағдайында жүргізілетін, статикалық жүктемемен далалық сынақтаулар арқылы анықталады. Далалық сынақтаулар нәтижелері және ұқсас инженерлік-геологиялық жағдайлардағы құрылыс тәжірибесі болса, аталған сипаттамаларды тек зертханалық әдістермен анықтауға болады.

5.3.3.3 Негіз деформациялары, егер тұзды топырақтар шөккіш немесе ісінгіш болса, сыртқы жүктеме тудырған және суффозиялық шөгулердің, сонымен қатар лықсып шөгу, ісіну немесе кеберсу мәндерінің қосылуымен анықталады.

5.3.3.4 Тұзды топырақтардан құралған негіздердің есептік кедергілері ұзақ сулануы және тұздардың сілтісізденуі мүмкін болса, суға қаныққан күйдегі топырақтардың тұздары сілтісізденгеннен кейінгі беріктік сипаттамаларының есептік мәндерін қолдану арқылы анықталынады. Тұзды топырақтардағы іргетастарды жобалағанда іргетас діңін сулар мен топырақтардың жегілік әсерінен қорғайтын шаралар қолдану керек.

5.3.3.5 Тұзды топырақтардан құралған негіздердің есептік шөгулері шекті мәндерінен асатын немесе негіздің жеткіліксіз көтеру қабілеті жағдайларында келесі шаралар қарастырылуға тиісті:

- тұзды топырақтарды, сазбалшықты топырақтардан төсем қарастыра, толық немесе бөлшектеп сырып алу;

- нығайту, тығыздау немесе бейтараптау (топырақтарды тұздардың еруін болдырмайтын ерітінділермен қанықтыру).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет