18 ӨРТ СӨНДІРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫМЕН БАСҚАРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 18.1 Өрт сөндіру қондырғыларының барлык түр тармағылар үшiн жалпы қауіпсіздік талаптары 18.1.1 Өрт сөндіру қондырғыларын жобалау кезінде жабдықты басқару үшін
қолданылатын түтінді кетіру жүйелері және өрт туралы хабарландыру келесі
функциялардың жұмысқа қабілеттілігін және орындалуын қамтамасыз етуі керек:
а) екі немесе одан көп өрт хабарландырушылары, ал сумен және көбікті өрт сөндіру
қондырғылары үшін – «немесе» схемасы бойынша қосылған екі қысым датчигінен бастап
іске қосылған кезде өрт сөндіру қондырғыларын және (немесе) түтінді кетіру жүйелерін
жә
не (немесе) адамдарға хабарлау жүйелерінің (бұдан әрі – басқару нысаны) автоматты
түрде іске қосылуына пәрмендерді қалыптастыру;
б) қоректендіру тізбектерін негізгі кіргізудегі кернеу жоғалған кезде электрмен
жабдықтаудың негізгі енгізуін резервке автоматты ауыстырып қосу, негізгі енгізудегі
кернеуді қалпына келтірген кезде электрмен жабдықтауды негізгі енгізуге кейінгі
ауыстырып қосумен;
в) басқару нысанын автоматты іске қосу тәртiпін сөндіру және қалпына келтіру
мүмкіндігі (сумен және көбікті өрт сөндіру қондырғылары – өрт сорғылары үшін);
г) автоматты бақылау:
- басқару нысандарының үзілу және қысқа тұйықталуға автоматты қосуға пәрмендер
беруге арналған өрт қабылдау-бақылау аспаптары, өрт басқару аспаптары және олардың
функционалды блоктары арасындағы жалғау желілерін;
- үзілу және қысқа тұйықталуға жарық және дыбысты дабылдардың жалғау
желілерін;
- үзілу және қысқа тұйықталуға басқару нысанының қашықтықтан іске қосудың
электр тізбектерін;
д) жарық және дыбысты дабыл (шақыру бойынша) ақаулығын автоматтандырылған
бақылауды;