5.28. Су объектiсiне (өзенге, каналға, көлге) кәрiздiк суларды бұрып жiберудi, жоспарда ағынның ағысының бағытына қатысты сүйiр бұрышты етiп орналастыру керек, ал оның сағалық бөлiгiн бетонды жақтаумен (баулықпен) немесе қандай да бiр материал қалау арқылы болмаса толтырма нобаймен нығайту керек.
Нөсерлiк канализацияның су өткiзгiштiк мүмкiндiгi кәрiздеу жүйесiнен келiп түсетiн қосымша су шығынын ескере отырып анықталған болса, онда кәрiздiк суларды нөсерлiк канализацияға жүберуге жол берiледi. Бұл жағдайда кәрiздеу жүйесiнде судың тежелуiне жол берiлмейдi.
Кәрiздiк бақылау құдықтарын кәрiздiң түзу сызықты бөлiктерiнде, сонымен қатар кәрiздеу құбырларының бұрылысында, қиылысында және еңiстiктерi өзгеретiн жерлерде 50 м-ден кем емес қашықтық сайын орналастыру қажет. Бақылау құдықтарын темiрбетонды сақиналардан құрастыруға, тұндырғышпен жабдықтауға (тереңдiгi 0,5 м-ден кем емес) және түбiн бетондап пайдалануға болады, МСТ 8020-90.
5.29. Көлденең құбырлық кәрiздердiң көмегiмен топырақтық сулардың деңгейiн қажеттi деңгейге дейiн төмендету мүмкiн болмаған жағдайда, кәрiздеу галереясын қолданған дұрыс.
Кәрiздеу галереясының пiшiнi мен көлденең қимасының ауданын, сонымен қатар оның қабырғаларының перфорациалану дәрежесiн кәрiздiң қажеттi су қабылдау мүмкiндiгiне қарай айқындау керек.
Кәрiзде галереясының сүзгiлерiн осы норманың 5.27.-тармағының талаптарына сәйкес жасау қажет.
5.30. Сорғымен жабдықталған су төмендетушi ұңғымаларды топырақтық сулардың деңгейiн төмендетуге суды тартып шығару арқылы ғана қол жеткiзуге болатын жағдайларда қолданған дұрыс.
Егер кәрiздiк су төмендетушi ұңғыма бiрнеше сорғы деңгейжиектерін кесiп өтсе, онда қажет болған жағдайда олардың әр қайсының шегiнде сүзгiнiң болуы қарастырылуы тиiс.
5.31. Суы өздiгiнен ағып шығатын ұңғыманы тегеуiрiндi сулы қат-қабаттардағы артық қысымды азайту үшiн пайдалану керек.
Суы өздiгiнен ағып шығатын ұңғымалардың құрылымы су төмендетушi ұңғымалардың құрылымы тәрiздi.
5.32. Су сiңiрушi ұңғымалар мен өтпелi тесiк сүзгiлердi, тегеуiрiнсiз ыза сулары бар, су сiңiрiмдiлiгi жоғары төсенiш топырақтық су өткiзбейтiн қабаттан жоғары орналасқан жағдайда орналастыру қажет.
5.33. Күрделi кәрiздердi екi қабатты сулы қат-қабаттың беткi қабатының су сiңiрiмдiлiгi төмен, ал төменгi қабатын тегеуiрiнi шамадан артық болған жағдайда немесе ыза суларының қапталдан құйылған жағдайында қолдану керек. Көлденең кәрiздi жоғары қабатқа, ал суы өздiгiнен ағып шығатын ұңғыманы төменгi қабатқа орналастыру керек.
Көлденең және тiк кәрiздердi жоспарда бiр-бiрiнен 3 м-ден кем емес қашықтықта орналастырып, келтек құбырлармен байланыстыру керек.
Кәрiздiк галереяларда, ұңғыманың сағасын галереяларда орналастырылатын қуысқа шығару керек.
5.34. Сәулелi кәрiздеудi су басатын аумақтың құрылысы тығыз болған жағдайда топырақтық сулардың деңгейiн терең бойлай төмендету үшiн қажет.
5.35. Жер асты және жер бетi бөлмелерiне жоғары талаптар қоятын объектiлердi кәрiздеу кезiнде, сүзiлу қасиетi төмен топырақтарда ваккумды құрғату жүйелерiн қолдану қажет.
6. БӨГЕНДЕРДЕГІ ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ
6.1. Қорғау имараттарын жобалағанда олардың екi кезекте тұрғызылуы қарастырылуы тиiс.
Бiрiншi кезекте қорғалатын объектiлердiң маңыздылығына қарай, ең төменгi қажеттi ауқымда көлiк объектiлерiнiң, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және елдi мекендердi су басудан, су астында қалудан және толқындық әсерден қорғайтын имараттар тұрғызу қажет.
Екiншi кезекте, қажет болған жағдайда жалдап үйiлген аумақты пайдалану және абаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы және басқа да аумақтарда және осылармен байланысты объектiлердi, үйме жал бөгетшелерiн тұрғызу қажет.
6.2. Бөгендердегi қорғау имараттарының құрамы, олардың техникалық-экономикалық тиiмдiлiгiн және Г қосымшасына сәйкес, ең жақсы шешiмдi есепке ала отырып айқындалуы тиiс. Үйме жал бөгетшесi қырының белгiсi мен жаға бекiтушiсiнiң жоғарғы және төменгi шектерiнiң белгiлерi, судың желбөгетi мен толқын биiктiгiн және бөгендердiң тайыздану ауқымын есепке ала отырып анықталады. Үйме жал бөгетшесi қырының енi жұмыс өндiрiсiнiң жағдайларына байланысты анықталып, ең төменгi шамада белгiленуi тиiс.
Барлық қорғау имараттарын басым көпшiлiгiнде жергiлiктi материалдардан: топырақ пен тасты және ағашты, ал металл мен цементтi ең аз мөлшерде пайдаланып тұрғызу керек.
6.3. Егер айрықша нұсқаумен белгiленген кезеңде толқындық шайылу нәтижесiнде жаңа бөген жағалауында тұрған экономикалық маңызы үлкен объектiлердiң тұрақтылығына қауiп төнсе, онда жағаның нығайтылып бекiтiлуi қарастырылуы тиiс.
7. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕЛЕРІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ИМАРАТТАРЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН НЕГІЗДЕУ ЕСЕПТЕРІ
7.1. Елдi мекендердi, өнеркәсiп алаңшаларын, ауыл шаруашылығы жерлерi мен құрылыс салу үшiн жаңадан игерiлiп жатқан аумақтарды және ауыл шаруашылығы өндiрiстерiн инженерлiк қорғау имараттарының жобалары имараттардың сенiмдiлiгiн негiздейтiн есептеулерден басқа, мына есептеулердi:
- қорғалатын аумақтың қазiргi жай-күйiнiң су теңдестiгi;
- қайтадан жасалған бөгендер немесе каналдардың әсерiнен судың тежелуi жағдайындағы су тәртібi, сонымен қатар ыза сулардың тежелуiнiң алдын алатын инженерлiк қорғау;
су басудың барлық көздерiн есепке ала отырып гидрологиялық тәртіпті болжауды;
- су объектiлерi мен инженерлiк қорғау имараттарын тұрғызудан туындайтын гидрологиялық және гидрогеологиялық жағдай өзгерiсi әсерiнен топырақ пен өсiмдiктiң түрленуi есептеулерiн қамтуы керек.
7.2. Сортаңды топырақ аймағындағы аумақты инженерлiк қорғау жобасында тұз тәртібiнiң есебiн жүргiзу қажет.
7.3. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын, I-III дәрежелi инженерлiк қорғау объектiлерi бар аумақ үшiн, топырақ құнарлылығын арттыру есептерiн теңдестiк және аналитикалық әдiстермен, ұқсас үлгiлеу әдiстерiмен орындау қажет.
7.4. Қорғалатын аумаққа құрғату-суғару және суғару кешендерiн орналастырғанда суғару үшiн ыза суларын пайдаланудың есебiн жүргiзу керек.
8. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АППАРАТУРАЛАРЫ (БӨА) ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ЖОБАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1. Күрделi гидрогеологиялық және климаттық жағдайларда I және II дәрежелi инженерлiк қорғау жүйелерi үшiн пайдалану бақылауларына қажеттi БӨА-дан басқа, сүзiлген ағынның параметiрлерiн өлшеу, суғару, құрғату жағдайына байланысты уақыт бойынша топырақ жамылғысы су-тұз тәртібiнiң өзгерiсiн, нөсерлiк ағындардың әсерiн, су басу аймағында ыза сулары деңгейiнiң көтерiлуiн зерттеу бойынша арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БӨА қарастыру керек.
8.2. Инженерлiк қорғау имараттарын жобалағанда гидроимараттардың жай-күйiне, олардың элементтерi мен негiзiнiң ығысуына, ыза сулары деңгейiнiң өзгерiсiне, сүзiлген ағынды параметiрлерiне, топырақтың сортаңдануына көзбен шолып және құралдармен бақылау жүргiзу үшiн БӨА құрылғысы қарастырылуы тиiс.
Бақылаудың ұзақтығы гидрогеологиялық жағдайдың бiр қалыпқа келу, гидроимараттар негiздерiнiң шөгу уақытына және тұрғызылған имараттардың жұмыс iстеу уақытына тәуелдi болады.
Су басудан қорғалатын аумақтарда топырақтық сулардың жай-күйiне, кәрiздеу жүйелерi мен жекелеген кәрiздердiң жұмыс тиiмдiлiгiне бақылау жүргiзуге арналған пьезометриялық желi қарастырылуы тиiс.
8.3. Су басудан және су астында қалудан инженерлік қорғаудың біртұтас кешендік аумақтық жүйелері инженерлік зерттеулер және аумақтардың қарастырған барабар цифрлық модельдерінің (ГИС модельдері) алуан түрлі көздерінен (қоғамдық тасымалдағыштардан қазіргі электронды құралдарға, спутниктік жүйелерге дейін және арақашықтық бұрғылау деректері) және электронды мониторинг жүргізуден алынған өзге ақпараттар негізінде құру қарастырылуы тиіс.
А қосымшасы
ЖОБАЛАУ, ҚҰРЫЛЫС САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ҚҰРЫЛЫС САЛЫНАТЫН АУМАҚТЫ СУ БАСУ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
1. Құрылыс салынып жатқан аумақты су басу әлеуетiнiң дәрежесiне қарай және салынып жатқан құрылыстың түрiне тән, дәл осындай табиғи жағдайда iс-әрекетiнiң әсерi тиюi мүмкiн су басу себептерi мен факторларына байланысты, жүруi мүмкiн немесе жүрiп жатқан су басу процесiне қарсы осындай немесе қандайда бiр басқа шаралар қолданылуы тиiс.
2. Су басуға қарсы жүргiзiлетiн шаралар мыналарға ажыратылады:
- ғимараттарды, имараттарды немесе олардың кешенiн жобалаудың барысында аумақты су басу әлеуетiн анықтаудың және су басуды болжаудың негiзiнде есепке алынуы тиiс алдын алу шаралары; олар аумақты және имараттарды су басудан қорғау мақсатында жүргiзiледi;
- құрылыс салынып жатқан аумақта жүрiп жатқан су басу процесi кезiнде ғимараттар мен имараттарды және аумақтың жекелеген бөлiктерiн су басудан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн қорғау шаралары;
3. Алдын алу шаралары, аумақты су басу процесiнiң әрi қарай дамуының алдын алуды көздейдi және ғимараттар мен имараттардың және жер асты су тасымалдаушы коммуникациялардың құрылысын жүргiзу немесе пайдалану кезiнде орын алуы мүмкiн факторларға қарсы бағытталады.
4. Қорғау шаралары немесе су басуға қарсы шаралар негiзiнен ғимараттарды немесе имараттарды (құрылыс салынған аумақтың шегiндегi) пайдалану сатысында жүзеге асырылып, қала, ықшам аудандар, кент, кәсiпорындар және т.б. аумағында әсер ететiн факторларға қарсы бағытталуы тиiс.
5. Алдын алу шараларының басым бөлiгi (кәрiздеу құрылғыларынан басқа) арнайы мол қаражат жұмсауды қажет етпейдi және тыңғылықты жүргiзiлген жағдайда құрылыс салынып жатқан аумақты су басу мүмкiндiгiн едәуiр төмендетiп, соның арқасында көптеген жағдайларда кейiннен қымбатқа түсетiн арнайы қорғау шараларын қолданудың қажеттiлiгiн жоятын бiрқатар техникалық ұйымдастыру шаралары болып табылады.
6. Алдын алу шаралары құрылыс салынатын аумақта әсер етуi мүмкiн су басу факторларына қарсы бағытталады.
Алдын алу шаралары, ереже бойынша, жобалау сатысында қарастырылады және құрылыс салу сатысында, жарым-жартылай- пайдалану сатысында орындалады.
7. Қандайда бiр су басу факторларының пайда болуының алдын алуға бағытталған осы немесе басқа да бiр шараларды таңдау үшiн, барлық шаралар жүйелендiрiлген және өздерi қарсы бағытталған факторларға:
1 - сурет. Шаралардың сұлбасына;
- Б қосымшасы. Құрылыс салынып жатқан аумақта су басу факторларының алдын алу бойынша шараларға;
- В қосымшасы. Су басудың алдын алу бойынша алдын алу шараларының құрамына байланысты бiрiктiрiлген.
8. Жоғарыда келтiрiлген су басудың алдын алу шараларынан басқа:
- құрылыс салу барысында авторлық бақылауды жүзеге асыру;
- пайдалану кезiнде су кетудi шұғыл тоқтату, су тасымалдайтын коммуникацияларды дер кезiнде жөндеуден өткiзу;
- бас жоспарды әзiрлеу сатысында - қаланы инженерлiк қорғаудың бiр бөлiгi ретiнде беткi су ағындысымен қамтамасыз ету және сүзiлген, кәрiзделген суларды бұрып жiберудiң жалпы сұлбасын әзiрлеу қажет.
Құрылыс салынып жатқан аумақта су басу факторларының
алдын алу шаралары
|
|
|
|
Құрылыс салу және пайдалану сатысында
|
|
|
Белсендi факторлар әсер еткен жағдайда
|
|
Әрекетсiз факторлар жағдайында
|
|
Белсендi факторлар әсер еткен жағдайда
|
|
Әрекетсiз факторлар жағдайында
|
|
табиғи
|
|
жасанды
|
|
табиғи
|
|
жасанды
|
|
табиғи
|
|
жасанды
|
|
табиғи
|
|
жасанды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |