5.4 Өрт автоматика қондырғылары көлемді өрт сөндіру кезінде төмендегi
командалық импульсті қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс:
- желдеткіштің автоматты түрде сөндірілуі және қорғалатын үй-жайдағы өрт
сөндіргіш заттарды шығарғанға дейін жапсарлас үй-жайлардағы ойықтарды қажеттілігіне
қарай жабуды;
- есіктердің өздігінен жабылуы;
- қорғалатын көлемге өрт сөндіргіш заттардың берілуін адамдарды көшіру үшін
қажетті уақытқа кідіртуі.
5.5 Роботталған өрт сөндіру қондырғылары төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:
- өртті анықтау, өрт ошағын автоматты түрде орнату, сөндіру және жою немесе
өрттің қондырғылар жұмыс істейтін аймақта тікелей адам келмейтін ошақ шектерінен тыс
өрттің таралуын шектеу;
- өрт сөндіргіш заттарды автоматты түрде орнату және оларды қызып кетуден
салқындату немесе қорғау мақсатында технологиялық конструкцияларға және
аппараттарға беру;
- қондырғымен қашықтықтан басқару және қондырғының жұмыс орнынан
операторға ақпарат беру мүмкіндігі;
- өрттің және жарылыстың, радиациялық және химиялық әсерлерінің қауіпті
факторларының ықпал ету жағдайларында олармен өз функцияларын орындау мүмкіндігі.
5.6 Өрт сөндіру қондырғылары іске қосылған кезде технологиялық регламентке
немесе осы нормалардың талаптарына сәйкес қорғалатын үй-жайда технологиялық
жабдықты сөндіруге сигналдың берілуі қарастырылуы тиіс.
Өрт автоматика технологиялық, электр технологиялық және басқа жабдықтардың
автоматты түрде сөнуін қамтамасыз етуі тиіс, оның жұмысы:
- өрт дабыл жүйесінің немесе өрт сөндіру қондырғыларының тиімділігін
төмендетуге;
- өрттің және жану өнімдерінің өріс алуына;
- адамдардың электр тоғымен, күшті әсер етуші улы заттармен зақымдануына;
- жарылысқа, апатқа, осы жабдықтың өрт сөндіргіш заттардың әсерінен
зақымдануына алып келген жағдайда.
5.7 Автоматты өрт сөндіру қондырғылары төмендегі құрылғылармен жабдықталуы
тиіс:
- өрт және оның туындау орны туралы дыбыстық және жарық сигналдарымен
хабарлама беру;
- қондырғылардың жұмысқа қабілеттілігін, толтырылған құбырлардағы және өрт
сөндіргіш заты және (немесе) өрт сөндіргіш заттардың қоспасы бар ыдыстардағы
қысымды (деңгейді) бақылау;
- құбырларды шаю (үрлеу) үшін және сынаулар жүргізу үшін газ және (немесе)
сұйық жүргізу;
- суландырғыштарды және құбырларды орналыстырғандағы берілген биіктік кезінде
оларды монтаждау және қызмет көрсету үшін;
- газды және ұнтақты өрт сөндіргіш заттарды адамдарды өрт шыққан үй-жайдан
көшіру үшін қажетті уақытқа кідіртуге арналған құрылғымен.