ҚР ҚН 2.02-02-2012
20
механикалық, химиялық және басқа зақымданулардың қауіпті әсерлеріне, күн
сәулелерінің тікелей әсеріне ұшырауы мүмкін орындарға орналастырмау керек.
11.2.2 Газды өрт сөндіру қондырғыларындағы бір типті және бір өлшемді модульдер
үшін оларды өрт сөндіргіш заттармен және газ-ығыстырушымен толтыру бойынша
есептік мәндері бірдей болуы керек.
11.2.3 Екі және одан көп модульдерді коллекторға қосқан кезде келесі модульдерді
қолдану керек:
- бір типті және өлшемді өрт сөндіргіш заттармен және егер өрт сөндіргіш заттар
ретінде сұйылтылған газ қолданылса, газ-ығыстырғыш қысымымен біркелкі
толтырылатын;
- егер өрт сөндіргіш заттар ретінде сығылған газ қолданылса, өрт сөндіргіш
заттардың бірдей қысымды.
Модульдерді коллекторға қосу тәсілі модульдердің бірін сөндірген кезде
коллектордағы өрт сөндіргіш заттардың жоғалуын болдырмау керек.
11.2.4 Өрт сөндіргіш заттардың резервін сақтауға арналған ыдыстар қосылуы және
қолмен іске қосу тәртiпінде болуы керек. Осындай ыдыстарды қашықтықтан немесе
автоматты іске қосу тәртiпіне ауыстырып қосу тек өрт сөндіргіш заттарды бергеннен
кейін немесе беруді қайтарудан кейін ғана қарастырылуы керек.
11.2.5 Өрт сөндіргіш заттар ретінде газ-ығыстырғышсыз сығылған газдар
қолданылатын газды өрт сөндіру қондырғыларында модульдерді немесе изотермиялық
резервуарларды пайдалану құжаттарына сәйкес өрт сөндіргіш заттардың салмағын немесе
өрт сөндіргіш заттардың сұйық қалпы деңгейіне бақылауды қамтамасыз ететін
техникалық құралдарды қарастыру керек.
Құрамында газ-ығыстырғышымен сұйылтылған газы бар модульдер модульге
толтырылған газ-ығыстырғыштың қысымынан 10% аспайтын газ-ығыстырғыштың
жылыстауына бақылауды қамтамасыз ететін қысымды бақылау құрылғыларымен
жабдықталуы тиіс. Бұл кезде өрт сөндіргіш заттардың салмағының сақталуын бақылау
өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес мерзімді өлшеумен жүзеге асады.
Өрт сөндіргіш заттар ретінде сығылған газды қолдану кезінде өрт сөндіргіш заттары
бар ыдыстарда модульдегі қысымнан 5% аспайтын өрт сөндіргіш
заттардың жылыстауына
бақылауды қамтамасыз ететін бақылау құрылғылары болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: