ҚР ҚН 2.02-02-2012
8
5.8 Спринклерлік өрт сөндіру қондырғыларынан басқа автоматты өрт сөндіру
қондырғылары:
- қорғалатын үй-жай есігінде орналасқан құрылғыларынан, қажеттілігіне қарай өрт
сөндіру постынан – қолмен қашықтықтан іске қосумен;
- қорғалатын үй-жай ішінде орналасқан жабушы-қосушы түйінде және (немесе) өрт
сөндіру станцияларында орнатылған құрылғылардан – қолмен жергілікті іске қосумен
жабдықталуы тиіс.
6 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
6.1 Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын және өрт дабылын қолдану қажеттілігі
ҚР ҚН 2.02-11 және ғимараттар мен имараттардың нақты түрлерін жобалау жөніндегі
нормаларға сәйкес олардың функционалды арналуы бойынша анықталады.
Егер автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтауға тиісті үй-жай ауданы 50%
жә
не ғимарат үй-жайының жалпы көлемінен астам құрайтын болса, өрт сөндіру
жүйелерімен ғимаратты жалпы жабдықтауды қарастыру керек.
6.2 Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын және өрт дабылын жобалау кезінде,
құрылыс конструкцияларын және материалдарды өрт-техникалық жіктеу, өрт кластары,
өрт жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттардың және үй-жайлардың
дә
режелері, өрт жарылыс қауіпті аймақтар кластары, өрт туралы хабар беру жүйелерін
жіктеу «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінiң
талаптары бойынша қабылданады.
6.3 Өрт автоматикасы жүйелерін және қондырғыларын жобалауды «Ғимараттарды,
үй-жайларды және имараттарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт
дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару
жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» техникалық регламентінің 3.3-бөлімінің
талаптарын ескере отырып жүзеге асыру керек.
6.4 Өрт автоматика жоба құжатының бөлімдері осы нормалардың талаптарын ескере
отырып және қорғалатын ғимараттар, үй-жайлар және имараттардың құрылыс
ерекшеліктерін, өндірістің технологиялық процесс сипатына сүйене отырып, өрт
сөндіргіш заттарды қолдану мүмкіндіктерін және шарттарын ескере отырып, құрылысқа
арналған жоба құжатының қолданыстағы жүйенің нормативтік құжаттарын есепке ала
отырып өңделуі тиіс.
6.5 Ғимараттарда және имараттарда өрт сөндіру қондырғыларын жобалау кезінде
техникалық-экономикалық негіздерді есепке ала отырып, нормалар бойынша оның
орнына тек өрт дабылы талап етілетін жеке үй-жайлардың бар болуы осы үй-жайларды
өрт сөндіру қондырғыларымен қорғауды алдын ала қарастыруға жол беріледі. Бұл
жағдайда өрт сөндіргіш заттарды беру қарқындылығын нормативті қабылдау керек, ал
шығын мәжбүрлі болмауы тиіс.
6.6 Қорғалатын нысанда өрт сөндіру қондырғыларын, өрт және (немесе) түтінді
кетіру туралы хабар беру жүйелерін жобалау кезінде өрт автоматика құрамында осы
нормалардың талаптарына сәйкес өрт басқару аспабын қарастыру керек.
|