38
17.3.8 Радио арна бойынша байланысқан өрт дабыл жүйесінің компонентімен
байланыстың жоғалуына алып келетін кез-келген ақаулық өрт қабылдау-бақылау
аспабында туындағаннан кейін екі сағат ішінде кескінделуі керек.
17.3.9 Радио арна бойынша байланысқан өрт дабыл жүйе компоненттерінің сыртқы
антеналарының шоғырсымдары қысқа тұйықталуға және үзілуге бақылануы тиіс. Ақаулық
индикациясы өрт қабылдау-бақылау аспабында ақаулық туындағаннан кейін 100 секунд
ішінде берілуі керек.
17.3.10 Егер талап етілген радио деректер радио арна бойынша байланысты қандай
да бір өрт дабыл жүйе құрылғысынан екі және одан да көп сағат ішінде түспейтін болса,
ақаулық индикациясы өрт қабылдау-бақылау аспабында 100 секунд ішінде берілуі тиіс.
17.3.11 Өрт дабыл жүйесінің жұмыс нәтижелігін нашарлатуға қабілетті радио
сигналға берілетін 30 секунд үздіксіз кедергілерден кейін ақаулық индикациясы өрт
қабылдау-бақылау аспабында кейінгі 100 секунд ішінде берілуі тиіс.