Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет63/155
Дата03.01.2022
өлшемі1.86 Mb.
#451718
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155
ПОЖАРНАЯ АВТОМАТИКА ЗДАНИЙ И

 
 
ҚР ҚН 2.02-02-2012 
37 
 
б) қандай  да  бір  алмалы-салмалы  қол  өрт  хабарландырушысын  немесе  өрт 
хабарландырушысын жою; 
в) өрт  хабарландырушыларының  кез-келген  тізбегіндегі  қысқа  тұйықталу  немесе 
үзілу; 
г) жеке үй-жайда орнатылған қандай да бір жабдық және оның электрмен жабдықтау 
көзі арасындағы қысқа тұйықталу немесе үзілу; 
д) жерге  немесе  өрт  дабыл  жүйесіне  оларға  қойылатын  талаптарға  сәйкес  оның 
жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін қоспаға кез-келген тұйықталу; 
е) қандай  да  бір  сақтандырғыштың  сөнуі  немесе  өрт  дабыл  жүйесіне  қойылатын 
талаптарға  сәйкес  оның  жұмыс  істеуіне  кедергі  келтіруі  мүмкін  қандай  да  бір  қорғаныс 
құрылғысының іске қосылуы; 
ж) әртүрлі  корпустарда  орналастырылған  қабылдау-бақылау  жабдықтары 
компоненттерінің арасындағы қысқа тұйықталу немесе жалғау желісіндегі үзілу; 
з) мнемоникалық сызба ретіндегі негізгі және қайталама қабылдау-бақылау жабдығы 
арасындағы жалғау желілеріндегі қысқа тұйықталу немесе үзілу; 
и) өрт  постына  дабыл  сигналдарын  беру  үшін  қолданылатын,  жабдық  орнатылған 
өрт  қабылдау-бақылау  аспабы  және  үй-жай  арасындағы  жалғау  желілеріндегі  қысқа 
тұйықталу немесе үзілу;  
к) тізбектен қандай да бір алмалы-салмалы хабарландырушының жойылуы. 
17.3.4 Өрт  қабылдау-бақылау  аспабындағы  ақаулық  индикациясы  төменде  аталған 
оқиғалардың  кез-келгені  туындағаннан  кейін  көрсетілген  уақыт  кезеңі  ішінде  ол 
туындағаннан кейін  қалыптасуы керек: 
- өрт  дабыл  жүйесінің  қандай  да  бір  бөлігінің  айнымалы  тоқ  желісінен  электрмен 
жабдықтаудың іркілісі – 30 минут ішінде
- электрмен жабдықтаудың  резервтік көзінің ақаулығы –15 минут ішінде; 
- қайта зарядталатын батареялардың зарядтау құрылғысының ақаулығы  – 30 минут 
ішінде;  
-  батареялар  зарядының  ең  аз  рұқсат  етілген  кернеуден  төмен  түсуі  –  30  минут 
ішінде. 
Электрмен  жабдықтаудың  резервтік  көзі  параллель  жалғанған  бірнеше 
батареялардан  тұрған  кезде  ақаулық  индикациясы  батареялардың  қандай  да  біреуі 
ажыратылған жағдайда ақаулық туындағаннан кейін 15 минут ішінде қалыптасуы тиіс. 
17.3.5 17.3.3в)  –  17.3.3и)    көрсетілген  ақаулықтардың  жарық  индикациясы 
ақаулықты  жойғанға  дейін  өрт  қабылдау-бақылау  аспабында  сақталуы  тиіс. 
Ақаулықтардың басқа индикацияларын баялатуға рұқсат етіледі. 
17.3.6 Егер  өрт  дабыл  жүйесі  өрт  туралы  есту  қабілеті  нашарлаған  тұлғаларға 
хабарландырудың жеке жүйесін енгізетін болса, кез-келген қысқа тұйықталу немесе өрт 
дабыл жүйесі мен есту қабілеті нашарлаған тұлғаларға хабарландыру жүйесі арасындағы 
жалғау желісін ажырату өрт қабылдау-бақылау аспабында 100 секунд ішінде сәйкесінше 
индикацияны қалыптастыруы керек.  
17.3.7 Егер  өрт  дабыл  жүйесі  басқа  өртке  қарсы  қорғаныс  жүйелерін  немесе 
нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін белсендіру үшін қолданылса, осындай 
жүйелер арасындағы жалғау желілерінің ақаулықтарын қамтамасыз ету керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет