18.3 Газды және ұнтақты өрт сөндіру қондырғыларымен басқаруға қойылатын талаптары 18.3.1 Жалпы талаптарға қосымша:
а) қондырғыны қашықтықтан іске қосуды;
б) автоматты бақылауды:
- іске қосу құрылғыларымен басқарудың электр тізбектерін және іске қосу
құрылғыларының үзілудегі тізбектерін;
- газды өрт сөндіру қондырғылары үшін іске қосу баллондарындағы және оятқыш
құбырдағы қысымын;
в) адамдарды көшіру үшін, желдету жабдығын тоқтату үшін, ауа жапқыштарын,
өртке қарсы қақпақшаларды және т.б. жабу үшін қажетті уақытқа автоматты және
қашықтықтан іске қосу кезінде өрт сөндіргіш заттардың шығуын кідіртуды (өрт туралы
жарық және дыбысты хабарландыру берілгеннен кейін), бірақ 10 с кем емес;
г) бұғаттау күйін индикациялау арқылы қорғалатын үй-жайдағы есіктерді ашқан
кезде автоматты және қашықтықтан іске қосу қондырғыларын бұғаттауды қарастыру
керек.
18.3.2 Қондырғылардың қашықтықтан іске қосу құрылғыларын қорғалатын үй-
жайдың сыртындағы эвакуациялық шығатын есіктерге орналастыру керек.
Қашықтықтан іске қосу құрылғыларын өрт посты үй-жайында орналастыруға рұқсат
етіледі.
18.3.3 Өрт посты үй-жайында келесілер қарастырылуы тиіс:
а) жарық және дыбысты дабыл:
- 18.1.1г) және 18.3.1б) бойынша қондырғылардың ақаулығы туралы;
- оятқыш құбырлардағы және іске қосу баллондарындағы қысымның өрт сөндіру
қондырғысына берілген пайдалану құжаттарда көрсетілген рұқсат етілген мәндерге дейін
түсуі туралы;
- электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік енгізулеріндегі кернеудің жоғалуы
туралы (жалпы дыбыстық сигнал);
б) автоматты іске қосудың сөндірілгендігі және өрт сөндіргіш заттардың жүріп
өткендігі туралы жарық дабылы (қорғалатын бағыттар немесе үй-жайлар бойынша
анықтау арқылы).
ЕСКЕРТПЕ Нысанды қорғау үшін түтінді өрт хабарландырушыларын аэрозольді өрт
сөндірудің автоматты қондырғысымен бірге жиынтықта қолданған жағдайда өрт сөндіргіш