12.2 Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларының құбырларына қойылатын қауіпсіздік талаптары 12.2.1 Ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларында құбырларды жалғау талап етілген
төзімділікті және герметикалықты қамтамасыз етуі тиіс.
12.2.2 Тарату құбырларының (олар болған кезде) ең ұзын ұзындығы және оларға
қойылатын талаптар ұнтақты өрт сөндіру модуліне берілетін пайдалану құжаттарымен
регламенттеледі.
12.2.3 Өрт сөндіру қондырғыларындағы құбырлар және олардың жалғаулары Р жұм
тең сынау қысымы кезіндегі герметикалықты және 1,25Р жұм тең сынау қысымы кезіндегі
төзімділікті қамтамасыз етуі керек (мұндағы Р жұм – пайдалану шарттарындағы модульдегі
өрт сөндіргіш заттардың ең көп қысымы).
12.2.4 Қондырма-бүріккіштер ұнтақты өрт сөндіру модуліне берілетін техникалық
құжатқа сәйкес қорғалатын аймақта орналасуы керек.
Егер қорғалатын үй-жайдың биіктігі қондырма-бүріккіштердің ең көп биіктігіне
қарағанда биік болса, олардың орналасуын модульдің техникалық құжаттамасында
берілген бүрку диаграммаларын есептеу арқылы қабаттармен жүзеге асыру керек.