16
қондырғы жұмысын өрт сөндіргіш заттардың есептік шығынымен 10 мин ішінде
қамтамасыз ететін автоматты суқоректендіргіш құрылғысы қарастырылуы керек.
Автоматты суқоректендіргіштер сорғылар қосылған кезде автоматты түрде
сөндірілуі керек.
8.6.5 Сумен және көбікті өрт сөндіру қондырғыларымен қорғалған нысандарда
келесілерді қарастыру керек:
- сумен өрт сөндіру қондырғылары іске қосылғаннан кейін суды қайтаруға арналған
құрылғы;
- төгілген және (немесе) іске қосылғаннан кейінгі, сынау кезінде және көбікті өрт
сөндіру қондырғысын жөндеген жағдайда құбырда қалған көбік түзегіш ерітіндісін
жинауға арналған арнайы ыдыс.