ҚР ҚН 2.02-02-2012
23
12 ҰНТАҚТЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
12.1 Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларды құрылымдауға қойылатын
қауіпсіздік талаптары
12.1.1 Ұнтақты өрт сөндіру қондырғылары «Ғимараттарды, үй-жайларды және
имараттарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде
адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау
жөнiндегi талаптар»
техникалық регламентінің 4.6-бөлімінің талаптарына және осы
нормалардың талаптарына жауап беруі керек.
12.1.2 Өрт сөндіру қондырғысы адамдарды қорғалатын үй-жайдан көшіру, желдетуді
(кондиционерлеу және т.с.с.) сөндіру, қақпақтарды (өртке қарсы қақпақшаларды және т.б.)
жабу үшін қажетті уақытқа ұнтақтың шығуын кідіртуді қамтамасыз етуі тиіс,
бірақ көшіру
туралы үй-жайдағы хабарлау құрылғылары қосылған сәттен бастап 10 секундтан кем емес.
12.1.3 Моудльдері қорғалатын үй-жайдан тыс орналастырылған өрт сөндіру
қондырғыларын жергілікті іске қосуды негізделген жағдайларда қарастыруға рұқсат
етіледі, бұл кезде іске қосу элементтері:
- қорғалатын үй-жайдан тыс өрт себептерінің әсерінен қауіпсіз аймақта орналасуы
тиіс;
- оларға рұқсат
кіруді болдырмайтын, жабу құрылғысы
бар қоршауы болуы тиіс;
- қондырманың барлық іске қосу элементтерін бір уақытта әрекет етуге келтіруді
қамтамасыз етуі тиіс.
Модульдерді қорғалатын үй-жайға орналастырған кезде жергілікті қолмен іске
қосудың жоқ болуына рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: