7.5 Төменгі температураларға тез берілетін аудандардағы қалыпты жағдайларда
сумен толтырылған өрт автоматика құбырлары және жабдығы судың қатып қалуын
болдырмау үшін сенімді жылулықты шығармау материалымен қапталуы тиіс.
7.6 Өрт сөндіру қондырғыларының құбырларында қондырғының құбыр жүйесі
толық көлемде сынау мақсаттары үшін белсендіріле алмаған жағдайларда жылына бір
реттен жиі емес тоттануға қарсы қорғанысы болуы керек.
7.7 Адамдарға және қоршаған ортаға тікелей, сондай-ақ уақыт бойынша
алыстатылған уытты әсер көрсететін автоматты өрт сөндіру жүйелерінде (көбік
түзегіштер, ұнтақтар, аэрозоль және газдар) өрт сөндіргіш құралдарды қолдануға тыйым
салынады.
7.8 Өрт сөндіру қондырғыларының іске қосылуы қорғалатын нысан үй-жайларында
жә
не ашық алаңдарда өрттің және (немесе) жанғыш материалдардың жарылысының
туындауына алып келмеуі тиіс.
7.9 Өрт сөндіргіш заттардың өрт ошағына берілу тәсілі жанғыш материалдардың
төгілу, шашырау немесе тозаңдану салдарынан өрт ауданының ұлғаюына алып келмеуі
тиіс.
7.10 Газды, ұнтақты және аэрозольді қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар
өрт сөндіру қондырғыларының сол үй-жайларда бары туралы көрсеткіштермен
жабдықталуы тиіс.
7.11 Көлемді (көбікті, ұнтақты, газды) өрт сөндіру қондырғылары іске қосылған
кезде қорғалатын үй-жайдың ішінде жарық көрсеткіш тақтада «Газ (көбік, ұнтақ) – кет!»
жазба түріндегі сигнал және хабар беру дыбыстық сигналы берілуі тиіс.
Қорғалатын үй-жай есігінде жарық көрсеткіш тақтада «Газ (көбік, ұнтақ) – кіруге
болмайды!» жазба түріндегі сигнал, ал өрт постының үй-жайында өрт сөндіргіш заттарды
беру туралы ақпараты бар сәйкесінше сигнал берілуі тиіс. Көлемді өрт сөндіру
қондырғыларымен қорғалған тек үй-жайлар арқылы ғана шығатын жері бар жапсарлас үй-
жайлар осыған ұқсас сигнал дабылымен жабдықталуы тиіс.
Қорғалатын үй-жайларға кіретін есіктер алдында қондырғының автоматты іске
қосылуын сөндіру туралы жарық дабылын алдын ала ескеру керек.
7.12 Өрт сөндіру қондырғыларының қолмен іске қосу құрылғылары кездейсоқ
ә
рекетке келуінен және механикалық зақымданудан қорғалуы тиіс және өрт сөндіру
постының үй-жайларында орнатылған қолмен іске қосу құрылғыларын қоспағанда,
пломбалануы және ықтималды тұтану аймағынан тыс болуы керек.
7.13 Автоматты өрт сөндіру жүйелерінің оятқыштары үй-жайдың кез-келген
нүктесінде өртті дер кезінде айқындауды қамтамасыз ететіндей етіп, қорғалатын үй-жайда
орналасуы тиіс.
7.14 Өрт сөндіру қондырғыларында қолданатын арынды арматура (ысырма) түрі
оның күйіне («жабық», «ашық») визуальды бақылауды қамтамасыз етуі керек. Арынды
арматураның күйін бақылау датчиктерін қолдануға рұқсат етіледі.
7.15 Механикалық
зақымдану
немесе
бітеліп
қалатын
орындардағы
суландырғыштар, қондырмалар, бүріккіштер, өрт сөндіру қондырғыларының көбік
генераторлары, өрт сөндіру дабыл жүйелерінің өрт сөндіру хабарландырушылары
олардың жұмысқа қабілеттілігіне әсер етпейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы
қорғалуы тиіс.