2.7. Құрғату нормасы, (аумақтың жобалық белгiсiмен салыстырғанда ыза суларының төмендеу тереңдiгi) су басудан қорғауды жобалағанда 1-кестеге сәйкес қорғалатын аумақтың құрылысының сипатына қарай қабылданады.
Ауыл шаруашылығы жерлерiн құрғату нормалары мелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
Қала, ауыл шаруашылығы және түрлi жер пайдаланушылармен пайдаланылатын басқа да аумақтарға iргелес аумақтарды құрғату нормалары әрбiр жер пайдаланушының талаптарын ескере отырып анықталады.
1-кесте
|
Құрылыс сипаты
|
Құрғату нормасы, м
|
1
|
Iрi өнеркәсiптiк аймақтар мен кешендердiң аумақтары
|
15 -ке дейiн
|
2
|
Қала өнеркәсiбi аймақтарының, коммуналдық қойма аймақтарының, өте iрi, iрi және үлкен қалалардың аумақтары
|
5
|
3
|
Қала және ауыл елдi мекендерiнiң қоныстану аумақтары
|
2
|
4
|
Спорттық-сауықтыру объектiлерi мен демалыс аймақтарына қызмет көрсететiн мекемелердiң аумақтары
|
1
|
5
|
Рекреациялық аймақтар және қорғау мақсатындағы (жалпыға ортақ жасыл желек екпе ағаштары, саябақ санитарлық қорғау аймақтары)
|
1
|
2.8. Су басудан қорғау имараттарының дәрежелерiн құрғату нормаларына және 2-кесте бойынша топырақтық сулардың есептiк төмендеуiне байланысты белгiлеу қажет.
2-кесте
Құрғату нормасы, м
|
Имараттардың дәрежелерi үшiн топырақтық су деңгейiнiң есептiк төмендеуi, м
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
15 -ке дейiн
|
5-тен жоғары
|
5-ке дейiн
|
-
|
-
|
5
|
-
|
3-тен жоғары
|
3-ке дейiн
|
-
|
2
|
-
|
-
|
-
|
2-ге дейiн
|
2.9. Қорғалатын аумақтардағы топырақтық судың ең жоғары есептiк деңгейiн осы норманың 1.15-тармағына сәйкес жасалған болжаудың нәтижесi бойынша және «Канализация. Сыртқы желiлер мен имараттар» ҚНжЕ 2.04.03-85-ке сәйкес есептелген жауын суларының реттелетiн ағындысының есептiк су шығынының шамасына қарай белгiлеу керек.
3. ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ИМАРАТТАРЫН ЖОБАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Аумақты су басудан қорғау
3.1. Аумақты су басудан қорғауды:
- өзен, бөген немесе басқа да су объектiсi тарапы жағының аумағын жалдап үю арқылы;
- аумақтың рельефiн жоспарлау жоспарының су баспайтын деңгей белгiсiне дейiнгi белгiге жасанды жолмен көтеру;
- су астында қалған, уақытша су басатын, суармалы аумақтардан және ойпатта орналасқан бұзылған жерлерден беткi ағын және кәрiздiк суларды жинақтау, реттеу, бұрып алып кету жолымен жүзеге асыру қажет.
Су басудан инженерлiк қорғау құралдарының құрамына үйме жал бөгетшелер, құрғатқыштар, кәрiздiк және су қашыртқы торабтар, таулық су қашыртқы каналдар, тезағарлар мен тiк құламалар, құбырлар мен сорғы станциялары кiредi.
Қорғалатын аумақтың табиғи және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты, инженерлiк қорғау жүйелерi жоғарыда аталған имараттардың бiрнешеуiнен тұруы мүмкiн немесе жеке имараттардың бiреуiн құрамына енгiзуi мүмкiн.
3.2. Қорғалатын аумақтың табиғи бетiнiң төмен жатқан белгiлерiн ұзына бойы жалдап үюдiң жалпы нобайын Құрылыс iстерi жөніндегі Комитетiнен бекiтiлген немесе келiсiлген республикалық, және ведомстволық нормативтiк құжаттар мен стандарттардың талаптарын есепке ала отырып, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстырудың негiзiнде таңдау керек.
3.3. Су басатын аумақтарды қорғау кезiнде жалдап үюдiң екi түрiн: тұтас қамтып және бөлiктер бойынша қолдану қажет.
Аумақты тұтас қамтып жалдап үюдi, қорғалатын аумақта ағын су болмаған жағдайда немесе оның ағындысы бұрма каналдар, құбырлар болмаса сорғы станциясының көмегiмен бөгенге немесе өзенге бұрып жiберу мүмкiн болатын жағдайда қолдану қажет.
Бөлiктер бойынша жалдап үюдi бұрып әкету экономикалық тұрғыдан тиiмсiз болатын, үлкен өзендер кесiп өтетiн аумақты қорғау үшiн немесе құрылысының тығыздығы әртүрлi аумақтың жекелеген бөлiктерiн қорғау үшiн қолдану қажет.
3.4. Үйме жал бөгетшесiнiң құрылымының нұсқаларын таңдау кезiнде:
- құрылыс жүргiзiлетiн ауданның топографиялық, инженерлiк геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, климаттық жағдайларын;
- қорғау имараттары құрылымының үнемдiлiгiн;
- су тасу және жазғы су тасқыны кезеңiнде үлкен суды өткiзу мүмкiндiгiн;
- құрылыс аумағының тығыздығын және су басу аймағынан құрылымдарды алып шығуды қажет ететiн құрылыс қарауындағы аймақтың ауқымын;
- жергiлiктi құрылыс материалдарын, құрылыс машиналары мен механизмдерiн пайдаланудың орындылығы;
- имараттарды тұрғызу мерзiмi;
- қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын;
- пайдаланудың қауiпсiздiгi мен ыңғайлылығын,
- сумен жабдықтауды жақсарту үшiн кәрiздiк суларды қайта пайдаланудың орындылығын ескеру керек.
3.5. Үйме жал бөгетшесiнiң қырының су объектiсiнiң есептiк су деңгейiнен жоғары болуын, осы норманың 2.4. және 2.6-тармақтарына сәйкес, қорғау имараттарының дәрежесiне қарай айқындау қажет.
3.6. Бөгендер, магистралдық каналдар, жер сiлемдерiн құрғату жүйелерi құрылысын салудан туындайтын су басулардың алдын алу мақсатындағы инженерлiк қорғау жобаларын барлық шаруашылық кешенiнiң құрылыс жобасымен үйлестiру қажет.
Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтеру
3.7. Аумақтың бетiн:
су басқан, уақытша су басатын және су астында қалған аумақтарды құрылыс жүргiзу мақсатында үшiн игеру үшiн;
- жердi ауыл шаруашылығы өндiрiсi мақсатында пайдалану үшiн;
- бөгендердiң және басқа да су объектiлерiнiң жағалауындағы жолақты абаттандыру үшiн төсем төсеп көтеру қажет.
3.8. Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтеру нұсқасын қорғалатын аумақтың келесi сипаттамаларын:
- геологиялық топырақ жамылғысы, климаттық белдемдiк және антропогендiк;
- нақты жоспарлау, әлеуметтiк, экологиялық және басқа да құрылыс жүргiзiлетiн аумаққа қойылатын талаптарды сараптаудың негiзiнде таңдау қажет.
3.9. Аумақтың топырақ төсеп тiк жоспарлау жобасын аумақтағы құрылыстың тығыздығын, бұрын көзделген жоспарлау жұмыстарының орындалу дәрежесiн, қорғау имараттарының дәрежесiн, ыза суы деңгейiнiң көтерiлуiнiң болжамдық шамасын, қорғалатын аумақта орналасқан өзендер мен су қоймаларының гидрогеологиялық тәртібiнiң өзгерiсiн есепке ала отырып әзiрлеу қажет.
3.10. Аумақтың беткi жамылғысын су басудан қорғау мақсатында жасанды жолмен көтерудi жобалау кезiнде, есептiк су деңгейi ретiнде, осы норманың 2.6.-тармағында көзделген талаптарға сәйкес өзендер, су қоймалары немесе бөгендердегi су деңгейiнiң белгiсiн қабылдау керек.
3.11. Cу басудан аумақты төсем төсеп қорғау кезiнде, аумақтың жағалық құламасының қабағының белгiсiн осы норманың 2.5.-тармағының талаптарына сәйкес анықтау керек және есептiк толқын биiктiгi мен толқын өрлеуiн есепке ала отырып, су объектiсiнiң есептiк су деңгейiнен 0,5 м-ден төмен емес аралықта жоғары тұратындай етiп қабылдау қажет. Су басудан қорғау кезiнде, аумақтың төсем төселген бетiнiң белгiсi, болжанған ыза топырақ суы деңгейiн есепке ала отырып, құрғату нормасының шамасымен анықталады.
Төсем төселген аумақтың жағалық құламасын жобалауды, көлiктiк имараттарға қойылатын ҚНжЕ 2.06.05-84*-тің талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажет.
3.12. Қорғалатын аумақтан беткi ағындыны су қоймаларына, ағын суларға, жыраларға, жалпы қалалық канализацияларға немесе нөсерлiк жүйелерге бұрып әкетудi, осы норманың 3.13.-3.15.-тармақтарының талаптарын және экологиялық талаптарды есепке ала отырып бұру арқылы жүзеге асыру қажет.
3.13. Аумақтың бетiн жасанды жолмен көтерудi жүзеге асыру кезiнде жер асты суларының табиғи кәрiзделу жағдайын қамтамасыз ету қажет. Төсем төселетiн немесе сумен шайып үйiлетiн жыралар мен сайлардың тальвектерiнiң бойымен құрғату жүргiзу керек, ал тұрақты ағын суларды iлеспе кәрiздi коллекторларға енгiзу қажет.
3.14. Жасанды төселiмдердi құрғатудың қажеттiлiгi, iргелес жатқан аумақтың гидрологиялық жағдайларымен және негiз бен төселiм топырақтарының сүзiлу қасиеттерiмен анықталады.
Уақытша ағын суларға, су қоймаларына және жер асты суын босату орындарына төсем төсеу кезiнде, төсенiштiң сүзу қабатының немесе қатпарлы кәрiздiң негiзiне орналастырылатын құрылым қарастырылуы қажет.
3.15. Аумақтың бетiн жасанды жолмен топырақ төсеу немесе сумен үю арқылы көтеру жұмысының технологиясын таңдау кезiнде, су баспайтын байырғы жағалаудың бөлiктерiнен немесе жайылмадан су басатын бөлiктерге топырақ массаларының орын ауыстыруын ескеру қажет. Топырақ жетiмсiз болған жағдайда, кеме қатынасы мақсатында тереңдетiлетiн өзен арналарының, өзен тармақтарының ескi арналарын тазалау және қалпына келтiру және қорғалатын немесе оған таяу орналасқан басқа да су қоймаларында жүргiзiлген пайдалы қазындыларды пайдалану керек.
Қорғалатын аумақтың беткi суын реттеу немесе бұру
3.16. Қала аумағы және өнеркәсiптiк алаңшалардың беткi суын реттеу және бұру үшiн қолданылатын имараттарды қалалар, кенттер және басқа да елдi мекендер құрылысы мен жоспарына, аумақты инженерлiк даярлаудың талаптарына сәйкес жасау қажет. Дюкерлердi, ағытқыштарды, нөсер суын бұрушылар мен сутүсiргiлердi, тұндырғыштарды, сорғы станцияларын басқа да имараттарды, канализациялық сыртқы тораптар мен имараттардың талаптарына сәйкес жасау керек, ҚНжЕ 2.04.03-85.
Өнеркәсiп және азаматтық құрылыс аумақтарында жабық типтi жаңбыр суы канализациясының болуын қарастыру қажет. Ашық су әкетушi құрылғыларды (арықша, науа, кювет) 1-2 қабатты құрылыс аудандарында, саябақ пен көшелер, жолдар мен жаяу-жодар қиылыстарында орналасқан көпiр немесе құбырлары бар демалыс аймақтарында - авто және темiржолдарды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етiледi, ҚР ҚНжЕ 3.03-09-2003, ҚНжЕ 3.03.01-85.
3.17. Ағындыреттеушi және арнареттеушi имараттар мен реттелмеген орта және кiшi өзендерге iргелес жатқан ауыл шаруашылығы аумақтарын су басу және су астында қалуының алдын алу, сондай-ақ ашық және жер асты әдiсiмен пайдалы қазба тау кенiн өндiру орындарын және мыналар сияқты экономиканың жекелеген объектiлерiн автожолдардың астындағы жер асты жолдарын, кеме қатынасы имараттарының кiре берiс жерлерiн және т.б. қорғау шараларын келесi жағдайларда:
- аумақты су басу кезеңi мен ауқымына қарай;
- табиғи факторларға - су басу және су мүжілуіне байланысты;
- қорғалатын объектiлер орналасқан жерлердi судың басуы мен су астында қалу процесiн күшейтетiн техногендiк факторларға байланысты қолдану қажет.
3.18. Қорғалатын ауыл шаруашылығы жерлерiнiң беткi суларын реттеу және бұрып әкету кезiнде, осы норманың талаптарымен қатар, мелиоративтiк жүйелерге қойылатын талаптарды да орындау керек.
Топырақ жамылғысының табиғи су мүжілуін есепке алуды жауын-шашын, булану нормасы, беттiң еңiстiгiне, табиғи кәрiздiлiгiне байланысты жүзеге асыру қажет.
Бұл жағдайда:
- ылғалды аймақтарда – нөсер және ерiген қар суынан болатын су тасу мен су басудан қорғауды, артық беткi суларды бұру, ыза суының деңгейi жоғары тұрған жағдайда төмендету, артық ылғалдандырылған жерлердiң батпағын құрғату жолдары арқылы жүзеге асыруды;
- құрғақ және жартылай қуаң аймақтарда – жазықтық және нөсерлiк су мүжілуінен қорғауды, беткейлерде кесе-көлденең жыртылған жерлердi өңдеу, беткейлерге шым төсеу, жыра түзiлу аймақтарында екпе ағаш бұталарын отырғызу, ауыспалы егiс бөлiктерi шекаралары бойымен орман жолақтарын отырғызу, кең көлемде терең бойлай қопсытылған су ұстау құралын жасау жолдарымен қамтамасыз ету керек.
3.19. Қорғалатын аумақтарда ағындыреттеушi имараттар гидрографиялық желiге немесе суқабылдағыштарға беткi ағындыны бұрып әкетудi қамтамасыз етуi тиiс.
Беткi суларды үлестiру және бұрып әкетудi жалдап үйiп қоршау мен таулы каналдарды қатар қолдану арқылы жүзеге асыру қажет.
Ескерту: Пайдалы қазба кен орындары аумағын қорғау кезiнде, ағындыреттеушi имараттардың жобасын тау кен орындарын жер асты және жер бетi суларынан қорғауға қойылатын талаптармен үйлестiру қажет, ҚНжЕ 2.06.14.
3.20. Қорғалатын аумақтардың ағын суларының бойына орналасқан ағындыреттеушi имараттар, көктемгi су тасу кезiнде аумақтың су астында қалмауын, өзен арнасының есептiк суландырылуын қамтамасыз ететiн және су жайылатын жайылма ауданының құрғап кетуiн болдырмайтын, есептiк су деңгейiне сәйкес келетiн су шығынына есептеледi. Сонымен қатар, бұл имараттар қазiргi бар каналдардың су алу жағдайын бұзбауға тиiс, сондай-ақ ағынның қатты ағындысын өзгертпеуге, мұз өткiзу тәртібiн бұзбауға тиiстi.
Аумақты су басудан қорғау
3.21. Су басқан аумақтардағы қорғау имараттарының құрамын, су басу сипатына (тұрақты, маусымдық, эпизодтық) және су басудан болатын зиянның шамасына қарай белгiленедi. Қорғау имараттары осы норманың 1.2-1.10-тармақтарының және А қосымшасының талаптарына сәйкес су басудың негiзгi себептерiн жоюға бағытталуы тиiс.
3.22. Кәрiздiк имараттар жүйесiн таңдау кезiнде, құрғатуды қажет ететiн аумақтың пішіні мен өлшемi, геологиялық құрылымы, топырақтық сулардың қозғалыс сипаты, сутұтқыш қат-қабаттардың сүзу қасиеттерi мен сиымдылық сипаттамалары, жер асты суларының қоректену және босау жағдайларын есепке ала отырып, сутұтқыш қабаттардың таралу аймағы айқындалуы тиiс және топырақтық сулар теңдестiгiн құраушылардың сандық шамалары анықталып, қорғау шараларын жүргiзген жағдайда топырақтық сулардың деңгейiнiң көтерiлуi мен төмендеуiнiң болжамы жасалуы тиiс.
Су теңдестiк, сүзулiк, гидродинамикалық және гидравликалық есептеулердiң, сондай-ақ нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстырудың негiзiнде, аумақты құрғату жүйесiн түпкiлiктi таңдауды жүзеге асыру қажет. Сонымен, таңдап алынған су басудан қорғау шаралары, құрылыс салынған аумақта немесе соған iргелес жатқан аумақтарда осы норманың 1.9, 1.10-тармақтарында қарастырылған зардаптарға соқтырмауы тиiс.
3.23. Кәрiздiк жүйелердi есептеу кезiнде, осы норманың 1.7-1.10-тармақтарының талаптарын бұзбай сақтау керек және осы норманың 2-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес қорғалатын аумақта ыза суларының нормативтi төмендеуiн қамтамасыз ететiн, кәрiздiк жүйенiң тиiмдi орналасуы мен жатыс тереңдiгiн анықтау қажет.
Су басудан қорғалатын аумақтарда, аумақтың топографиялық және геологиялық жағдайына, құрылыстың сипаты мен тығыздығына байланысты, табиғи немесе жасанды ағындыларға су айрық тарапынан келетiн жер асты суларының қозғалысының жағдайларына қарай, 5-бөлiмнiң талаптарына сәйкес бiр-, екi-, көпсызықты, нобайлық және күрделi кәрiз жүйесiн қолдану қажет.
3.24. Жер бетiнде және жер астында орналасқан су сидырғыш ыдыстар мен имараттардан (резервуарлар, тұндырғыштар, қойыртпақ сақтау қоймалары, сыртқы желi суқұбыры жүйелерiнiң ағынды жинақтаушылары, канализациялар және т.б.) ағып ысырап болып жерге сiңген суларды нобайлық кәрiздеудiң көмегiмен тұту қажет.
Сүзiлген сулардың су өткiзушi имараттарға бөлiнген аумақтан тыс жерлерге таралуының алдын алуға кәрiздiк жүйелердiң құрылымын қолдану арқылы ғана емес, сүзiлуге қарсы ҚНжЕ 2.02.01-ге сәйкес жобаланған қалқандар мен перделердiң көмегiмен де қол жеткiзуге болады.
Ескертулер:
1. Жер асты имараттарын су басудан қорғауды (үйасты қабаттарын, жер асты жолдарын, төннелдердi және т.б.) қорғаушы гидрооқшаулағыш жабындылар немесе қабырғаға жапсарлас және қатпарлы кәрiздердiң сүзушi призмаларының көмегiмен жүзеге асыру қажет.
2. Жер асты және жер үстiндегi жайларда ауаның ылғалдылығының қолайлы болуын ерекше қажет ететiн ғимараттар мен имараттарды (элеваторлар, мұражайлар, кiтап қоймалары, және т.б.) қорғауды желдеткiш кәрiздер құрылымымен, имараттың жер асты бөлiгiн арнайы оқшаулағыш жабындылармен қамтамасыз ету, сонымен қатар үй асты қабаты бөлмелерінде ылғалдың буға айналуының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн фитомелиорация шараларын жүргiзу арқылы iске асыру керек.
3.25. Қазiргi бар су басудан қорғау имараттарын қайта қалпына келтiру және нығайту кезiнде, қолда бар кәрiздiк құрылымдармен қол жеткiзiлетiн құрғату нәтижелерiн есепке алу қажет.
Құрылыс салынып жатқан аумақты су басудан қорғау және болжауға қажеттi бастапқы деректер
3.26. Қала аумағындағы және өнеркәсiп алаңшаларындағы қорғау кәрiздерiн жобалау, су басу процесiнiң қалыптасуы кезiнде болуы мүмкiн қолайсыз техногендiк зардаптарды (соның iшiнде ыза сулары мен топырақтың бұзғыштық ықпалы) негiзге ала отырып, ыза суларының деңгейiн қажеттi тереңдiкте ұстау мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, осы топырақтарға тән капиллярлық көтерiлу биiктiгiн тиімдісін есепке алу керек. Құрылыстың түрiне қарай, құрғату нормасына қойылатын талаптарды тапсырыс берушi зерттеудiң «техникалық тапсырмасында» рәсiмдеуi тиiс. Елдер қоныстанған аймақ үшiн, құрғату нормасы hқ 2,0 м. Қалаларда құрғату нормасын таңдау кезiнде, жасыл желек екпе ағаштар мен бұталардың өсуiне жағдай жасайтын талаптарды ескеру қажет.
3.26.1. Құрғатқыштың жатыс тереңдiгiн таңдау кезiнде:
- негiзгi су қабылдағыштарға қатысты жер бөлiгiнiң орналасуын;
- аумақтың геологиялық құрылымын және анағұрлым су өткiзгiш қабаттардың тереңдiгiн;
- кәрiздiң алдын-ала қарастырылған жату тереңдiгiнiң физикалық механикалық қасиеттерi,
- құрылыс жүргiзiледi деп шешiлген кезеңдегi ыза суларының жату тереңдiгiн есепке алу қажет.
3.26.2. Көлденең кәрiздiң жатыс тереңдiгi екi шаманың - беткi топырақтық сулардың төмендеу тереңдiгi және кәрiзаралық су деңгейiнiң кәрiздегi су деңгейжиегінен жоғары болуының есептiк шамасының қосындысы ретiнде анықталады. Кәрiзаралық тегеуiрiннiң шамасы, кәрiзге келетiн ағынның қарқындылығын сипаттайды және сiңiрiлу күшейтiлген кезеңде артық су қорын жинақтайтын, топырақтың еркiн сыйдырымдылығының дәрежесiн анықтайды. Тегеуiрiннiң шамасы кәрiзаралық қашықтыққа едәуiр әсерiн тигiзедi және оның есептiк мәнi нұсқаларды техникалық экономикалық тұрғыдан салыстырудың негiзiнде негiзделедi. Iс жүзiнде тегеуiрiннiң шамасы 0,5-1,0 м шегiнде қабылданады.
3.26.3. Кәрiздер, қорғалатын аумақта орналасуына қарай және ыза суларының қоректену аймақтары мен ағындысына қатысты келесi түрлерге бөлiнедi: жүйелi, iргелiк, iлестiрiп әкетушi (жағалық), қабаттық.
3.26.4. Кәрiздiң гидравликалық есептерi кәрiзге келетiн су ағынының шамасын, ыза сулары деңгейiнiң орнын және кәрiзаралық қашықтықты анықтаудан тұрады.
Ыза суларының инфилтрациялық қоректену көзi кәрiзаралық қашықтықты анықтаушы негiзгi фактор болып табылады.
Инфилтрациялық қоректену шамасы жергiлiктi жерде тiкелей өлшеудiң, қарастырылып отырған аумақтың су теңдестiк теңдеуiнiң негiзiнде анықталады немесе ұқсастық бойынша қабылданады.
3.27. Алдын алу шараларын жобалауды негiздеу үшiн, аумақты әлеуеттi су басу сипаттамасына бағалау жүргiзiледi.
Әлеуеттi су басуды бағалау үшiн, қолда келесi бастапқы деректер болуы қажет: құрылыс салынған және салынбаған аумақ.
Табиғат қорғау мақсатында санитарлық-гигиеналық және паразиттерге қарсы қойылатын талаптар
3.28. Аумақты инженерлiк қорғау жобасында:
- қорғау бөгетшелерi мен жағалық бекiтушiлер арқылы ағын суларды ығыстырудан туындайтын арнаның, жағалаудың, сонымен қатар қорғау имараттары мен жапсарлас жағалаудың нығайтылмаған жер бөлiктерiнiң қауiптi шайылуының алдын алу;
- қорғалатын аумақта қалдырылған су қоймаларының төңiрегiнде жасыл желек екпе ағаштары мен бұталарды және шалғындық өсiмдiктер мен орман екпе ағаштарын сақтап қалуды;
- қорғалатын аумақта су калпы бұзылуымен күресу бойынша кешендi агротехникалық, шалғын-орман мелиорациясы және гидротехникалық шараларды жүзеге асыруды;
- елдiмекен, өнеркәсiп объектiлерi, мелиоративтiк жер бөлiктерi аумақтарының қорғалатын бөлiктерiн абаттандыруды;
- топырақ қабатының, су қоймаларының, қорғалатын ауыл шаруашылығы жерлерiнiң және тынысжай мақсатында пайдаланылатын аумақтардың жұқпалы ауру қоздырғыштар, өнеркәсiп өндiрiсiнiң қалдықтары, мұнай өнiмдерi және улыхимикаттармен ластануының алдын алуды;
- қорғалатын аумақтың шекарасында жануарлардың жылыстауының табиғи жағдайларын сақтауды;
- жайылмада орналасқан көлдердi, ескi арналарды және бөгендердiң саяз суын құрғатудың нәтижесiнде жойылған уылдырықтамалардың орнына жаңа балық өндiргiштер салу немесе ескiсiн сақтап қалуды;
- инженерлiк қорғау объектiлерiнде балықтардың қырылуы мен зақымдануының алдын алуды;
- қорғалатын аумақтарда қорғалатын жануарлардың табиғи мекен ету жағдайын сақтап қалуды,
- қорғалатын аумақтағы суда жүретiн жыл құстарының жылысу кезiнде пайдаланылатын сулы-батпақты жерлердiң тәртібiн сақтап қалуды қарастыру қажет.
3.29. Инженерлiк қорғау жүйелерiн, әрбiр табиғи аумақтың табиғат қорғау, санитарлық гигиеналық және паразиттерге қарсы талаптарының, сондай-ақ берiлген аумақтағы табиғат қорғаудың кешендi нобайының ерекшелiктерiн ескере отырып жобалау қажет.
3.30. Инженерлiк қорғау имараттары мен құрылыс базаларын орналастыру кезiнде, ауыл шаруашылығына жарамсыз болмаса сапасы төмен ауыл шаруашылығы жерлерiн таңдау керек. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде имарат тұрғызу үшiн орман ағаштарынан таза ашық алаңдарды немесе құндылығы аз екпе ағаштары мен бұталар алып жатқан алаңдарды таңдау керек.
Қорықтардың табиғи кешенi мен ерекше ғылыми және мәдени құндылығы бар табиғи жүйелердi, соның iшiнде қорық маңындағы қорғау аймақтарының шегiндегi табиғи жүйелердi бұзуға жол берiлмейдi.
3.31. Ауыл шаруашылығы жерлерiнде және құрылыс салынған аумақтарда инженерлiк қорғау обьектiлерiн тұрғызу кезiнде, табиғи жүйелердiң қызметiне оң әсерiн тигiзетiн биогеохимиялық айналым процестерi бұзылмау керек.
3.32. Санитарлық сауықтыру шараларын, елдi мекендер өрiстiлiгiнiң дамуын ескере отырып, жобалау қажет. елдi мекендер маңында саяз су аймақтарының, сондай-ақ уақытша су басу мен қатты су басу аймақтарының түзiлуiне жол бермеу керек.
Әрбiр нақты жағдайда су қоймалары мен тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар арасының қашықтығы санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарымен белгiленуi тиiс.
3.33. Барлық инженерлiк қорғау жобаларының құрамына, су басу және су астында қалу нәтижесiнде туындайтын геодинамикалық, гидрологиялық, гидрохимиялық, геотермикалық, биологиялық табиғи процестердiң дамуын болжауға, сонымен қатар паразитологиялық жағдайдың өзгеруiн болжауға негiзделген қоршаған табиғи ортаға тигiзетiн техногендiк әсердiң болуы мүмкiн салдарын бағалаудың нәтижесi енуi тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |